Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РК Общая часть (каз.яз.).doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.08.2019
Размер:
1.28 Mб
Скачать

2. Толық серiктестiк

 

63-бап. Толық серiктестiк туралы негiзгi ережелер

1. Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады.

2. Азамат бiр ғана толық серiктестiктiң қатысушысы бола алады.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.98 ж. № 211-1 Заңдарымен 64-бап өзгертiлдi

64-бап. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталы

1. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшылары белгiлейдi, бiрақ ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек.

2. алынып тасталды

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154 Заңымен 65-бап өзгертiлдi

65-бап. Толық серiктестiктiң iсiн жүргiзу

1. Толық серiктестiктiң ең жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серiктестiктiң iшкi мәселелерi жөнiнде шешiм барлық қатысушылардың жалпы келiсiмi бойынша қабылданады. Серiктестiктiң құрылтай шартында қатысушылардың көпшiлiк даусымен шешiм қабылданатын реттер көзделуi мүмкiн. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын анықтаудың өзгеше тәртiбi көзделмесе, толық серiктестiктiң әрбiр қатысушысының бiр даусы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс санын олардың жарғылық капиталдағы үлесiне сай белгiленетiндiгi көзделуi мүмкiн.

2. Толық серiктестiктi осы баптың 1-тармағының ережелерiн ескере отырып басқаруды толық серiктестiктiң атқару органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлерi, құрылу тәртiбi және олардың құзыретi құрылтай құжаттарында белгiленедi.

3. Толық серiктестiкке қатысушының қалған қатысушылардың келiсiмiнсiз өз атынан және өз мүдделерi немесе үшiншi жақтардың мүдделерi үшiн серiктестiк қызметi мәнiмен бiртектес мәмiлелер жасасуға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серiктестiк өз қалауы бойынша мұндай қатысушылардан не серiктестiкке келтiрiлген залалдың орнын толтыруын, не осындай мәмiлелерден тапқан бүкiл пайданы серiктестiкке беруiн талап етуге құқылы.

4. Серiктестiктiң iсiн жүргiзу тапсырылған толық серiктестiктiң органдары барлық қатысушыларға олардың талап етуi бойынша өз қызметi туралы толық ақпарат берiп отыруға мiндеттi.

5. Өкiлеттiгi болмаса да ортақ мүдделер үшiн әрекет жасаған қатысушыны, оның әрекеттерiн қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер өз әрекеттерiнiң арқасында серiктестiк құны жөнiнен серiктестiк шеккен шығындардан асып түсетiн мүлiктi сақтап қалғандығын немесе тиiсiнше сатып алғандығын дәлелдеген жағдайда серiктестiктен өзi жасаған шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

 

66-бап. Толық серiктестiкке қатысушы үлесiнiң үлесiнiң бiр бөлiгiнiң) ауысуы

1. Толық серiктестiкке қатысушының өз үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) оның басқа қатысушыларына немесе үшiншi жақтарға қалған барлық қатысушылардың келiсiмiмен ғана беруiне болады.

2. Үлес (үлестiң бiр бөлiгi) үшiншi жаққа берiлген жағдайда сонымен бiрге толық серiктестiктен шыққан қатысушыға тиесiлi құқықтар мен мiндеттердiң бүкiл жиынтығы соған ауысады.

3. Толық серiктестiктiң қатысушысы қайтыс болған ретте қалған барлық қатысушылардың келiсуiмен құқықты мирасқор (мұрагер) серiктестiкке кiре алады.

4. Құқықты мирасқор (мұрагер) қатысушының толық серiктестiк алдындағы борыштары бойынша, сондай-ақ серiктестiктiң үшiншi жақтар алдындағы бүкiл серiктестiк қызметi кезiнде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады.

5. Құқықты мирасқор (мұрагер) толық серiктестiкке кiруден бас тартқан немесе құқықты мирасқорды (мұрагердi) қабылдаудан серiктестiк бас тартқан жағдайда оған қатысушы қайтыс болған күнi белгiленген серiктестiк мүлкiндегi үлестiң құқықты мирасқорлық негiзiнде өзiне тиесiлi құны төленедi.

Бұл реттерде тиiсiнше құрылтай құжаттарында (жарғысында) көзделген мерзiмде құрылтай шартында (жарғысында) аталған серiктестiк мүлкiнiң мөлшерi азайтылады, бiрақ ол үш айдан кешiктiрiлмеуге тиiс.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154 Заңымен 67-бап өзгертiлдi

67-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуы

1. Толық серiктестiктiң қатысушысы оның өзге де қатысушыларына заң құжаттарында немесе құрылтай шартында көзделген мерзiмнен кешiктiрмей ескерте отырып, серiктестiктен кез-келген уақытта шыға алады.

2. Егер қатысушы шығып кеткен уақытта толық серiктестiк сақталып қалса, оның шығып кеткен күнiнде жасалған балансқа сәйкес шығып кететiн қатысушыға серiктестiк мүлкiндегi үлесiнiң салған салымына тең құны төленедi. Қатысушының талабы бойынша және серiктестiктiң келiсуiмен салымды толық немесе iшiнара заттай түрде қайтарылуы мүмкiн. Шығып кеткен қатысушыға оның осы жылы серiктестiкте болған кезеңiнде серiктестiктiң сол жылы алған таза табысының оған тиесiлi бiр бөлiгi де төленедi.

Серiктестiкке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкi сыйақы төленбей заттай түрде қайтарылады.

 

68-бап. Қатысушыны толық серiктестiктен шығару

1. Толық серiктестiкке қатысушылар қалатын қатысушылардың бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша және оған дәлелдi себептер болған жағдайда, атап айтқанда оның (олардың) өз мiндеттерiн дөрекi бұзуы немесе iс жүргiзу қабiлетсiздiгi байқалған жағдайда қатысушылардың бiреуiн немесе бiрнешеуiн серiктестiктен сот тәртiбiмен шығаруды талап етуге құқылы.

2. Толық серiктестiктен шығарылған қатысушыға осы Кодекстiң 67-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiп бойынша мүлiктiң бiр бөлiгiнiң құны төленедi.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154 Заңымен 69-бап өзгертiлдi

69-бап. Қатысушының толық серiктестiктегi үлесiн өндiрiп алуға өтiнiш жасауы

1. Қатысушының толық серiктестiктiң жеке борыштары бойынша өз үлесiн өндiрiп алуға өтiнiш жасауына борыштарды өтеу үшiн оның басқа мүлiктерi жеткiлiксiз болған жағдайда ғана жол берiледi. Мұндай қатысушының несие берушiлерi толық серiктестiктен серiктестiк мүлкiнен ақы өндiрiп алу мақсатымен борышқордың жарғылық капиталдағы үлесiне сәйкес мүлiктiң бiр бөлiгiн бөлiп берудi талап етуге құқылы. Серiктестiк мүлкiн бөлiп берiлуге жататын бөлiгi немесе оның құны несие берушiлердiң бөлiп беру туралы талаптары қойылған кезде жасалған баланс бойынша анықталады.

2. Қатысушының толық серiктестiк мүлкiндегi үлесiнен ақы өндiрiп алу оның серiктестiкке қатысуын тоқтатады және осы Кодекстiң 70 және 71-баптарында көзделген салдарға әкелiп соқтырады.

 

70-бап. Қатысушылардың толық серiктестiктiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi

1. Егер толық серiктестiк таратылған жағдайда оның барлық борыштарын өтеу үшiн нақтылы мүлкi жетпейтiн болса, серiктестiк үшiн жетiспейтiн бөлiгi жөнiнен оған қатысушылар ортақ жауапкершiлiктi өздерiнiң заң құжаттарына сәйкес ақы өндiрiп алынатын барлық мүлкiмен өз мойнына алады. Толық серiктестiктiң қатысушысы серiктестiктiң борышы бойынша егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, оған өз кiргеннен кейiн немесе кiргенге дейiн пайда болғанына қарамастан жауап бередi.

2. Серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiнен астам бөлiгiндегi толық серiктестiктiң борыштарын өтеген қатысушы өзiнiң алдында серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiнiң мөлшерiне тең үлестiк жауапкершiлiктi мойнына алатын өзге де қатысушыларға тиiстi бөлiгiнде керi талап қоюға құқылы.

3. Толық серiктестiктен өз қалауымен шыққан немесе серiктестiктен соттың шешiмi бойынша шығарылған қатысушы, сондай-ақ қайтыс болған қатысушының серiктестiкке кiруден бас тартқан құқықты мирасқоры (мұрагерi) серiктестiктен өздерi шыққан кезге дейiн пайда болған серiктестiк мiндеттемелерi бойынша серiктестiктiң өздерi серiктестiктен шыққан жыл iшiндегi серiктестiк қызметi туралы есеп бекiтiлген күннен бастап екi жыл бойы жауап бередi.

4. Өз үлесiн бiр қатысушыға немесе үшiншi жаққа беру арқылы, серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiнен несие берушi (несие берушiлер) ақы өндiрiп алу арқылы шыққан қатысушы, сондай-ақ қайтыс болған қатысушының серiктестiкке қабылдаудан қалған қатысушылар бас тартқан құқықты мирасқоры (мұрагерi) серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

5. Толық серiктестiк тоқтатылғаннан кейiн қатысушылар серiктестiк тоқтатылған күннен бастап екi жыл бойы ол тоқтатылған кезге дейiн пайда болған серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапты болады.

6. Толық серiктестiктiң осы бапта көзделген мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жауапкершiлiк тәртiбiн өзгертетiн қатысушылардың келiсiмi жарамсыз болып табылады.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 71-бап өзгертiлдi

71-бап. Толық серiктестiктi тарату

1. Толық серiктестiк осы Кодекстiң 49-бабында аталған негiздерден басқа серiктестiкте жалғыз қатысушы қалып, ол алты ай iшiнде серiктестiктi қайта құрмаса немесе жаңа қатысушылар қабылдамаған жағдайда да таратылады.

2. Толық серiктестiкке қатысушылардың қайсы бiреуi шығып кеткен немесе қайтыс болған жағдайда, олардың бiрi хабар-ошарсыз кеттi, әрекет қабiлеттiгi жоқ немесе әрекет қабiлеттiгi шектеулi, не банкрот деп танылған немесе несие берушi бiр қатысушы жарғылық капиталдағы оның үлесiне сәйкес келетiн мүлкiнен ақы өндiрiп алған реттерде, егер ол серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделсе немесе қалған қатысушылар келiсетiн болса, серiктестiк өз қызметiн жалғастыра бередi.

3. Егер қатысушылардың бiрi осы баптың 2-тармағында аталған негiздер бойынша серiктестiктен шығып кетсе, серiктестiктiң жарғылық капиталындағы өзге де қатысушылардың үлестерi, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың салымдарына қарай көбейедi.