Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмны.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
76.9 Кб
Скачать

Қорытынды

 

     Қазақстанда лизингтік нарық жұмыс істейді және лизингтік индустрия дамудың әлі бірінші кезеңінде деп айтуымызға болады. Сонымен бірге, кез-келген саланың, соның ішінде лизингтік саланың да дамуы, экономиканың жалпы жағдайымен, нарықтық инфрақұрылымның дамуына үлкен әсерін тигізетіні бәріне мәлім. Ал Қазақстан Республикасында қазіргі кезде жұмыс жасап жатқан лизингтік компаниялар бірлесе отырып белгілі бір жобаларды іске асыруға қатысып отырған жоқ, олардың бірлестігі көбінесе, елдегі лизингтік бизнесті дамытумен байланысты заңдардың қабылдануына әсер етуімен шектелуде. Бірақ лизингтік компаниялар тарапынан байқалған осындай бірлескен жұмыстардың да Қазақстандағы лизингтік қатынастардың қалыптасу кезеңіндегі маңыздылығы өте жоғары.

          Лизинг дамуының бастапқы кезеңінде мемлекет көмек көрсетуі тиіс. Салықтық жеңілдіктер, кедендік баждардан босату, т.б. шетел тәжірибесі көрсеткендей мемлекеттің қолдауымен ғана лизинг дамыса, онымен бірге бәсекелестік дамиды. Мысалы, Оңтүстік Корея еліндегі лизинг нарығы 1975 жылы құрыла бастады. Бұл елдің мемлекеті лизингтің дамуына жақсы жағдай жасаған. Сондықтан 1994 жылы Кореяның лизинг нарығы дүниежүзі бойынша 5 орынға ие болды. Әлемнің 59 мемлекеті бойынша статистикалық мәліметтер негізінде лизингтік нарықтың негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізу арқылы, қазіргі уақытта лизингтік қатынастрадың әлемнің шамамен барлық аумақтарында дамуда деген қорытынды жасауға болады. Бірақ осы көрсеткіштердің неғұрлым жоғары мөлшері экономикалық даму деңгейлері жоғары елдерде (АҚШ, Батыс Еуропа елдері) байқалатындықтан, экономиканың даму деңгейі лизингтік қатынастардың дамуы үшін қажетті шарт болып табылады. Қазақстан да осы мемлекеттер сияқты болады деп үміттенеміз. Қазіргі күні, өкінішке орай, нарық заңына сәйкес лизингтік келісімдегі әр жақ өз пайдасын табуды ойлайды. Бұл жағдай елімізде лизингтік қатынастардың дамуына үлкен ықпал етеді. Сонымен бірге, Қазақстанда лизингтің дамуына лизинг туралы мәліметтердің аздығы. Егер лизинг алушы бұдан бұрын лизингті пайдаланбаса, ал енді белгілі бір жағдайларға байланысты лизинг алғысы келсе оның алдында үлкен мәселе тұрады – қандай лизингтік компанияны таңдау керек? Әр адам таңдауды әр түрлі жолмен жасайды. Біреулер таныстарына телефрн соқса, біреулері интернеттен іздейді. Лизингтік компанияларға бірнеше телефон соқаннан кейін клиент компаниялардың барлығының шарттары бірдей немесе ұқсас екеніне көзі жетеді. Соңында лизинг алушы бұл сала бойынша мәліметтердің аздығына байланысты арзан жолды таңдайды.  Ал егер лизинг алушы бір лизингтік компанияны таңдайтын болса, құжаттарды жинау процесі басталады. Енді құжаттарды жинаған кезде берілген лизингтік компанияның ұсынатын қызметтері дұрыс көрсетілмегенін көреді. Мысалы, сақтандыру құны, мүлікке салынатын салық шығындары, т.б. бұл кезеңде артқа жол жоқ дегендей ол берілген лизингтік компанияның шарттарына келіседі[16]

  Лизингтік қатынастардың Қазақстан Республикасында болашағы бар нарықтарды белгілі-бір сегменттерге бөліп қарастыру арқылы лизингтік компаниялардың қосымша қызметтерін дамыту стратегиясын жасау керек. Олар неғұрлым перспективті клиеттерді өздері іздестіріп, оларға өз қызметтерін ұсынулары және инвестициялық жобаларды таңдау, бағалау үрдістеріне белсенді түрде қатысуы  қажет.