Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
excel.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
494.3 Кб
Скачать

5 сабақ жоспары

Пәні: «Информатика»

Мерзімі: “19”ақпан 2015 жыл

Курс: 1

Кабинет: 239

Топ: 113

Оқытушы:Бейбіт Тәтина.

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесін сандық модульде

пайдалану

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Excel бағдарламасында жұмыс істеуге үйрету. Құралдарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру, жұмыс жасау технологиясын меңгерту. Қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды қолдану дағдысы мен біліктілігін дамыту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік : қазіргі заманғы қолданылатын бағдарламалармен жұмыс жасаудың негізгі дағдыларын қалыптастыру және оқыту.

Тәрбиелік: : алған білімдерін болашақ кәсіптік мамандықтарына пайдасы бар екендігін оқушыларға түсіндіре отырып, танымдық қызығушылығын арттыру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Excel бағдарламасында жұмыс жасау дағдысын жетілдіре отырып, оқушылардың ой -өрістерін, Логикалық ойлау қабілеттерін , өзіндік іс әрекетін, шығармашылықтарын, пәнге деген қызуғышылығын арттыру отырып, жан – жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға, сауаттылыққа, ізденімпаздық қабілеттерін қазіргі заманғы компютерлік технологияларды қолдану дағдысы мен біліктілігін дамытуды жалғастыру.

Сабақтың типі: Жаңасабақ

І. Ұйымдастыру кезеңі

V.Жаңа білімді меңгеру

VII.Бекіту

ІV. Жаңа білімді қабылдауға даярлау

VI.Жаңа білімді меңгеруін тексеру

VIII.үй тапсырмасы жайында мәліметтер

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Практикум елементтерінің көмегімен демонстрациялау ,баяандау арқылы түсіндіру.

Сабақтың формасы: Топтық, ұжымдық

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютерлер, слайдтар, интерактивтік тақта.

Қолданылған әдебиеттер: Н.Т.Ермеков «Информатика элементтері» «Фолиант» баспасы 2007ж, Н.В.Королева, Н.И.Кайдаш «Информатика» «Бастау» баспасы 2012ж, Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б. Дәулетқұлов «Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ» Алматы 2009ж.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Топпен сәлемдесу

Топты түгендеу

Аудиторияны сабаққа әзірлеу

IV.Жаңа білімді қабылдауға даярлау

V.Жаңа білімді меңгеру

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Microsoft Excel электрондық кестесін сандық модульде пайдалану».

Электрондық кесте тек қана есептеулерді автоматтандыру функцияларын ғана орындамайды. Сонымен бірге ол әртүрлі жағдайларды немесе объектілерді сандық моделдеуде өте пәрменді құрал болып саналады. Объектілердің

математикалық моделін жасау үшін, яғни оларды математикалық түрде сттау мақсатында бірсыпыра параметрлерді пайдаланады. Бұл параметрлердің кейбірі белгілі, ал кейбірі формулалар арқылы есептеледі. Параметрлердің алғашқы мәндерін бір-бірімен сәйкестендіре отырып өзгертсек, есептегі параметрлердің қалай әзгеретінін бақылап отырып, алынатын нәтижелерді талдауға ие болады. Электрондық кестелер осындай есептеулерді өте тез қатесіз жүргізіп, санаулы минуттарда көптеген варианттарды қарастырып, солардың ішінен ең тиімдісін таңдап алуға мүмкіндік береді.

Функцияны кестелеу әдісі бойынша есеп шығару

Жұмысшылардың жалақысын есептеу

1. Excei кестесінде адрестерді көрсету әдістері.

Ұяшық пен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы және аралас түрде бейнелеу

Салыстырмалы адрес. Ұяшықтармен жұмыс жасау кездерінде D3, А1:Н9 т.с.с сілтемелерді қолдануға болады. Адрестердің мұндай турде көрсетілуі салыстырмалы деп аталады. Салыстырмалы адрестер формулаларды жылжыту кезінде өте ыңғайлы. Формулаларда мұндай адрестерді қолдану барысында EXCELкестесі ұяшықтың адресін ағымдағы

Ұяшық адресіне салыстырмалы түрде сақтайды. Мысалы, D4 ұяшығына=D1+D2 формуласын енгізетін болса, EXCEl програмасы бұл формуланы екпінді ұяшықтан үш қатар жоғары және екі қатар төмен ұяшықтағы мәндерді қосу керек “ деп қабылдайды. Егер D4 ұяшығын, яғни =D1+D2 формуласын C4 ұяшығына көшірсек, С4 ұяшығына =C1+C2 формуласы, ал D5 ұяшығына =D2+D3 формуласы автоматты түрде енгізіледі.

Абсолютті адрес. Егер формуланы көшіру барысында белгілі бір ұяшыққа немесе аймаққа сілтеме жасау қажет болса, абсолютті адресті қолданамыз. Абсолютті сілтеме $ белгісінің көмегімен жазылады. Мысалы,

$C$15 түрінде сілтеме жазылса , формуланы қай орынға орналастырсақ та,сол формулада тұрақты түрде тек С15 ұяшығындағы мән пайдаланады.

Аралас адрес $ белгісі кажетті орында ғана жазылады, мысалы $C15 немесе $C15 . Егер абсалютті адрес белгісі ұяшық адресінің алдында ғана жазылса ($C15), бағана мәні тұрақты ,қатар мәні өзгереді. Керісінше қатарды тұрақты қалдырып, бағананы өзгертү үшін (C$15) түрінде жазылады.

ф.и.о

Жалақы

зейнетақы қоры

профсоюздік қоры

кірістік салық

қолға алатын сома

1

Смагулова М.

60000

2

Абуханова А

50000

3

Ужазов Е

60000

4

Омарбек Б

150000

5

Салихов Б

80000

6

Смаилова А

70000

Зейнетақы қорын есептеу

Профсоюздік қоры

Кірістік салық мына түрде есептелінеді.егер жалақы(0-60000)-ға дейін 1%,(60000-80000)-ға дейін 3%,(80000-150000)-ға дейін 5%, яғни кірістік салық

Қолға алатын сома

№ 2 Есептің берілгені :

У=к*(х2-1)/(х22+1) фунциясының мәндерін х айнымалысын [-2,2] аралығында 0,2 қадамымен өзгергендегі мәндерді үшін есептеу керек . Мұндағы К=10.

Есептің нәтижесін мынадай кесте түрінде көрсету қажет болсын ;

х

к

У1=х2-1

У2=х2-1

У=k3(у1/у2)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]