Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fiziologia_srs.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
29.13 Кб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Физиология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Қызметтік жүйелер туралы П.Л.Анохинның ілімі.

Қабылдаған: Жашкеева А.М.

Орындаған: Құсайын Мақпал

2-007 топ

Қарағанды 2015 ж

Жоспар:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

  • Анохиннің функционалдық жүйе теориясы

  • Афференттік талқылау

  • Шешім қабылдау

  • Әрекет нәтижесін акцепторда бағалау

  • Болмыстың бірінші және екінші сигналдық жүйелері

  • Крушинскийдің пікіріншежануарлар элементарлық пайымдау әрекетінің болуы.

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Функцианальдық жүйе ұғымын ұсынып әрі оның теориялық негізін қалаған және дамытқан П. К. Анохин. Функциональдық жүйе - белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрылымдары мен атқарушы органдардың динамикалық бірлестігі. Анохиннің түсінігі бойынша функциальдық жүйе түзуші ең негізгі шешуші фактор –әрекет нәтижесі. Организімнің пайдалы нәтижеге қолы жеткенде оның тиісті қажеті өтеледі, қанағатттану іске асады. Ал егер орындалған әрекеттердің нәтижесі организімді қанағаттандырмаса функциональдық жүйе басқаша құрылып мақсатты іс-әрекет одан әрі жалғаса береді. Бұл жүйе құрылымындағы звенолар дың 2 тобын айтуға болады Қатаң және өзгермелі.

Әр бір функциональдық жүйе қызметіні құрылымына кіретін мынадай шешуші звеноларды ажыратады.

Афференттік синтез кез-келген іс-әрекетті реакцияның бастапқы звеносы. Бұны синтездеп алу үшін база ретінде 4 компонент қызмет етеді.

Шешім қабылдау – кез-келген іс-әрекетті актіні орындаудың түйінді моменті. Бұл тән болатын басты ерекшелік-шешім қабылдау механизмның басты көмегімен орындалатын әрекеттің мақсаты айқындалады. Әрекетті таңдау барлық жағдай жиынтығы негізінде, афференттік синтез звеносында бар болатын ішкі және сыртқы информацияларды өңдеу нәтижесінде жүреді. Шешеім қабылдау мен қабаттаса шұғыл түрде қозудың өзара байланысты 2 комплексі туады.

Унитарлық реакция - іс-әрекеттің бір актылы типі. Мұны іс-әрекеттің қарапайым интеграцияланған бірлігі деп есептеу керек. Ол жоғары нев әрекетінің жеке компоненттерін біріктіреді де біріңғай іс-әрекеттің акт түрінде көрінеді.

Крушинскийдің пікіріншежануарлар элементарлық пайымдау әрекеті болады. (Компоненттері)

Организмнің функциональдың жүйесі

Функциональдық жүйе ұғымын ұсынып әрі - оның теориялық негізін қалаған және дамытқан П.К. Анохин болатын. Физиологиялық ғылымда ашылған бір құнды жаңалық болып табылады. Бұл теория организмнің әр түрлі күрделіліктегі, белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттік реакцияларының механизмін түсіндіруге қызмет етеді. Функциональдық жүйе— белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрылымдары мен атқарушы (шеткі) органдардың (құрылымдар) динамикалық бірлестігі. Анохиннің түсінігі бойынша, функциональдық жүйе түзуші ең негізгі шешуші фактор — әрекет нәтижесі. Организмнің пайдалы нәтижеге қолы жеткенде оның тиісті қажеті өтеледі, қанағаттану іске асады. Осыған орай функциональдық жүйе «тарайды», мақсатқа бағытталған іс-әрекет тоқтайды. Ал егер орындалған әрекеттердің нәтижесі организмді қанағаттандырмаса (пайдалы нәтижеге қол жетпесе), функциональдық жүйе басқаша құрылып мақсатты іс-әрекет одан әрі жалғаса береді. Кезкелген психикалық немесе қарапайым іс-әрекет функционалдық жүйенің құрылуымен, жүзеге асуымен жүреді. Кезкелген қандай да бір әрекеттің ұйымдасуын қарастырайың: адамның кезкелген тілегі қажеттілікпен негізделген, адамда олар қарапайым физиологиялық, мысалы, аштық, шол, т.б. және әлеуметтік болуы мүмкін.

Әрбір функциональдық жүйе қызметінің құрылымына міндетті түрде кіретін мынадай шешуші звеноларды ажыратады: яғни кез келген функционалдық жүйенің негізі мынадай: 1) афференттік талқылау; 2) шешім қабылдау; 3) әрекет нәтижесінің акцепторы; 4) соматикалық және вегетативті қызметтерді тұтас әрекеттік актіге жұмылдыратын әрекеттік қозудың кешенінің қалыптасуы; 5) әрекет нәтижелері және оның параметрлері (негізгі белгілері); 6) нәтиже параметрлерінің кері афферентациясы (соңғы афференттік импульстер).

Афференттік талқылау кез-келген іс-әрекеттік реакцияның бастапқы звеносы. Бұнда нені, қалай, қашан атқару керек дейтін сұрақтар жауабын табады. Афференттік талқылау іске асу үшін база ретінде төрт компонент қызмет етеді: 1) доминанттық мотивация және оның әсерлік деңгейін анықтаушы эмоция; 2) жағдайлық (нақты жағдай) афферентация; 3) іске қосушы афферентация; 4) ес аппараты. Бұл компоненттердің өзара әрекеттесуі үш түрлі нейродинамикалық факторлар көмегімен іске асады: а) бағдарлар-зерттеу реакциясы; б) қозудың нейронға конвергенциясы; в) қозудың қыртыс — қыртысасты реверберациясы. Осы механизмдер әр түрлі қозуларды біріктіріп әрі салыстыруға және нақты жағдайға сай келетін іс-әрекетті анықтауға яғни мүмкін болатын әр түрлі варианттардың ең қолайлы дегенін таңдап алуға көмектеседі де, «шешім қабылданады».

Шешім қабылдау кез келген іс-әрекеттік актыны орындаудың түйінді моменті. Бұл моментке тән болатын басты ерекшелік — шешім қабылдау механизмінің көмегімен келешек орындалатын әрекеттің мақсаты айқындалады, бағдарламасы қалыптасады. Шешім қабылдаумен қабаттаса шұғыл түрде қозудың өзара байланысты екі кешені туады: 1) әрекеттің адекватты бағдарламасы яғни эфференттік қозулар интегралы; 2) келешек әрекет нәтижелерін болжайтын спецификалық аппарат пен оның афференттік моделі.

Әрекет нәтижесін акцепторда бағалау үшін кері афферентация жүру керек яғни оған әрекеттің ақырғы нәтижелері туралы ақпарат түсу керек. Кері афферентация арнайы рецепторлық каналдар арқылы іске асады. Жеткізілген әрекет нәтижесінің барлық параметрлері сол нәтиженің афференттік моделімен (ондағы кодыланған параметрлермен) салыстырылады. Егер бұл параметрлер бір-біріне сәйкес, дәл келсе, организмнің бұл актысы аяқталады, ол енді іс-әрекеттің келесі кезекті актысын ұйымдастыруға, қалыптастыруға көшеді. Ал егер кері афферентацияда кодыланған нәтиже параметрлері шешім қабылданған кезде қалыптасқан, болжамдалған нәтиже параметрлерімен (әрекет нәтижесі акцепторындағы) сәйкес келмесе, онда «келісім бұзылу» жүреді яғни организмнің керекті пайдалы нәтижеге қолы жетпегені, қажет өтелмегені.

Бұл айтылғандардан туындайтын қағидалардың бірі: әрекет — адам мен оны қоршаған орта арасындағы шынайы байланысты орнататын, болмыста туатын белсенді қатынас формасы.

Мектеп бітірушінің әлеуметтік бір қажеттілігі жоғары оқу орнына түсу, яғни мектеп бітірушінің мамандық және оқу орнын таңдаудағы функционалдық жүйесін қарастырайық. Оқу орнын таңдауда мектеп бітіруші барлық оқу орындары туралы ақпаратты жинап, оларға талдау жасайды. Оқу орны мен мамандықты таңдауда барлық келісім және қарсы жақтарды ескереді. Ата-ананың көзқарастарын, достарының айтқандарын ой елегінен өткізеді. Оқу орны және мамандық туралы айтылғандарды есіне түсіреді. Яғни, бұл функционалдық жүйенің негізгі механизмінің ең алғашқысы афференттік талқылау кезеңі. Мектеп бітірушінің шешім қабылдауына өзінен үлкен сыйлы досының (университетте оқитын) немесе басқа да сыйлы адамдардың әңгімесі (оқу туралы, мамандық туралы, оның қажеттілігі, перспективасы туралы) «афференттік талқылау» таразысындағы «пусктік» стимул болады. Бұл нақты шешімнің қалыптасуына жағдай жасайды, яғни шешім қабылданды, мектеп бітіруші университеттің психология факультетіне түсуге шешім қабылдады. Шешім қабылдаумен бірге мектеп бітіруші қажетті әрекет бағдарламасын құрады да сол бойынша іс-әрекет жасай бастайды. «Әрекет бағдарламасымен» бір кезеңде «әрекет акцепторы» немесе келешек әрекет нәтижесінің моделі құрылады. Мектеп бітіруші әрекет бағдарламасы бойынша іс-әрекет жасай бастайды: құжаттарын тапсырады, емтиханға дайындалады. Бұл әрекет кезеңі. Әрекет кезеңі әрекет нәтижесін алумен аяқталады. Әрекет нәтижесін әрекет ақцепторында бағалау үшін кері афферентация жүру керек, яғни әрекет акцепторына әрекеттің ақырға нәтижелері туралы ақпарат түсуі қажет. Біздің мысалымызда мектеп бітіруші пайдалы нәтижеге қолы жетті, оның тиісті қажеті өтелді, қанағаттану іске асты. Осыған орай функциональдық жүйе «тарайды», мақсатқа бағытталған іс-әрекет тоқтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]