Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын экономика.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
378.37 Кб
Скачать

Кесте-2. Жабдық құнын есептеу

Жабдық аты

Саны

Бағасы м.тг

Құны м.тг

Сорап

1

54

54

Сүт есептегіш

1

342

342

Резервуар

13

120

1560

Сепаратор

2

4500

9000

Пастеризатор

1

3200

3200

Пастеризатор

1

4000

4000

Гомогенизатор

1

3000

3000

Дозатор

1

1500

1500

Буып түю аппараты

2

4000

8000

Буып түю аппараты

1

3800

3800

Жиыны

34456

Баланстық құн — бухгалтерлік кітаптардағы негізгі қорлар мен айналым қаржыларының ақшаға шаққандағы құны (нақты нарықтық құны басқаша болуы мүмкін). Баланстағы негізгі қорды бағалау үшін бастапқы қалпына келтіру және инвентарлық құндары негізге алынады. Әдетте, негізгі қорлар баланста бастапқы құны бойынша белгіленеді. Ал, құн оны алуға, жеткізуге, орналастыруға кеткен шығындардан құралады. Кейінгі жылдардағы жаңадан қайта бағаланған қорлар баланста қайтадан бағалау кезінде белгіленген қалпына келтіру құнымен есептеледі (индексация). Күрделі қаржының есебінен алынған негізгі қорлардың инвентарлық құны көрсетіледі. Басыбайлы алынған объектілер беріп отырған жақтың бухгалтерлік есебіндегі деректер бойынша балансқа алынады. Бұл мәліметтер алыс-беріс құжатында көрсетіледі.

Кесте-3.Технологиялық жабдық пен машинаның баланстық құнын табу

Көрсеткіштер

Шамасы

1. Бастапқы құны

34456

2. Жеткізу құны

1722,8

3. Орнату құны

5168,4

4. Өлшеу аспаптар құны

2756,48

5. Баланстық құны

44103,68

6. Транспорт құралдары

11025,92

7. Барлығы

55129,6

Негізгі өндірістік қорлар елдің экономикалық әлеуетінің маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Негізгі капитал деп материалдық өндіріс саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын,

Негізгі капиталға жататындар: жылжымайтын мүлік (жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық екпе ағаштар және басқа да жермен байланысты және оларды оның міндетіне залал келтірмей жылжыту мүмкін болмайтын нысандар), машина мен құрал-жабдықтар, өткізгіш тетіктер, өлшеуіш машиналар мен техникалар және олардың бағдарламалық құралдары, тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, жұмыскер және өнім беретін мал басы, арнайы саймандар және өзге де негізгі капитал.

Кесте-4. Өндірістік ғимарат құнын табу

Аты

Ғимарат ауданы кв.м

Бағасы 1 кв.м, тг

Ғимарат құны м.тг

Өндірістік және

Көмекші

2310

25000

57750

Қызмет көрсетуші

346,5

25000

8662,5

Жиыны

66412,5

Жоспарланған шағын кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының мөлшерін анықтау келесі есептеулердің негізінде жүргізілді. НӨҚ жалпы құнын табу үшін келесі әдістеме қолданады. Шығарылатын өнiмнiң көлемдерi және олардың орташа нарықтық бағаларының негiзiнде, кәсiпорынның тауарлық өнiмiнiң жуықталған көлемі анықталады: ТПп=

мұндағы: ТПп – болжам бойынша тауарлық өнім, м.тг

В – өнделетін өнiм көлемi, т., дана

Ц – өнiм бiрлiгiнің орташа нарықтық бағасы, м.тг.

Сонда,

ТПп=600*770+900*850+1200*925=2337 мың тг

Тауарлық өнiмдi анықтағаннан кейiн, НӨҚ бағасы одан процент бойынша есептеледi. Сүт өндiрiсi үшiн 30-35%. НӨҚ құрамы бойынша есептеулер келесі құрылымдар бойынша жүргізіледі.