Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУЙЕРКУЛ ПРАК САБАКТАР (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.08.2019
Размер:
475.65 Кб
Скачать

Әлемдік банк

ХВҚ – мен қатар халықаралық валюта-қаржылық қатынастарды реттеуде зор рөлді бреттон-вудстық институттар ішіндегі Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) де атқарып отыр. Ол өзінің екі филиалымен бірге Әлемдік банк құрамына енеді. Оның филиалдары – Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) және Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА) деп аталады.

ХҚДБ мүшелері ХВҚ-ға мүше бола алады. ХҚДБ қарызының негізгі бөлігі – қарыз алушы (несие алушы) елдердегі құрылымдық қайта құруға көмектесетін (септігін тигізетін) жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға бағытталған ұзақ мерзімді несиелер. Мұндай бағдарламаларды дайындауға ХҚДБ – нің зерттеушілері, мамандары мен практиктерінен құрылған білікті топ (аппарат) қатысады. ХҚДБ шын мәнінде дамушы елдерге арналған даму стратегиясын жасаудың (белгілеудің, жоспарлаудың) орталығына айналды. ХҚДБ филиалдары ХҚК мен ХДА ерекшелігі ХҚК, ең алдымен, дамушы елдердегі жеке секторларды қаржыландырады, МДА әлсіз дамыған елдерге жеңілдетілген, көбінесе (көп жағдайда) процентсіз (үстеме өсім) несие ұсынады.

2 – тапсырма

Мәтіннен қысқарған сөздер мен атауларды теріп жазыңыз, олардың толық нұсқасын жаттап алыңыз.

3 – тапсырма

Мына сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыз.

зор рөл атқару – исполнять особо важную роль

құрамына ену – входить в состав

мүше болу – быть частью (членом)

қарыз алушы – дебитор

қарыз беруші – кредитор

септігін тигізу – помогать

білікті топ – образованная группа

мамандардан құралған – составленный из специалистов

шын мәнінде – действительность

орталыққа айналды - образовался в центр

әлсіз дамыған ел – слаборазвитая страна

көп жағдайда – во многих случаях

үстеме өсім – повышение роста

4 – тапсырма

Мына сөздермен сөйлем құраңыз:

Салым, салымшы, салық төлеуші, қарыз, есеп ашу.

5 - тапсырма

Екі-екіден жұптасып, ситуациялық диалог құрастырыңыздар:

А) Банк басқармасының төрағасы мен банк қызметкері.

Ә) Банк қызметкері мен салымшы.

Б) Банк төрағасы мен кәсіпкер.

Ситуациялық жаттығулар

1 Сіз есеп ашу үшін банкке келдіңіз. әңгімені қалай бастар едіңіз? Осы туралы диалог құрастырыңыз (Вы пришли в банк с целью открыть счет. Как бы Вы начали разговор? Составьте диалог).

2. Қаладағы банктердің біріне барып, дербес есеп ашу және несие алу шарттары (қажетті құжаттар, қаржы т.б.) туралы біліңіз. Ол жөнінде кеңестер топтамасын дайындаңыз.

3. Мына сұрақтарға баспасөз материалдарынан және экономикалық журналдар мен интернеттен жауап іздеңіз:

* Қазақстанда неше банк бар?

* Алматыда қанша банк және банк филиалдары жұмыс істейді?

* Сіз төлем операцияларын кез келген банкте жүзеге асырасыз ба әлде тұрақты бір банкке барғанды жөн көресіз бе? Неліктен?

* Сіз банк көрсететін қызметтің қандай түрлерін пайдаланасыз?

*Сіздің пластикалық карточкаңыз бар ма? Ол қай банктікі?

* Сіз ұялы байланыс қызметінің ақысын қандай жолмен төлейсіз?

- Арнаулы мекемеге барасыз ба?

- Ақшаны банк арқылы аударасыз ба?

-Төлемді банкомат арқылы іске асырасыз ба?

Сізге қай тәсіл қолайлы? Неге?

* Сіз коммуналдық қызмет ақысын төлегенде, әдетте, қай банктің қызметін пайдаланасыз?

үнемі бір банкке барасыз ба?

әр кезде әр түрлі банкке барасыз ба?

- Тұрақты тапсырыскер (клиент) болудың артықшылықтары бар ма?

* Сіз банктен есеп ашып көрдіңіз бе?

7-сабақ.

МЕНШІК.

Меншік түрлері. Жекешелендіру.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз!

меншік – собственность

жеке меншік – частная собственность

мемлекеттік меншік – государственная собственность

қоғамдық меншік – общественная собственность

кооперативтік меншік – кооперативная собственность

Мәтін