Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ас корыту.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
85.02 Кб
Скачать

Бауыр, өт, ұйқы безі қызметі

Бауыр — қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше.

Бауыр — адам ағзасының химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отырады.

Алкогольді ішімдіктер, вирустар мен майлы (жирный) тағамдар бауырдың қас жауы. Сондықтан ондай заттардан сақ болуымыз қажет.

Бауырдың атқаратын қызметтері:

1. Ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру);

2. Ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;

3. Ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;

4. Холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;

5. Он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;

6. Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;

7. Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады.

Өт мүшесі

Өт — ас қорыту жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналатын мүше. Өт бауырдың оң жақ астыңғы қабатында орналасады. Оның пішіні қапшық тәріздес қуыс болып келеді, ал көлемі жұмыртқаның көлеміндей ғана. Өтте бауырдан бөлініп шығатын өт сұйықтығы жиналады.

Өттің ұзындығы 5-14 см аралығында, ені 2,5-4 см аралығында болады. Сыртқы қабаты (терісі) жұқа әрі созылмалы болып келетін өтке 200 мл мөлшеріндегі өт сұйықтығы сыйып кетеді. Өттің түсі — қою жасыл түс.

Өт аурулары

Өтке қатысты мынадайауру түрлері бар:

Өттас ауруы (холелитиаз), Холецистит ауруы, өттің полипы (өттің ісіп қабынуы), Өт жолының тарылуы, т.б.

Өт сұйықтығы

Бауырдан жасалып, өтке келіп түсетін сұйықтық “Өт сұйықтығы” деп аталады. Оның түсі сарғыш-қоңыр немесе жасылдау болып келеді. Дәмі ашы. Өт сұйықтығын бауыр ұлпалары жасайды. Өт сұйықтығының құрамында өт қышқылы, ақуыздар, билирубин пигменті, холестерин, фосфолипидтер, бикарбонаттар, натрий, калий, кальций, және физиологиялық белсенді заттар — гормондар мен дәрумендер.

Ас қорытудағы өттің қызметі

Бауырда жасалатын өт сұйықтығы барлық уақытта жасала береді. Бауырдағы өт сұйықтығы арнайы арналар (өт жолы) арқылы өтке келіп жиналады. Өттегі сұйықтық ас қорыту барысында он екі елі ішек арқылы өттен шығып отырады.

Бауырда жасалған кездегі өт сұйықтығы мен өтте жиналған кездегі өт сұйықтығында айырмашылық болады. Әсіресе, құрамында біраз айырмашылықтар байқалады. Мысалы, бауырда жасалған кезінде сұйықтықтың құрамында альбумин (суда ерігіш ақуыз) болса, өтке келіп жиналғанда өт альбуминдерді сорып алады. Сондай-ақ, билирубин мен минералды заттардың көп бөлігін өт сорып алады. Есесіне, өттегі өт сұйықтығындағы холестериннің мөлшері көп.

Бауыр - денедегі ең ірі без (салмағы 1,5 кг). Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады. Адамның бауыры бірнеше бөліктерден (500 мыңға жуық) тұрады. Әрбір осындай бөлік өт түзетін бауыр клеткасының гепатоцитінен пайда болған.

Бауырдың қызметі:

- улы заттарды залалсыздандырады (кедергі қызметі);

- көмірсу, май және белок зат алмасуына қатысады;

- өтті өндіреді (күніне 1,5 л).

Өттің қызметі:

- ұйқы безі және ішек сөлдері ферментін белсендендіреді;

- майларды ұсақ тамшыларға (оның бетін ферменттермен әрекеттесуін күшейту) бөлшектеу;

- май қышқылдарының ерітілуін күшейту;

- аш ішек қабырғасының жиырылуын белсендендіру;

- ішектегі шіру процесін тоқтатады.

Ұйқы безі

Ұйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден тұрады. Басы ұлтабармен жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т.б. трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза майларды глицеринге және май қышқылына, ал амилаза қалған полисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады.

Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі бар.

Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс. Аш ішектің ішкі бетінде бүрлер болғандықтан, барқыт секілденіп көрінеді, солардың қатысымен белок, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүршіктердің өте көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін едәуір арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлар келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады. Сіңіру дегеніміз - сүзілу, диффузия секілді таза физикалық процесс қана емес, сонымен қатар ол қоректік заттардың бүрлерден өтуі арқылы жүзеге асатын физиологиялық процесс болып табылады. Бүрлер ішектерде тіршілік ететін микроорганизмдердің қан лимфаға өтуіне кедергі жасай отырып, қорғану қызметін де атқарады.

Аш ішек (intestinum jejunum; Латын іntestinum — ішек; jejunum — аш) — адам ащы ішегінің ілмекгі келген ең ұзын бөлігі. Ол құрсақ куысындағы ұзын ішек шажырқайына ілініп, көптеген ішек ілмектерін түзеді. Ішектің ұзындығы қоректену сипатына тікелей байланысты. Адамдарда аш ішек — қысқа болып келеді. Кемік сүйек затының сүйектік арқауын, жілік бастарына сырттан түсетін күш бағытгарына сәйкес бір-біріне әртүрлі бұрыштар жасап орналасқан сүйектік тақташалар құрайды. Олардың аралықтарындагы ұяшықтарда организмдегі қан түзілу процесінің орталық мүшесі — сүйектің қызыл кемігі майы болады. Жілік бастарының буын қуысы жағындағы буындық беттері гиалинді шеміршекпен қапталған.

Тоқ (жуан ) ішек (лат. intestinum crassum) ащы ішектің оған келіп жалғасатын жерінен ( илиоцекалды бұрыш) басталады да, тік ішекпен аяқталады. Тоқ ішектің бірнеше бөліктерін ажыратады: соқыр ішек (соесum), жоғары бағытталған бөлік (colon ascendens), көлденең жатқан бөлік (colon transversum) пен төмен бағытталған бөлік (colon descendens), сигма тәрізді бөлік ( colon sigmoideum). Сигма тәрізді ішектің жалғасы тік ішек ( rectum) артқы тесікпен (anus) бітеді. Тоқ ішек ( ободочная кишка, colon)- жалпы ұзындығы 1-2 м, диаметрі 4-7 см.

Тоқ ішектің келесі бөлімдерін ажыратамыз:соқыр ішек, жоғарлаған бөлім, көлденеңдеген бөлім, төмендеген бөлім, сигматәрізді ішек.

Тоқ ішекке тән ерекшеліктер:

1. Ерекше бойлық бұлшық ет таспалар (teniae coli ) болуы;

2. Өзіне тән қампайманың (haustra coli) болуы;

3. Mайы бар сірлі қабық өсіндінің (appendices epiploicae)болуы;

Жоғарылаған ішек (colon ascendens) мезапертонеальді орналасқан, алайда сирек жағдайда жеке қысқа шажырқайымен интраперитонеальді орналасуы мүмкін. Ол оғ жақ қабырға астында бауырлық иірім жасап, көлденеңдеген болікке өтеді. Көлденең ішектің ұзындығы 50-60 см, интраперитонеальді орналасқан. Ол сол қабырға астында көкбауырлық иірім жасап, төмендеген ішекке ауысады. Тоқ ішектің жалпы ұзындығы 180-200 см, ал диаметрі 5-6 см. Оның бірнеше иілімдері бар. Бірінші бауыр иілімі ( flexura coli dextra), ал екіншісі көкбауыр иілімі (flexura coli sinistra) және солармен қатар сигма тәрізді бөлігі мен тік ішек шекарасындағы иілімдер. Алғашқы аталған екі иілімдер тұсында және көлденең бөлігінде тоқ ішекті бекітіп тұратын арнайы байламдар бар ( lig. Hepatocolicum et lig nefrocolicum, lig. Gastrocolicum)

Тоқ ішектің бұлшықет қабаты

Тоқ ішектің бұлшықет қабаты екі түрлі бұлшықеттерден құралады. Біріншісі ішкі немесе циркулярлы және сыртқы бұлшықет қабаттары. Сыртқы бұлшықет қабаты ішектің ұзындығын бойлай орналасады. Бұл қабат ішектің сыртқы жағында үш жолақ тәрізді болып көрініп тұрады және үшеуі соқыр ішектің күмбезінде, яғни оған құрт тәрізді өсіндінің жалғасатын жерінде түйіседі. Ішкі жақта орналасатын бұлшықеттер (циркулярлы бұлшықет) ішектің белгілі бір аймақтарында қалыңдап физиологиялық қысқыштар (сфинктерлер) құрайды. Тоқ ішектің оң жақ бөлігінің қанмен қамтамасыз етілуі жоғарғы шажырқай артериясынан келетін мықын-тоқ ішек артериясы (a. iliocolica ), оң жақ тоқ ішек артериясы (a. colica dextra) және ортаңғы тоқ ішек артериясы (a. colica media). Тоқ ішектің сол жақ бөлігінің қанмен қамтамасыз етілуі төменгі шажырқай артериясымен жүзеге асады. Тоқ ішектің сол жақ артериясы (a. colica sinistra) тоқ ішектің ортаңғы артерия тармағымен аностомоз құрып Риолан доғасын құрайды. Сигма тәрізді ішекті aa. sigmoideae қанмен қамтамасыз етеді. Веналық қан аталған артериялардың жандарында орналасқан көктамырлар арқылы жүреді. Лимфа сұйығының жүрісі, негізінен, төрт лимфа түйіндеріне қарай (эпиколикалық, параколикалық, аралық және орталық түйіндер) бағытталады. Тоқ ішектің иннервациясы симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Тоқ ішекте су сіңу процесі және ащы ішекте ыдырағанмен, толық сіңбеген қоректі заттардың одан әрі сіңуі жалғасады.

Тоқ ішектің қызметі.

Тоқ ішектің қызметі: моторлы, сіңдіру және бөліп шығару. Тоқ ішекте судың 95%, электролиттер және кейбір газтәрізді заттардың сіңірілуі жүреді. Ішек микрофлорасының өмір сүруіне байланысты тоқ ішек В витаминдер тобы мен К витамин алмасуына қатысады.

Тік ішек (прямая кишка) (intestinum rectum, лат. intestinum — ішек, rectum — тік) — жуан ішектің қысқа соңғы бөлігі. Ол жамбас қуысында омыртқалар мен жыныс мүшелерінің аралығында орналасады.Оның кілегейлі қабығы цилиндр тәрізді көбелі эпителиймен астарланған. Бұрлер болмайды. Ішектің соңғы сыртқа шығар бөлігінде эпителий қабаты көпқабатгы жалпақ эпителийге ауысады. Кілегейлі қабықта лимфоидты құрылымдар көптеп кездеседі. Етті қабық ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттардан тұрады. Сірлі қабықпен тік ішектің тек алдыңғы бөлігі ғана қапталған. Ол ішекті жамбас қуысына іліп тұратын қысқа шажырқай түзеді. Оның артқы бөлігін сыртынан адвентиция қаптайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]