Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Габитов-Философия_pih

.pdf
Скачиваний:
93
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
2.66 Mб
Скачать

Ғабитов Т. Х.

Философия

Оқулық

Алматы

2006

МАЗМҰНЫ

I ТАРАУ. ФИЛОСОФИЯ ПƏНI, ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖƏНЕ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1.Философия пəнi

1.2.Философияның қайнар көздерi

1.3.Антикалық философия

1.4.Ортағасырлық батысевропалық философия

1.5.Мұсылман əлемiнiң философиясы

1.6.Жаңа заман философиясы

1.7.ХVIII-ХIХ ғасырлардағы немiс философиясы

1.8.Орыс философиясы

1.9.ХХ ғасыр философиясы

II ТАРАУ. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

2.1.Қазақ философиясының ерекшелiктерi

2.2.Қазақ философиясының қалыптасуы

2.3.Қазақ философиясындағы дəстүр мен жаңашылдық

2.4.Ағартушылар философиясы

III ТАРАУ. ФИЛОСОФИЯ. МЕТОДОЛОГИЯ. ҒЫЛЫМ.

3.1.Онтология

3.2.Таным теориясы

3.3.Fылымның философиялық мəселелерi

IV ТАРАУ. ƏЛЕУМЕТТIК ФИЛОСОФИЯ

4.1.Əлеуметтiк философия пəнi.

4.2.Философиядағы адам мəселесi

4.3.Этнос философиясы

4.4 Техника философиясы

4.5.Құндылықтар философиясы

4.6.Мəдениет философиясы: принциптер, теориялар, тəсiлдер

4.7.Эстетикалық мəдениет

4.8.Құқық философиясы

I ТАРАУ. ФИЛОСОФИЯ ПƏНI, ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖƏНЕ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1.Философия пəнi

Философияның ежелгi грек ойшылдарының дəуiрiнен берi “даналыққа құштарлық” деп анықталып келгендiгi белгiлi. Алайда философияның кең танымал осы ұғымынан өзге түсiнiктерi де тарихи-философиялық очерктерде молынан ұшырасады. Мысалы, Платон “...геометрия жəне басқа философиялар” деген сөздерiнде философия ұғымын “ғылым” сөзiнiң мағынасына жақын қолданады. Оның айтуынша Сократ “философия” терминiн даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгiлеу ретiнде пайдаланған. Ал Аристотель болса, болмыстың iргелi негiздерiн айқындауға мүмкiндiк беретiн жалпылама ғылым ретiнде бұл “бастапқы философияны” метафизика деп атады.

Аристотельдiк мағынада бұл термин болмыстың өзiндiк тұтастығындағы əралуандылықты игеруге бағытталған философиялық бiлiм түсiнiгiмен тығыз байланысты (Аристотельдiң “болмыс” ұғымын қалай түсiнгенi туралы кейiнiрек сөз болады). “Физика”, əдетте, жаратылысты, натуралды табиғатты, оның заттар мен процестердегi сыртқы көрiнiсiн зерттейдi. Демек “метафизиканың” үлесiне бұл құбылыстардан “кейiн” орналасқан, олардың арғы жағындағы нəрсе тиесiлi. Аристотельдiң пайымдауынша заттардың, жағдайлардың, құбылыстардың, процестердiң сыртқы көрiнiсiнiң арғы жағында мəндiлiк орналасқан. Метафизика осы мəндiлiктi, болмыстың универсалдық заңдылығын, яғни сезiмдiк таным деңгейiнен тыс, тiкелей жəне жанама қабылдаудан жасырын жатқан нақтылықты зерттейдi. Демек, бұл “арғы жаққа үңiлу” жасырын нақты мəндiлiктi ашуға бағытталған белсендi танымдық ойлаудың қозғалысы, пайымдаушы күш. Ал М.Хайдеггер былай деп жазады: “… Метафизикабұл мəндiлiктi жеке жəне тұтас түрiнде принципиалды тану. Бiрақ бұл “дефиницияны” мəселенiң қойылуы ретiнде ғана бағалауға болады, яғни мынадай сұрақ қойылады: “бар нəрсе болмысының мəнi деген не?” (Хайдеггер М. Кант и проблема метафизики. М., 1997, 5-8 бет). Демек, осыдан күрделi сұрақтар тiзбегi құралып, “не өмiр сүредi?” деген мəселе туындайды. Мұны “не нақты өмiр сүредi?” деген сұрақ жалғастырады. Бұл жерде бар нəрсенiң өмiр сүруi туралы мəселеден оның мəндiлiгi туралы мəселеге көшемiз. Бұл сұрақтардың тiзбегiн осы мəндiлiктi тану мүмкiндiгi мəселесi аяқтайды, яғни бұл жерде таным процессiнiң мəнi туралы мəселе қойылады. Сонымен, болмыс туралы сұрақ ойлау туралы сұраққа алмасады. Хайдеггердiң 1935 жылы жазған “Гельдерлин жəне поэзияның мəнi” деген еңбегiнде осы айтылған цикл тiл туралы сұрақпен аяқталады. ХХ ғасырдың ұлы философының пайымдауынша тiл ең соңғы негiз, адамзат болмысының соңғы нақты

тұрағы жəне сонымен қатар, оны игерудiң жалғыз универсалды құралы болып табылады. Ендi “даңалыққа құштарлық” деп анықталатын философияға қайта оралайық. Бұл сөз тiркесiндегi “құштарлық” белгiлi бiр нəрсеге таңдануды, өзiнен жоғары тұрған нəрсенi сезiмiңмен мойындауды жəне басқа осындай əсерлердi бiлдiрумен қатар, “өзге” үшiн

“өзiңдi ұмыту”, өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады. Даналыққа құштар осы адам үшiн “өзге нəрсе” ненi бiлдiредi? Ол физикалық тұрғыдан алғанда да, рухани тұрғыдан алғанда да өзiндiк “ меннен” өзге нəрсе. Тiптi, iшкi идеалды “меннiң” өзi де физикалық тəннiң өмiр сүруiнен өзгешеленедi.

Ия, бұл пəнилiк өмiрдiң шектелуi екендiгi бəрiмiзге белгiлi. Былайша пайымдауға болады: адамды өзiнiң шектеулi шеңберiнен шығарып, “өзгеге” құштарлықпен ұмтылуға мəжбүрлейтiн құдiреттiң бар екендiгiн ескерсек, оның жалғыз тəсiлi—бұл рухани күш жiгер болып табылады. Мұны идеалдық, руханилық, ақыл-ой жəне т.б. атаулармен атауға болады. Осылай зерделеудiң нəтижесiнен мынадай түйiн келiп шығады: философия дегенiмiз адамның өзiнiң шеңберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма.

Сонымен, философияны “даналық” түсiнiгiмен байланыстырар болсақ, онда бұл соңғы ұғым “бiлiмнiң жоғары синтезi”, белгiлi бiр нəрсе туралы “толық жетiлген бiлiм” деген мағынаны бiлдiредi. Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық, ал бұл даналықтың объектi—менiң өзiмнен тыс табиғат жəне адамзат əлемi, сонымен қатар, өзiм жəне феномен ретiндегi бiлiмнiң өзi (ескерте кетейiк антикалық дəуiрде философия бiлiмге ұмтылуды, таза да тұнық Ақиқатқа жетудi бiлдiрдi).

Адам – ақыл-ойы бар əлеуметтiк мақұлық. Оның iс-əрекетi белгiлi бiр мақсатқа бағынады. Күрделi қазiргi əлемде мақсатқа сай қимылдау үшiн көп бiлiп қана қоймай, сонымен қатар адамның түбiрлi мүддесi мен заман талабына сай дұрыс шешiмдер қабылдап, дүрыс мақсаттар таңдай бiлу қажет. Ол үшiн ең алдымен əлемдi терең жəне дұрыс түсiну, яғни жалпы жəне жеке мақсаттарды, жəне оларға жету əрекетiнiң тəсiлдерiн таңдауға мүмкiндiк беретiн дүниетанымның қажеттiлiгi шарт. Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуiне көмек беретiн—ғылым. Мысалы, физика бiр энергия түрiнiң екiншiсiне ауысуына мүмкiндiк бередi, химия табиғатта жоқ нəрсенi қалай синтездеудi үйретедi, математика керемет компьютерлер жасауға жағдай жасайды, техникалық ғылымдар жаңа транспорт құралдарын даярлайды, байланыс жүйесiн, ғарыш кемелерiн жəне жаңа тұрмыстық техника жасап шығарады. Ғылымның осы барлық салалары жекелей жəне барлығы жиылып əлемдi белгiлi дəрежеде түсiнуге септiгiн тигiзгенiмен дүниетанымның орнын алмастыра алмайды. Дүниетаным ғылым жетiстiктерiнiң негiзiнде қалыптасады, бiрақ ол сонымен қатар, қоғамның тарихи

тəжiрибесiне, оның мəдениетiне сүйенедi, əлеуметтiк дамудың жеткен деңгейi мен өмiр сүру тəртiбiн бейнелейдi. Мұның бəрi бiлiмнiң ерекше жүйесi—философияны игерудi қажет етедi.

Дүниедегi өзiнiң орны туралы, жеке жəне қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы, өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-əрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр философиялық көзқарастар қалыптастырады. Өзiнiң мəдени деңгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дəрежесiне орай, əртүрлi өзара əңгiмелесудiң əсерiмен жəне бұқаралық ақпарат құралдары мен əдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарын жинақтай отырып, ол өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын, жүйелi жəне ғылыми негiзделген болмаса да өз дүниетанымын құрастырады. Кейде қарапайым тұрмыстық жəне өндiрiстiк жағдайлардағы “бiр сəттiк” дүниетанымның өзi де қанағаттандырарлық болуы мүмкiн.

Белгiлi француз философы Огюст Конт (1798-1857) философияның дəуiрi өттi деп санады. Қалыпты немесе, оның терминологиясы бойынша “позитивтi” ғылымдар—физика, математика, химия жəне т.б. философияны керек етпейдi. Олар барлық мəселелердi өздерi шеше алады, олар “өздерiнше” философия. Бұл көзқарас позитивизм деген атауға ие болды.

Контпен келiсуге бола ма? Ол үшiн кiтапхана сөрелерiндегi əр елдерден басылып шыққан жүздеген, тiптi мыңдаған философиялық кiтаптар мен журналдарға көз жүгiртiп, жоғары жəне орта арнаулы оқу орнындарында философияның оқытылатынын ескерсек те жеткiлiктi. Ғалымдар мен мемлекет қайраткерлерi, саясаткерлер мен өнер адамдарының философиялық еңбектерге деген қызығушылығын жоққа шығару мүмкiн емес. Жəне бұл қызығушылық өсе түсуде, сондықтан жоғарыдағы Конттың пiкiрi өзiн ақтамайды.

Философия тарихындағы универсалистiк тенденциялар мен дəстүрлер философияның ұзақ уақыт бойы сақталуына ықпал етедi. Табиғи, адамзаттық жəне идеалдық əлемнiң мəнiн тануға деген универсалистiк ұмтылысты философия қалай жұзеге асырады немесе, басқаша айтқанда, философия қалай “болады?„.

Жауабы айдан анық: философия дегенiмiз адам рухының (немесе “ойлауының”,

“зердесiнiң” жəне т.б.) сөз арқылы болуы. “Бастапқыда Сөз болды” деген тезистiң философияның қалай “болатынына” қатысы бар. Француз философы Альбер Камюдiң мынадай пiкiрi бар: “Адамның адам болуы көбiнше оның пiкiр айтқанынан гөрi, үндемей қалуының арқасында”. Бұл бiздiң өмiрiмiздiң кейбiр жағдайларында белгiлi бiр ақиқатты бiлдiргенiмен, қойылып отырған мəселеге келгенде оны қанағаттандыра алдмайды. Себебi, кезiнде К.Маркс айтқандай жалпы тiл, сөз бiздiң ойымыздың нақтылығын бiлдiредi.

Сонымен бұл “сөз”, бұл бiлiм мен даналық не туралы дейтiн болсақ, оның “жалпы бар нəрсе”, өмiр сүретiн нəрсе туралы екендiгi философия тарихынан белгiлi болды. Ал бiздiң қабылдауымызға көнетiн қөрнекi не нəрсе нақты өмiр сүредi?

Ежелгi Греция философтары Парменид пен Гераклит дəуiрлерiнен берi бұл нəрсенi “онтос”-“болмыс” деп атады. Бiз өмiр сүредi деп айқын қабылдайтындай не нəрсе болымды? Философиядағы классикалық ұғым “онтос” арқылы дəл осының құрылымын қарастыруға болады. Сондықтан философия құрылымын талдауды “философиялық бiлiм

құрылымының онтологиялық принципi” деп айтамыз.

Бұл тұрғыдан алғанда, оның ең бастапқы саласы, iргетасы онтология, болмыс туралы iлiм болып табылады. Мұнан ары бiз болмыстың деңгейлерiнiң осы типологиясын пайдалана отырып, философиялық бiлiмнiң əртүрлi салаларын жеке дара жүйелеп қарастырамыз. Төменде келтiрiлетiн бұл классификацияда əр түрлi салалардың қай кезде пайда болғаны, олардың бiр бiрiне өзара əсерi мен байланысы жəне т.б. мəселелердi берiлген контекстен ауытқымау үшiн арнайы қарастырмаймыз.

Философиялық бiлiмдi жiктеуде көптеген əдiс-тəсiлдердiң бар екендiгiн ескерткенiмiз жөн. Мысалы философиядағы ең кең танымалы ретiнде теориялық философия жəне практикалық философия деген бөлiнiсi. Оның бiрiншiсiне болмыс теориясы (онтология) мен таным, бiлiм теориясы (гносеология) жатады. Екiншiсiнiң өзегiн, ең алдымен этика

құрайды, оған құқық философиясы, тарих философиясы жəне т.б. жатқызылуы мүмкiн.

Философияның теориялық жəне практикалық деп бөлiнуi өзiнiң бастауын антикалық классикадан алады. Аристотель үшiншi бөлiгiн ерекшелеп, оны “пойетикалық философия” деп атады. Бұл шығармашылық мақсаттағы бiлiмдi көздейдi, ал оның негiзiн сөз шығармашылығының эстетикасы—риторика жəне поэтика құрайды. Алайда, бiз “философиялық бiлiм құрылымының онтологиялық принципiне” қайта оралайық. Сонымен, табиғат болмысына қатысты, ондағы “заттар” мен “процестерге” қатысты философиядағы бiлiмнiң ерекше саласы—натурфилософия. Натурфилософияның, сол сияқты онтологияның жəне басқа салалардың “отаны” метафизика болып табылады.

Ал табиғаттағы адам болмысы, оның iс-əрекетiне қатысты философиялық бiлiм шеңберiнде натурфилософиямен қатар философиялық антропология, яғни техника философиясы мен ноосфера концепциясы қалыптасты жəне өмiр сүруде. Адам болмысының өзi “табиғаттан тыс” мағынасында көптеген “əлемдерден” тұрады. Бұл, мысалы, экономика, тарих, мəдениет, саяси жəне құқықтық қатынастар əлемдерi, əлеуметтiк-топтық жəне этникалық қауымдастықтар əлемдерi жəне т.б. философияда

бұлардың əрқайсысына сəйкес өзiндiк салалары бар: мысалы, шаруашылық философиясы (қазiргi кездерi кең таралған экономика философиясының арғы отаны десе де болады), мəдениет философиясы, саяси философия, құқық философиясы, философиялық антропология жəне т.б.

Ақырында, өз кезегiнде бiрнеше “əлемдерге” бөлiнетiн адамзат рухының болмысына (мысалы, наным-сенiмдер əлемi, адамгершiлiк жəне эстетикалық құндылықтар əлемi, ғылым əлемi, ментальдық қабiлеттер мен мүмкiндiктер əлемi жəне т.б.) қатысты филоссофия мынадай салаларға бөлiнедi, мысалы, дiн философиясы, этика, эстетика, рух феноменологиясы жəне философиясы, философиялық герменевтика, жаратылысы жағынан философиялық болып табылатын психология жəне риторика, ғылым философиясы, жəне де философиялық антропология сонымен қатар, əрине онтология секiлдi ежелгi философиялық бiлiм салаларының бiрi гносеология.

Мүның бəрiн мынадай кесте түрiнде келтiруге болады:

Табиғат болмысы—Онтология (болмыстың барлық деңгейлерi мен формаларын қоса

алғанда). Натурфилософия (табиғат философиясы) Адам болмысы—Философиялық антропология Тарих əлемi—тарих философиясы

Мəдениет əлемi—Мəдениет философиясы Экономика əлемi –Шаруашылық философиясы Құқық əлемi—Құқық философиясы

Саясат əлемi — Саяси философия

Қоғам əлемi—Қоғам философиясы, оның қатынастары, құрылымы, байланыстары— Əлеуметтiк философия

Рухани болмыс—адамгершiлiк əлемi—Этика, “мораль философиясы” Дiн əлемi—дiн философиясы

Ғылым əлемi—Ғылым философиясы. Эпистемология Өнер, сұлулық əлемi—Эстетика

Таным—Логика. Гносеология Əрине, кез-келген кесте бар нəрсе жағдайының тек жақындатылған, толық емес

бейнесi ғана. Оның үстiне, бiз қарастырған жағдайда философиялық бiлiм салаларының арасындағы өзара байланыстар мен өзара қатынастар көрсетiлмеген. Алайда, бiлiм бөлiмдерiнiң осылайша жүйеленуi көрнектi құрал ретiнде болмысқа қатысты көзқарас қалыптастыруға септiгiн тигiзедi.

Сонымен, философия болмыстың мəнiн осылай игерумен (немесе оны құрайтын заттардың, құбылыстардың, жағдайлардың, деңгейлердiң, процестердiң жəне т.б. мəндiлiгi), адамның əлемге қатынасының мəнiн жəне ондағы адамның мəндiлiк орнын танумен айналасады.

1.2. Философияның қайнар көздерi

Философия бiздiң өмiрлiк тəжiрибемiздiң бiр бөлiгi болып табылады. Бiз мұны мойындасақ та, терiске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар бiздiң күнделiктi өмiрiмiздi толықтырып, адамзат дамуының бүкiл ұзақ жолына iлесiп келедi.

Философия б.з.д. VI-V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адамзат əлем туралы, ондағы өзiнiң орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады. Философиялық рефлексияның пайда болуы күрделi процесс болып табылады. Адамзат ойының дамуы архаикалық, фантастикалық, иллюзиялық көзқарастан оның рационалдық-танымдық формаларына дейiн ұзақ жолдан өттi. Əлемнiң рационалды түсiндiрiлуiне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрылымы туралы ерекше iлiмдердi тудырған мысырлық, вавилондық, үндi жəне қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегi вавилондық математиктер мен астрономдар əлемнiң гелиоцентристiк картинасын қалыптастырып, алгебра, геометрияның негiзiн қалады, квадраттық жəне кубтық түбiрден шығару тəсiлдерiн меңгердi.

Ежелгi үндi астрономдары Жердiң шар тəрiздi екендiгi, оның өз осiнен айналуы

туралы ойларды айтты, математиктерi санаудың он мəндi жүйесiн, цифрларды белгiлеудi ойлап тауып, тригонометрия негiздерiн қалыптастырды.

Азиялық мəдениеттiң көптеген ертедегi ескерткiштерiнде əлемдегi адамның орны туралы, оның тағдыры, өлiм мен мəңгi өмiр сияқты дүниетанымдық мəселелер көтерiледi. Мысалы, “Гильгамеш туралы эпоста” батыр мəңгiлiктi iздеп, өмiрдiң мəнi туралы сұрақ қояды. Утнапишти оған былай деп жауап бередi:

Сұм өлiмнен құтыла алмассың қашсаң да! Соғылған үй мəңгiлiк пе?

Қойылған таңба мəңгiлiк пе?

Əлде қаны бiр туыс мұрасын мəңгiлiкке бөле ме? Көбелек те қуыршағын қалдырар

Күнге қарап үнемi, ол да мəңгi өмiр сүрмейдi!

Ұйқы менен жансызға тəн нəрселер—сол өлiмнiң елесiндей емес пе?

Келтiрiлген бұл үзiндiде қойылған сұраққа жауап iздеу ғана емес, өмiрдiң мəнi, өлiм

мəселелерi туралы ой-толғану басым. Гильгамеш бұл өмiрдiң өткiншi жəне шектеулi екендiгiн, оның өлiммен аяқталатынын түсiнедi. Сондықтан ең жоғарғы құндылық бұл дүниедегi өмiр болып табылады. Бұл өмiрдi бағалап қана қоймай, өзгелердiң де өмiрiн қорғау арқылы ғана мəңгiлiкке жетуге болады. Мəңгiлiк—бұл өмiр мен жақсылық үшiн бұрын-соңды жасалған ерлiк iстер туралы адамдар мен халықтардың жады, тарихи есi. Өмiр, өлiм мен мəңгiлiк туралы осындай ойлар, құдайлардың өмiр сүруi туралы күмəндi ойлар азиялық мəдениеттiң көптеген ескерткiштерiнде кездеседi:”Құлдың қожайынымен əңгiмесi”, “Ригведа”.

Логосқа қарай батыл қадам жасаған ерте дүние ескерткiштерiнiң бiрi Упанишад (б.з.д. 800-300 жылдар) болып табылады. Бұнда қоршаған əлемнiң мəнiн тереңiрек ұғынуға деген ұмтылыс дiни догматтық постулаттарға табан тiрей отырып өрiлген ақыл-ой

басым болды. Болмыстың субстанциялы негiзiн рационалды iздеу, адамның руханиқұқықтық əлемiндегi күрделi ұғымдар мен категориялар, қайғы-қасiреттiң мəнiн түсiнуге талпыныс—мұның бəрi Упанишадтың рационалды-рухани iзденiстерiнiң өзегiне айналды.

Упанишад бойынша əлемнiң бастапқы түпнегiзi Брахма болып табылады. Брахма— бұл атманмен (адамның рухани мəндiлiгi) бiртектес тұлғасыз мəндiлiк. Адам өмiрi - сансарамен (өмiрдiң мəңгi айналымы) жəне кармамен (жазмыш заңдылығы) анықталатын əртүрлi қайта пайда болулардың шексiз тiзбегi. Карма—бұл жанның мəңгiлiкке көшуi мен қайта оралуының өнегелiк заңын айқындайды. Дүниеге келу немесе өлу де пайда болатын немесе жойылатын тек дене ғана, ал жан сақталады жəне əрбiр жаңа туумен жаңа денеге ауысып көшiп отыратын айналымға кiредi. Адамның болашақ өмiрi осы өмiрдi қалай өткергендiгiмен жəне өнегелiк сапасымен айқындалады. Адамның мiндетi сансараның шеңберiнен шығып, Брахманмен бiрiгу. Бұл үшiн Атман мен Брахман бiрегейлiгiн танып, санаға сiңiру қажет. Бұл жол деваяна (құдай жолы) деп аталады. Деваяна жолы—бұл адамның өзiн өзi ой елегiнен өткiзiп, өз артықшылықтары мен кемшiлiктерiн саналы түрде пайымдау жолы. Деваяна жолы - бұл бүкiл қоршаған əлемнiң шарттылығын зердемен игеру арқылы өзiңдi меңгеруге ұмтылу. Бұл жолда адам барлық

нəрсенiң өткiншiлiгiне, бұл дүние қызықшылығының тұрлаусыздығына, ал iшкi субьективтiлiктiң тұрақтылығына көзiн жеткiзуi тиiс. Адамның iшкi рухани əлемiнiң маңыздылығын, адамгершiлiктi жетiлдiру қажеттiлiгiн жете түсiну—мiне, “деваяна” жолындағы адамның ең басты мiндетi осы.

Деваяна жолына түскен адамның мiндетi Брахман əлемiне енуiмен сипатталады. Өзiн осы жолға арнаған адам феномендер дүниесiнен, иллюзиялық əлемнен шығып, Брахман əлемiмен бiртұтас күйге енуi тиiс.

Философиялық ойлаудың келесi бiр ескерткiшi ежелгi үндiлiк “артхашастра” болып табылады. Онда философия барлық ғылымдардың шырағданы, барлық iс-əрекеттiң құралы жəне барлық ұстанымдардың тiрегi, өйткенi ол қандай жағдайда да болмасын бақытсыздық болсын, қуаныш болсын адамның рухын күшейтедi, дұрыс ойлауға, дұрыс пiкiрлесуге үйретедi.

Ертедегi үндi жерiнде рухани ойдың одан арғы дамуының айшықты көрiнiсi даршандардан көрiнедi. Даршандардың пайда болуы зерттеу объектiсiнiң мəнiн ұғынуға,

ешқандай авторитеттiң көмегiнсiз ақиқатқа жетуге жəне сондай-ақ болып жатқан құбылыстарды ақылмен пайымдауға мүмкiндiк беретiн теориялық жəне практикалық əдiстəсiлдер қалыптастыруға ұмтылумен байланысты болды. Даршандардың қалыптасуы— күрделi процесс, оның басталуы б.з.д 6 ғасыр, ал гүлденген кезеңi б.з.д. III-I ғасырларды қамтиды. Негiзгi даршандар қатарына ежелгi Үндiнiң мынадай философиялық жүйелерi жатады: миманса, веданта, санкхья, ньяя, йога, буддизм, джайнизм, чарвака-локоята. Дəл осы мектептерде философиялық ой адам болмысының мəселелерi төңiрегiндегi рефлексиялардың өз алдына дербес формасына айналды.

Санкхья б.з.д. VII ғасырда (негiзiн қалаушы Капила) пайда болып, ал б.з.д. III ғасырда дербес iлiм ретiнде толық қалыптасып бiттi. Санкхья iлiмi бойынша бүкiл əлем дүниедегi екi субстанцияның—пракрити жəне пурушидiң өзара əрекетiнiң нəтижесiнде пайда

болады. Егер пракрити—бұл мəңгi əрекеттегi жəне құбылмалы энергия, əртүрлi материалдық объектiнiң бастау көзi болса, ал пуруши таза сананың немесе “меннiң”, рухтың жеке болмысы. Пуруши мен пракритидiң қосындысы əлемдi құрайды жəне ғарыш эволюциясының себебi болып табылады. Мəңгiлiк əлемдi мойындау оның таным объектiсi. Адам əлемдi логикалық формалар мен құралдардың көмегiмен таниды, ал əлем туралы бiлiмнiң ақиқаттылығын адам мынадай логикалық тəсiлдердiң көмегiмен негiздейдi: аргументация, дəлелдеу, ойқорытындылау.

Жалпы iшкi рухани жетiстiк жəне iшкi еркiндiкке ие болу, сыртқы əлем мен рух арасындағы үйлесiмдiлiкке жету идеалдары өзге де даршандарға тəн. Бұл бағыттағы батыл қадамды йога философиясы жасайды. Йога - бұл рухты тəннен жəне материалдық əлеммен сыртқы байланыстың нəтижесiнде туындайтын шектеулерден азат етуге мүмкiндiк беретiн теориялық қана емес, практикалық тұрғыда да негiзделген философиялық мектеп. Йога адам миының жасырын потенциалды мүмкiндiктерi туралы ойды қалыптастырып, экстрасенсорлық қабiлеттi дамытудың əдiс-тəсiлдерi жүйесiн ойлап тапты. Карманың шынжырын бұзып, сансарадан, қасiреттен құтылып, рухани еркiндiкке жетудiң практикалық тəсiлдерiн қалыптастырушы Патанджали (б.з.д. II ғ) болып саналады.

Ол өзiнiң “Патанжалисутра” еңбегiнде жан мен тəннiң үйлесiмдi жəне жүйелi тренингiнiң төрт бөлiмнен тұратын—саматхипада, садханапада, вибхутипада, кайвальяпада жəне төрт формадан тұратын—джана-раджа, -бхакти, карма-, хатха-йога, - комплексiн жасап шығарды. Йоганың əрбiр формасының өз сатылары мен мақсаттары бар. Мысалы, джанана-жəне раджа-йогалар рухты əлемдегi бағыныштылықтардан азат етушi сатылар болса, бхакти-йога ұлы ақыл-ойға алып баратын саты. Карма-йога халыққа ерiктi түрде жəне қалтқысыз қызмет етуге бағдар бередi. Хатха-йога-бұл физиопсихикалық тренинг.

Ньяя жəне вайшешика философиялық жүйелерi ведалық дүниетанымға жақындықтарына қарамастан, рационалдық таным принциптерiн қалыптастырды. Мысалы, ньяя дəйектi таным көздерi, сезiмнен тыс қабылдау, сөйлемнiң логикалық құрылымы туралы iлiмдi қалыптастырды. Вайшешика əлемнiң атомдық құрылымы туралы ойды дамыта отырып, сонымен қатар ньяя сияқты логика мəселерiне көңiл қояды. Вайшешиканың қарастыратын негiзгi мəселелерiне болмыстың жеке заттарға дифференциациялануын талдау, оларды салыстыру мен ерекшелендiру нəтижесiнде

белгiлерiн айқындау, субстанцияны барлық күрделiнiң себебi жəне заттардың қасиетi ретiнде талдау жатады.

Миманса барлық даршандардың iшiндегi ортодоксалды мектеп болып табылады. Миманса атомдарды материалдық денелердiң субстанциясы ретiнде мойындайды. Веданта барлық мəндiлiктiң қайнар көзi ретiнде Брахман-Атманның нақтылығын негiздейдi. Осы аталған алты даршандар Упанишад идеялары трансформациясы мен эволюциясының əр түрлi формаларын бiлдiрiп, оның дамуының алты параллельдi аспектiсiн байқатады.

Бұл алты даршан индуизмнiң философиялық негiзiн құрап, ол б.з.д. I ғасырдан бастап үстем идеологияға айнала бастайды. Ертедегi Үндi жерiндегi этникалық топтардың ұзаққа созылған рухани эволюциясының нəтижесiнде, индуизмнiң негiзiнде əртүрлi