Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмны.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
76.9 Кб
Скачать

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Лизингтің теориялық негіздері

Лизингтің мәні, маңызы және қалыптасуы мен даму тарихы

Лизинг операцияларының түрлері

Қазақстандағы лизингтік қатынастардың пайда болуы

Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Лизингтік қатынастарды басқаруды реттеу жолдарын қарастырмас бұрын ең алдымен, лизингтік қатынастарды басқару жүйесін құрайтын элементтерге талдау жасайық. Себебі, қазіргі уақытта лизингтік қатынастар жүйесі әртүрлі елдерде сол елдердің сәйкес заңнамалық базаларына, экономикалық жағдайларына және т.б. аспектілеріне байланысты әртүрлі ерекшеліктерімен сипатталады. Осы жағдайлардың барлығы белгілі-бір лизингтік келісімдерді бекіту және оларды басқару кезінде көрініс табады.

Лизингтің теориялық негіздері

Лизингтің мәні, маңызы және қалыптасуы мен даму тарихы

Лизинг - бұл жаңа ұғым емес. Ол туралы ерте заманнан белгілі. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, лизинг американдықтардың жаңалығы, ХХ ғасырдың 40 жылдарының басында Еуропаға мұхит арқылы американдық кәсіпкерлер әкелді деп есептелді. Сонымен бірге ағылшын авторлары лизингтің АҚШ-та шығуы туралы қарама-қайшылықтарды көрсетеді. Олардың айтуынша, лизинг Англияда пайда болды, одан кейін көптеген өзгерулермен ХХ ғасырдың ІІ жартысында Еуропаға жетті. Расындада, лизингтің көптеген түрлері орта ғасырларда Еуропада көп пайдаланған. Джордж Вашингтонның күнделігінде XVIII ғасырдың 90 жылдары кеме жүрерлік компания «POTOMAC» лизингтік операциялардың жүргізуі туралы мәліметтер бар (америка президенті компанияның қаржылық қызметіне қатынасты). ХІХ ғасырдың аяғынан бастап лизингтің көмегімен тек сату көлемін ұлғайтып қана қоймай, сонымен бірге «Ноу-Хауды» қорғау дамыды. ХХ ғасырдың басында автомобильдерді жалға беру идеясы пайда болды, Алғашқы кезде бұл қызмет түрі «Drive-Your-Self» деп аталған. Бұл сол кездегі жалға беретін компанияның аты болды. Ол компания 1918 жылы Чикагода Уолтер Джекобсон индустриалды жалға беру негізінде қалыптастырған. 40-жылдары Чикагода сауда агенті Золли Фрэнк сол кезде әлі жаңа лизингтің түрі – автомобильдерді ұзақ мерзімге жалға беру деген ойды ұсынды. Жарты ғасырдан кейін автомобильдердің жиынтық табысы жылына 50 млрд. АҚШ долларын құраған.

Басқа мәліметтерге сүйенетін болсақ, тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс Лизинг корп.» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМбХ» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді. Лизингтік қатынастардың кең таралуына әсер еткен себептердің қатарына атақты экономист П. Самуэльсонның «Экономика» деп аталатын еңбегіндегі, кәсіпорын неғұрлым тез қарқынмен үлкен табыстарға қол жеткізген сайын, олардың капиталдарға деген мұқтаждықтары да соғұрлым жоғарылайды делінетін экономика заңын мысал ретінде келтіруге болады. Жалпы, лизингтік қатынастар – бұл лизинг объектілерін пайдаланушыларды қажетті өндіріс құралдарымен дер кезінде және тиімді түрде қамтамасз етуге бағытталған жалға беру, несиелік, саудалық қатынастардың жиынтығы деп айтуға болады.

Ең алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Франциско қаласы (Калифорния штаты) АҚШ-та пайда болды. Босх мырза Калифорниядағы азық-түлік өндіретін фирманы басқарған. Әскери ведомстволардан түскен үлкен сұранысты қанағаттандыру үшін оған өзінің автокөліктерін көбейту керек еді. Бірақ фирманың капиталы оған артық ақша шығара алмады. Сонда Босх автокөліктерді жалға алуды жөн көрді. Бұндай операцияның пайдалы екенін көріп және де басқа фирмалар да автокөліктерді жалға алулары келетіндігін білгесін, Босх жеке меншік «U.S. Leasing» фирмасын ашты. Оның негізгі капиталы 20 мың доллар. Екі жылдан кейін бұл фирма машиналар мен құрал-жабдықтардың сомасы 3 млн. долларды құраған. Босх өзінің «Boothe Leasing Corporation» атты екінші лизингтік фирмасын ашты. Оның негізгі капиталы 400 мың доллар еді. Ал 1959 жылы лизингтік операциялардың жалпы сомасы 300 млн. долларды құраған [2,б.2].

Әлемнің көптеген елдерінде лизингтік операция инвестициялық бағытталғандығымен түсіндіріледі. Көп жағдайда лизингтік операцияны жалға беру ретінде түсінеді. Лизинг қаржылық ерекшелігімен арендадан ерекшеленеді. Лизинг алушы – бұл ұзақ мерзімге пайдалануға тек құрал жабдықты ғана емес, сонымен қатар меншік құқығына байланысты міндеттер жүктеледі: мүлікке төлем, мүліктің кездейсоқ бүлінуіне байланысты өтемдер, оларды сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуге төлемдер. Лизинг затына меншік құқығы лизинг берушіде қалады.Лизинг алушы жалға алушы ретінде оны пайдаланғаны үшін емес, оның толық құнын өтеу үшін төлем төлейді. Лизингке алынған заттың бүлінуі немесе жойылуы лизинг алушы міндеттерінен босатпайды, сонымен бірге жалға алғанда екі жақты келісімшарт жасалады, ал лизингтік операция кезінде екі немесе одан да көп жақты келісім шарт жасалады