Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_1201_1179_y_1179_negizderinen.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
18.09.2019
Размер:
367.1 Кб
Скачать
  1. Мемлекет қызметі түсінігі және түрлері.

--- Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің  мемлекеттік  органдарда  мемлекеттік биліктің  міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған  лауазымдық  өкілеттіліктерді  атқару бойынша ресми қызметі. Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы  түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың  жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын  жұмыс, ал тар мағынасында - бұл  мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет - бұл құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік  органдардың қызметкерлерінің  мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес  түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді.  Мемлекеттік лауазым - бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен  белгіленген  лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі. Мемлекеттік қызметтің негізгі белгілері: 1) мемлекеттік ұйымдастырушы қызметінің бір түрі; 2) әкімшілік, еңбек, азаматтық,  қаржы  және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі; 3) ақылы түрде кәсіби негізде жүзеге асыралады, яғни арнайы даярланған қызметкерлрмен - мемлекеттік қызметкерлермен жүзеге асырылады; 4) олардың қызметінің мәні -  мемлекеттің міндеттері мен функцияларын практикада жүзеге асыру.

 ҚР  мемлекеттік қызмет  екі деңгейде жүзеге  асырылады: республикалық және жергілікті; ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет"  - бұл  мемлекеттік қызметкерлердің  мемлекеттік органдардағы  мемлекеттік биліктің  міндеттері мен функцияларын  іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін  атқару жөніндегі қызмет.

  1. Мемлекеттік орган түсінігі, түрлері.

--- мемлекеттік органдар деп мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі бар құрылымдық элементін айтамыз.  Мемлекеттік аппарат ұғымы мемлекеттік органдар түсінігінен ауқымды болып келеді. Екеуін шатастыруға болмайды. Сонымен, мемлекеттік аппарат өкілетті, атқару жане сот биліктерінің органдарына бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік органдар төменгі және жоғарғы органдарына бөлінеді. Үшіншіден, мемлекеттік органдар жоғарғы, орталық жане жергілікті органдарға бөлінеді.

  1. Қазақстан Республикасы Президенті.

---ҚР президенті мемлекет басшысы және ең жоғарғы лауазымды тұлға болып саналады. Президент Конституциялық мемлекеттік биліктің мызғымастығы б.т. Президент болу үшін мынандай талаптар қойылады: Тумысынан Республика азаматы болуы керек, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, кемінде 15жыл ҚРда тұратын азамат сайланады.

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті.

---Парламент заң шығарушы қызметін атқаратын ең жоғарғы орган. Парламенттің екі түрі бар: Сенат- 6жыл, Мәжіліс-5жыл.

  1. Қазақстан Республикасындағы сот органдары.

Сот билігі азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот өндірісі арқылы жүзеге асырылады. Сот билігі органдарына: ҚР Жоғ.Соты, сондай-ақ төменгі буындағы соттар жатады. Қазақстандық сот өндірісі төрелік процестің жекелеген тармағының болмауымен ерекшеленеді. Экономикалық даулар олардың субъектілеріне қарамастан азаматтық сот өндірісі аясында шешіледі. Соттар қаралып жатқан істер бойынша шешім, үкім, анықтама, қаулы және бұйрық үлгісіндегі сот актілерін қабылдайды.

Жоғ.Сот – төменгі буындағы соттардың азаматтық, қылмыстық, шаруашылық және басқа да сот істері бойынша заңда көрсетілген процесуалды формада олардың қызметтеріне сот қадағалу жүргізіп, сот практикасы мәселелері бойынша түсінік береді.

ҚР Конст.Кеңесінің 1997 жылғы 6 наурыздағы №3 қаулысына сәйкес "Қ Р Конст-ң 4 бабы 1 тармағының нормасымен бекітілетін, қолданылатын құқық Жоғ.Соттың нормативтік қаулылары болып табылады дегенді Қазақстан Республикасының Жоғ.Соты сот практикасында заңнамалық нормалар, оның ішінде Конст-я нормаларын қолдану мәселелері бойынша ғана нормативтік қаулылар шығаруға өкілетті деп түсінген жөн".