Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика лекция.docx
Скачиваний:
106
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
4.5 Mб
Скачать

1 Тапсырма

а) 464

0

 

б) 380

0

 

1875

 

в) 115

1

 

94

232

0

 

190

0

0

375

 

57

1

1

88

116

0

 

95

1

0

75

 

28

0

1

76

58

0

 

47

1

1

5

 

14

0

1

52

29

1

 

23

1

1

0

 

7

1

1

04

14

0

 

11

1

 

 

 

3

1

0

08

7

1

 

5

1

 

 

 

1

1

0

16

3

1

 

2

0

 

 

 

 

 

 

 

1

1

 

1

1

 

 

 

 

 

 

 

а)  464(10)=111010000(2); б) 380,1875(10) = 101111100,0011(2); в)  115,94(10) » 1110011,11110(2)

2 Тапсырма

а)1000001(2) = 1 × 26 + 0 × 25 + 0 × 24 + 0 × 23 + 0 × 22 + 0 × 21 + 1 × 20 = 64 + 1 = 65(10)

б)1000011111,0101(2) = 1 × 29 + 1 × 24 + 1 × 23 + 1 × 22 + 1 × 21 

+ 1 × 20 + 1 × 2–2 + 1 × 2–4 =512 + 16 + 8 + 4 + 2 + 1 + 0,25 + 0,0625 = 543,3125(10)

в) 1216,04(8) = 1 × 83 + 2 × 82 + 1 × 81 + 6 × 80 + 4 × 8–2 = 512 + 128 + 8 + 

+6 + 0,0625 = 654,0625(10).

г) 29A,5(16) = 2 × 162 + 9 × 161 + 10 × 160 + 5 × 16–1 = 512 + 144 + 10 + 0,3125 = 

= 656,3125(10).

3 Тапсырма

а) 10000000100(2) + 111000010(2) = 10111000110(2);

1

0

0

0

0

0

0

0

1

0

0

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

1

1

0

0

0

0

1

0

 

1

0

1

1

1

0

0

0

1

1

0

4 Тапсырма

а) 1100000011,011(2) – 101010111,1(2) = 110101011,111(2);

1

1

0

0

0

0

0

0

1

1

,

00

1

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

1

0

1

0

1

1

1

,

1

 

 

 

 

 

1

1

0

1

0

1

0

1

1

,

1

1

10

 

 

5 Тапсырма

а) 100111(2) ´ 1000111(2) = 101011010001(2);

 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 

´

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

0

1

1

1

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

1

0

1

1

0

1

0

0

0

1

 

 

Әдістемелік нұсқау: Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз.

Сұрақтар:

  1. Компьютер ұғымына анықтама беріңіз

  2. Джон фон Нейман принципі қай жылдары жарық көрді?

  3. Компьютердің функционалдық классификациясын атаңыз?

  4. Джон фон Нейманның программаны сақтау принципін атаңыз?

  5. Джон фон Нейманның жедел жады ұяшықтарына қатынасу принципіне анықтама беріңіз?

  6. Компьютер ұғымына анықтама беріңіз?

  7. Дербес компьютердің негізгі компоненттерін атаңыз?

  8. Дербес компьютердің қосымша құрылғыларын атаңыз?

  9. Жады түрлерін атаңыз?

  10. Микропроцессордың қызметі қандай?

  11. Санау жүйесі дегеніміз не?

  12. Позициялық және позициялық емес санау жүйелері дегеніміз не?

  13. Санау жүйелерінде қандай арифметикалық амалдарды қолдануға болады?

  14. Сегіздік, оналтылық, екілік санау жүйелерінің негізгі санадрын атаңыз

  15. Римдік санау жүйесі қанадй санау жүйесіне жатады?

Зертханалық жұмысы №7

Тақырыбы: Алгоритмдер. Алгоритмдерді өңдеу негіздері. Блок-схема (блок-схема элементтері, блок типтері).(2 сағат)

Мақсаты: Алгоритм ұғымымен танысу. Алгоритм құруды үйрену

Теориялық түсініктеме:

ЭЕМ машиналық команда түрінде жазылған тек бір қарапайым арифметикалық не бір логикалық амалды ғана орындай алатын етіп құрылған. ЭЕМ арқылы ақпаратты өңдеу нәтижесін табу үшін біртіндеп орындалатын амалдар, нұсқаулар тізбегін алдын ала дайындап алу керек. Нәтиже алу үшін арнайы ереже бойынша жинақты түрде дайындалған нұсқаулар тізбегі– алгоритм деп аталады. Яғни, алгоритм – белгілі бір нәтижеге жету үшін ретпен орындалатын әрекеттер жиынтығы.

Алгоритм қасиеттері:

  1. Жалпылылық - әрбір алгоритмнің барлық деректер иыны үшін анықталуы керек.

  2. Анықтылық – алгоритмнің әрбір қадамы нақты бір амалды анықтауы немесе орындауы керек.

  3. Нәтижелілік – алгоритмнің ь орындалуы, нақты нәтиже беруі.

Алгоритмді әр түрлі тәсілдерді пайдаланып дайындау мүмкін.

Берілгендер – информатикадағы негізгі ұғымдардың бірі ЭЕМ-ге ендірілетін, шығарылатын және ішкі кодталған түрде өңделетін информация - берілгендер деп аталады.

Алгоритмнің қарапайым операцияны орындауы үшін машинаға берілген әр нұсқауы машиналық команда деп, ал командада көрсетілген сан және символ -аргумент деп аталады.

Машинаға түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған есептің алгоритмі осы есептің программасы деп, программа құру процесі – программалау деп аталады.

ақпаратты өңдеудің алгоритмін 3 түрлі жолмен құруға болады.

Алгоритмнің берілу формалары:

1) ауызша алгоритм

2) блок-схема түрінде

3) алгоритмдік тілде

Ауызша алгоритм – күнделікті пайдаланылатын сөздер мен математикалық символдарды қолданып жазылған жеке-жеке нұсаулар жиынтығынан тұрады.

Блок-схема – түрлі арнайы фигуралар, нұсқаулар арқылы программада орындалатын әрекеттер мен олардың орындалу ретін көрсететін графиктік схема. Мұнда алгоритмде орындалатын әрекеттер геометриялық фигуралар арқылы сызылып, олардың байланыс жолдары нұсқама арқылы көрсетіледі.

а)

басы

алгоритмнің басы мен соңы

соңы

б) - берілгендерді ендіру және нәтижені шығару

в)

- шартты тексеру

г)

- информацияны өңдеу

д) - байланыс бағыттары

Алгоритмдік тіл – құрылымы нақтыланған бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен ережелер жүйесінен тұрады. Пайдаланылатын символдар – тілдің алфавитін, ережелер жүйесі-оның синтаксисін құрайды.

Алгоритмнің құрылымдық жағынан бөлінуі:

  1. Сызықтық - әрекеттер ретімен бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалады.

  2. Тармақталған – алгоритм қандай да бір шартқа байланысты тармақталып кетеді.

  3. Циклдік – белгілі бір қадамдар қайталана беретін алгоритм.

  4. Көмекші алгоритм – программа ішіне алдын –ала дайындалған алгоритм.

Тапсырма:

  1. Екі жай бөлшек берілген. Олардың бөліндісін есептейтің алгоритмін және блок- схемасын құрыңыз

  2. а,b,c 3 нақты сан берілген. Ең үлкенің табатын есептің алгоритмін және блок- схемасын құрыңыз.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

1-тапсырма:

Екі жай бөлшекті бөлу амалы келесі түрде орындалады. Сондықтан бізге n,m сандарын табу керек.

Есептің алгоритмі келесі түрде болады:

алг Бөлшектерді бөлу(нақ a, b, c, d, m, n) {Қолданушы енгізетін

және алгоритм есептеп шығаратын айнымалылар типі көрсетіледі}

арг a, b, c, d {Қолданушы енгізетін айнымалылар }

нәт m, n {Шығатын айнымалылар }

басы

енгізу a, b, c, d

m=a*d

n=b*c

шығару алымы=m

шығару бөлімі=n

cоңы

Есептің блок- схемасы:

2-тапсырма:

Есептің алгоритмі келесі түрде болады:

алг Үш санның үлкенің табу (нақ a, b, c, mах) {Қолданушы енгізетін

және алгоритм есептеп шығаратын айнымалылар типі көрсетіледі}

арг a, b, c {Қолданушы енгізетін айнымалылар }

нәт mах {Шығатын айнымалылар }

басы

енгізу a, b, c

егер a>b

онда max:=a

әйтпесе max:=b

тармақ соңы

егер с>max

онда max:=c

тармақ соңы

шығару Ең үлкені=mах

cоңы

Есептің блок- схемасы:

Әдістемелік нұсқау: Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз.

Бекіту сұрақтары:

  1. Алгоритм териніне анықтама беріңіз

  2. Алгоритмнің қандай түрлерін білесіз?

  3. Алгоритмнің қасиеттерін атаңыз

  4. «Алгоритм» терминінің шығу тарихын айтыңыз

  5. Алгоритм қандай элементтерден тұрады?

Зертханалық жұмысы №8

Тақырыбы: Операциялық жүйелердің негізгі элементтері(командалар, утилиттер)

Мақсаты: Файлдармен, каталогтармен, дискілермен жұмыс. Мәліметтермен алмасуды ұйымдастыру. Проводник программасы. Қолданбалы және қызметтік бағыттағы стандартты қосымшалармен жұмыс жасау

Теориялық түсініктеме:

Операциялың жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең гараған операциялык жүйелерге MS (PC) - DOS,WINDOWS 98 (WINDOWS 2000), WINDOWS NT, OS/2, UNIX, MacOS жатады. Дербес компьютерлерлерге арналған операциялык жүйежрдің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір компьютерде жүмыс істеуін елестету қиын ғой.

Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жүмысын қолға алды, солардың бірі WINDOWS жүйесіболатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төменділігімен түсіндіруге болады.

WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

- компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;

- файлдық жүйемея жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

- колданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса WIN

DOWS жүйесі:

- бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

- әртүрлі программалар арасында мәліметтермен алмасуды;

- масштабталатын қаріптерді қолдауды;

- мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;

- бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.

WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдары

Терезе - WINDOWS жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, WINDOWS сөзінің нақты аудармасы "терезелер" екені осыны білдіреді.

Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. WINDOWS терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді.

Терезе шекаралары - бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденен сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбүрышты аудан - терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметгер, басқа кішігірім терезелер және т. б.

Жұмыс столы - екінші негізгі үғым.

Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер (WINDOWS, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS, SUN компьютерлеріндегі OS, т. б.) интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш, т.б.) орналасуы мүмкін. Олар, сіздің қалауыңызша, столда әр Түрлі күйде орналаса алады. Стол беті әдемі дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе төселмей таза болуы да ықтимал. Сіздің стол бетіндегі заттарды алма-кезек қолдануға және олардың орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы стол бейнесі экранда да жүзеге асырылып отыр.

Белгіше/(Ісоп) - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай белгішелер кездеседі:

- қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі;

- белгілі бір топтар белгішесі;

- функциялар белгішесі.

Жарлық (shortcut) - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалык файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады.

Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 98) және программалық топтарды (Windows 3.1) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума - каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады. Каталог - файлдарға арналған контейнер, программалық топ – жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине, мүндай контейнерлер әр объект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (мысалға, жою, кошіру және т. б.).

Тапсырма: