Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихан сратары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
235.01 Кб
Скачать
  1. Қасым ханның қасқа жолы

  2. Салық салу әдістері

  1. Құқық беру және заңдық міндеттер жүктеу (шара қолдану) арқылы міңез құлық ережелерін бекітетін құқық нормасының элементі қалай аталады?

  1. Жұмыс уақыты, түрлері? (Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін; ауысымдық жұмыс, күнделікті жұмыс, түнгі уақыттағы жұмыс, үстеме жұмыс,маусымдық жұмыс, вахталық жұмыс)

  2. Кәмелетке толмағандар қандай бас бостандығынан айыру мекемесіне жіберілері? ( тәрбиелеу)

  3. Қанша жастан бастап тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады?(16 жас)

  1. Азаматтық құқық, құқық саласы ретінде қандай қатынастарды реттейді? ( мүліктік ж/е мүліктік емес)

  1. Мұра қабылдаудың кезегі?

  1. Рақымшылық қандай қылмыскерлерге қатыс қолданылмайды? (Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті немесе аса қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды)

  2. Құқық қорғау органдары?

  3. Рақымшылық қандай қылмыскерлерге қатыс қолданылады? (Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті немесе аса қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды)

  4. Мемлекет органы ретінде прокуратураның негізгі қызметі

  1. Қоғамға қауіпті, заң жауапкершілігін тудыртатын, деликоқабілеттілігі бар кінәлі адамның құқыққа қайшы іс әрекеті қалай аталады

  1. Ұлттық, этникалық, нәсiлдiк немесе дiни топты осы топтың мүшелерiн өлтiру, олардың денсаулығына ауыр зардап кетiру, бала тууға күш пен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп бiреуге беру, күштеп көшiру не осы топтың мүшелерiн қырып-жоюға есептелген өзге де тiршiлiк жағдайларын туғызу арқылы толық немесе iшiнара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер? (геноцид)

  1. Мемлекеттік қызметкерді көрсет?

  2. Президент заңға қанша күнде қол қояды?

  3. Кінәнің бір нысаны, адам өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын-ала білсе және осы зардаптың болуын тілесе немесе тілемесе де оған саналы түрде жол берсе(қасақана)

  1. Құқыққабілетілік пен әрекетқабілеттілік бір уақытта туындайтын құқық субъектілерін атаңыз.

  1. Жалған неке дегеніміз не?

  1. Қылмыстық жазалардың жүзеге асуы? (Қылмыстық атқару кодексінен)

  2. Адам мен азаматтың экономикалық құқығы, бостандықтарына кірмейді:

  3. ҚР Президентінің өкілеттіктер

  4. Лизинг:( 565-бап. Лизинг шарты

1. Лизинг шарты бойынша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндеттенедi.

2. Лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлiктi таңдап алуды лизинг берушi жүзеге асырады деп көзделуi мүмкiн.

3. Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен лизинг шартының жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.

566-бап. Лизинг нысанасы

Yйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады.

Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.

567-бап. Лизинг шартының елеулi талаптары

Лизинг шартында, осы Кодекстiң 542-бабында аталған талаптардан басқа, мынадай талаптар болуға тиiс:

1) мүлiктi сатушының атауы;

2) лизинг алушыға мүлiктi берудiң талаптары мен мерзiмi;

3) төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгi;

4) шарт мерзiмi;

5) егер шартта лизинг алушының меншiгiне мүлiктiң көшуi көзделсе, осындай көшудiң талаптары.

568-бап. Мүлiктi лизингке беру туралы сатушыны хабардар ету

Лизинг берушi лизинг алушы үшiн мүлiк сатып ала отырып, мүлiктiң белгiлi бiр тұлғаға лизинг ретiнде беруге арналғандығы туралы сатушыны хабардар етуге тиiс.

569-бап. Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаупi

Лизингтiң нысанасы болып табылатын мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаyпi, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктi берген кезде лизинг алушыға ауысады.

570-бап. Лизинг шарты бойынша төленетiн төлемдер

Лизинг шартына сәйкес төленуге тиiстi мерзiмдiлiк төлемдерi мүлiктiң шарт жасасқан кездегi баға бойынша құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң амортизациясы ескерiле отырып есептелуi мүмкiн.

571-бап. Лизинг алушыға лизинг шартының нысанасын беру

1. Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiктi сатушы лизинг алушыға, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, лизинг алушы орналасқан жерде тiкелей бередi.

2. Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiк осы шартта аталған мерзiмде лизинг алушыға берiлмеген жағдайда, егер мерзiмiн өткiзуге лизинг берушi жауап беретiн мән-жайлар бойынша жол берiлген болса, лизинг алушы шартты бұзуды және шығынды өтеудi талап етуге құқылы.

572-бап. Сатушының жауапкершiлiгi

1. Лизинг алушы лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiктi сатушыға - сатушы мен лизинг берушiнiң арасында жасалған сатып алу-сату шартынан туындайтын, атап айтқанда, мүлiктiң сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзiмiне қатысты және сатушы шартты тиiстi түрде орындамаған басқа да жағдайларда туындайтын талаптарды тiкелей қоюға құқылы. Бұл орайда лизинг алушы аталған мүлiктi сатып алу-сату тарабы болғанда сатып алынған мүлiкке ақы төлеу мiндетiн қоспағанда, оны сатып алушы үшiн осы Кодексте көзделген құқықтары болады және міндеттемелердi мойнына алады.

Сатушымен қатынастарда лизинг алушы мен лизинг берушi бiрлескен кредит берушi болады.

2. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, сатушыны таңдау құқығы лизинг алушыда болған жағдайларды қоспағанда, лизинг берушi лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшiн жауап бермейдi. Сатушыны лизинг берушi таңдайтын жағдайда лизинг алушы сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды тiкелей өз қалауы бойынша бiрдей жауап беретiн мүлiктi сатушыға да, лизинг алушыға да қоюға құқылы.)