Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_1201_1179_y_1179_negizderinen.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
18.09.2019
Размер:
367.1 Кб
Скачать

Құқық негіздері пәнінен сұрақтар

  1. Мемлекет түсінігі.

---Өз функциясын іске асыру үшін белгілі бір территориясы басқару аппараты құқығы мен салық жуйесі бар адамдардың дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ететін егеменді саяси өмір сүруі...

  1. Мемлекеттің белгілері.

---мемлекет аумағы болуы, халқының болуы, жария билігінің болуы, салық жүйесі яғни мемлекет өмір сүруі үшін және мемлекет органын қамтамасыз ету үшін жиналатын алым салық, мемлекет құқығы, мемлекеттің егемендігі, мемлекет рәміздерінің болуы...

  1. Мемлекеттің пайда болу заңдылықтары.

теократиялық теория.Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін - монархты тудырды дейді. Күштеу теориясы (өкілдері: Дюринг, Каутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады (Г.Спенсер). Материалистік теория мемлекеттің ең алдымен, экономикалық себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді. Табиғи құқықтық теория – XVII-XVIII ғғ қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий , Т.Гобсс, Д.Локк, Ж.Ж. Руссо,Б, Спиноза, А. Радищев. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау). Оны ешкімде жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды . қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында қайшылықтар басталады. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасасып мемелекет құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдердің Конституциясына кірді деп түсіндіреді. Психологиялық теория – XIX ғ.бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л.И. Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді. Тарихи-материалистік теория – Мемлекет құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді. Себептері: қоғамдық еңбектің болінуі, қосымша өнімнің , жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы.

  1. Мемлекет мәні.

--- Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін  анықтайтын негізгілердің біреуі. Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер: -   таптық;-   жалпы әлеуметтік.