Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихан сратары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
235.01 Кб
Скачать
  1. Демократиялық саяси режім (тәртіп):

  1. Қазақстан Республикасындағы салық түрлеріне кірмейді:

  1. Жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту: (233-бап. Терроризм

1. Жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту, - төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) бірнеше рет;

б) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп төндiретін қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолдана отырып жасалса, -

жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:

а) жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивті материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуға және жаппай уландыруды, эпидемия мен эпизоотияны таратуды, сондай-ақ адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы ықтимал өзге де іс-әрекеттерді жасауға немесе жасаймын деп қорқытуға ұштасса;

б) абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -

он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 2009.10.07 № 175-ІV ҚР Заңымен төртінші бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өмiріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң өмiрiне қастандық жасау, - не халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасаумен, адамды кепілге алумен, жайларды, ғимараттарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол құрамын айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өміріне қол сұғу

он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 2009.10.07 № 175-ІV ҚР Заңымен ескерту жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Ескертулер.

1. Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертуімен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін болғызбауға септігін тигізсе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.)

  1. Қандай жаза үкiм шығару кезiнде он сегiз жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүктi әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды: ( қамау, өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту)