Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУЙЕРКУЛ ПРАК САБАКТАР (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.08.2019
Размер:
475.65 Кб
Скачать

Меншік деген не?

Меншіксіз мемлекет болмайды. Мемлекеттің меншігі – біздің меншігіміз. Өндірісте мемлекеттік меншік болуы керек пе, жоқ па? Әрине, керек. Себебі ол - өндіріс пайдасы, өнімі, біріншіден мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі үшін, стратегиялық маңызды салалар үшін, әскер, қорғаныс үшін маңызды. Осы міндеттер жеке адамға берілсе, ол екінші ретте ғана мемлекетті ойлайды.

Меншіктің екі түрі бар: 1) Қоғамдық меншік. 2) жеке меншік. Екеуінің де әр түрлі формасы бар. Қоғамдық меншікке – мемлекеттік меншік, кооперативтік меншік, акционерлік қоғам жатады.

Өркениетті мемлекеттердің бәрінде меншіктің бар түрі болуы қажет. Меншіктің түрі неғұрлым көбірек болса, экономика да соғұрлым жақсы дамиды.

Әр түрлі меншік формасы болмаса, нарықтық экономика болмайды.

Одақ кезінде меншіктің бір түрі - мемлекеттік меншік қана болды. Бір ғана меншік түрі болатын мемлекетте бәсеке болмайды.

1 – тапсырма

Берілген сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыз.

маңызды – важный, значимый

өркениетті – цивилизованный

бәсеке – конкуренция

2 – тапсырма

Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңіз:

Меншіктің қандай түрлері бар?

Мемлекеттік меншік не үшін керек?

Бәсеке қандай кезде болады?

3 – тапсырма

Мәтінге қатысты сөздер, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз:

Меншік, өндіріс, қоғам, мемлекет меншігі, қоғамдық меншік, жеке меншік, әр түрлі меншік, бәсеке, нарықтық экономика, сапа, баға.

4 - тапсырма

Мына терминдерді жаттап алыңыз

Меншік – белгілі біреудің жеке өзіне тән иелігі.

Жеке меншік – жеке адамға ғана тән, соған тиісті дүние, мал-мүлік, меншік.

Қоғамдық меншік – қоғамға, қауымға тән иелік.

Кооперативтік меншік – белгілі бір бірлестікке тән иелік.

Материалды бекітуге арналған жаттығулар

1-жаттығу

Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып оқыңыз.

Менш...к, мемлекетт...ң менш...гі, ө...д...р...с, ...н...м, экономикалы... ...ау...пс...зд...к, стратегиялы... ма...ызды сала, ...скер, қор...аныс, қо…амды… менш…к, жеке менш…к, кооперативт…к менш…к, акционерл…к …оғам, …ркениетт… мемлекет, не…ұрлым, со…ұрлым, нары…ты… экономика, ода… , б…секе.

2 - жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті грамматикалық тұлғаларды жазып оқыңыз, ол сөздерге сұрақ қойыңыз.

Меншік... мемлекет бол...йды. Мемлекет... меншіг... – біз... меншіг.... Өндіріс... мемлекет... меншік болу... керек. Себебі ол - өндіріс пайда..., өнім..., бірінші... , мемлекет... экономика... қауіпсіз...і үшін, екінші..., стратегия... маңыз... сала... - әскер, қорғаныс үшін маңыз.... Меншік… екі түр… бар: қоғам… меншік; жеке меншік. Қоғам… меншік… – мемлекет… меншік, кооператив… меншік, акционер… қоғам жатады. Өркениет… мемлекет… меншік… барлық түр… болу… тиіс. Меншік түр… неғұрлым көп бол…, экономика соғұрлым жақсы дамиды. Әр түрлі меншік форма… жоқ жер… нарық… экономика болмайды. Одақ кез… меншік… бір түр… - мемлекет… меншік қана болды. Бір ғана меншік түр… болатын мемлекет… бәсеке болмайды.

3-жаттығу

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

Меншіксіз ... болмайды. Мемлекеттің ... – біздің меншігіміз. Өндірісте ... ... болуы керек. Себебі ол - өндіріс ..., ..., біріншіден мемлекеттің ... қауіпсіздігі үшін, екіншіден, ... маңызды салалар - ..., ... үшін маңызды.

Меншіктің … түрі бар: … меншік; … меншік. … меншікке – … меншік, … меншік, … қоғам жатады.

… мемлекетте … барлық түрі болуы тиіс. Меншік түрі … көп болса, экономика … жақсы дамиды.

Әр түрлі меншік … жоқ жерде …экономика болмайды.

… кезінде меншіктің бір түрі - … … қана болды. Бір ғана меншік … болатын мемлекетте … болмайды.

4-жаттығу

1-жаттығуда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

5-жаттығу

Мына сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз.

Форма собственности, государственная собственность, стратегически важные сферы государства, продукция производства, армия и оборона, частная собственность, кооперативная собственность, акционерное общество, цивилизованное государство, не бывает конкуренции.

6 – жаттығу

Мына сөйлемдерді орысшаға аударыңыз.

Меншіксіз мемлекет болмайды. Мемлекеттің меншігі – біздің меншігіміз. Өндірісте мемлекеттік меншік болуы керек. Ол біріншіден, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі үшін, екіншіден, стратегиялық маңызды салалар үшін маңызды.

Меншіктің екі түрі бар: қоғамдық және жеке меншік. Қоғамдық меншікке – мемлекеттік, кооперативтік меншік, акционерлік қоғам жатады.

Өркениетті мемлекетте меншіктің барлық түрі болуы тиіс. Меншік түрі неғұрлым көп болса, экономика соғұрлым жақсы дамиды. Әр түрлі меншік формасы жоқ жерде нарықтық экономика болмайды.

Бір ғана меншік түрі болатын мемлекетте бәсеке болмайды.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз!

жекешелендіру – приватизация

кіші жекешелендіру – малая приватизация

топтық жекешелендіру – групповая приватизация

жекешелендіру туралы заң – закон о приватизации

жекешелендіру бағдарламасы – программа приватизации

жекешелендіру процесі – процесс приватизации

Мәтін