Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихан сратары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
235.01 Кб
Скачать
  1. Адамның саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары

  2. Салықтардың алымдар, төлемдерден айырмашылығы? (салықтар қайтарымсыз біржақты болатын төлем,ал алым-салық қайтарымды. Мысалы, адам ақша төлеп жеке куәлік алады)

  3. Субъектінің заң құжаттары арқылы бекітілетін және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы: (Меншік құқығы)

  4. Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры нені құрайды? ( ұлттық қор)

  1. Президент мерзімінен бұрын босаған, қайтыс болған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімге бірінші кімге көшеді? (премьер-министр)

  1. Қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетiлу әдiстерi мен нысандарына қарамастан қандай құқықтар қолданылады? (сабақтас құқықтар)

  1. Мұра қалдырудың негізгі тәсілдері:

  1. 14 жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл есінің кемдігінен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді: ( қорғаншылық)

  2. Кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскердi, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың iзiн не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күнi бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткiзуге күнi бұрын уәде берген адам? (көмектесуші адам)

  1. Мемлекеттің белгілеріне қай белгі жатпайды:

  1. Әйелдерге, сондай-ақ он сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкiм шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайтын жазаны көрсет: (өлім жазасы)

  1. Билік бір адамның қолына шоғырландырылған басқарудың нысаны (түрпішіні):(монархия)

  1. Өз ішінде салыстырмалы саяси еркіндігі жоқ, ұсақ әкімшілік-аумақтық бірлестіктерден тұратын тұтас мемлекет:

  1. Алымдардың түрлері: ( тіркеу алымдары, автокөлік құралының ҚР аумағымен жүргені үшін алым, аукционнан алынатын алым, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым)

  1. Тiкелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қандай нысандағы қылмыс деп танылады? ( қасақана қылмыс)

  1. Сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алуды не деп ойлайсыз? (мүлкін тәркілеу)

  1. Екi айдан екi жылға дейiн мерзiмге белгiленуі мүмкін және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтелетін жаза түрі: ( түзеу жұмыстары)

  1. Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру, сол сияқты осындай топты басқару қалай аталады? (ұйымдастыру)

  1. Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайлары бойынша белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезең ішінде орындалатын жұмыстар қалай аталады? ( маусымдық)

  1. Қылмыс жасаған кезде кiсi өлтiргенi, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi, зорлағаны, адамды ұрлағаны, адамды кепiлге алуы, террористік актi туралы бiле тұра көрiнеу өтiрiк хабарлағаны, қару-жарақты, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны үшiн қанша жасқа толған адамдар да қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.(14 жастан бастап)

  1. Мұрагер қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi қалай аталады: (өсиет)