Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
116.74 Кб
Скачать

6 Поәк құрылымы

Оқу-әдістемелік кешенніңтитул парағы (қосымша-1) және келесі міндетті құрылымдық элементтеріболуытиіс:

6.1 Пән бойынша типтік / оқу бағдарламалары;

6.2 Пәннің құзыреттіліктері;

6.3 Оқытудың әр түрі бойынша пәннің жұмыс-оқу бағдарламасы;

6.4 Студент (магистрант) үшін пәннің оқу бағдарламасы Силлабус (Syllabus);

6.5 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі;

6.6 Пәнді оқу-әдістемелік қамту картасы;

6.7 Дәрістік кешендер: тақырып атауы, дәріс мақсаты, дәріс тезистері, көрнекілік және таратпа материалдар, қолданылатын әдебиеттер тізімі.

6.8 Іс-тәжірибелік (семинар) сабақтарының жоспары:

а)зертханалық сабақ:

– тақырыптар атауы;

– сабақ мақсаты;

– тапсырмалар;

– әдістемелік нұсқаулар;

– мазмұнды көрнекті ететін негізгі сұлбалар, формулалар және т.б.;

– сұрақтар.

б) іс-тәжірибелік(семинар)сабақтары:

– тақырып атауы;

– сабақ мақсаты;

– негізгі сұрақтар;

– әдістемелік нұсқаулар;

– әдебиеттер.

6.9 Пәнді оқып үйрену бойынша әдістемелік нұсқаулар;

6.10 Курстық жобалар (жұмыс), зертханалық жұмыстар, шартты графикалық есептеулерді орындау, типтік есептеулер бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар;

6.11 Білім алушының өз бетімен жұмыс істеуіне арналған материалдар: үй тапсырмалары мәтіндерінің, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі бақылау материалдарының, ағымдағы жұмыс түрлерін орындау бойынша тапсырмалардың, рефераттар мен орындау қиындығы көрсетілген басқадай үй тапсырмалары және әдебиеттердің жиынтығы;  

6.12 Студенттің оқытушымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (СОӨЖ- Office hours) - кредиттік оқыту жүйесіндегі аудиториялық сабақ түрінде жүргізілетін, оқу жұмысы түрлерінің бірі.

6.12.1 СОӨЖ – оқу сабақтары диалогтық (сұхбат) режімде өткізілетіндіктен, ол студент пен оқытушының бірлескен жұмысы, мысалы тренинг, пікірталас, іскерлік және дидактикалық ойындар, презентациялар, кейсті құрастыру, жеке, топтық жобаларды жасау және т.б.

6.12.2 Әрбір СОӨЖ бойыншакейбір сұрақтарды талдауға, оларды кеңейтуге, болған немесе болатын жағдайларға талдау дағдысын меңгертуге, міндеттерді шешуге және т.б. мүмкіндік беретін материалдар (кейстер, рольдік ойындар, тестер, кроссвордтар және т.б.) дайындалуы керек.

6.12.3 СОӨЖ кеңес беру және бақылау қызметтерін атқарады.

6.12.4 Кеңес беру қызметі:

- әрбір пәннен студенттердің өзіндік жұмысы бойынша көмек көрсету;

- студенттің бағдарламалық материалды меңгеру үшін қажетті жұмыс әдістерін таңдауына көмектесу;

- оқу материалын бекіту үшін практикалық тапсырмаларды орындау, студенттің күрделі тақырыпты қайта тыңдап, түсінуіне мүмкіндік жасау;

- оқу материалын тереңірек оқып үйренуге икемдеу;

- ғылым саласындағы студенттердің өз бетімен жұмысына көмектесу.

6.12.5 СОӨЖ-ның бақылау қызметі студенттердің оқуға деген уәждемесін арттыру үшін, студенттердің ағымдық, аралық және қорытынды есебі мен білімін бағалау барысында жүзеге асырылады. СОӨЖ барысында студент бақылау, семестрлік және курстық жұмыстарды орындауға тапсырмалар алады, тьютормен кеңесіп, бағасын алады (ағымдық және рейтингтік бақылау).

6.12.6 СОӨЖбойынша жоспардың құрылымы:

- тақырып атауы;

- сабақ мақсаты;

- өткізу түрі;

- тапсырмалар, сұрақтар;

- әдістемелік нұсқаулар, таратпа материалдар;

- әдебиет.

6.13 Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибеден өтуге арналған  әдістемелік нұсқаулар, есеп беру құжаттарының үлгісі

6.14 Студенттердің оқу жетістігін бағалау және бақылау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, өз бетімен дайындалуы үшін сұрақтар тізімі, емтихан билеттері және т.б.)

6.15 Оқыту сабақтарының пәннің мазмұнына сай бағдарламалық және мультимедиалық қолдаумен қоса берілуі (бейне-дәрістер, слайдтар, юниталар, электрондық оқу құралдары, т.б.)

6.16 Мамандандырылған аудитория, кабинет және зертханалардың тізімі.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]