Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 тарау.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
37.76 Кб
Скачать

8 Жылғы ерте жастағы аутизмі бар балаларға бақылау жүргіземіз.

Қабылдауда 2 жыл 8 айдағы Сергей және оның әжесі. Баланың нашар сөйлеуі, нашар ұйықтайтыны, қорқыныш сезімі бар екенін, сонымен қатар ойыншықтармен ойнамайтыны байқалады. Балалар психиатрына баланы туғаннан бастап бақылаған балалар невропотолог жіберген. Бала дүниеге келгенде баланың церебралды сал ауруы болуына күдік болған. Әжесімен әңгімелесу барысында баланың ата – анасының дені сау және уақытында дүниеге келген. Ата – аналары бала болғанын қаламаған, бұл анасының бірінші жүктілігі, жүктілік қалыпты өткен. Бала гемотомамен туылған. 1 – 2 минуттан кейін айқайлайды,салмағы – 4500г, бойы – 50 см. Бала әлсіз, көп ауырған. Бала 1 жасында аяғына тұрып, аяғының ұшымен жүреді. Ең алғаш сөздерді 1,5 жасында айтады. 2 жасында фразаларды, таппақтарды айта бастады. 2,5 жасынан бастап сөйлеуі нашарлай бастады, айаласындағы адамдармен қарым – қатынас үзе бастады, бір ойынды жалғыз ұзақ уақыт бойы ойнады, өзінен өзі күле бастады, бір жіпке немесе затқа ұзақ уақыт бойы қарап отыра берді, түсініксіз дыбыстарды қайталай берді. Қатты дыбыстардан, судан үрейлене бастады. Баланы дефектолог қарап шықты. Ұзақ уақыт бойы жүргізілген жаттығулар нәтижесінде Сергейдің жағдайы жақсара түсті. Ол дефектлог – педагогтың бақылауы бойынша бұрыңғыға қарағанда қарапайым тапсырмаларды орындай бастады, сурет сала бастады, суреттерді бояды, біраз шыдамды бола бастады. Бірақ , ол өзімен – өзі жүгіре беретін, бір қимылды ұзақ уақыт бойы қайталап тұрды, түсініксіз дыбыстарды қатты дауыстап айтатын болды. Жалпы және психиканың артта қалуы айқын көріне бастады. Баланы орталық жүйке жүйесі бұзылған балаларға арналған балабақшаға орналастыруға мүмкіндік болды. Балабақшаға үйренісу өте қиынға соқты. Бірақ әжесінің тәрбиесі мен систематикалық емдеулер баланы жағдайын жақсатуға көмегін тигізді. Сонын арқасында бала мектепке дейін сол балабақшада болды. Балабақшада баланың ақыл – ойы біршама дамыды, бірақ эмоционалды – ерік сферасының артта қалғаны байқауға болады. Уақыт қте баланың қимыл – қозғалысы мақсатты бғытталмағаны көрініс табады. Ол жүгіре бастады, бір орында секіріп, ат сияқты айқайлап, бөлек дыбыстарды қатты дауыстап айта бастады. Бұл көбіне бала шаршағанда көрінді. Бала сұрақтарға жауап бермеді, оған сөйлеп тұрған адамның көзіне тік қарамады. Жалпы және ұсақ моторикасының бұзылысы байқалды. Мектепке дайындық кезеңінде бала әріптерді таныды және 10 – ға дейін санай алды. Сөйлеу тілінің кемістігі анық көрінді, себебі бала жай, қарапайым сюжетті суреттерден мәтін құрай алмады. Көп дыбыстарды бұрмалап айтты, дауысы жоғары, қатты, интонациясы түсініксіз. Баламен жүргізілетін түзетушілік жұмыстар әрі қарай жалғаса берді, 8 жасында баланы арнайы психикалық ауытқуы бар балаларға арналған мектепке берді. Мектеп бағдарламасын меңгере алды, балалармен бірте – бірте қарым – қатынасқа түсе бастады, тәртібі жақсара бастады.

Бұл бақылау, осындай психикасының ауыр бұзылысы кезінде, ерте жастағы аутизмі бар балалармен жүйелі, емдеу – психилогиялық – педагогикалық түзету жұмысын жүргізу әлеуметтік бейімдеуін жақсартады.

Ерте жастағы аутизмі бар баланы тәрбиелегенде белгілі бір қимылды орындатуға мәжбүрлемеу керек. Ата – ана балаға өз айтұанын істетуге тырысса, бала соғұрлым қырсығып, анасының айтқанын орындамайды. Балаға жақсы тәрбие беру үшін, оны белгілі бір күнделікті кун тәртібіне, гигиеналық дағдыларға үйрету керек. Аутизмі бар балалар жағымсыз қылытарды тез меңгеруге бейім болады. Мысалы, баланы өте суық немесе ыстық суға түсірсе, бала ұзақ уақыт бойы судан қорқып жүруі мүмкін.

Аутизмі бар балалардың көбі қатты әсер ететін дыбыстардын қорқады. Сондықтан олар судың дыбысынан немесе кір жуатын машинаның даусынан үрейленуі мүмкін.

Келесі тапсырма – баланың өз еркімен гигиеналық дағдыларға үйрету. Баланы кез – келген кішкене жеңістеріне мақтау айтып, мадақдап отыру керек. Оған әрдайым сенімділік көрсетіп отыру қажет.

Егер аутизмі бар бала ұзақ уақыт бойы гигиеналық дағдыларды үйрене алмаса, оған ата – ана төзімділікпен, шыдамдылықпен қарау қажет.

Баланы тамақтануға үйреу кезінде тамақтану тәртібін жасаған жөн. Күнделікті бір уақытта баланы тамақтандырған дұрыс. Тамақтану үшін балада өзінің суйікті ыдысы болу керек.

Балаға жаңа тағам түрін бергенде ата – ана абай болу керек. Себебі, бала ол тағамнан үрейленуі мүмкін. Сондықтан жаңа тағам түрін баладан алыс қою қажет және оны балаға бермес бұрын ересек адам «Қандай дәмді!»- деп балаға қорқудың қажеті жоқ екенін түсіндіру керек. Біртіндеп балада қызығушылық пайда болып, бала ол тағамның дәмін көргісі келеді.

Күннен күнге бала өзі тамақтану дағдыларын үйреніп, өзі тамақ іше алатындай жағдай туғызу керек.

Аутизмі бар балаларды ерте жастан үй жұмысына көмектесуге үйреткен жөн. Балалар тамақ пісіруге, үй жинауға, ыдыс жууға араласқаны дұрыс. Аутизмі бар балаға үйде үй жануары болғаны дұрыс, себебі бала ерте жастан жануарға қамқор болуға үйрету керек.

Мұндай балаларға ерте жастан түзету жұмыстарын, сабақтарын жүргізен жөн. Себебі, олардың жалпы және ұсақ моторикасын, танымдық процесстерін, сөйлеуін дамыту керек. Осы сабақтар балалардың үлкен адамдармен қарым – қатынас жасау кезінде тәрбиесіне, эмоционалды күйіне және өмірлік тәжірибесін жетілдіруге көмегін тигізеді. Отбасында тәрбелеуге педагог, педагог – дефектолог көмектесе алады.

Аутизм кезінде баланың қарым – қатынас жасауының бұзылуы.

Баланың ерте жас кезінде ересектердің көңіл бөлуін, өздерінің дауыс шығару арқылы немесе қимыл – қозғлыс, жест арқылы көрсетуі белгілі.

Қарым – қатынастың басты, маңызды функцясы өтініш жасау. Өтініш жасау көбіне вербальды және верьбалды емес түрде берілуі мүмкін. аутизммен ауратын адамдар эмоцияны, басқа адамдардың көңілін түсіну дамымаған. Олар әлеуметтік соқыр адам ретінде көрінуі мүмкін, бірақ оларды өзімшіл адам емес, оларда танымдық процесстердің дамымау салдарынан болған бұзылыс деп қараған дұрыс. Казіргі кезде шетелдік авторлар аутизммен ауратын адамдарды бірнеше топтарға бөліп қарастырады. Олар, сонымен қатар, бұл адамдардың әлеуметтік жағдайы өзгеруі мүмкін деп тұжырымдайды.

6 – 60 айдағы баланың әлеуметке бейімделуі туралы кесте.

Жасы

Әлеуметке бейімделуі

6 ай

8 ай

12 ай

24 ай

36 ай

48 ай

60 ай

Қалыпты дамыған балаға қарағанда белсенділігі төмен. Көру контактісі нашар.

Бала ашулы болса, оны көндіру өте қиын. Балалардың 1\3 бөлігі көңіл бөлгенді қажет етеді, бірақ басқа адамдарға қызығушылығ жоқ.

Бала еңбектеп жүре бастағанда қарым – қатынас жасау нашарлай бастайды.

Анасынан алыс кеткенде ешқандай көңілі қалатындай әсер болмайды. Ересек адамдардан ата – анасын таниды, бірақ ешқандай бауыр басатын әсер көрсетпейді. Біреуді сүйіп, құшақтай алады, бірақ бұл біреудің өтінішімен автоматты түрде жүреді. Ата – анасынан басқа ересек адамдарды ажырата алмайды. Үлкен қорқыныш сезімі болады.

Жалғыз болғанды қалайды, өзіне басқа ересек адамды жақындатпайды.

Ойын шарттарын түсінбейді.

Өзінің құрдастарына қарағанда ересектер қызықтырады. Жиі адамдармен қарым – қатынасқа түседі, бірақ түсініксіз және біркелкі қалыпта болады.

Ерте жаста аутизмнің ерекшеліктері

Ерте жастағы аутизмнің баста ерекшелігі – баланың қоршаған ортаға деген қарым – қатынасының толық болмауы. Балада ересектермен қарым – қатынас жасау ұзақ уақыт бойы қалыптасады немесе мүлдем қалыптаспайды. Ол ересек адамға нашар көңіл аударады, анасымен де қарым – қатынасқа түспейді, бұл « ана және бала»қарым - қатынасының қалыптасуына әсерін тигізеді. Бұл жағдайда ерте жастан түзету жұмыстарын жүргізу керек.

См: Питере Т. Аутизм: теориялық түсініктен педагогикалық әсер ету.

Бала анасына қиындықпен үйреніседі. Ерте жастағы балаға тән маңызды бейімделетін реакциялар қиындықпен қалыптасады. Ересек адам балаға қарап тұрғанда оған қолын созбайды, сонымен қатар аутизмі бар бала анасының қолында тұрғанда өзінің ыңғайсыз, жайсыз сезінеді.

Ерте жастағы қалыпты балада көрінетін қимылдардың бірі – ересек адамның түріне қарау болып табылады. 1 айлық баланың өзі анасының түріне үңіле қарауы мүмкін. Көру қарым – қатынас жасаудың ең басты құралы болуы мүмкін.

Аутизмнің белгілеріне көру қабілетінің бұзылуы жатады. Көптеген авторлар көру қабілетінің бұзылуын аутизмнің орталық бұзылысы деп санайды.

Ерте жастағы күлімсіреудің ерекшеліктері

Аутизмі бар баланың күлімсіреуі қалыпты уақытта пайда болады. Бірақ эмоционалды қарым – қатынастың бұзылысы аутизмі бар баланың алғашқы өмір жылында байқалады. Ол белсенділіктің төмендігінен және эмоционалды қарым - қатынастың жетіспеушілігінен көрініс табады.