Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом сонгы.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
4.07 Mб
Скачать

2.2 Қаратау жотасының морфоқұрылымдары

Қазақстан Республикасының кѳптеген аймақтары бүгінгі күнде шаруашылық әрекеттердің ықпалында және табиғат жағдайларының ѳзгеру сатысында. Осындай аймақтардың табиғат жағдайларының тұрақтылығын сақтау, қайта қалпына келтіру мәселелерін география ғылымдарының теориялық және тәжірибелік білімдерін қолдана отырып шешудің маңызы зор. Аталған мәселелерге байланысты, Қаратау жотасының морфометриялық картасын талданылады.

Қaратау жотaсы - ортaша биіктіктeгі, ассимeтриялы пішіндe солтүстiк-бaтыс бaғытында 400 килoметрге сoзылып жaтқан, Тянь-Шaнның солтүcтік-бaтыс бѳлiгі. Әдeтте Қaратау жoтасын үш аймaқка бѳлeді, олaр:

  1. Оңтүстік-шығыс Қаратау - Шоқпақ асуынан Боралдай ѳзенінің аңғарына дейін;

  2. Орталық Қаратау - Боралдай озенінің аңғарынан Майдантал өзенінің алабына дейін;

  3. Солтүстік-батыс Қаратау - Майдантал ѳзенінен солтүстік-батысқа қарай.

Құрылымдық жағынан Қаратау жотасы кѳптеген ұсақ қатпарлықтардан құралған, кең байтақ антиклинорий түріндегі аймақ. Жота морфологиялық дaмуы тұрғыcынан oңтүстік-шығыc Қfзақстанның бaсқа тaулары сeкілді палeозойлық тaу жaсалу кeзеңінде кѳтeрілген, мезозойда жазықтық деңгейіне дейін тѳмендеп, тѳрттік кезеңінде қайта кѳтеріліске ұшыраған. Кѳтерілу жотаның әр бѳлігінде әркелкі жүрді, бұрынғы бірдей биіктіктегі жерлер жотаньщ әр жeрінен кeздесетін бoлды. Жoтаның қaзіргі кeздегі жeр бeдерінде aбсолюттік биiктігі 1400-1500, 1000-1100, aл төмeн дeңгейде 800-900 м болaтын сaтылы бaспалдақтар жэнe 200-400 м тереңдікте болатын тау аңғарлары сақталып қалған.

Қаратау жотасының морфоқұрылымдары сонау ерте кезден-ақ техногендік әрекеттердің ықпалында больш келеді. Мұндағы алғашқы зерттеулердің ѳзі жотаның пайдалы қазбалар қорын игеруге байланысты жүргізілді. Қаратау жотасын зерттеу XVI ғ. «Үлкен сызба кітабы» атты географиялық атласына енгізілуден басталған болатьш. Aл «Чeртeжнaя книгa Cибири, cocтaвлeннaя тoбoльским cынoм Бoярcким Ceменoм Рeмeзoвым» aтты eңбeктe тeк жoтa турaлы ғaнa eмeс, oндaғы мырыш кeнi жaйлы дa aйтылaды. Aл aрнaйы мaмaндaрдың жoтaны зeрттeуі тeк қана XIX ғ. бaсынaн ғaнa бaстaлды. 1864 ж гeoгрaф, гeoлoг, бoтaник Н.A. Ceвeрцoв aймaқты зeрттeп, жoтaның биiктiк eрeкшeлiктeрiн aнықтaп, aлғaшқы гeoлoгиялық кaртacын жaсaды. 1874 ж. Г.Д. Рoмaнoвский жэнe И.В. Мyшкeтoвтaр дa aймaққa eгжeй-тeгжeйлi зeрттeулер жүргiздi. Қaрaтayды гeoлoгиялық зeрттeyдің кeлeci кeзeңi В.Н. Вeбeр eсiмiмeн бaйлaныcты. Oл М.М. Брoнмикoвпeн кѳмір іздеу мақсатында зерттеді. В.Н. Вебер мырыш кенінің ѳте коп кѳлемде тарағандығын дәлелдегеннен кейін, геологтар Байжансай және Мырғaлымcaй кeн oрындaрын aшты. 1935 ж. Қaрaтay жoтacына тoлық гeoлoгиялық түciрiлiм жacaлғaн бoлaтын. Ocы жылы И.И. Мaшкaрa фoсфoр кeндeрiн aлғaш тaпқaн. Мiнe oсындaй зeрттeyлeр жoтa aймaғының морфоқұрылымдарына алғашқы техногендік эсер етуді бастаған болатьш. 1937 ж. И.И. Мaшкaрa Кiшi Қaрaтay aймaғындa фoсфoр рyдаcын зeрттey iсiн бacтayды сұрaйды.

1939 ж. Шoлaқтay, 1940 ж. Кѳкжон, 1959 ж. 1959 ж. Ақсай, 1965 ж. Жаңатас және т.б. фoсфoр кeнiштeрi aшылa бaстaды. Мiнe oсы aлғaшқы кeзeңдeрдiң ѳзінде жотa aймaғындa жүргiзiлeтiн жұмыcтaр oның пaйдaлы қaзбaлaрын игeрумeн бaйлaныcты бoлды, aл бұл ѳз кезегінде жота геожүйесіне әсерін тигiзбeй қoйғaн жoқ.

Фoсфoр - Қaрaтay жoтacының қaрa бaйлығы бoлып тaбылып, oны жaн-жақгы ѳндіруге кiрiстi. Қaрaтayдaғы фoсфoрит aлaбының ұзындығы - 115 км, енi - 20 килoмeтргe созыльш жатыр. Фосфор алабының схемасы 1- суретте берілген. Аймақта ашылған фосфор кен орындары адам күшін кѳп қажет еткендіктен, аймаққа халық барынша кѳп орналаса бастады. 1945 ж. Қаратау кен байыту комбинатының Қаратау ѳндірістік бірлестігі құрылысын бастады. Кәсіпорын 1946 ж. iскe қocылып, aлғaшқы тoвaрлы фoсфoрит рyдacын бeрe бaстaды. Ѳндіріс күші де, ѳнім кѳлемі де жылдан жылға артып отырды.

1-сурет. Қаратау жотасындағы фосфор алабының кен орындары

Қаратау фосфор алабында негізгі ѳнеркәсіптік ресурстар Жаңатас, Ақсай, Түйесай, Кѳкжон, Шолақтау, Коксу кен орындарында шоғырланған. Қазіргі кезде фосфор шикізатының шамамен 70 % жуығы отандық және әлемдік тәжірибеде фосфориттерді терең байыту технологиясы схемасының болмауына байланысты сығынды еқдеуге жарамсыз. Қаратау фосфорын ѳндіру барысында шығару коэффицеҥгі 60-62 %, ал қалдықгар қүрамында 38-40 % қалып қояды. Бұл қалдықгар құрамындағы фосфор қоршаган ортага топырақтан бастап, ѳсімдіктерге және жануарларга, тіпті адам ағзасына да әсер етіп жатыр. Осының бір корінісі қазіргі кезде бұл аймақҭагы ѳсімдік түрлері трансформациям ұшырауда. Мұндай қалдықтардан басқа Қаратау фосфорына негізделіп салынған Жамбыл және ОҚО-ғы химиялық кен ѳнеркәсіп орталықтары жылына 5 млн. т шлактарды ауага қалдырады. Қазіргі кездегі олардың жалпы кѳлемі 30 млн. т acып түсeдi. Фoсфoр шлaктaры күрдeлi пoликeшeндiк құрылымғa иe, құрaмы нсгізінен 83-93 % кальций және кремний оксидінен тұрады. Басқа қоспалардың кѳлемі негізгі шикізат құрамына және тeхнoлoгиялық прoцeстiң жүрyiнe бaйлaныcты бoлып кeлeдi. Түйiршiктeлгeн фoсфoр шлaгындa түccіз мѳддір wыны бoлaды. Шынылы фрaзaлaрдың құрaмы сyытy жылдaмдығы мeн фoсфoр aнгидридiнiң құрaмынa бaйлaныcты 65-97% құрaйды.

Қаратау жотасы геожүйелеріне әсер етіп жатқан факторлар осы ѳңірдегі тау-кен ѳндірісі әрекеттерінің нәтижелері екені белгілі. Қаратау жотасының ландшафтық-шаруашылық картасына назар аударайық (сурет 2), мұндағы ландшафт типтерінің үстінде кездесетін пайдалы қазбалар кен орындарьн анықтайық.

2-сурет. Қаратау жотасының ландшафттық-шаруашылық картасы (1:2500000)

Қаратау жотасында кезедесетін ландшафт типтері 9 топқа ажыратылады, табиғаты бойьшша орманды дала, дала, шѳлей, шел зоналарында орын тепкен және биіктік белдеулері бойынша тауалды, ал аса таулы және oртa тayлы биiктiктeрдi қaмтиды.

Қaрaтay жoтacының бұл кaртacы гeoжүйeнiң құрaм бѳліктеріне техногендік факторлардың әсер ететін аймақтары мен шекараларын кѳрсетеді. Осындай жаңа карта негізінде жаңа қорытындылар жасалатын болады.

Жоғарыдағы ластаушы кѳздер жотаның геожүйелерінің тек аталған құрам бѳліктеріне ғана емес, барлық құрам бѳліктерге де әсер етіп жатыр. Деректерге қарайтын болсақ, жылдар бойы ең жоғары ѳнім ѳндірілген жылдар XX ғасырдың 80-жылдарына сәйкес келеді. Демек осыған орай коршаған геожүйеге де қарқынды әсер ету осы жылдарға сәйкес келеді. Мысалы бул кезеңдері жылына 82,9-34,01 мың тоннаға дейін зиянды қалдықтар тастапған. Қазіргі кезде бул аймақта 3 фосфор заводы, «Нодфос» АҚ, «Химпром - 2030» және де фосфор ѳндіру барысында сары фосфор, суперфосфат, нитроаммофос, трипомофосфат минералдарды ѳндіру заводы жумыс істейді. Ал бұларды кенмен және фосфор унымен қамтамасыз ететіндер «Қаратау» АҚ, Қазфосфат ЖШС.

Қаратау алабына мемлекеттік үлкен маңыз беріліп, оны арнайы барлау үніін Жаңатас геологиялық-барлау экспедициясы ұйымдастырылған. Фосфоритті горизонт ашылған жолақтың ішінде 49 жеке кен орны анықталған. Барлық кен орындар аймақтық жіктелім бойынша 5 топқа бѳлінеді.

  • Бірінші топтың кен орындарына ірі Шолақтау фосфорит кенінен басқа бірқатар шағын: Тамды, Арбатас, Сүлейменсай, Насынқұл, Шолақтау-ІІ, Қотырбұлақ, Жетімшоқы-І және II кен орындары кіреді. Тамды, Арбатас, Қотырбұлақ, Жетімшоқы I және II кен орындарының ѳндірістік мәні тѳмен.

  • Екінші топтың кен орындарын ірі Ақсай фосфорит кені, Түйесай фосфорит кені және қоры шағын: Кѳктал, Тесіктас, Шилібұлаң, Қыршабақты кен орындары құрайды.

  • Үшінші топ ѳндірістік мәні тѳмен бірқатар ұсақ (Жетімтал, Бүркітті, Ақтас, Ңарашат, т.б.) кен орында­рын қамтиды. Олар Ақсай және Кексу кен орындарының аралығында орналасқан.

  • Тѳртінші топ бірнеше ѳндірістік және ұсақ кен орындарын біріктіреді. Олар Ақжар, Үшбас, Жартас, Арқалысай, Кѳксу, т.б.

  • Бесінші топқа ѳндірістік Кѳкжон фосфорит кені, Жаңатас, Гиммельфарб кендері және бірқатар ұсақ кен орындары кіреді.

Қаратау фосфориттері Қазақстанның және шет елдердің кѳптеген химиялық ѳнеркәсіп орындарында пайдаланылады. Олардан минералдық тыңайтңыштар, элементтік фосфор, т.б. халық шаруашылығына қажет заттар ѳндіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]