Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_stan_tarikhy_emtikhan.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
126.6 Кб
Скачать

1833 Жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы-көтеріліске түрткі болды.

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші-шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.

Ел ауызындағы әңгімеде Исатай Тайманұлы Атырау облысы, Қызылқожа ауданы, Жанкелдин совхозы Тайман жолы деген жерде 1791 жылы көшпелі шаруа отбасында дүниеге келген.

Истайдың жастық шағында оған өте үлкен ықпал жасаған адамның бірі немере ағасы Жабал Бегәліұлы болған. Ол Истайдың өсіп, азаматтық көзқарасының қалыптасуына, жетілуіне ықпал жасап, тәрбиелеген.

Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында Беріш руының Жайық бөлімінің старшины етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітті. 1817 жылдан бастап, батырдың патша чиновниктерімен байланысы салқындай бастады. 1817, 1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа тартылды. Исатайдың ең жақын серігі –ақын, Беріш руының старшины Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.).

1829 жылы 15 шілде - 1830 жылы қыркүйек аралығында Махамбет Калмыков түрмесіне қамалды. Оған халық арасында хан иелігінен кетуге және жайықтын сол жағасына өтуге үгіт жүргізді деген айып тағылды. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф Р.И.Дальмен және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен тызыз қарым-қатынаста болды. Оның өлеңдерінен Кіші жүзді қамтыған көтерілістің мақсаттарын, басты талаптарын айқындауға болады.

Көтерілістің басты мақсаты:

1. Хан озбырлығына шек қою.

2. Шаруалар жағдайын жақсарту.

3. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.

4. Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.

Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық отаршылдыққа қарсы.

Көтерілістің барысы. Көтерілістің кезеңдері- үш кезеңге бөлінді.

Бірінші кезең: 1833-1836 жылдырға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңі ретіңде сипатталады.

Екінші кезең: көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап олардың жеңіліске ұшырауына дейінгі-1837 ж. қарашаның орта шеніне дейінгі кезең.

Үшінші кезең: Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтық сол жағалауына өтуінен (1837 жылдын желтоқсанынан 1838 жылдың шілдесіне дейін көтерілістің жеңілуі).

39. Шоқан Уәлиханов – көрнектi қазақ ғалымы және ағартушысы.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835—1865) — қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шын аты — Мұхаммед Қанафия. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады. Бұдан кейін 1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусында оқытады. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген. Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.

40. Ресейдің Ұлы жүзді жаулап алуы. Қазақстанның Ресейге қосылу процессінің аяқталуы.

ХVIII ғасырдың аяғы – Х1Х ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай оның қалған бөліктеріндегі жағдайдан ерекше болды. Х1Х ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан ортаазиялық феодалдық мемлекттер –Хиуа, Бұхара жəне ең үлкен дəрежеде – Қоқан экспанциясының объектісіне айналды. 1810-1866 жылдар аралығында Қазақстанның оңтүстігінде олардың үстемдігі орнады. Ұлы жүз руларының басым көпшілігі Қоқан ханының қол астында болды. Қоқан хандары басып алған жерлерінде тек феодалдық тонау мақсатын көздеп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда-саттық мүддесін де ойлаған. Қоқан хандығына бағынышты қазақтар өте ауыр салық езгісін бастан кешті. Қазақтардан алынатын салық екі түрге бөлінді: малдан – зекет, егістіктен – харадж. Қазақтарға олардан басқа да міндеткерліктер жүктелді. Мəселен, олар жер жыртуға, бау-бақша өңдеуге, қамал қабырғаларын жөндеуге т. б. мəжбүр болды. Əскери іс-қимыл кезінде əрбір қазақ өз атымен Қоқан бегіне келуге міндетті болды, ал сол əскери қызметі үшін ешқандай ақы алмады.

41. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың көтерiлiсі.

Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап, Ырғызды қыстайтын. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болады. И.Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қалаларының бектері Отыншы, Сушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуін өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады. 1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан кейін Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алады. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтірген өтеуі үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандаған. 1856-1857 жылдары қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылады. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожа сатқындық жасаған рубасылары мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды өлтіріп кетеді.

42. Қазақстанның басқару жүйесінде жүргізілген 1867-1868 және 1886-1891 жылдарындағы реформалар. Қазақ халқына тигізген зардаптары.

XIX ғ. 60-жылдарының орта шенінде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. 1822-1824 жж. жарғылар Қазақстанда хандық билікті жойып, мемлекеттік және казактық отарлауға жол ашқанымен, ғасырлар бойы қалыптасқан дестх/рлі басшылық жуйесін жоя алмады. Осыған байланысты Ресей Қазақстанда басқарудың бурынғы жуйесін тубірінен езгертуді ойластырды.1865 ж. Қазақстанды басқарудың жаңа реформаларын дайындау үшін арнайы Далалық комиссия қүрады. Далалық комиссия екі жыл бойы Сібір, Орынбор қазақтарының және Түркістан облысындағы жағдаймен танысып, реформаның жобасын дайындайды. 1867 ж. шілденің 11-інде II Александр патша Тырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ережені" 1863 ж. қазанның 21-інде "Торғай, Орал, Ақмола, Семей обылыстарын басқару туралы уақытша ережені" бекітті.

Реформаға сай бүкіл қазақ жері патша өкіметінің жеке меншігіне айналып, үш генерал-губернаторлыққа - Түркістан, Орынбор және Батыс Сібірге белінді. Облыстар уездерге, уездер - болыстарға белінді. Бөкей хандығы 1372 ж. Астрахан губерниясына, Манғышлақ пристаетығы еуелі Каеказ әскери округіне, кейін Закаспий обылысына қосылды. Бүкіл әскери және азаматтық өкімет билігі тугелдей генерал-губернатордың қолына шоғырланды. Облыстардың басында генерал-губернаторлар, уезд басында генерал-губернаторлар бекіткен офицерлер отырды. Әрбір уезд бастығының екі аға және кіші көмекшісі болды. Кіші көмекші ақсуйек о/лтандардан шыққан адамдар болды. Әрбір уезд рулық негізінде емес, жер аумақтық негізінде құрылған болыстардан тұрды. Шыңғыстың туқымдары - султандар салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілді. Сот қурылысы саласында әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар қурылды. Осымен бірге ауылдарда билердің соттары және Сырдария обылысында қазылар соты сақталып қалды. Үй басынан жылына Түркістан генерал- губернаторлығында 2 сом 75 т., Орынбор және Батыс Сібір генерал- губернаторлығында 3 сом салық алынды.

1867-1863 жж. Ережелер екі жылға, тежірибе ретінде ендірілген болатын. Бүл тежірибе іс жузінде 20 жылдан астам уақытқа созылды. 1836 ж. 2 маусымда Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже, ал 1891 ж. 21 наурызда Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже қабылданды. Түркістан өлкесінің қурамына Ферғана, Самарқанд және Сырдария облыстары кірді. Ал Орынбор мен Батыс Сібір генерал—губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы қаласы болған Далалық генерал-губернаторлығы қурылды. Ережеге сай генерал- губернатордың билігі бурынғыдан бетер кушейе түсті.

43. Орал, Торғай облыстарындағы (1869-1870жж.) және Маңғыстау (1870 ж.) аймағындағы қазақтардың көтерілісі.

1867-1863 жж. реформалар қазақ даласына отаршылдық езгіні терендете тусті. Қазақ даласы бойынша барлығына міндетті тутін салығы енгізілді. 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілген салық есіресе әлеуметтік қорғансыз жандарға тіпті ауыр болды. Жердің патша үкіметі меншігі болып жариялануы Қазақстанда ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық қатынастарды шиеленістірді. Осының бері 1863-1869 жылдары Орал мен Торғай облыстарында, 1870 ж. Маңғыстауда қазақтардың көтеріліс жасауына себеп болды.

Бүл көтерілістер отаршылдыққа қарсы бағытталды. Қазақ даласындағы буқаралық сипат алған көтерілістер отаршыл билеушілерді шошындырды. Нашар қаруланғаң араларында ауызбірлік болмаған кетерілістер аса қаталдықпен басылып, оған қатысушылар жазаланды. Соның салдарынан Маңғыстау кетерілісінің жетекшілері И.Тленбайулы, Д.Тежіулы, И.Келүлы бастаған 3 мың шаңырақ, Оралда Ханғалы Арыстанулы бастаған 57 мындай адам Хиуа хандығына өтіп кетті. 1863 ж. Жетісу облысының генерал- губернаторы Г.А. Колпакоескийдің бастауымен "Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер бекітілді". Осы ереже бойынша қоныстанушы ер жанға 30 десятина жер белінді және басқа да бірқатар жеңілдіктер қарастырылды.1833 ж. Жетісу облысына келушілерді, сондай-ақ Шығыс Түркістаннан қоныс аударған үйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сай 1897 ж. Жетісудағы үйғырлардың саны 55999, дүнгендердің саны 14130 жетті. Патша үкіметінің қоныстандыру саясатының салдарынан Қазақстанның ауыл шаруашылығы дағдарысқа үшырап, демографиялық келбеті езгере бастады. Жерсіз қалған қазақ кедейлерінің едәуір белігі орыс кулактарына, казактарына жалданып жумыс істеуге межбүр болды.

44. ХІХ ғасырдағы Қазақстанның ағартушылық саласының дамуы. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі.

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобол өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді. Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.

45. Абай Құнанбаев – ақын-ағартушы. Абайдың “Қара сөздерінің” («Ғақлия») моральдік-этикалық принциптері.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

46. Х1Х ғасырдағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.

47. ХІХ ғасырдағы Қазақстанның рухани мәдениеті.

48. Қазақстан Ресей экономикасының жүйесінде. Қазақтардың шаруашылық өміріндегі, әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер (XIX - XX ғ. басы).

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал шаруашылығына негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 жылы Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi шаруашылықтың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады. Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн қоғамдық-саяси және экономикалық-әлеуметтік қатынастарда түбiрлi өзгерiстер жүзеге асырылды. Барлық жердi мемлекет меншiгiне алу, помещиктер жерлерiн тәркiлеу, жердi шаруаларға тегiн беру туралы декрет жарияланды. Кеңестiк дәуiрдiң алғашқы кезеңдерiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекеттік меншiгiне айналдыру, қоғамдастыру iсiне басшылық жасау мақсатымен социалистік мемлекеттік органдар, оның iшiнде халық шаруашылық органдары құрылды. Банктер, iрi өнеркәсiп орындары, көлiк, т.б. шаруашылықтың шешушi салалары мемлекет меншiгiне көштi. Сөйтiп, өндiрiс құрал-жабдығына социалдық меншiктi орнату, халық шаруашылығын жоспарлы дамыту, аймақтардың экономикасын КСРО халық шаруашылығы кешенiнiң бiр бөлiгi ретiнде өркендету, т.б. негiздерiнде социалдық экономикалық жүйесi қалыптаса бастады. Қазақ өлкесiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекет меншiгiне алу, жердi тәркiлеу үдерiсi саяси, экономикалық, әлеуметтік өзiндiк ерекшелiктерге байланысты 20-жылдардың бас кезiне дейiн созылды. Бұл кезеңде өлкеде халық шаруашылығының барлық салалары бойынша мемлекет меншiгiне алынған кәсiпорындар саны 1 мыңға жуықтады. Олардың iшiнде iрiлерi: Қазақ (қырғыз) кен өнеркәсiбi акционерлік қоғамы, Кендi Алтай кәсiпорындары, Екiбастұз көмiр кендерi, Спасск мыс қорыту зауыты, Атбасар мыс кенiнiң зауыттары мен кенiштерi, Қарағанды мен Байқоңыр кендерi, Орал — Жем өңiрiнiң мұнай кәсiпшiлiктерi.

49. Қазақстандағы капиталистік қатынастардың дамуы (ХIX ғ.).

XIX ғасырдың екінші жартасында Европа мемлекеттерінде дамыған капиталистік қатынас Россияға әсер етпей қоймады. Осымен байланысты Россияның капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Россияның орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де товар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біржіндеп ыдырай бастады. Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шаруашылықтың көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп товарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар қөзі ретікде капиталистік Россияға барынша тәуелді болып шықты. XIX ғасырдың ортасы – қазақ жеріне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері айқын байқалды:

- Отырықшы мал шаруашылығы мен екіншіліктің дамуы.

- Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы.

- Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі.