Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айырбек Документ Microsoft Office Word (2).docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
41.42 Кб
Скачать

12. 2015-2020 Оқу жылдарына «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының келешекті оқу жоспары

Мамандықтың әрі қарай дамуының көрінуі сол, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ түлегі – өндірістік жағдайды оның қауіпсіздігіне және зияндылығына қатысты саралай алатын, жайсыз жағдайларды ескерту және оларды болдырмау үшін шешім қабылдай алатын; химиялық, биологиялық, радиациялық, экологиялық және қауіпсіздіктің басқа түрлерінің негіздерін, өндірістік үрдістерге және жабдықтарға қойылатын негізгі қауіпсіздік талаптарын және техникалық регламенттерді білетін өнеркәсіптің барлық саласындағы сауалдарға және заманауи талаптарға сай келетін бәсекеге қабілетті, көптілді түлек.

Бұл білім алуға жету Университетте магистратура мен бакалавриат-тың қызметтік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Магистратура мен бакалавриаттың қызметтік оқу жоспарларында міндетті компоненттер сияқты, білім алушылардың таңдауы бойынша оқылатын барлық пәндер көрсетілген.

13. «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы пәндерінің оқу-әдістемелік кешені

Пәндердің жасалынған оқу-әдістемелік кешендерінің (ОӘК) тізімі мамандықтың қызметтік оқу жоспарына сай және СТ РГП 38944979-08-2012 стандартының талаптарына сәйкес орындалады. Оқу-әдістемелік кешендерін жасауға және рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар. ОӘК-нің жарияланған нұсқасын ҚазҰТЗУ ғылыми кітапханасынан алуға болады, ал электрондық нұсқасы ҚазҰТЗУ сайтынан (электрондық мекен-жай: www.kazntu.kz/білім беру порталы/студент парақшасы/login-*құпиясөз/менің курстарым.) табылады.

ТҚ және ҚОҚ кафедра меңгерушісі, профессор Қ.М. Қасенов

СжҚ институтының директоры, профессор И.Н. Дюсембаев