Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1241_debiet_seessia.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
219.19 Кб
Скачать
  • 21- билет

  • 1.Сюжет (фр. sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.

  • 2.Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы

  • Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.

  • Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасын талдар тұста, алдымен, ақын - өз дәуірінің үні екенін ескеру шарт. Суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс, жеке-дара қалып, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Ен өзіндік дүние танымына сәйкес әлеуметтік көзқарасы бар. Сондықтан, өмір құбылыстарын суреттегенде оған өз қарым-қатынасын көрсетпей қала алмайды. Өз шығармасында сәулелеңген өмір шындығы туралы өз кесімін айтып, өз «үкімін» шығарады. Абай да өз лирикасының керекті жерінде кейбір қоғамдық қатынастардан белгі бере отырып, өзінің өмірге көзқарасын, таным-тапғамын, идеялық бетін айқындайды. Абай - өз дәуіріне қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат қарау әрекеттер - заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күйзелтеді де, дәл осы жеке басқа тән жай- күйлер енді бірде арнасынан асып, қоғамдық сипат алған. Сонда, ақынның бір адамды сынағаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны, тілін болыс пен ұлыққа түйресе, сол кеселді туғызып отырған патша әкімшілігіне түйрегені болып шығады.

  • 3.Сұлтанмахмұт Торайғыров

  • ТУҒАН ЕЛІМЕ

  • Үміт қып менен қарайсың, Көңіліңе медеу санайсың. Балалыққа жарасам, Аталыққа жарайсың.   Қайтейін, елім, қимаймын?! Қия алмай жанды қинаймын. Қимай қалсам ішіңде, Тағы тыншып сыймаймын. Алты қырдан ассам да, Сөздеріңді сыйлаймын. Тек қалауым сіздерден, «Серіктікті» милаймын; Сіздерге әкеп шашуға Ілім-білім жинаймын.

  • 22-билет

  • 1)Композиция(лат. сотрозійо - құрастыру, шығарма) -

  • Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым Композицияны түрлері:

  • Сюжеттің басталуы (уақиғаның басталуы).

  • Шығарма ішіндегі уақиғалар байланысы.

  • Уақиғаның шарықтау шегі.

  • Уақиғның аяқталуы (шешімі).

  •  

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]