Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэкономика_5В050507Менеджмент_2 жыл_қаз_1ку...doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
10.09.2019
Размер:
654.85 Кб
Скачать

3. Изокоста. Шығындарды төменгі деңгейге жеткізу шарты.

Изокоста және ең кіші шығындар принципі

Изокоста дегеніміз-жалпы шығындарының құны бірдей болатын , еңбек пен капиталдың барынша мүмкін боглатын тіркесімін қамтитын сызық.. Изокостаның теңдеуін табу үшін, еңбектің бір сағатына деген төлемді№№ арқылы белгілейік, ал ю№-арқылы капиталдың бір данасына кететің жал төлемінің құның белгілейік.

Сонда жалпы шығын былай анықталады:

Мұнда, PL*Kеңбекке кететін шығындар;

PK*K - капиталға жұмсалған шығындар.

Берілген теңдеудің жазықтықтағы графигі изокоста болып табылады. Изокостаның теңдеуін былай жазуға болады:

Бұдан біз изокостаның бұрыштық көлбеуін- ( )-ге тең екендігін көреміз.

Изокостаның бойында орналасқан кез келген А және В нүктелері үшін жалпы шығындар деңгейі бірдей. А нүктесінен В нүктесіне жылжығанда қолданылған капиталдың саны №К –ға азаяды, ал еңбек саны №№ -ге көбейеді.

Сондықтан еңбектің қосымша сағаттарын төлеуге кеткен шығындардың орнын капитал шығындарының азаюымен толтыру керек, яғни

Бұдан - тең екендігін көреміз. Яғни изокостаның бұрыштық коэффициентін, шығындар тұрақты деп ұйғарғанда, капиталды еңбекпен ауытыру шамасын көрсетеді.

Фирма берілген өнім көлемін ( мысалы, Q=200 ) ең аз шығындармен өндіру үшін қолданылатын еңбек пен капиталдың санын анықтау керек деген есепті қарастырайық..

6.5-серетте Q=200 дана өнім көлемін шығаруға сәйкес изикванта көрсетілген. Үш изокостаны қарастырайық. 1-изокоста изоквантадан төмен орналасқан және олар ешқандай нүктедеқиылыспайды немесе бірін-бірі жанап өтпейді, яғни өндіріс көлемін 200 бірлікке жеткізуге өндірістік реурстардың деңгей да А нүктесі ТС№ изокоста мен изоквантаға ортақ және осы нүктеде 200 бірлік өнім өндіргендігі шығындар ең төменгі деңгейде болады.

Бұл нүкте тепе-теңдік жағдайын көрсетеді, сонымен қатар төмендегідей шарт орындалады:

В нүктесінде №200 өнім бірлігін өндіргендегі шығындар А нүктесіндегіден көп болады немесе Q=200 Сондықтан 3-изокоста берілген өнім көлемін неғұрлымм жоғары шығындарды көрсетеді.

Өсу траекториясы

Өсу траекториясы фирма өнім көлемін шығаруды көбейткен кезде өңдірістің айнымалы факторлары қалай өзгеретінін көрсетеді.Көптеген изокванталарды өзара қарастырайық. Олардың әрбіреуінде изоквантаның изокостамен жанасу нүктесін көрсетуге болады.Онда берілген өнім көлемі ең төменгі деңгейдегі шығындармен өндіріледі. Осы қисықтардың нүктелерін қосу арқылы біз фирманың траекториясын аламыз.

6.6. Ұзақ мерзім кеңіндегі өндірістік шығындар

бұл уақыт ағымына байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Жоғары ұсынылған модельдерде өндірістік факторлардың бірі ( капитал ) тұрақты болып, ал басқа факторлар (еңбек ) өзгермелі болғандағы жағдайлар қарастырылған. Б.з қысқа мерзім кезеңіндегі шекті орташа шығындардың қисықтарын алдық..

Ал ұзақ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы шығындар қисығын түсіндіру үшін, ұзақ уақыт аралығындағы өндіріс ( өнеркәсіп ) көлемі өзгеріп отырады деп ұйғарамыз.№№№№№ қисықтары- көлемдері әр түрлі өнеркәсәп орындарының қысқа мерзім кезеңіндегі орташа жалпы қисықтары делік. ( 6.7- сурет).

Өнім шығару көлемі 0<Q<1500 болған жағдайда бірінші өнеркәсіп орнының көлемі ең ұтымды болады, себебі жоғарыда көрсетілген өнім көлемін ең төменгі деңгейдегі шығындармен өндіруге болады. Егер 1500<Q<2700 болса, онда ұтымды өнім көлемін екінші өнеркәсіпте, ал Q>2700 болса, үшінші өнеркәсіпте өндірген тиімді болады.6.7-суретте өнеркәсіп көлімінің 3 мүмкіндігі берілген және ұзақ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы шығын қисығы LRAC қара сызықпен көрсетілген.

Егер 3-тен әлдеқайда көп өнеркәсіп орындарын қарастыратын болсақ, онда 6.8- суретте көрсетілгендей ұзақ мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығын (LRAC) аламыз және бұл қисық қысқа мерзімдегі орташа жалпы шығындарды жанап өтеді. LRAC өнім көлемі Q* шамасына жеткенге дейін төмендейтін болса, онда өндірістің өсу ауқымы оң әсерлі болады, демек еңбекті тиімді қолдану, өндіріс факторларының өнімділігн арттыру, жаңа технологияны пайдалану және т.б., көлемі үлкен өнеркәсіп орындарында жақсы нәтижеге жеткізеді. LRAC-тың жоғарылауы өндіріс ауқымы өсуінің өндіріске теріс әсерін тигізетінін, себебі бұл уақытта көлемі үлкен өнеркәсіпті басқару тәсілдері ойдағыдай болмай, еңбек және капитал өнімділігін төмендетеді.

Ұзақ мерзім кезеңіндегі шекті шығын қисығы (LRMC) осы мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығын (LRAC), LRMC-тың ең төменгі деңгейі нүктесінде басып өтеді. Ұзақ мерзімдегі шекті шығын қисығы LRMC өнім көлемі өзгеруіне байланысты жалпы шығынның қалай өзгеретінін көрсетеді.LRMC мен LRAC-тың арасындағы өзара байланыс қысқа мерзім кезеңіндегі шекті шығындар ( МС ) мен орташа жалпы шығындар ( АС )

Арасындағы байланыс сияқты болады.

7 тақырып. Жетілген бәсекелестік нарықтағы ұсыныс (2 сағат)