Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гулмарал.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
523.26 Кб
Скачать

30.Эмоцияның негізгі түрлері

Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi.Түрлері:Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыйю, ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу ықыласы, бiреуге немесе бiр нәрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында күйзелу.Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерiгу деп атаймыз . Ол монотондық жағдайда туады. Субъектiнiң тиiстi пәнiмен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейедi. Таңырқау, қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелiк, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бiрақ, тез уақытта өтетiн эмоция болып көрiнедi. Күштi танымдық мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау, бiлу, анықтау, көз жеткiзу т.б.Қуаныш эмоциясы адамның мүмкiншiлiктерi және негiзгi тұлғалық қасиеттерiн жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және басқа адамдармен, өзiмен қанағаттану сезiмiмен және өмiрге қанағаттану күйi.Оптимизм және мүмкiншiлiгiн кеңейту күштiң көбею сезiмiнен байқалады.Ұялу эмоциясы субъект өзiне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиетерiне, қатынастарына, сыртқы ерекшелiгiне сәйкес емес әрекеттерiн жасаған кезде туады. Бұл күйзелiсте субъект өзiн басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтiн, әлсiз, кiшкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезiнедi. Оған басқалар оның кемшiлiктерiн көрiп, жек көретiндей көрiнедi. Сондықтан ол басқа адамдардан өзiн алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. өялудың жеңiл формасы қызару.Ұялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-эстетикалық талаптардың жоғары деңгейiнде туындайды. Ол өзiнiң мағыналығын,артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебiздер естiген кезде сезiнедi.Айну эмоциясы субъектiнiң моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, объектiлерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тiлектерi, нақты заттары, iс-әрекет кемiстiгi және т.б. Айну эмоциясы сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады.Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң қосымша ерекшелiгi бар.Ол сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзiн алшақ ұстап, өзiнiң артықшылығын, ар-намысын сезiнедi.Өзiн кiнәлау эмоциясында адам өзiнiң кiнәсiн мойындайды, өзiнiң оған қатысын немесе шығынға жауапкершiлiгiн, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына өзiн кiнәлi сезiнедi. Бұл кезде ол өзiн-өзi кiнәлайды және өкiнедi.Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн.

31.Эмоцияның негiзгi қызметтерiне Сіз қандай талдау жасар едіңіз?

Эмоцияның қызметтерi

Эмоциялар адамның әлеуметтiк болмысын қамтамасыз ететiн маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның iшкi (жан) дүниесiнiң қажеттi жағы ретiнде пайда болады және онда өмiр сүредi. Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады.

Эмоцияның алгашқы және маңызды функциясы адам үшiн қоршаған заттардың, құбылыстардың адамдардың әсерлi оқиғалардың өз ойларының жоспарларының шешiмдерiнiң және т.б. субъективтi мәнiн бастапқы бағалау болып табылады. Эмоциялар адам үшiн әртүрлi өмiрдегi оқиғаларда, адамдарға және өзiне, заттар мен құбылыстарға жылдам және сенiмдi бағдар жасауға мүмкiндiк беретiн өзiнше бiр iштегi компас ролiн атқарады. Бiзге эмоциялық бағалаулар интеллектуалды бағалауға қарағанда сенiмдiрек және жеке мәнге ие болады. Сондықтан да бiз оларға сенуге және бағынуға бейiмбiз. Мысалы, кез-келген темекi шегетiн адам никотиннiң зияндығын бiле тұрса да, темекiнi тастамайды. Бұл бiлiмi оған қатысы жоқ абстракция сияқты болады. Адамның темекiге деген қарым-қатынасын өзгерту үшiн сол адам темекiнiң зияндығын эмоциялық тұрғыда басынан кешiру керек.

Эмоциялар адамға оның қажеттiлiгiнiң күйi туралы сигнал берiп тұрады. Бiр нәрсеге деген мәжбүрлiк өзектiлiгiнен, сәйкесiнше эмоциялық күйзелiстер (ашығу, қызығу) туады. Олар қажеттiлiктер деп аталады. Қажеттiлiктiң күйiне байланысты күшеюi, азаюы, мүлдем жоғалып кетуi, белгiсi бойынша қарама-қарсыға ауысуы мұмкiн. Қажеттiлiктiң өмiр сүруiнiң эмоциялық негiзi мен субъективтi формасын құрайды.

Эмоциялар оятушы фукцияларды да атқарады, яғни белсендiлiктiң қайнар көзi болып табылады. Эмоциялардың оятушы мүмкiндiктерi тiкелей олардың күшi мен белгiсiне байланысты. Мысалы, бұл жерде қатты және жай ауруды, үрейдi, ұятты және кез-келген басқа эмоцияларды салыстыруға болады. Белсендiлiктiң бағыты эмоцияның белгiсiмен анықталады. Жағымды эмоциялар эмоциялық жағдайға бағытталған әрекеттердi оятады. Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоциялар мынадай ф-яларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы ж/е коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық ж/е танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады. Эмоцияның алғашқы ж/е маңызды функциясы адам үшiн қоршаған заттардың, құбылыстардың адамдардың әсерлi оқиғалардың өз ойларының жоспарларының шешiмдерiнiң ж/е т.б. субъективтi мәнiн бастапқы бағалау болып табылады. Эмоциялар адам үшiн әртүрлi өмiрдегi оқиғаларда, адамдарға ж/е өзiне, заттар мен құбылыстарға жылдам ж/е сенiмдi бағдар жасауға мүмкiндiк беретiн өзiнше бiр iштегi компас ролiн атқарады. Эмоциялар оятушы фукцияларды да атқарады, яки белсендiлiктiң қайнар көзi болып табылады.

32. Жоғары деңгейдегі сезімдерді қалай түсіндіресіз?