Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айырбек Документ Microsoft Office Word (2).docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
41.42 Кб
Скачать

8. Аяқтаушы біліктілік жұмысына қойылатын талаптар

Аяқтаушы біліктілік жұмысы (дипломдық жоба/жұмыс, магистр-лік диссертация) – білім алушыларды дайындаудың соңғы кезеңі болып табылады және білім алушының кәсіби біліктілігін анықтау өлшемі ретінде қызмет етеді. Аяқтаушы біліктілік жұмысы нақты кәсіпорын немесе ұйым үшін басқару немесе экономикалық шешімдердің өңдеулерін, берілген тапсырма бойынша зерттеулер жүргізу нәтижелерін көрсетеді. Жалпы аяқтаушы біліктілік жұмысы әлеуметтік экономикалық және экологиялық талаптармен, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде экономикалық нысанның тұрақтылығы және өндірістік қауіпсіздік талаптарымен толығымен қанағаттандырылған, ғылыми немесе инженерлік шешімдердің тиімділігінің техника-экономикалық түсіндірілуін, кешенді тапсырмалардың жобалық шешімін құрайды.

Кафедра білім алушыларының аяқтаушы жұмыстары 2014 жылы кафедрамен жасалған, 6М073100 – «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының магистрлерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау және магистрлік диссертация дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес және 5В073100 – «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының бакалаврларын қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізу және оқу жұмыстарын рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес орындалады.

Аяқтаушы біліктілік жұмысы дипломдық жобалар/жазбалар үшін 65-80 беттік және магистрлік диссертациялар үшін 100 бетке дейінгі қажетті түсіндірмелік суреттермен, кестелермен, формулалармен және т.с.с. сипатталған есептік-түсіндірмелік жазбалардан тұруы керек.

Бітірушінің баяндамасы, графикалық материал А4 форматтағы альбом түрінде рәсімделеді және есептік-түсіндірмелік жазбалармен бірге мұрағатқа тапсырылады, мұрағатқа мұнан басқа түсіндірмелік жазбалы баяндамамен және графикалық материалмен компакт-диск тапсырылады. Баяндама Power Point-та орындалады.

9. Оқыту нәтижелері

«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» – мамандығының білім беру бағдарламасын игеру нәтижелері құзыреті арқылы көрінеді және Дублин дескрипторлары негізінде жобаланады.

Бітіруші міндетті:

  • мамандық қызметі саласындағы ақпараттық технологияларды қолдана білуі, заманауи техникамен жұмыс істеуге қабілетті болуы керек;

  • экономикалық білімнің негіздерін білуі, менеджмент, маркетинг, қаржы жайлы түсінігі болуы керек;

  • белгісіздік және қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы шешімдерді қабылдау икемділігі болуы керек.

Бітіруші келесі кәсіптік құзыреттіліктерге ие болуы керек:

  • экологиялық және өндірістік жағдайға оның қауіпсіздігі және зиянсыздығы жайында талдау жүргізе білуі, қолайсыз жағдайларды ескерту мен оларды болдырмау үшін шешім қабылдауы және тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуі;

  • қоршаған ортаның және жұмыс аумағының жағдайын бақылау әдістерін білуі;

  • өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі технологиялық қағидаларын білуі;

  • экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды техникалық басқаруды жүзеге асыру керек;

  • экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын жасау икемділігін көрсетуі;

  • өндірістік үрдістерге және жабдықтарға қойылатын негізгі қауіпсіздік талаптарын білуі;

  • кәсіптік қызметке қажетті күрделі пәндердің негізгі бөлімдерін білуі;

  • өндірістік үрдістердің бұзылуын шұғыл жоюы, орындалып жатқан жұмыстардың бастапқы есебін жүргізуі, өндірістің шұғыл және ағымдық көрсеткіштерін талдауы, өндірістің басқару қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды дәлелдеуі;

  • тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік және заңнамалық актілерінде құзыретті болуы;

  • тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жабдықтар мен технологияларды тәжірибелік-өнеркәсіптік сынаудың техникалық құралдарын қолдануы;

  • зертханалық және тәжірибелік зерттеулерді орындауы, алынған нәтижелерді түсіндіруі, есеп құрастырып, қорғауы;

  • өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік бойынша жобалық инновациялық шешімдерді жетілдіруі;

  • жекеше және шығармашылық ұжым құрамында қажетті техникалық және нормативтік құжаттарды жасауы, жобалардың стандарт талаптарына, техникалық жағдайларға, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің басқа нормативтік құжаттарына сәйкестігін бақылауы; әдістемелік және басқа құжаттарды белгіленген тәртіпте жасап, сәйкестендіруі және бекітуі;

  • техникалық және экологиялық тәжірибені және аудитті жүргізу сұрақтарында құзыретті болуы.

Оқу пәндерінің негізгі циклдары бойынша білімділікке қойылатын талаптар.

Бітіруші міндетті:

ООД циклді пәндерді игеру нәтижесінде: Қазақстан тарихының, философияның, экологияның, басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негізгі жағдайларын білуі; қазақ, орыс, шет тілдерін білуі; компьютермен басқару құралы ретінде және жалпы арнаулы бағдарламалық құралдармен жұмыс істей білуі; ғаламдық компьютерлік желіден алынған ақпаратты қолдануы;

БД циклді пәндерді игеру нәтижесінде: математиканың, физиканың, химияның, инженерлік графиканың негізгі бөлімдерін білуі; мемлекеттік және шет тілдерден білімін тереңдетуі; маммандық бойынша пәндерді игеруге қажетті базалық білімі болуы;

ПД циклді пәндерді игеру нәтижесінде: тіршілік қауіпсіздігі және қораған ортаны қорғау саласында кәсіптік қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыруға қажетті білімдерді, икемдерді және мүмкіндіктерді иелену.

Әлеуметтік-этикалық құзыреттілікке қойылатын талаптар.

Бітіруші міндетті:

  • қоғамдық нормада, дәстүрлерде, әдет-ғұрыптарда, қоғамдық пікірде қалыптасқан әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білуі және өзінің кәсіби қызметінде соларға бейімделу;

  • Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін білуі;

  • Қазақстанның заңнамасын және құқықтық жүйе негіздерін білуі;

  • қоғамның әлеуметтік даму тенденцияларын білуі;

  • қызмттік этика нормаларын сақтауы, тәртіптің этикалық және құқықтық нормаларын білуі;

  • әртүрлі әлеуметтік жағдайларда сәйкесінше бейімделу;

  • топпен жұмыс істеуге қабылетті болуы және өз көзқарасын сақтап қалуы;

  • жеке және қызметтік өсуге ұмтылу.