Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 кач. воды каз.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
169.98 Кб
Скачать

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Мамандық: 051105 «Фармация»

№ 1 гигиена (жалпы гигиена) кафедрасы.

Студенттер үшін

Әдістемелік нұсқау

Тақырып: Судың сапасын зерттеу әдістері. Судың сапасын жақсарту әдістері.

Курс: 1

Қарағанды 2006ж.

- 1 -

1.Тақырыбы: Судың сапасын зерттеу әдістері. Судың сапасын жақсарту әдістері.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Су – сыртқы ортаның негізгі факторы болып табылады. Судың адам үшін физиологиялық, гигиеналық, тұрмыстық және эпидемиологиялық маңызы өте зор.

Судың организмде өтетін барлық тіршілік ету процесіне әсер етеді организм 75 – 78 % судан тұрады деуге болады (қан, лимфа, тін аралық сұйықтық, ликвор т.б.). Ал гигиеналық маңызы бойынша адамның жеке бас гигиенасын сақтау, сауықтандыру шаралары, денсаулықты нығайту мақсатында үлкен орын алады.

Су арқылы берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастыру үшін судың сапасына, оның физикалық және химиялық қасиеттеріне көп көңіл бөлінеді. Егер ауыз су үшін пайдаланылатын су арқылы іш сүзегі, холера, жұқпалы гепатит, лептоспироз және т.б. аурулардың эпидемиясы туындайтын болса, ол тұрғындардың денсаулығына орасан зор зиян тигізеді.

Осы талаптарды ескере отырып, дәріханада дәрілерді дайындау үшін қолданылатын суларға ерекше талап қойылады. Себебі, бұл судың көмегімен стерильді инъекциялық және көзге тамызатын дәрі – дәрмектер жасалынады.

4. Сабақтың мақсаты: Студенттерді санитарлық ережелер мен нормаларға сай ауыз су сапасына қойылатын талаптарды, судан микробиологиялық зерттеуге сынама алу әдістемесіне, судың физикалық және химиялық қасиеттерін бағалау, судың сапасын жақсарту әдістеріне үйрету.

  • Студент білуге тиіс:

    • ауыз су сапасына қойылатын гигиеналық талаптарды;

    • судың гигиеналық және эпидемиологиялық маңызын;

    • судың органолептикалық, физико – химиялық қасиеттерін;

    • судың сапасын бағалау және зерттеу әдістемелерін;

    • суды тұндыру, коагуляциялау, залалсыздандыруда қойылатын талаптарды;

    • дәріханада қолданылатын судан бактериологиялық зерттеу үшін сынама алу әдістемесін;

  • Студент істей білуі керек:

    • судан сынама алып, оны лабораторияға жөнелтуді;

    • су арқылы берілетін жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға гигиеналық баға беруді;

    • судың органолептикалық, физико – химиялық қасиеттерін анықтау әдістерін;

    • лабораториялық зерттеу нәтижесі бойынша дәріхана суының сапасына санитарлық – гигиеналық баға және ұсыныстар беруді;

    • судың құрамындағы қалдық хлорды анықтауды;

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Негізгі білім бойынша:

  1. Дәріханаларда залалсыздандыруды жүргізу әдістері.

  2. Дезинфекциялау әдістері мен құралдары.

  3. Дәріханадағы бөлме жабдықтарын, құралдарды, ыдыстарды залалсыздандыру жолдары.

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

  1. Дәріханада қолданылатын суларды микробиологиялық, паразитологиялық, токсикологиялық зерттеу әдістері.

  2. Судың органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін химиялық заттардың концентрациясын анықтау.

  3. Судың органолептикалық көрсеткіштері.

  4. Судың сапасын жақсарту әдістері: тұндыру, коагуляция, сүзу және залалсыздандыру.

  5. Судың сапасын жақсартуда қолданылатын химиялық (хлорлау, озондау, күмістеу және т.б.) және физикалық (қайнату, ультрокүлгін сәулесімен сәулелендіру) әдістер, олардың жетістіктері мен кемшіліктері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]