Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын экономика.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
378.37 Кб
Скачать

4.Техника-экономикалық көрсеткіштер есебі

Кез келген елдің экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту елдің экономикасын көтеруде маңызды орынға ие. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы салалық және өңірлік монополизмді жоюға, рынокта тауарлар мен қызметтерді көбейтуге, жаңа жұмыс орындар ашуға, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалануға, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптастыруға үлкен мүмкіндіктер бар. Бұл туралы Президентіміз Н.Назарбаев «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында: «Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек. Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады» – дейді. Алдымен экономика, сосын саясат формуласын ұстанатын президентіміздің шағын және орта кәсіпкерлікке деген ынта-ықыласын бүкіл халық қолдауда.

Президентіміз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды жүзеге асыру арқылы мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді және біледі. Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында да атап өтілгендей, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдары баяндала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни несиемен қамтамасыз ету болып табылса, оларды несиелейтін екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің жағдайына да тоқталып өтеді [44].

Жоба өнеркәсіпті «нольден» бастап ұйымдастыруды көздейді. Жобаланған өнеркәсіптің өнімдері орташа бағалық сегментте болады. Өндірілетін өнімдердің негізгі тұтынушылары – өндіріс орыны орналасқан аймақтың тұрғындары, сонымен қатар көрші аймақтар болып табылады. Бұл кәсіпорын қала ішіндегі сауда орындарымен қатар, қала маңында орналасқан аудандарын өз өнімдерімен қамтамасыз етеді. Жоспарланған өнеркәсіптің басты міндеттері:

  • Кәсіпорын иесімен пайда алу;

  • Тұтынушыларды өнеркәсіп өнімдерімен қамтамасыз ету;

  • Өндіріс персоналын еңбекақымен, қалыпты еңбек жағдайын және кәсіби өсуді қамтамасыз ету;

  • Өнеркәсіп орналасқан мекендегі тұрғындарына жұмыс орындарын құру;

  • Қоршаған ортаны қорғау;

  • Өндіріс жұмысында техникалық, ұйымдастырушылық ақаулықтарды болдырмау.

Семей қаласында ет, ұн – комбикорм комбинаты, кондитер, сыра, шарап өнімдерін шығарушылар бар, ал сүтқышқылды тағам өнімдерін өндіруші кәсіпорындар саны аз. Мұндай өнімдермен қала халқын Өскемен (ЖШС «Эмиль», ЖШС «Исток-1), Павлодар «ЖШС МолКом), Алматы (ЖШС «Айналайын») қамтамасыз етуде. Бұлардың барлығы елді тұтас қамтамасыз етуге жеткіліксіздеу болып табылады.

Өнеркәсіптің басты мақсаты өндірілген өнімді тұтынушыларға реализациялау есебінен пайда алу болып табылады. Түскен пайданың негізінде еңбектік коллективтің және басшылардың экономикалық, әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру. Кәсіпорын шаруашылық есеп жүргізу, өзін-өзі ақтау және өзіндік қаржыландыру жағдайында жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар өнім тұтынушыларымен шарттар құрады, соның ішінде мемлекеттік тапсырыстарды алады және шарттар құрады.

Шағын кәсіпорынның негізгі қызметі:

  • Өнімді өндірістік және жеке тұтыну үшін өндіру;

  • Өнімді тұтынушыларға жеткізу және сату;

  • Кәсіпорындағы өндірісті материалды-техникалық қамтамасыз ету;

  • Өндірістік персоналдың еңбекін ұйымдастыру және басқару,

  • Өндіріс көлемін арттыру және жан – жақты дамыту;

  • Кәсіпкерік қызмет атқару;

  • Бюджет және қаржы органдарына салық төлеу және өз міндеттерін атқару;

  • Мемлекеттік заңдар, стандарттар мен нормативтер негізінде жұмыс атқару.

Кәсіпорын қаржылық органдар алдында салық және тағы басқа төлемдерді төлеуге, барлық шығындар мен жоғалтуларды өзінің табысымен өтеуге кепілдік береді.

Ұлттық бренд құру – Казақстанның алдында тұрған актуалды мәселе. Көптеген адамдар ұлттық сүт өнімдерінің ішінде қымыз мен шұбат сусындарына үлкен орын береді [45].

Мамандандырылған өнімдер тобында ерекше орынды қорғаныштық факторы бар және иммуномодульдеуші қасиетке ие өнімдер алады. Бұл топтағы өнімдерге бірінші ретте сүтқышқылды өнімдер жатады, ол жоғары тағамдық құндылығымен және жеңіл сіңірілуімен ерекшеленеді.

Сүтқышқылды өнімдердің сіңімділігі сүтке қарағанда жоғары, себебі олар асқазан және ішектің секреторлы қызметіне әсер етіп, нәтижесінде асқорыту жолындағы бездер ферменттерді интенсивті бөле бастайды да, тамақтың қортылуын жылдамдатады.

Сүтқышқылды өнімдерді тұтыну асқазан-ішек жолдарын инфекциялардан және қабынудан сақтайды, іш қатудың, колиттердің алдын алады, бөтен қосылыстардың, әсіресе ауыр металлдардың, радионуклеидтердің, афлотоксиндердің ағзаға токсикалық жүктемесін төмендетеді, тоқ ішек және тік ішекте қатерлі ісіктің туындау жиілігін төмендетеді, қандағы холестерин мөлшерін төмендетеді.

Барлық сүтқышқылды өнімдер қандай да бір дәрежеде антибиотиктердің табиғи көздері болып табылады. Асқазан-ішек жолдарынның қызметтерінің түрлі бұзылуларын, қаназдықты, өкпе және плевра ауруларын, зат алмасудың бұзылуларын және атеросклерозды емдеуде сүтқышқылды өнімдер кеңінен қолданылады [46]

Осыған орай кәсіпорынның ассортименті келесідей:

Кесте-1. Кәсіпорын шығаратын өнімдердің ассортименті және көлемі

Өнім аты

Шығару көлемі, кг

Жалпы өңдеу көлеміндегі үлесі, %

Снежок

870,6

24

Кефир

623,34

18

Қатық

779,88

22

Ацидофилин

498,72

13

Лактиналь

261,63

7

Қаймақ

581,46

16

Жалпы

3615,63

100

Технологиялық құрал-жабдықтарды таңдау және есептеу технологиялық схема және өнім есептеріне негізделеді. Құрал-жабдықтарды таңдау кезінде мыналар ескерілуі керек. Құрал-жабдықтар зауыттан жоғары сапалы өнім шығуын қамтамасыз ету керек. Бұл жерде шикізаттар мен қосалқы шикізаттардың (майсыздандырылған сүт, сарысу, май суы (іркіт)) шығындары минимум болуы керек; Тоқтаусыз істейтін, пайдалануға қолайлы, тез жөнделетін, жеңіл жуылатын, электр қуатын, сондай-ақ бу, су, суықты үнемдеп пайдалануға мүмкіндік беретін машиналар мен аппараттар таңдау керек;

Құрал-жабдықтар қымбат және қол жетімді болуы керек. Сонымен бірге олар тотықпайтын материалдардан жасалған болуы керек; Автоматтандырылған жабдықтарды таңдауға тырысу керек. Бұндай машиналардың өнімділігі жоғары, ал габариттері ықшамды, яғни олар аз орын алатын болады;