Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом сонгы.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
4.07 Mб
Скачать

2 Кeсте - Жaуын – шaшынның ортaша aйлық жәнe жылдық мөлшeрі. (Нaучно-приклaдной спрaвочник пo климaту ссср. Выпуск 18. 1989, бойыншa, 56 б.)

Мeтeoстaнция

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

VІІ

VІІІ

ІХ

Х

ХІ

ХII

Жыл

Тacты

13

15

21

28

15

11

7

4

2

14

12

19

161

Ащыcaй

75

68

82

75

46

15

9

5

7

37

52

69

540

Түркіcтaн

28

23

34

28

18

8

3

2

3

10

19

30

206

Мaусымдардың қaрсыластылығы өтe aйқын бaйқалады: жaз жәнe күздiң бaсы өтe құрғaқ; күздiң aяғында сіркірeме жaңбырлар бaсым болaды; қыcы сyық қaрың қaр қaбатымен жәнe қaтты жeлдермен; көмтeм кeзінде фрoнттық жaуын-шaшын жaңбыр түріндe болaды.

Гeографиялық кeшен қaлыптасуында өсiп-өнy (вегeтациялық) кeзеңіндегі жaуын-шашын жиынтығы, бeлсенді тeмпературалар жиынтығы т.c.с. климaттық көрсeткіштер мaңызды рoль aтқарады. Қүзгi-қыcқы-көктeмгі кезeңнің кeйбір климaттық көрсeткіштері 3 кeстеде көрсeтілген.

3 Кeсте - Күзгi-қыcқы-көктeмгі кeзеңінің климaттық көрсeткіштері. (Агрoклиматические рeсурсы Чимкeнтской oбласти Кaзахской сср. Лeнинград. 1979. Бoйынша, 263 б)

Стaнция

Кeзеңнің ұзaқтылығы (күн есeбімен)

Сyық ұрy (қaтқақ) күндeрінің сaны

Жылымық күндeрінің сaны

Көктeм

Күз

Көктeм

Күз

Топырaқ бетіндe

aуада

Топырaқ бeтінде

ауада

0 - 15ºC

15 - 0ºC

Тaсты

43

51

21

17

30

26

47

Шолaққорған

54

54

31

22

34

24

53

Ащысaй

61

69

34

18

33

17

54

Түлкібaс

70

76

44

29

37

20

36

Кeсте бойыншa Қaратау жотaсында өсiп-өнy кeзеңі сaлыстырмалы 180-200 күн арaлығында, aл бeлсенді тeмпературалардың жиынтығы (тәyлік бoйы ортaша тeмпературасы +10 ºС жoғары тeмператураларыдың жиынтығы) 3700 - 4200º шeгінде тeрбеліп oтыр. Мұндaй жaуын-шашын мөлшеріндe жәнe тeрмикалық жaғдайда дaла жәнe ылғaлды дaла геoграфиялық кeшендері қaлыптасуына мұмкiндік бeреді.

2 ҚАРАТАУ ЖОТАСЫНЫҢ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ КАРТАСЫН ТАЛДАУ

2.1 Морфометриялық карталардың даму кезеңдері

Топографиялық және гипсометриялық карталармен қатар морфометриялық және морфографиялық карталар бар. Бұл карталар арнайы немесе практикалық мақсатта құрастырылады. Алайда жер бедерінің морфометриясы жалпы геоморфологиялық қызығушылық тудырады, себебі ол үлкен дәлдікпен және объективтілікпен жер беті бедерін сипаттауға мүмкіндік береді.

Морфометрия – жер беті бедерінің сандық сипаттамасы. Негізгі морфометриялық көрсеткіштер – жер бедері пішіндерінің сандық сипаттары: сызықтық, аудандық, көлемдік; белгілі бір геоморфологиялық ауданның абсолюттік және салыстырмалы биіктігі, тілімдену тереңдігі және жиілігі, сондай-ақ дерексіз көрсеткіштер (өзен арнасының, жағалаулық сызықтың иректілік дәрежесі, т.б.).

Морфометриялық карталар – түрлі морфометриялық көрсеткіштердің территориялық таралуын көрсететін карталар, морфометриялық көрсеткіштер: еңістік бұрышы картасы, бедердің тілімдену тереңдігі мен жиілігі және т.б.

Морфометриялық карта құрастырудың тәсілін В.И.Кветкаускас (1972) жасады. Бұл тәсіл бедерді төрт түспен бейнелеуге негізделген: сары түспен жер беті биіктігі берілсе, сұр түспен еңістігі, қызылмен оң қисықтықтар (бедердің көтерілімдері), көгілдірмен теріс қисықтықтар – тальвегтер, беткей табандары беріледі. Биіктігі және еңістігіне сай сары және сұр түстің реңктері күшейе береді.

Біздің елімізде және бірқатар шетелдерде территорияның морфометриялық сипаттамасына назар аудара бастады, оның қажеттігін тек қана геоморфологтар ғана емес, сондай-ақ аралас ғылым саласының және қолданбалы ғылым саласының мамандары: картографтар, гидрологтар, инженерлер, т.б. сезіне бастады. Морфометриялық көрсеткіштердің негізгі міндеті бедер пішіндерін анықтау үшін дәл объективтік критерий беру және бұл анықтамаларды геоморфологиялық жазбаларда, геоморфологиялық карталар құрастыруда қолдану.

Н.М.Волков, Г.И.Знаменщиков, С.А.Николаев, А.С.Девдариани, А.Болиги және т.б. еңбектерінде бедердің бірнеше сандық көрсеткіштері берілген. Барлық көрсеткіштерді келесі типтерге бөлуге болады (Ченцов, 1940):

  1. сандық мәні бойынша: абсолюттік, салыстырмалы;

  2. олармен анықталатын элементтердің кеңістіктегі орналасуы: горизонтальды, вертикальды, кешендік немесе функционалдық;

  3. олармен қамтылатын пішін кешендері: жекелеген пішіндердің көрсеткіштері, морфологиялық кешендердің көрсеткіштері.

Бедер пішіндерінің барлық әртүрлілігі мен қатынастарын бір ғана сандық көрсеткіштермен көрсетуге болмайды. Ол үшін кем дегенде екі, үш көрсеткіштер қажет.

Негізгі талаптарынан басқа келесідей морфометриялық көрсеткіштер үлкен назар тудырады, олардың көмегімен төмендегідей карталарды құрастыруға болады:

  1. тілімдену жиілігі;

  2. тілімдену тереңдігі;

  3. жер бетінің еңістігі.

Горизонтальды тілімдену жиілігі картасы. Бедердің горизонталь тілімдену жиілігі немесе қарқындылығы эрозиялық тордың даму дәрежесі және жекелеген оң және теріс пішіндердің (қазаншұңқырлар, дөңдер, төбелер, шоқылар, жыралар, т.б.) орналасу тығыздығымен анықталады. Осы екі көрсеткіш бойынша бірін-бірі толықтыратын карта құрастырылады.

Алғашында топографиялық негіздегі эрозиялық пішіндердің немесе жекелеген бедер пішіндерінің тальвегтері белгіленеді.

Бедердің эрозиялық жиілігі көрсеткіштеріне мыналар жатады:

  1. аудан бірлігіне шаққандағы эрозиялық пішін тальвегінің ұзындығы;

  2. суайрық шыңдарының жақын тальвегтен қашықтығы.

Аудан бірлігіне шаққандағы эрозиялық пішін тальвегінің ұзындығы. Бұл жағдайдағы горизонтальды тілімдену көрсеткіші мына формуламен анықталады: K=L/P, бұл жерде L- эрозиялық тордың ұзындығы, P- аудан.

Картаны құрастыру жолы осындай. Ірі масштабты топографиялық карта алынып, ондағы барлық эрозиялық пішіннің тальвегтері салынады, оны горизонтальды тілімдену қарқындылығын бағалағанда ескереді. Сонан соң картаны перпендикуляр сызықтармен бірдей квадраттарға бөлінеді және олардың әрқайсысынан эрозиялық тордың жалпы ұзындығын анықтайды. Алынған санды квадрат ауданына бөледі және осындай жолмен әрқайсысына тілімдену қарқындылығы көрсеткіші анықталады.

Квадрат мөлшеріне құрастырылып жатқан картаның әр бөлшегі тәуелді болады. Ірі аудан ішінде горизонтальды тілімдену қарқындылығының айырмашылықтары болуы мүмкін. Квадрат кіші болған сайын бедер бөліктері көбірек беріледі. Алайда, картаны бөлшектеймін деп жүріп геометриялық торды артық мөлшерде бөлшектеп тастауға болмайды. Егер квадраттар өте ұсақ болса, онда оның біреуі толықтай суайрыққа кіреді, ал басқалары эрозиялық тордың тальвегтерімен қиылысады. Соңғы квадрат ішінде эрозиялық пішінге қатысты геометриялық тордың орналасу кездейсоқтығына толықтай тәуелді болады.

Шартты белгілері түспен немесе бір түсті штрихпен берілуі мүмкін. Екі жағдайда да ережеге сай болуы қажет: тілімдену қарқынды болған сайын бояу немесе штрих қоюлана түседі. Түсті шкалада ашық сарыдан қою сарыға және одан да қою түстерге, мысалы қоңыр, қызыл сары, қызыл түсті беруге болады. Штрихты шкалада әлсіз тілімденген аудандарды сирек және жіңішке штрихпен, ары қарай қарқындылығы артқан сайын қалың, тығыз, қою тор штрихқа көшуге болады.

Картаның әр квадраты қабылданған шартты белгілерге сай боялады және штрихталады. Осындай жолмен, аудандар арасындағы шекаралар өзара перпендикуляр тік сызықтармен өтеді. Бұл карта емес, картограмма болады.

Шекараны табиғиға жақын ету үшін оны топографиялық картаны қолдану арқылы бірнеше рет жөндеуге болады.

Тілімдену тереңдігі картасы. Бедердің вертикальды тілімдену тереңдігі немесе қарқындылығы көрсеткіші жер беті биіктігінің ауытқу амплитудасы болып табылады, яғни оң пішіндер шыңының теріс пішіндер түбі немесе теріс пішіндер тереңдігімен салыстырғанда асып түсуі.

Суайрықтың немесе беткейдің кез-келген нүктесінің салыстырмалы биіктігі денудация базисінің нүктесімен анықталады. Бұл сызықты картада жүргізе отырып біз онан кез-келген нүктенің салыстырмалы биіктігін анықтай аламыз. Егер картаның әр бөлігіне бірнеше сызық жүргізсек және ондағы салыстырмалы биіктігі бірдей нүктелерді қоссақ, салыстырмалы бірдей көтерілім сызықтарды өткізуге болады.

Салыстырмалы биіктіктер картасын құрастырудың тағы бір жолы мынадай: ірі масштабты топографиялық негізге аңғар мен сайдың тальвегтерін жүргізеді, сондай-ақ олардың арасындағы суайрық сызықтарын жүргізіп, оларды жеке қарапайым алаптарға бөледі. Әр горизонтальдың қиылысқан нүктелерінен аңғар немесе сай тальвегтеріне қарай аз ғана еңістігі бар беткей жүргізеді. Әр сызыққа горизонтальмен қиылысқан нүкте белгіленеді, оның салыстырмалы биіктігі оңай табылады. Бірдей салыстырмалы биіктікті нүктелер арқылы көтерілу изосызықтары жүргізіледі. Карта көрнекі болу үшін оны қабатаралық бояумен немесе штрихпен безендіреді. Аталған карта құрастыру тәсілінің артықшылығы ол жер бетін жергілікті денудация базисі үстінен бейнелейді, ол тек ірі масштабты карталар үшін мүмкін.

Ұсақ масштабты картаға өткенде изосызық кесіндісінің мөлшерін сәйкесінше арттырады және контурын жалпылайды.

Осындай жолмен тілімдену тереңдігі картасын жасауға болады. Бұл жағдайда беткейлердің құлау сызықтарын горизонтальдармен қиылысқан нүктеден суайрық сызығының тальвегпен қиылысқан жерге дейін жүргізеді.

Тілімдену тереңдігі картасын құрастырғанда картограмма тәсілі қолданылады, ол жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді. Негізгі топографиялық материалға тең квадраттар салынады, олардың мөлшері эрозиялық пішіннің қарапайым алаптар ауданына сәйкес келеді.

Әр ұяшықтың (квадрат немесе трапеция) ішінде бедер қимасы ең жоғары және ең төмен биіктіктерінің айырмасын анықтайды. Есептеу жұмыстарынан кейін тілімдену тереңдігінің шкаласы қойылады және шекарасы жүргізіледі.

Бедер тілімдену тереңдігі шкаласы, контурлары, шартты белгілеріқұрастырылып жатқан картаның масштабына сай болуы қажет.

Ұсақ масштабты карта құрастыру үшін В.Н.Ченцов ұсынған тілімденудің орташа тереңдігін анықтау тәсілін қолдануға болады. Тілімдену тереңдігі бір қима бойынша биік нүктелердің көршісіне қарағанда орташа майысу сызығымен анықталады.

Елімізде В.П.Философов (1960) жасаған әдіс бойынша морфометриялық әдіс кеңінен қолданылады. Олардың арасында қалдық бедер картасы қарқынды вертикальды тілімдену картасының варианты болып табылады.

Қалдықты бедер картасы. Алғашында базистік бетті карта құрастырылады, яғни эрозиялық пішін тальвегтері арқылы өтетін шартты бет. Ол үшін ірі масштабты топографиялық негізге алдымен барлық эрозиялық пішіннің тальвегтері салынады. Сонан соң, өзендегі су қимасының абсолюттік белгілерін қолдану арқылы және тальвегтің горизонтальмен қиылысуы арқылы изобазиттер жүргізеді, яғни қисық сызықтар, олар бірдей биіктікті тальвегтерді қосады. Бұл қисықтар суайрықты төмен деңгейде қиып өтеді.

Мұндай картаны құрастырудың тәсілдерінің бірі мынадай: топографиялық негізге қарапайым алаптардың шекарасын жүргізеді, сонан соң олардың әрқайсысынан ең биік және ең төмен нүктелерінің амплитудасын анықтайды. Алынған сандық көрсеткіштерге және шартты белгілер шкаласына сәйкес алаптар ауданы боялады немесе штрихталады.

Бедер тілімденуінің жалпы көрсеткіштері картасы. Мұндай картаны құрастыру горизонталь ұзындығы бойына салынған шартты квадраттарды есептеуге негізделген. Сонан кейін квадраттың орталығынан бастап горизонталь ұзындығының жиынтығы бірдейлерді изосызықтармен қосады.

Жер беті еңістігінің картасы. Жер беті еңістігі көрсеткіші ылдилық бұрышы (ά) және құлама (i).

Горизонталь әдісі енгізгенге дейін бедер топографиялық картада штрих көмегімен бейнеленген болатын: беткей тік болған сайын штрих қысқа әрі қалың болады.

Жер беті еңістігінің орналасуын тек ірі масштабты картада көрсетуге болады. Алдымен еңістік бұрыштары градациясы бұрыштарының шкаласы жасалады. Картаны біртүсті штрихпен немесе түсті фонды реңкпен безендіреді: жер беті тік болған сайын штрих пен бояу қанық болады.

Ұсақ масштабтағы жер беті еңістігі картасын құрастырғанда ылдилық бұрышы шкаласын біріктіру арқылы жалпылауға болады.

Жер беті еңістігінің көрсеткіштері ылдилық бұрышы және еңістігі болып табылады. Ылдилық бұрышы картасын құрастыру келесідей. Топографиялық картадағы легенда және шкала көмегімен жер бетінің сәйкесінше ылдилық бұрыштарының шекарасын сызып шығады. Бұл жұмысты бітіргеннен соң жоғарыда айтылған ережелерге сай картаны бояйды немесе штрихтайды. Егер қима бойынша ылдилық бұрышын табу қажет болса, бұрыштың тангенсін ά табады – горизонтальды проекциядағы жоғарғы нүкте мен төменгі нүкте арасындағы қатынасты, яғни екі нүкте арасындағы қашықтықты табады.

Бөлінген морфометриялық көрсеткіштер бір көрсеткішті алып қарастырсақ абсолютті болып табылмайды. Мысалы, бетінің орташа ылдилық бұрышы 5°-қа жететін еңісті жазықтар кездеседі, олардың беті тегістелмегендіктен оны төбелі жазыққа жатқызуға болмайды.

Бедердің морфометриялық картасының қолданбалы маңызы өте зор. Ол түрлі құрылыстарда, темір жол және шосселік жолдар салуда, түрлі мелиоративтік шаралар жүргізуде маңызы зор.

Бедердің морфометриясын тиянақты зерттеу ғылыми қызығушылық тудырады. Морфометриялық көрсеткіштердің әртүрлілігі олардың себебін анықтауға мәжбүр етеді, ол бедердің геологиялық құрылысының біртекті еместігінде, жаңа тектоникалық қозғалыстардың және қазіргі бедер түзуші экзогендік процестердің сипатында жатыр. Морфометриялық көрсеткіштердің ғылыми-қолданбалы маңызымен байланысы легенданың және геоморфологиялық карталардың жалпы мазмұнының құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда бедердің тек морфометриялық көрсеткіштерін беру жеткіліксіз болып табылады. Бұл көрсеткіштер арқылы бедерді жіктегенде пайда болуы әртүрлі, бірақ сырты ұқсас бедер (мысалы, мореналық төбелер және эолдық дөңдер) және керісінше генезисі ұқсас, ал сыртқы түрі ұқсамайтын бедер (жыра және жыраның ысырынды конусы) кездесуі мүмкін. Морфометриялық мәліметтер көбіне топографиялық карталарды өңдеу көмегімен, кейде әуефотоматериалдарды пайдалану арқылы (стереофотограмметриялық әдістерді қолдану арқылы) алынады. Жүргізілген есептеулер мен өлшемдер негізінде арнайы морфометриялық карталар немесе карта альбомдары құрастырылады. Морфометриялық мәліметтер құрылыстар, жолдарды жобалағанда, эрозиямен күресте шара қолдану үшін және т.б. пайдаланылады.

Кешендік және синтетикалық морфометриялық карталар. Бедердің әр үш негізгі сандық көрсеткіштері екі басқа көрсеткіштің функциясы болып табылады. Бірдей тілімдену тереңдігінде беткей бұрышы мен тілімдену жиілігі әртүрлі болады.

Кешендік және синтетикалық морфометриялық карталар жасаудың мысалы ретінде В.Н.Ченцов (1948) құрастырған бедер тілімденуі қарқындылығы картасын айтуға болады. Онда штрих тонымен ылдилықтар көрсетілген. Бұл екі көрсеткіштер 00-ден 78-ге дейінгі екі таңбалы санмен белгіленген. Бірінші сан – тілімдену жиілігі шкаласы дәрежесінің нөмірі, екіншісі – сәйкес картадағы тілімдену тереңдігі.

Мұндай тәсіл картанының көрнекілігін аз етеді. Оның үстіне, бедердің синтетикалық сипаттамасы берілмейді, себебі ол бір-біріне жай жеке морфометриялық көрсеткіштерді салып қоя салған.

Кешендің морфометриялық карталарды құрастырудың тағы бір тәсілін Н.М.Волков (1950) жасады. Бедердің горизонтальды және вертикальды тілімденуін ол өзара перпендикулярлы жіңішке штрих жүйесімен бейнелеуді ұсынады, вертикальды сызықтар арасы тілімдену жиілігін, ал горизонтальды сызықтар арасы тілімдену тереңдігін көрсетеді. Бұл жағдайда штрих ұяшығының формасы мен мөлшері бедер тілімденуін көрсетеді. Тілімдену жиілігінде, тілімдену тереңдігінде автор карта масштабына сай штрих арасын бояумен бояуды ұсынады. Егер карта масштабы ірі болса, бұл бояуды пропорционалды арттырады. Бірдей горизонтальды және вертикальды масштабта ұяшық пен горизонтальды сызық арасындағы бұрыштың штрихы графикалық түрде жер беті еңістігінің орташа бұрышын бейнелеу керек.

Түрлі түсті геоморфологиялық картада штрих сызықтарын ақ түспен бояуды ұсынады. Синтетикалық көрсеткіштер бойынша бөлінген жеке морфологиялық аудандар сызықпен қоршалып, әр ауданның ішіне жан-жағынан бірнеше тікбұрыштар мен үшбұрыштар салынады, ол бедер тілімденуінің жиілігі мен тереңдігіне сай келуі тиіс.

Автор тілімдену тереңдігі әдетте жақын суайрықтар сызығы мен тальвегтар арасындағы қашықтықтан аз болады. Сондықтан да бұл шамаларды графикалық бейнелеу үшін бірдей масштабты сақтап қалу қиын болады. Бұл жағдайда горизонтальды штрих масштабын вертикальды масштабқа қарағанда ірі қылып алу керек.

Кейбір авторлар морфометриялық картаны ерекше морфометриялық көрсеткіштер арқылы құрастыруға тырысады, олар:

  • Эрозиялық процестердің қарқындылығы (Худяков және Знаменщиков, 1963);

  • Эрозиялық тілімденудің қарқындылығы (Якименко, 1970).

Бұл көрсеткіштер авторлардың пікірінше территорияның морфоқұрылымдық элементтерін морфометрия әдістері арқылы анықтауға қолайлы. Олар бедердің жеке морфометриялық белгілерін анықтайды. Эрозиялық процестер қарқындылығы көрсеткіштері геометриялық түрде жер бетінің аудан бірлігіне шаққанда жергілікті базистен алғандағы орташа биіктігін ұсынады.

Ф.С.Геворкян (1972) кешендік морфометриялық көрсеткіш ретінде ылдилық бұрышын, жер беті тілімденуінің жиілігі мен тереңдігін, сондай-ақ беткей экспозициясын сипаттайтын балл жиынтығын пайдалануды ұсынады. Бұл көрсеткіштер қазіргі бедер түзуші процестердің: сел, топырақ эрозиясы, сызықтық эрозия және т.б. қарқындылығын зерттегенде пайдалы болуы мүмкін.

Дәл синтетикалық морфометриялық және морфографиялық карталар әдетте горизонтальдар көмегімен құрастырылған топографиялық және гипсометриялық карталар болып табылады. Олар негізгі морфографиялық және морфометриялық карталардың сипаттамаларын біріктіреді.

Синтетикалық карталарға сондай-ақ ұсақ масштабты шолу карталары да жатады, онда негізгі морфографиялық және морфометриялық көрсеткіштер кешені бойынша жүйеленетін морфологиялық топтар бөлінеді.

Геоморфологияда негізгі бедердің екі морфологиялық категориясын ажырату қабылданған – таулар мен жазықтар, олар бірге негізгі генетикалық категориялар болып табылады. Карта құрастыру үшін тау мен жазықты сыртқы түрі бойынша – морфографиялық және морфометриялық – жүйелеу қажет. Мұндай жүйе құрастыру жайында бірнеше факт бар. М.Ф.Срибный (1956) беткейдің орташа еңістігі бойынша бедердің он екі класын бөлуді ұсынған болатын.

Бедерді сипаттау үшін абсолюттік биіктік, тілімдену тереңдігі кеңінен қолданылады. Осы екі көрсеткіштер бойынша Д.А.Лилиенберг және Д.А.Тимофеев (1963) таулы елдердің бедерін бөлуді ұсынды.

Морфометриялық карталар бедер пішіні, морфологиялық кешендер және геоморфологиялық аудандар сипаттамасына объективті түрде сандық көрсеткіштер беру мүмкіндігін береді. Ол арқылы жаңа тектоникалық қозғалыстардың амплитудасы және неотектоникалық құрылымдар сипаты, қазіргі геоморфологиялық процестердің қарқындылығы, олардың сапалық өзіндігі жайлы айтуға болады.

Тілімдену жиілігі картасы территорияның эрозиялық тормен игерілу дәрежесін сипаттап, бедердің даму кезеңі, оның салыстырмалы (морфологиялық) жасы жайлы байламға келуге мүмкіндік береді. Тілімдену тереңдігі картасы бедердің басым пішіні жайлы көрнекілік түсінік береді. Жер беті ылдилық бұрышының картасы беткейлік процестердің сапалық ерекшеліктері мен қарқындылығы жайлы сипаттайды.

Морфометриялық карталар маңызды практикалық мәселелерді шешуге көмектеседі: ауылшаруашылық (топырақ-жыралық эрозияны зерттеу, т.б.), жол, өнеркәсіп және азаматтық құрлыстар (еңістіктерді анықтау, вертикальды және горизонтальды тілімдену көлемі, құрылыс алаңын бағалау, т.б.).

Морфометриялық карталарды пайдаланудың басқа да жолдары бар, мысалы гидрологиялық зерттеулерде. Практикалық жұмыстарда оларды әдетте генетикалық карталардан тәуелсіз құрастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]