Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khimia leksia.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
2.42 Mб
Скачать

Тотығу-тотықсыздану үдерістері. Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар

1.Тотығу-тотықсыздану реакциялары

2. Тотықтырғыштар

3.Тотықсыздандырғыштар

4. Электродты баланс әдісі

Химиялық реакциялар екі түрге бөлінеді:

1) Элемент атомдарының тотығу дәрежесі өзгермейтін реакциялар: СаСО3=CaO + CO2;

+1 +5 -2 +1 -1 +1 -1 +1 +5 -2

AgNO3 + NaCl=AgCl + NaNO3

2) Элемент атомдарының тотығу дәрежесі өзгеретін реакциялар. Атомдардың тотығу дәрежесі тотығу-тотықсыздану реакциясы кезінде өзгереді, бұл жағдайда электрондар бір бөлшектен екінші бөлшекке ауысады. Мысалы, мысты СuSO4 ерітіндісінен мырышпен ығыстыру реакциясы

CuSO4 + Zn = ZnSO4 + Cu0

Кезінде электрондар мырыш атомынан мыс ионына ауысады да, мыс пен мырыштың тотығу дәрежелері өзгереді:

2e

2+ 0 2+

Cu + Zn = Cu + Zn

Әрекеттесуші заттардың атомдарының немесе иондарының тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакцияны тотығу-тотықсыздану реакциясы деп атайды.

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының

негізгі қағидалары

1. Әрекеттесуші заттардың атомы, молекуласы немесе ионы электрон беру процесін тотығу деп атайды. Тотығу кезінде тотығу дәрежесі артады:

+ 2+ 3+

Al – 3e Al 3+; H2 – 2e = 2H +; Fe - e = Fe

2. Атомның, молекуланың немесе ионның электрон қосып алу процесін тотықсыздану деп атайды.

- 3+ 2+

S + 2e = S2-; Cl2 + 2e = 2Cl-; Fe + e = Fe

3. Реакция кезінде электрондар беретін заттар тотықсыздандырғыш деп, ал электрон қосып алушы заттар тотықтырғыш деп аталады. Келтірілген мысалда

+2 0 0 +2 2+

CuSO4 + Zn = Cu + ZnSO4, Cu - тотықтырғыш, Zn – тотықсыздандырғыш.

тотықтырғыш т-сыздандырғыш

2+ 0

Cu + 2e Cu тотықсыздану процесі

0 2+

Zn – 2e Zn тотығу порцесі

4. Реакция кезінде тотығу-тотықсыздану процестері қатар жүреді. Тотықтырғыш +е = тотықсызданады, тотықсыздандырғыш –е = тотығады, яғни, тотығу-тотықсыздану процесі бір-біріне қарама-қарсы екі процестің бірлігі.

тотықсыздандырғыш -е тотықтырғыш

тотықтырғыш +е тотықсыздандырғыш

Тотықсыздандырғыштар: а) F-дан басқа барлық элементтердің бейтарап атомдары. Иондану потенциалы неғұрлым аз элементтің тотықсыздандырғыштық қабілті соғұрлым жоғары.

б) тотығу дәрежесі теріс, металл еместердің атомдары. Тотығу дәрежелері тең болған жағдайда олардың тотықсыздандырғыштық қасиеті ион радиусының артуымен артады.

Cl-, Br-, I- тотықсыздандырғыштық қасиеті артады.

в) аралық тотығу дәрежесіндегі элемент атомдары Fe 2+, Sn 2+

Тотықтырғыштар: а) металл еместердің атомдарының күштісі VI, VII гр элемент атомдарының тотықтырғыштық қасиеті жоғары.б) аралық тотығу дәрежесіндегі элемент атомдарыв) ең жоғарғы тотығу дәрежесіндегі элемент атомдарыТотығу-тотықсыздандыру реакциясының теңдеуін құруТотығу-тотықсыздандыру реакциясының теңдеуін құру үшін екі тәсіл: электрондық баланс әдісі және ионды-электрондық (жарты реакция) тәсіл пайдаланылады.Екі тәсіл де тотықсыздану реакциясы кезінде тотықсыздандырғыштың беріп жіберген электрон санымен тотықтырғыштың қосып алған электрон саны тек (болуы керек) деген қағидаға негізделген.

Электрондық баланс тәсілі Бұл әдіс арқылы реакция теңдеуін құру үшін реакцияға қатысқан және реакция нәтижесінде түзілген заттардың формуласын білу керек.Электрондық баланс әдісінде беріп жіберген және қосып алған электрондар санын реакция қатысқан және реакция нәтижесінде түзілген элемнт атомдарының тотығу дәрежесін анықтау арқылы есептейді. Мысал есебінде төмендегі тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін құрастырайық:

+7 +2 +2 +3

KMnO4 + FeSO4 + H2SO4 = MnSO4 + Fe2 (SO4)3 + K2SO4 + H2O_

Алдымен реакцияның схемасын жазамыз: KMnO4 + FeSO4 + H2SO4 = MnSO4 + Fe2 (SO4)3 + K2SO4 + H2O

Элемент атомдарының тотығу дәрежесін анықтап, реакция кезінде Mn-нен Fe-дің тотығу дәрежесінің өзгергенін анықтаймыз.

+7 +2 +2 +3

KMnO4 + FeSO4 + H2SO4 = MnSO4 + Fe2 (SO4)3 + K2SO4 + H2O

Электрондық баланс теңдеуін құрастырамыз:

+7 +2

Mn + 5e = Mn

Fe +2 – 1e = Fe +3

Mn 5 электрон қосып алып Mn 2+-ге, Fe 2+ 1 электрон беріп Fe 3+-ке ауысады, яғни KMnO4 - тотықтырғыш, FeSO4 – тотықсыздандырғыш.

5. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың коэффициенттерін табамыз. Тотықсыздандырғыштың берген электронының саны мен тотықтырғыштың қосып алған электрондарының саны тең болу керек, яғни электрондық баланс теңдеуі көрсетіп тұрғандай тотығу-тотықсыздану процесі жүру үшін бір атом Mn+7 , 5 атом Fe+2 керек:

+7 +2

Mn + 5e = Mn 1

+3

Fe – 1е = Fe 5

Сонымен, теңдеудің негізгі коэффициенттері 1 және 5 тотықтырғышта 1 тотықсыздандырғышта 5. Бірақ, реакция нәтижесінде Fe2 (SO4)3 түзіледі, оның құрамында 2 атом Fe+3 бар, сондықтан теңдеудің негізгі коэффициенттерін 2-еселеу керек:

+7 +2

Mn + 5e = Mn 1 2

+3

Fe – 1е = Fe 5 10

+7 +2 +2 +3

2Mn + 10Fe = 2Mn + 10Fe

6. Табылған коэффициенттерді реакция теңдеуіне қоямыз:

2 KMnO4 + 10FeSO4 + H2SO4 2MnSO4 + 5Fe2(SO4)3 + K2SO4 + H2O

Басқа коэффициенттерді, басқа элементтерді санап табамыз (әзірге Р мен О есептемейміз) (қазіргі жағдайда) К мен S атомдарын есептейміз: 2К=2K тең. S сол жақта 11, оң жақта 2 + 5 . 3 + 1 = 18 теңестіру үшін H2SO4 – т ің алдына 8 қоямыз:

2KMnO4 + 10FeSO4 + 8H2SO4 2MnSO4 + 5Fe2(SO4)3 + K2SO4 + H2O

Әрі қарай сутек атомдарын есептеп, су молекуласының санын анықтаймыз:

2KMnO4 + 10FeSO4 + 8H2SO4 2MnSO4 + 5Fe2(SO4)3 + K2SO4 + 8H2O

Жазылған теңдеудің дұрыстығын тексеру үшін теңдіктің екі жағындағы оттегі атомының санын есептейді.

Берілген реакция судағы ерітіндіде жүреді, сондықтан оны иондық теңдеумен көрсетуге болады:

- 2+ + 2+ 3+

MnO4 + 5Fe + 8H = Mn + 5Fe + 4H2O

Реакция кезінде тотығу дәрежесі өзгеретін элементтер саны 2-ден көп болса, алдымен тотықсыздандырғыштың берген электрондарының жалпы санын және тотықтырғыштың қосып алған электрондарының барлық (жалпы) санын тауып алады да, әрі қарай қалыпты жағдайдағыдай теіестіреді.

Мысалы:

+3 -2 +5 +5 +6 +2

Al2S3 + HNO3 + H2O = H3ASO4 + H2SO4 + NO

+3 +5

2 As – 4e = 2As 3

-2 +6 28e

3S – (3 . 8) 24e = 3S 28

+5 +2

N + 3e = N

+3 -2 +5 +5 +6 +2

6As + 9S + 28N = 6As + 9S + 28N

Көп жағдайда әрекеттесуші заттар тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш есебінде қатысып қана қоймайды, сонымен қатар түзілген өнімдерді байланыстыруға қатысады. Мысалы, өте сұйық HNO3 –ны Zn-тың ұнтағымен тотықсыздандыру реакциясы:

0 +5 +2 -3

4Zn + HNO3 + 9HNO3 = 4Zn (NO3)2 + NH4NO3 + 3H2O

+2

Zn – 2e = Zn 4

+5 -3

N + 8e = N 1

+5 +2 -3

4Zn + N = 4Zn + N

Алынған 10 моль HNO3 –ның 1 молі мырышты тотықтыруға, ал қалған 9 молі реакция нәтижесінде түзілген Zn2+ ионы мен NH+4 ионымен байланысуға жұмсалады.

Тотықсыздандырғыштың байланыстырғыш есебінде қатысуын MnO2, Mn (IV) оксидінің концентрлі тұз қышқылының реакциясымен көрсетуге болады.

+4 -1 +2 0

MnO2 + 2HCl + 2HCl = MnCl2 + Cl2 + 2H2O

+4 +2

Mn + 2e = Mn 1

-

2Cl – 2e = Cl2 1

+4 - +2 0

Mn + 2Cl = Mn + Cl2

Электродтық баланс әдісі

Алдымен, тотығу және тотықсыздану процестерінің жеке теңдеулерін құрып, содан кейін оларды қосып, реакцияның жалпы теңдеуін жазуға негізделген. Ол үшін реакцияның иондық схемасын жазу керек. Иондық схемасын жазған кезде қысқаша иондық теңдеулерді жазу ережелері сақталады, яғни күшті электролиттерді ион түрінде, ал әлсіз электролиттер, газдар, тұнба – молекула түрінде жазылады. Реакция кезінде өзгермеген газдарды, иондық теңдеуге жазбайды.

Мысал. Калий иодидінің қышқылдық ортада KMnO4 –мен тотығу реакциясы мына схемамен жазылады:

KmnO4 + KI + H2SO4 MnSO4 + I2 + K2SO4 + H2O

Реакция иондық схемасы мына түрде жазылады:

- - + 2+

MnO4 + I + H Mn + I2 + H2O

- 2- -

Р еакция теңдеуінен MnO4 ионының Mn –ионына тотықсызданатынын, I –ионының I2 дейін тотығатынын көреміз. Қышқылдық ортада MnO-4-ионының құрамындағы оттегі сутегі ионымен байланысып, су молекуласын түзеді.

Тотықтырғыштың (MnO-4) тотықсыздануы реакциясының (жарты) теңдеуін құрайық.

MnO-4 + 8Н+ Мn2+ + 4Н2О

Атомдарды теңестіру үшін сутегі ионын қосып оны оттегі мен су молекуласына байланыстыру керек. Теңдік сол және оң жағындағы зарядтар тең болу керек. Теңдіктің сол жағындағы зарядтардың алгебралық қосындысы +7, ал оң жағында +2. теңестіру үшін сол жағына 5е қосу керек, сонда тотықтырғыштың тотықсыздануының жарты теңдеуі мына түрде жазылады:

MnO-4 + 8Н+ + 5е = Мn2+ + 4Н2О

тотыққан т-сызданған

түрі түрі

І- -ионының тотығуының теңдеуі:

- І2

Зарядтарды теңестіру үшін теңдеудің сол жағына 2е алу керек:

- - 2е = І2

т-сызданған тотыққан

түрі түрі

Теңдеулерді қосып реакцияның жалпы теңдеуін жазамыз:

MnO-4 + 8Н+ + 5е Мn2+ + 4Н2О 2

- - 2е І2 5

Жалпы теңдеуді шығарғанда жеке теңдеулерді электрондардың алгебралық қосындысы нольге тең болатын коэффициентке көбейту керек:

MnO-4 + 8Н+ + 5е Мn2+ + 4Н2О 2

- - 2е І2 5

Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың коэффициенттерін қосып жазсақ, теңдеу:

2MnO-4 + 10 І- + 16Н+ 2Мn2+ + 5 І2 + 8Н2О

Теңдеудің дұрыстығын атомдардың және зарядтардың санын (теңдігін) анықтап тексереді:

2MnO4 + 10KI + 8H2SO4 = 2MnSO4 + 5 I2 + 6K2SO4 + 8H2O

Иондық электрондық теңдеу құрудың ережелері

1. Алдымен реакцияның иондық схемасын құрады. Ол үшін тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты және олардың әрекеттесуі нәтижесінде пайда болған өнімдерді ион түрінде жазады. Күшті электролиттер ион түрінде, әлсіз электролиттер, газ, тұнба молекула түрінде жазылады. Мысалы:

H2S + MnO4 S + Mn2

MnO4 + I- + H+ Mn+ + I2 + H2O

2. Теңдеу құрған кезде бастапқы заттар да оттегі О-2 түрінде бөлініп шығуы мүмкін. Онда оны қышқылдық ортада Н+ ионымен суға байланыстыру керек, сілтілік ортада – гидроксид ионы шығады:

О-2 + 2Н+ = H2O

O-2 + H2O = 2OH-

3. Егер бастапқы заттардағы оттегі өнімдегіден аз болса, онда оны қышқылдық немесе нейтрал ортада су молекуласын қосып, ал сілтілік ортада гидроксид ОН- -ионын қосып теңестіреді:

H2O = O-2 + 2H+, 2OH- = O-2 + H2O

Тотығу-тотықсыздану реакциясының түрлері

Т-т реакциялары 3 түрге бөлінеді:

1) Молекула аралық т-т реакциясы. 2) Бір молекула ішіндегі т-т реакциясы. 3) Диспропорциялану реакциясы.

1. Молекула аралық т-т реакцияларында тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш әр түрлі заттардың құрамына кіреді.

Сu+2SO4 + Zn0 = Cu0 + Zn+2SO4

тотықтырғыш т-сыздандырғыш

  1. C u+2 + 2e = Cu0

  1. Zn0 – 2e = Zn+2

2. Бір молекула ішіндегі т-т реакциясында тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш бір молекула құрамына кіреді. Бертолле тұзы.

+5 -2 -1 0

2КСlO3 = 2KCl + 3O2

+5 -1

C l + 6e = Cl 2 тотықтырғыш

-2 0

2O – 4e = O2 3 т-сыздандырғыш

+5 -2 -

2Cl + 2O = 2Cl + 3O2

3. Диспропорциялану реакциясында бір молекула құрамындағы 1 элементтің атомы тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады. Сl2 қыздырылған сілті ерітіндісінен өткізгінде ол диспропорцияланып, хлорат пен хлорид түзеді:

0 -1 +5

3Cl2 + 6KOH = 5KCl + KClO3 + 3H2O

0 -1

Cl + 1e = Cl 5 тотықтырғыш

0 +5

Cl – 5e = Cl 1 т-сыздандырғыш

0 -1 +5

6Cl = 5Cl + 1Cl

+3 +5 +2

3HNO2 = HNO3 + 2NO + H2O

+3 +5

N – 2e = N 1 т-сыздандырғыш

+3 +2

N + 1e = N 2 т-тырғыш

+3 +5 +2

3N = 1N + 2N

Бұл реакцияда хлор тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш есебінде қатысып тұр. Мұндай реакциялар дисспороциялану реакциясы деп аталады.

Тотығу-тотықсыздану реакциясына ортаның әсері

Т-т реакциялары әр түрлі ортада жүреді: Н+, ОН-, Н2О. Реакцияның ортасы атомдардың тотығу дәрежесінің өзгеруіне әсер етеді. MnO-4 – перманганат ионы Н+ ортада Mn2+ ионына дейін, нейтраль ортада Н2О Mn+4O2 -ге дейін, ал сілтілік ортада Mn+6 O24 –манганат ионына дейін тотықсызданады.

Осы процестерді мына схемамен көрсетуге болады:

тотыққан Н+ т-сызданданған

түрі Н2О түрі

MnO4 Mn2+ - ерітінді түссіз

ОН- MnO2 – қоңыр тұнба

MnO-24 – ерітіндінің түсі жасыл

яғни, ортаға байланысты әртүрлі өнім түзіледі. KMnO4 –мен Na2SO3 –дің арасындағы реакцияны әртүрлі ортада қарастырайық. (10-беттегі электрондық баланс әдісімен теңестіруді оқы)

2KMnO4 + 5Na2SO3 + 3H2SO4 = 2MnSO4 + 5Na2SO4 + K2SO4 + 3H2O

ионды-электрондық теңдеуі:

2 MnO-4 + 8H+ + 5e = Mn2+ + 4H2O тотықтырғыштық теңдеуі

5 SO2-3 + H2O – 2e = SO2-4 + 2H+ тотықсыздандырғыштың теңдеуі

2MnO-4 + 5SO2-3 + 6H+ = 2Mn2+ + 5SO24 + 3H2O

8H+ сол жақта, 2Н+ оң жақта, қысқартқанда 6Н+, 4Н2О оң жақта, 1Н2О сол жақта, қысқартқанда 3Н2О қалады

Бейтарап ортада:

2KMnO4 + 3Na2SO3 + H2O = 2MnO2 + 3Na2SO4 + 2KOH

2 MnO-4 + 2H2O + 3e = MnO2 + HOH-

3 SO2-3 + H2O – 2e = SO2-4 + 2H+

O-2 + 2H+ = H2O

O-2 + H2O = 2OH-

1. Бастапқы зат MnO-4 MnO2 ауысқанда 2О-2 бөлініп кетеді. Теңестіру үшін О-2 + Н2О = 2OH- теңдеуіне сәйкес 2О-2 бөлініп тұр,оң Жағына 2Н2О сол жағына 4ОН- қосамыз. 1 Н2О қоссақ теңеспейді:

MnO-4 + H2O = MnO2 + 2OH- болады да оттегі теңеспейді.

2. Егер бастапқы затта Оттегі аз болса оны нейтрал, қышқыл ортада

Н2О = 0 2- +2Н+

2ОН- = О-2 2О

Н2О = 0 2- +2Н+ теңдеуіне сәйкес теңестіреміз: сол жағына 1 Н2О қосамыз, оң жағына 2Н+ қосамыз.

Бастапқы заттардан О-2 бөлініп шықса, онда қышқылдық ортад оны Н+ ионымен байланыстырды, ал сілтілік ортада гидроксид ОН- ионымен байланыстырылады:

H+ O-2 + 2H+ = H2O; MnO-4 + 8H+ +5е = Mn2+ + 4H2O

OH- O-2 + H2O = 2OH-;

Егер бастапқы заттардағы О реакция өнімдегіден аз болса, оны Н+ қышқылдық, Н2О нейтрал ортада су Н2О молекуласын қосып, ал сілтілік ортада ОН- - гидроксид ионын қосып теңестіреді:

Н2О = O-2 + 2H+,

2OH- = O-2 + H2O SO3 + H2O – 2t = SO2-4 + 2H+

Сілтілік ортада:

2KMnO4 + Na2SO3 + 2NaOH = K2MnO4 + Na2SO4 + Na2Mnо4 + H2O

ионды электрондық теңдеуі:

т -тырғыш 2 MnO-4 + e = MnO2-4, зарядын теңестіру үшін +1е

т-сыздандырғыш 1 SO2-3 + 2OH- - 2e = SO2-4 + H2O, O теңестіру үшін ОН-

қосамыз, теңдіктің оң жағына Н2О қосып

зарядын есептейміз,

2е алып тастау керек.

2MnO-4 + SO2-3 + 2OH- = 2MnO2-4 + SO2-4 + H2O

Т-т реакциясында т-тырғыш пен тотықсыздандырғыш бір-бірімен алмасқан электрондарына сай эквивалентті мөлшерде әрекеттеседі.

Тотықтырғыштың эквиваленті деп берілген т-т реакциясы кезінде 1 моль электрон қосып алатын тотықтырғыш мөлшерін айтады (өлшемі г/мол). Тотықтырғыштың эквиваленттік массасын анықтау үшін оның молярлық (мольдік) массасын қосып алған электронының санына бөлу керек:

Э KMnO4 = MKMnO4 / 5 моль

39+55+64 158

Э KMnO4 = = = 31,6 г/моль

5 5

Тотықсыздандырғыштың эквиваленті деп берілген реакция кезінде 1моль электрон берген т-сыздандырғыштың мөлшерін айтады, өлшемі г/моль.

Т-сыздандырғыштың эквиваленттік массасын анықтау үшін оның молярлық (мольдік) массасын берген электрон санына бөлу керек:

ЭFeSO4 = MFeSO4 / 1моль = 151,9 г/моль

M

Ж алпы түрде Э =

N

Қышқылдық ортада:

+7 +4 +2 +6

2KMnO4 + 5Na2SO3 + 3H2SO4 = 2MnSO4 + 5Na2SO4 + K2SO4 + 3H2O

электрондық баланс теңдеуі:

Mn+7 + 5e = Mn+2 2

S+4 – 2e = S+6 5

2Mn+7 + 5S+4 = 2Mn+2 + 5S+6

S сол жақта 6, оң жақта 2+5+1=8 теңестіру үшін Н2SO4-тің алдына 3 қоямыз, Н+ сол жақта 3, оң жаққа Н2О алдына 3 қоямыз, оттегі сол жақта 8+15+12= 35, оң жақта 8+20+4+3=35. Теңдеу дұрыс.

Нейтраль ортада:

+7 +4 +4 +6

2MnO4 + 3Na2SO3 + H2O = 2MnO2 + 3Na2SO4 + 2KOH

Mn+7 + 3e = Mn+4 2

S+4 – 2e = S+6 3

2Mn+7 + 3S+4 = 2Mn+4 + 3S+6

K-дің алдына 2КОН қоямыз, S-тең, Н+ тең, О-санаймыз сол жақта 8+9+1=18, оң жақта 4+12+2=18 теңдеу дұрыс құрылған.

Сілтілік ортада:

+7 +4 +6 +6

2KMnO4 + Na2SO3 + 2NaOH = K2MnO4 + Na2SO4 + Na2MnO4 + H2O

Mn+7 + 1e = Mn+6 2

S+4 – 2e = S+6 1

2Mn+7 + S+4= 2Mn+6 + S+6

Бақылау сұрақтары

1. Тотықсыздандырғыштың эквиваленті

2. Тотықсыздандырғыш

3. Тотықтырғыш

4. Тотығу-тотықсыздану реакциясының түрлері

5. Тотықтырғыштың эквиваленті

6. Иондық электрондық теңдеу құрудың ережелері

Негізгі және қосымша әдебиет

Негізгі әдебиет

1. Ахметов Н.С. «Жалпы және бейорганикалық химия». Баспа «Жоғары мектеп». М. 2005 г.

2. Глинка Н.Л. «Жалпы химия» - И. Интеграл-пресс. 2003.

3. Некрасов Б.В. «Жалпы химияның негіздері» т.1,2,3. Химия –М 1976 г.

4. Н.Н. Нурахметов, М.Б. Муратбеков, Ә.К. Тәшенов «Бейметалдар химиясы», Алматы, «Қазақуниверситеті», 2009 ж.

5. Н.Н. Нурахметов, Ә.К. Тәшенов «Бейметалдар химиясы», Алматы 2011 ж.

  1. Бiрiмжанов Б., Нұрақметов Н. Жалпы химия. Алматы. Ана тiлi. 1992.

  2. Ақанбаев Қ. Химия негiздерi. Алматы.: Мектеп. 1987.

  3. Бегалиева Ж., Самыратов С., Қолұшпаева А. Химия курсы. Алматы.: ҚазКҚА. 2002, 292 б.

Қосымша әдебиет

2. Кусепова Л.А., Кусепов А.К. «Практикум по общей химии», ЕНУ 2003

3. Нурпейсова Д.Т. Лабораторный практикум по общей химии, Астана 2000 г.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Күні: _______ 2011 ж.

Басылым: бірінші

Дәріс

ЕҰУ

5-бет

Дәріс 12

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]