Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
116.74 Кб
Скачать

7 Поәк құру тәртібі

7.1 Пәннің ОӘК кафедра меңгерушісінің тапсырмасы бойынша жоғарыда  көрсетілген құжаттардың негізінде оқытушы жасайды (немесе оқытушылар тобы).

7.2 Егер пән МЖМБС мен оқу жоспарларының талабымен бірдей бірден бірнеше ЖББ-ның жоспарына енгізілсе, онда осы мамандықтар (бағыттар) бойынша пәннің үйлестірілген бір ОӘК жасалады.

7.3 Оқытудың күндізгі, сырттай оқу бөлімдері мен экстернаттың бірыңғай мамандықтары (бағыты) үшін бірлестірілген пәннің оқу әдістемелік кешені жасалады.

7.4 Пәннің ОӘК бекіту және келісудің типтік тәртібі:

- кафедра отырысында қарастырылады;

- пән оқытылатын факультеттің әдістемелік кеңесінде келісіледі;

- мамандық (бағыты) бойынша бітіретін кафедрамен келісіледі;

- факультет кеңесі төрағасымен бекітіледі.

7.5 Пәннің бекітілген ОӘК-ң әрекет ету мерзімі МЖМБС бағыты (мамандық) бойынша әрекет ету мерзімімен анықталады және қажетінше толықтырылады.

7.6 Мүмкін болатын өзгерістер мен толықтырулар жоғарыда көрсетілген тәртіппен ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін келісіледі және бекітіледі.

7.7 Бекітілген өзгерістер мен толықтырулар жаңа оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап іске кіріседі.

Ескерту1. Жасау, келісу, бекіту және өзгертулер барысы, сонымен бірге көшірмені алу және тіркеу, өзгеріс енгізуді бақылау, алып тастау мен сақтау, алып тасталған пәннің ОӘК-і университеттің әрекет етуші құжат алмастыру ережесімен анықталады.

 

8 Пәннің жұмыс - оқу бағдарламасы

8.1Пәннің жұмыс-оқу бағдарламасы- берілген пәннің оқыту технологиясы мен мазмұнын, міндеттері мен мақсаттарын белгілейтін құжат.(Қосымша 2).

8.2 Бағдарламаға пәннің қысқаша сипаттама мазмұны, барлық сабақ түрлерінің тақырыбы, тақырыпты оқытудың реті, СОӨЖ (студенттің оқытушымен бірге өзіндік жұмысы), СӨЖ тақырыптары, студенттің білімін тексеруге арналған сұрақтар, тапсырманы орындау және өткізу кестесі кіруікерек.

8.3 Бағдарламада берілген курс бойынша саясаты мен тәртібі көрсетілуі қажет (студентердің білімін бағалау критерилері, сабаққа қатысу талаптары, аудиториядағы тәртіп ережесі).

8.4 Ағымдағы уақыттағыпәннің шынайымазмұны меноның оқытылуын көрсету үшін, жұмыс-оқу бағдарламасында берілген курс бойынша қазіргі заман талабына сай білім деңгейі көрсетілуі керек.

 

9 Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы Силлабус (Syllabus)

9.1 Силлабус- пәннің мақсаты мен тапсырмалары, қысқаша мазмұны, әрбір сабақтың ұзақтығы мен тақырыбы, өзіндік жұмыс тапсырмалары, қосымша сабақ уақыты, оқытушы талабы, бағалау критериі, рейтингтің бақылау кестесі мен әдебиеттер тізімі көрсетілген пәннің оқыту бағдарламасы.(Қосымша-3).

9.2 Силлабус жұмыс-оқу бағдарламасының негізінде құрылады. Силлабусты құру кезінде пререквизит және постреквизитті ескере отырып, жүйелі қадам жасау қажет

9.3 Syllabus-тың нақты берілген құрылымы болады:

а) жалпы мәлімет:

-жоо атауы;

-кафедра атауы;

-бағдарламаның атауы;

-пәннің атауы мен коды;

-кредиттер саны;

-семестр;

-уақыты;

-оқытушы туралы мәлімет(оқытушылар);

-оқытушымен байланысуақпараты;

-саясатыментәртібі– аудиториядағы тәртіп, жұмыстың мерзімінен кеш берілуі, емтиханда болмау, кешігу, келмей қалу.

б) бағдарлама:

- пәнге сипаттама;

- пәннің мақсаты;

-арнайы міндеттер;

-пререквизиттер;

-постреквизиттер;

-дәріс пен семинарлар кестесі(күндері,уақыты, әрбір сабақтың тақырыбы, күнтізбе-тақырыптық жоспар, дәріс жоспары және өзіндік дайындық үшін бақылау сұрақтарымен семинар сабақтары, негізгі әдебиет);

- міндетті қарастыруға арналған материал;

- қосымша оқу үшін материал (қосымша оқу әдебиеттерінің тізімі, нормативті-құқықтық база, мерзімді баспасөз,  интернет-көздер);

- баға бойынша ақпарат (grades), әрбір баға үшін талап қою жұмысына сипаттама, баға қою саясаты (білімді бағалау шкаласы, студенттердің білімін бағалау критерилері, жұмыс түрлерінің тізбесі, оларды орындау бойынша талаптар, ұстанымдары, емтихан бағасын қою критерилері, апелляция ережесі).

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]