Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1241_debiet_seessia.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
219.19 Кб
Скачать

3. Ереуіл атқа ер салмай

Ерулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай.

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Әр түйірі ат болмай,

Атыңды байлап келгенде,

Қатын-бала жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық шөл көрмей,

Арып-ашып жол көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темірқазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!

7- билет

1. Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен Тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнаубата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту,естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге,аңыз-әңгімелерге, толғауларға,айтыстарғажақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді.Қара сөзбенайтылғандары – пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз тұрақты, түсінік сөз ауыспалы мағынада келеді. Шешендік сөздер жазба әдебиетке жақын жанр.Оқиғаларыныңреалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би,Аяз би,Жиренше шешен),шешен,билердің(Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы. Олтүркітектесхалықтардың көпшілігінде кездеседі.[1]

2.Махамбеттің ғұмырнамасының беймәлім беттері  Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, ер рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жәнібек ауданы) дүниеге келді. Жастайынан ақыңдық өнерге құмартып өсті. Аскан дарындылығына калың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел құрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз құбылыстар мен келелі істерді өлендеріне арқау еткен.

Есімі калың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басыңда отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен, Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығыңца Махамбет қала бекінісшің түрмесінде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды.

Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісіңде маңызды рөл атқарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлендері бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды. 1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған «енді қайтып бүлікке қатысушы бол ма» деген ескерту жасап, босатады.

Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті асқан опасыздықпен өлтіреді. Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы — әділдік үшін күрес, бостандық, отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді.

3. Махамбеттің шешендік өнері.Махамбет — лирик акын. Оның лирикаларының өзекті аркауы — елді ерлік күреске үндеу. Махамбеттің ерлікке толы "Ереуіл атқа ер салмай”, "Беркініп садак асынбай”, "Толарсақтан саз кешіп” сиякты өлеңдері — шынайы саяси лирика. Акын ерлерді кимылға, жаумен кескілескен үрыска, белдесе айқасуға шақырады. Махамбет өлеңдерін ереуіл жырлары дейтініміз де сондықтан.

Махамбеттің біраз өлеңдерінде элегиялык сарын да байкалады. Көтеріліс жеңіліп, алға койған максат орындалмай калған соң, акын көңілі жабыркау тартады, өзегін өрт шалады, ең аяулы достары, серіктері окка үшады, халық басына кара бүлт бүрынғыдан да төне түседі. Аңырап ел қалады, ер қуғынға үшырайды. Елім деп өзегі талған, халқьша қабырғасы қайысқан ақын өлеңдерінен мүңды саздар сезіледі.

Махамбет "Мүнар күн”, "Еменнің түбі — сары бал”, т.б. өлеңдерінде өзінің ішкі жан сырын, кайзрысын көзінен канды жас ағыза отырып, мүңая жырлаған. Қимас, абзал достарынан, аяулы басшысынан айырылған, көтеріліс кайғылы аякталғаннан кейінгі туған елінен, атамекенінен алшақтаған, ақынның жан азабын баржүрегіңмен сезінесің де түсінесің. Бірақ оның элегиялық сарындағы өлеңдерінің өзінде де оптимистік рух, күреске шақыру үні, ерлік жалыны сезіледі.

Махамбеттің "Аспандағы боз торғай”, "Арканың кызыл изені”, "Бүл дүниенің жүзінде”, "Арғымактың баласы”, "Толғау” атты өлеңдері философиялык лирикаға жатады. Өмірдің эр алуан кұбылыстарын, оның бір калыпты түрмай өзгеріп отыратынын, адамдар арасындағы карым-катынастарды бақылай келіп, ақын күрделі қорытын-дылар жасайды.

Махамбет өлеңдерінде ғибратқа толы, нақыл боп кеткен мүндай өнегелі жолдар аз емес. Ол өзінің сондай терең ойлы сөздерімен кейінгі үрпағына да тіл каткандай, акыл өсиет айтып кеткендей.

Махамбет өлеңдері көбіне шешендік өрнекке күрыл-ған — нақыл, терме, толғау түрінде келеді.Махамбет өлеңдері көбіне жыр ағынымен келетін 7-8 буынды не бірыңгай жеті буынды болып келеді. леңдері, негізінен, шүбыртпалы айнымалы ұйқаспен жазылған.

Махамбеттің сөз таңдауы көтеріліс мақсаттарына байланысты. Ол көтеріліс басшысы Исатайды биіктету үшін оны тарланға, арыстанға, ал өздерінің ата жауы Баймағамбетті нарқоспаққа балайды (наркоспак—түйенің ең нашар бір түрі). Сол аркылы оның жексүрындык бейнесін береді. Немесе хан-сүлтандарды "қарны жуан билер” деу аркылы да олардың жиренішті кескінін бере білген.

Махамбет — өз ойын капысыз жеткізу үшін сөздерді талғампаздыкпен колдана білген ақын. Бірак ақын оларды тек әсемдік үшін ғана ала салмаған, өмір шындығын терең бейнелеу үшін қолданған. Мысалы, Исатай казасына орай халык басына түскен каралы күнді бейнелеу үшін "мүнар”, "шүбар” сиякты эпитеттерді орынды пайдалану аркылы оның орны толмас каза екенін білдірген.

8-билет

1. Фольклор — халық шығармашылығы, яғниаңыздар,қиссалар,ертектер,мақал-мәтелдер,жұмбақтар,жаңылтпаштаржәне т.б.Алғашқы қауымдыққұрылыс кезінде пайда болған фольклор дамығанқоғамныңэтностарындада сақталған.[1] Ол нақты тарихи фактілерментұлғалардыбейнелеуге ғана арналмай, өткентарихтыңбасты-басты мән - мазмұнын көркемдік-бейнесі тұрғыдан білдіруге саяды. Фольклор рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі, халықбұқарасының, этностардың көркемдік ой-толғамының неғұрлым пәрменді нысаны, олардыңэстетикалықдарыны мен талғамының, адамгершілік ереже -қағидаларыныңшоғырлы көрінісі мен топтамасы болып табылады. Фольклордағы көркемдік жинақтама бейнелер арқылы халыққоғамдықөмірдің әр түрліқұбылыстарынакөзқарас тұрғысын білдірген.[2]

2. Спандияр Көбеев 1878 жылы 1-қазанда бұрынғы Торғай облысының Обаған болысында туған. Ол алғаш ауылдық мектепте, кейін Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің шәкірті, әрі жолын қуушы Спандияр ұстазының дәстүрлерін бекем ұстанды. Ол революцияға дейінгі кезеңде әрі педагогтік, әрі жазушылық қызметпен шұғылданады. С. Көбеев өзінің сүйікті қызметінен – жас ұрпақты тәрбиелеу ісінен кеңес дәуірінде де қол үзбейді, бар саналы өмірін сол мақсатқа арнайды. Осындай зор, бағалы еңбегі үшін Ленин орденімен екі рет наградталды, ал 1947 жылы Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат болып сайланды. Спандияр Көбеев 1956 жылы қайтыс болды. Спандияр Көбеевтің шығармашылық іске ден қоюы оның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты болған. Ол ел ішінде мұғалімдік, солардың ой-санасын оятуға көмектескен. Көбеев Пушкиннің «Дубровский» повесі мен Гогольдің «Өлі жандары» романының мазмұнын қазақшалап айтып беріп жүрген. Оны Крылов мысалдарымен табыстырған да – осы мақсат. Спандиярдың Крыловтан аударған қырықтан астам мысал-өлеңі 1910 жылы Қазанда «Үлгілі тәржіма» деген атпен басылып шыққан. С. Көбеев 1912 жылы «Үлгілі бала» атты хрестоматиясын бастырды.бұл кітапқа автордың бірсыпыра төл шығармалары мен орыс жазушыларынан аударған еңбектері енді. С. Көбеевтің творчестволық мұрасында «Қалың мал» романы ерекше орын алады. Жазушының бұл шығармасындағы негізгі кейіпкері Ғайшаның тағдыры арқылы қазақ қызының сол бір бейуақыттағы аянышты өмірін, аңсаған арманы мен үмітін, сол жолдағы талабы мен күресін шынайы түрде жинақтап көрсеткен және әлеуметтік теңсіздік пен соған қарсылық тақырыбын да қамтыған. Бұл Көбеевтің творчествосындағы прогресшіл бағыт пен демократтық беталыстың айқын да, даусыз шындығы еді. Романда революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнелеумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер характерін даралап көрсеткен. Өз дәуірінің жаңашыл талап-тілектеріне жауап беруге тырысқан, замана жаршысы бола білген және ұлттық әдебиетте тұңғыш роман жазған Спандияр Көбеевтің есімі ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихынан құрметті орын алады.

3. С.Көбеев Мектепке шақыру 

Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,  Мәз болмай деген сөзге «мырза, ерке».  Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты,  Зат емес надан кісі алар текке.  Ертеңгі шақыруымен әтеш, құстың  Халықтар кетіп жатыр егіндікке.  Күн шығып терезеге сәуле түсті,  Тұрыңыз, жарамас тек уақыт өтсе.  Адам да, аңдар-дағы, құстың бәрі  Әрқайсысы қызметінде келгенше әлі,  Қалбаңдап көбелек те тек жүрген жоқ  Бал жинай кетіп барады ұшып ара.  Тоғайдың қызығына тоймастай жан,  Орманда қыбырлаған әртүрлі аң.  Тұра сап тоқылдақ та тек жүрген жоқ,  Ертемен құстар сайрап салады ән.  Шөпшілер тоғайда жүр шөбін шауып,  Қол күші еңбегімен пайда тауып.  Балықшы ауын қарап қайыта жүр,  Ден сауда жұмыс та бір қызық сауық.  Қарасақ әр мақұлық қызметінде  Көрінеді осылайша күнде-күнде.  Ынтамен сабағыңызға қол қойыңыз,   Надан боп жұрт болмассың тек жүргенде

 9- билет 1. Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.

Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:

  • тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),

  • дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),

  • үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),

  • мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),

  • өтірік өлеңдер, т.б.

Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б.

Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.

Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (А.Байтұрсынов), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.[1][2]

2. Сәбит Дөнентаев (1894—1933) — қазақ ақыны. Оның поэзиясытерең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдыменақынныңкөптегенөлеңдерінденақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясыныңтілітаза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ лептілік жоқ. Олөміршындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді.Ақынойға жомарт,сөзгесараң болуға кеп көңіл бөледі...

1894жылыСемей облысыныңПавлодар уезiнiңАқсуболысында туған.ӘкесіДөнентай кедей еді. РуыАрғынішінде Бәсентиін.

Қасымқажы Ертісбаевтың медресесінбітірген соң өлең жазу бастады.

1916жылымаусымның 25патша жарлығымен жасы 19 мен 43 арсындағы қазақ және басқа орыс емес «бұратана» атайтын халықтарының жігіттер майданға алынды. Солардың арасында Сәбит те болған.Екібастұздыңкөмірқазатын болды, кейінРигақаласының өңірінде окоп, ор (траншея) қазған.

1917жылыныңАқпан төңкерісіненкейін туған жеріне қайтты.Ақпантөңкерісін қолдап басқаАлашазаматтарыменұлтазаттық қозғалысына қосылып,қазақхалқынаавтономияберуіне, халқының өмір деңгейі көтеруіне, өзгеріс пен дамуына шақырады.

Семейдемұғалімдерсеминариясында оқиды. Сол кездеСемейқазақтың ұлттық қозғалысының мәдени, саяси, рухани орталығына айналысады,Алаш-қаладеп атайды. Семинария ше, зиялыазаматтароқып бітірген білім ордасына айналысады. МұндаЖүсіпбек Аймауытов,Мұхтар Әуезовтероқыған, кейін семинариясынШәкен Аймановда оқып бітіреді.

Кеңесүкіметі орнаған соң, Сәбит Дөнентаев жаңа үкіметін қолдайды, олқазақхалқына басқа халықтарымен тең құқықтарын береді, қарапайым шаруасының өмірін өзгереді, жесір-жетімдерінің қамын ойлайды деп сенеді.Мектептердемұғалім болып жұмыс істейді, үгіт-насихат жасайды, сауатсыздардың көзін ашады. Оңдай ағартушылар сол кезде керек еді, өз уақытындаАхмет Байтұрсынов,Міржақып Дулатовтағы басқалар мұғалім-ағартушы болып мектептерде сабақ берген.

Баянауылдасотта жұмыс істеген, кейін орнынаҚаныш Сәтбаевкелді.

1923жылынан бастап, Семейдің «Қазақ тілі»үнжариясында жұмыс істейді.Қазақ әліпбиілатын әрпінен құрастырғаны дұрыс деп ойлаған.

Қалың малға тыйым салу үшін күресіп, әйелдердің тең құқықтары үшін күресіне үлес қосқан.

Әйелі — Қорлығайын Қожақызы байдың немересіеді. СәбиттіңәкесіДөнентай өмір бойы сол Мәннәнбайдың малын баққан. Мәннәнбайдың немересін қалың малсыз алып жұбайы қылған. БаласыМақсұт1922 жылы қызылша болып қайтыс болған. Қызы Сәулет 1924 жылыПавлодар облысыныңҚұркөлауылында туған.

Ақын-демократ, қаламгер, мұғалім-ағартушы, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаев 1933ж.мамырыдың23қайтыс болған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]