Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмны.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
76.9 Кб
Скачать

Лизинг операцияларының түрлері

Халықаралық тәжірибеде лизингтің 29 түрі кездеседі. Соның тек шұғыл (оперативтік) және қаржылық лизинг операциялада жиі қолданылады, ал қалған түрлері осы екеуінің өзге түрлері болып саналады. 

Шұғыл (оперативтік) лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

Шұғыл лизинг кезінде лизингтік компаниялар болашақтағы жалға алушыны  білмей құрал-жабдықтарды сатып алады. Сондықтан шұғыл лизингпен айналысатын компаниялар инвестициялық тауарлар нарығының конъюктурасын жақсы білу керек. Лизингтік бұл түрімен айналысатын компаниялар лизингке алынатын объектіні сақтандырады және оның жөндеулерін және техникалық қызмет көрсетулерімен қамтамасыз етеді. Лизингтік келісімнің аяқталуына байланысты лизинг алушының келесідей құқықтары бар:

1)     Келісімді одан әрі пайдалы шарттар негізінде ұзарту;

2)     Лизинг берушіге құрал-жабдықты қайтару;

3)     Лизинг берушіден құрал-жабдықты нарықтағы қазіргі бағасымен сатып алу;

Лизинг алушы шұғыл лизинг кезінде мүлік меншігімен байланысты тәуекелділіктерді айналып өтуі мүмкін. Мысалы, моральдық тозу, сұраныстың өзгеруімен байланысты рентабельділіктің төмендеуі, т.б. Сондықтан лизинг алушы шұғыл лизингті келесі жағдайларда алады:

1)    Болашақта болатын табыс лизингке алынған құрал-жабдықтың бастапқы құнын жаппағанда;

2)    Құрал-жабдық қысқа мерзімге керек болғанда (маусымдық жұмыстар және бір реттік пайдалану);

3)    Құрал-жабдықтардың арнайы техникалық қызмет көрсетулер керек болғанда;

4)    Келісімнің объектілері ретінде жаңа немесе әлі пайдаланбаған құрал-жабдық болғанда;

Шұғыл лизинг ауыл шаруашылығында, транспортта, кен өнеркәсібінде, құрылыста, информацияны электрондық өңдеуде қолданылады.

Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Қаржылық лизингтің төмендегідей сипаттары бар:

1)          Үшінші жақтың қатысуы (келісімнің объектісі - өндіруші және жабдықтаушы)

2)          Жалға алынған негізгі мерзім ішінде келісім-шартты бұзуға болмайды

3)          Лизингтік келісім мерзімінің ұзақтығы

4)          Қаржылық лизинг кезінде келісім-шарт объектісі жоғарғы құнымен ерекшелінеді.

Лизинг алушы лизинг берушіге өзінің таңдауын 6 айға дейін немесе келісім мерзімінің аяқталуына дейінгі уақыт ішінде хабар беруі керек. Егер келісім-шартта объектінің сатып алынатыны қарастырылса, онда екі жақ оның қалдық құнын алдын-ылы есептеп алады. Жалпы, ол алғашқы құнының 1%-дан 10%-ға дейінгі үлесін құрайды. Бұл лизинг берушіге құрал-жабдықтың барлық құнына амортизацияларды аудару құқығын береді [3,б.125].

Шұғыл және қаржылық лизинг арасындағы айырмашылықты көп жағдайда қаржылық лизингтің параметрлері мен қасиеттеріне байланысты ажыратады. Көп мемлекеттердің заңдарында, соның ішнде біздің мемлекетімізде, қаржылық лизингке салықтық жеңілдіктер талаптарын, сандық және сапалық критерийлерін көрсетеді. Егер келісім қаржылық лизингтің критерийлеріне сәйкес келмесе оны шұғыл лизинг деп санайды. Жалпы екі лизинг түрлерінің арасындағы айырмашылық келесі кестеде көрсетілген:

Кесте 1