Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
387.53 Кб
Скачать

Коммерциялық емес

акционерлік

қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ

БАЙЛАНЫС

УНИВЕРСИТЕТІ

ӨҚЭжА

кафедрасы

«Автоматты басқару жүйесі» пәнінен

Зертханалық жұмыс №1

Орындаған: Эук-15-12 тобының

Құрманбай Д.Б

Тексерген: Жаркымбекова М.Б

Алматы 2017

Зертханалық жұмыс №1

Типтік динамикалық буындар және оларды компьютерлік моделде зерттеу.

1.1 Жұмыстың мақсаты

1.1.1 типтік буындардың уақыттық және жиіліктік сипаттамаларын және буындардың математикалық сипаттамасын білу.

1.1.2 Matlab 5.2 бағдарламасын және Simulink/Matlab 5.2. қосымшасында моделдеуді үйрену.

1.2 Қысқаша теориялық кіріспе

Автоматты реттеу жүйесі (АРЖ) белгілі бір функцияларды (өлшейтін, күшейтетін, орындайтын және т.б.) орындайтын және қозғалыс принципі, құрастыру түріне және физикалық табиғаты (электрлік, жылулық, гидравликалық және т.б.) бойынша ажырататын элементтер жиынтығы. Бұл элементтер бірдей (біркелкі) математикалық сипаттамаға болуы мүмкін.

Жалпы жағдайда, динамика теңдеуі сызықты емес болып табылады. Алайда, АРЖ элементтерінің көп бөлігінің динамикалық қасиеттері жеткілікті түрдегі жуықтаумен сызықты (не сызықталған) дифференциалды теңдеумен жазылады. Бірдей математикалық сипаттамаға ие болатын (беріліс функциялары) элементтер белгілі бір типтегі динамикалық буынмен қарастырылады.

Идеалды дифференциалдайтын буын ретінде тахогенератор, егер кіріс шамасына білік бұрылу бұрышын, ал шығысына – кернеуді алған жағдайда. Ал реалды дифференциалдайтын буын ретінде тұрақтандырғыш трансфоррматорлар, шектік (емкостной) дифференциалдайтын көпірлі сұлбалар және т.б. болып табылады. Дифференциалдайдтын буын түзетуші (жақсартатын) өтпелі процес ретінде пайдаланылады.

1.5 Жұмысты орындауға әдістемелік құрал

1.5.1 жалпы көрсеткіш

Matlab бағдарламасында жұмыс жасау үшін жұмыс столындағы ярлықты және пайда болған терезеден "Simulink" панелін басу керек. Барлық керекті элементтер бар кітапхана ашылады, оның ішінде №1 зертханалық жұмысты орындау үшін де:тербелмелі буын, инерциялы буын, күшейткіш буын, интегралдайтын буын, идеалды және нақты дифференциалдайтын буын. Осы буындар көшіріледі жіне басқа моделге ауыстырылады. "Файл" – құру – "модель" жолымен құрамыз және типтік буындар алу үшін қажетті сұлбаны жинауға болады. Осы буындарға коэффициентерді, тұрақты уақытты екі рет тышқанның сол жағын басу арқылы енгізуге болады.

Тербелмелі буында – жоғарғы жолы күшейту К коэффициентін, ал төменгі жолға уақыт Т тұрақтысын және ξ коэффициентін енгізуге болады.

Инерциялы буында -– жоғарғы жолы күшейту К коэффициентін, ал төменгі жолға уақыт Т тұрақтысын (в инерционной звене оператор дифференциалдау s арқылы белгіленеді және оны енгізу керек емес, себебі ба,дарлама өзі есептейді)енгіземіз.

Күшейткіш буында –күшейту К коэффициенті;

Интегралдайтын буында К және уақыт тұрақтасын Т енгіземіз;

Идеалнды дифференциалдайтын буын К коэффициентінен және дифференциалдаудың тізбектей қосылған блоктарынын тұрады;

Нақты дифференциалдайтын буында К коэффициенті және Т уақыт тұрақтысын енгіземіз;

Кесте 1.1

Осы буындардың кірісіне бірлік кіріс сигнал 1(t) және шығысына аспапты орнатамыз. Сипаттаманы алу үшін "старт"(►) түймесін басу керек, аспапты ашу керек және графикті түсіреміз.

Буынның параметрлерін өзгерту үшін блокка екі рет тышқанның сол жағыын басу керек, осы блоктың өзгертуге болатын параметрлерінің терезесі пайда болады. Берілген сандарды енгізген соң «Арр1у» басу керек, содан соң «Close» панеліндегі жабу белгісін басамыз.

Стендті енгізу «Старт» ► басу арқылы немесе клавиатурада «Сtг1+Т» арқылы жүзеге асырылады.

Қорытынды:

Біз бұл зертханалық жұмыста типтік динамикалық буындар және оларды компьютерлік моделде зерттедік.Сонымен қатар типтік буындардың уақыттық және жиіліктік сипаттамаларын және буындардың математикалық сипаттамасын үйреніп, Matlab 5.2 бағдарламасын және Simulink/Matlab 5.2. қосымшасы арқылы өз нұсқамыз бойынша моделдеуді үйрендік.

Соседние файлы в папке 2102172