Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khimia leksia.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
2.42 Mб
Скачать

«Химия» пәні бойынша Глоссарий Әдістемелік нұсқау

Химиялық элемент – анықталған зарядтары бар ядролар мен электронды қабықтарының құрылымы сипатталатын атомдар түрі. Қазіргі уақытта 110 элементтен астамы белгілі, 89 табиғатта табылғаны (Жер бетінде), қалғандары жасанды жолмен алынғандары. Атомдар бір немесе басқа элементтердің қосылыстарындағы атомдармен, немесе бос күйінде молекулалар құрып өмір сүреді.

Атомдық ядро – атомның орталық бөлігі, ол негізгі атомдар массасы орналасқан Z –протондар мен N – нейтрондардан тұрады.

Ядро заряды – оң, өзінің шамасы бойынша ядродағы протон санына немесе бейтарап атомдағы электрондарға және элементтің периодты жүйедегі қатарлық номерімен сәйкес келеді. Протондар мен нейтрондардың атом ядросындағы сомасы - A = Z + N массалық сан деп аталады.

Химиялық формула – бұл заттың құрамын химиялық белгілер және индекстің көмегімен (индекс - символдың оң жағынан төменге қойылатын цифра. Молекуладағы атомдар санын көрсетеді) көрсететін шартты жазба. Молекулада қандай элементтердің атомдары және өз ара қандай қатынаста бірлескенін химиялық формула көрсетеді.

Аллотропия – құрылымы мен қасиеттері бойынша ерекшеленетін, бірнеше қарапайым заттарды химиялық элементпен құру құбылысы. Қарапаым заттар – бір элемнттің атомдарынан тұратын молекула.

Күрделі заттар – әртүрлі химиялық элементтердің атомдарынан тұратын молекула.

Квант бұл мән - физикадағы бір шаманың бөлінбейтін порциясы. Себебі кванттармен жарық шашылады және жұтылады E = hn (Планк постулаты).

Бас кванттық саны (n). Электронның энергетикалық деңгейі, ядроның деңгейінен қашықтықтығы, электрондық бұлт өлшемін анықтайды.

Орбиталды кванттық сан (l) орбиталдың геометриялық формасын сипаттайды. Бүтін сандар мәнін 0 ден (n - 1) қабылдайды. Энергетикалық деңгейдің номерінен тәуелсіз, орбиталды квантты санының әрбір мәніне,

Магнитті кванттық сан (m) электрондық орбиталдардың кеңістіктегі жағдайын және бүтін санды мәндерді -I +I дейін 0 қосқанда сипаттайды. Бұл дегеніміз, орбиталдың әрбір формасына (2l + 1) кеңістікте энергетикалық бағыттары тең болатынын көрсетеді.

Спинді кванттық сан (s) электронның өзінің осінің айналасында айналу кезінде пайда болатын магнитті моментті сипаттайды. Екі мәнде ғана +1/2 и –1/2 қара-қарсы бағыттарға айналуға сәйкес қабылдайды.

Иондану әлеуеті Ii – атомдағы электрондар қозғалғыштығының шамасы. Атомнан электронды алып тастауға арнап, шығындауға қажетті энергия Ii i көбеюіне орай, артады, өйткені кейінгі электрондар оң зарядталған иондардан алынып тасталады. Ионданудың бірінші әлеуеті энергия шкаласының соңғы орбиталы бар жағдайына сәйкес келеді.

Период – валенттік электрондар бас кванттық саны максималды мәні бірдей элементтердің көлденең қатары. Периодттық заңның графикалық кескіндемесі периодтық кесте болып табылады. Оның құрамында 7 периодтар мен 8 топтар бар.

Топтар – элементтердің бірдей валенттілік электрондар саны топтың номеріне тең, тік бағаналар. Бас және жанама топшалар болып бөлінеді. Бас топшалар валенттілік электрондары сыртқы ns- және np- деңгейшелерінде орналасқан, үлкен және кіші период элементтерінен тұрады. Жанама топшалар тек үлкен периодтар элементтерінен тұрады.

Химиялық байланысэлектрондарды алмастыру жолымен жүретін екі атомның әрекеттесуі. Химиялық байланысты құру кезінде, атомдар жақын инертті газ атомының құрылымына сәйкес, тұрақты сегіз электронды (немесе екі электронды) сыртқы қабыққа ие болуға ұмтылады. Химиялық байланыстардың мынадай түрлерін айырады: ковалентті (полярлы және полярсыз, алмастыру және донорлы акцепторлы), ионды, сутегілік және металдық.

Электртерістілік – бұл атомның басқа атомдардан электрондық тығыздықты өзіне тартып алу қабілеті. Ең электртеріс элемент – фтор, ең электр оң элемент – франций.

Иондар дегеніміз – бұл зарядталған бөлшектер, электрондарды беру немесе қосып алу қортындысында атомдарға айналады.

(натрий фториды натрий иондары Na+ мен фторид-иондардан F-) тұрады.

Егер атомдардың электртерістілігінің айырмашылығы үлкен болса, онда байланысты жүргізетін электрондар жұбы бір атомға өтеді және екі атомда иондарға айналады. Иондар арасындағы электростатикалық тарту есебінен жүргізілетін химиялық байланыс иондық байланыс деп аталады.

Сутегілік байланыс – бұл бір молекуланың оң зарядталған сутегі атомымен және басқа молекуланың теріс зарядталған атомы арасындағы байланыс. Сутегілік байланыстың жартылай электростатикалық, жартылай донорлы акцепторлық сипаты бар.

Орбиталдың гибридизациясы – бұл орбиталдарды тиімді жабуға жетуге арналған, ковалентті байланысты құру кезінде, кейбір орбиталдардың өзгеру формасы.

Химиялық термодинамика – химиялық және физикалық үдерістерде еріп жүретін энергия мен энергетикалық әсерлердің айналуын, сондайақ үдерістің өздігінен жүру бағытын және мүмкіндігін зерттейді. Химиялық термодинамика қазіргі химияның негізі болып табылады.

Химиялық термодинамика — физикалық химияның химиядағы термодинамикалық құбылыстарды (химиялық реакция, фазалық ауысулар (еру, булану, кристалдану, т.б.), сонымен қатар заттардың термодинамикалық қасиеттерінің олардың құрамы мен агрегаттық күйіне тәуелділігін қарастыратын саласы. Химиялық термодинамика термохимия, химиялық тепе-теңдік және ерітінділер (олардың ішінде электролиттер) туралы ілімдермен және электродты потенциалдар, беттік құбылыстар термодинамикаларымен тығыз байланысты.

Химиялық реакция бұл бір байланыстардың басқаларымен алмасатын, жаңадан қосылыстар түзілетін, басқалары ыдырайтын үдеріс. Нәтесежінде жүйенің ішкі энергиясы өзгереді, яғни энергетикалық әсерлері өзгереді.

Жүйе дегеніміз қоршаған ортамен әрекетте және ойласаң одан бөлек тұратын (судағы стакан) дене немесе денелер тобы. Егер бұл жүйеде зат ортамен алмаспаса (стакан қақпақпен жабылған), онда ол жабық деп аталады. Егер жүйенің тұрақты көлемі болса және ол қоршаған ортамен (термостағы су) зат және энергия алмасу мүмкіншілігі жоқ деп қарастырылса, онда осы жүйе тұйықталған деп аталады.

Ішкі энергия U - жүйенің кинетикалық және потенциалды энергиясынан басқа, энергияның жалпы қоры, оның ішінде молекулаларды, байланыс толқындарын, электрондар қаозғалысын, ядроларды т, б. энергияларды алғандағысы. Ішкі энергияны анықтау мүмкін емес, өйткені жүйеден барлық энергияны алуға болмайды.

Фаза – гетерогенді жүйенің гомогенді бөлігі (стакандағы су мен мұз). Фазалық өту дегеніміз – фазаның айналуы (мұз еруі, су қайнауы). Үдеріс кезінде энергетиканың жылу әсері айналуы, жылу бөлінуімен (экзотермиялық реакция) немесе оны жұтылуымен (эндотермиялық реакция) түрінде көрсетіледі. Бөлінген немесе жұтылған жылу саны Q реакцияның жылу әсері деп аталады. Жылу әсерлерін зерттеумен термохимия айналысады.

Кристалдық тор энергиясы – кристалдық тордағы иондық байланысты үзіп, оны газтәрізді иондарға айналдыру үшін шығындалатын энергия.

Судың кермектілігі. Ca2+ және Mg2+ иондары жалпы кермектілікті береді. Судағы біркелкі кермектік гигиеналық тұрғыдан қарағанда қауіпті емес, себебі организімге су арқылы 20-30% кальций түседі, ол организімдегі

Валенттілік дегеніміз элементтердің атомдарының химиялық байланыс түзу қабілеті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]