Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ежелгі ТБ3.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
95.29 Кб
Скачать

75-Ші билет. Евразия аумағында ғұндардың саяси және экономикалық рөлі:

Ғұндардың патшасы Аттила 450 жылы Рим империясының шекарасын кесіп өтуге дайындалды. Ол Рим императоры Валентино III-ден қарындасы Генорияны өзіне әйелдікке және Рим мемлекетінің байлығы мен билігінің біраз бөлігін беруге талап етті. Римдіктер мұны біліп қатты дүрлігеді.

451 жылы Аттила алып державаның әміршісі болды. Оған Днестірден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі жерлер бағынды.Ол қай жерге аяқ басса, сол жерде үрей туғызды. Аттилаға бағынбаған Рим ғана қалды. 451 жылы аттила Рейн өзенінің басы өткенде, Римнің тағдыры қыл үстінде тұрды. Римнің әскер басы Аэци деген адам еді. Ол ғұндар әлемін жақсы білетін. Аэцидің туы астында весьтоготтар, аландар, алемендер, бургундар, франктар бірігіп 451 жылы маусымда Тура қаласының жанындағы жазықта Аттила әскерімен шешуші шайқас болды. Мұндай жүздеген мың әскер қатысқан ірі соғысты бұдан соң тарихты XIX ғасырға дейін ешкім көрген емес. Өлгендердің саны 166 мыңға дейін жеттіп, жапа шеккен жаралылар өзеннен қан араласқан су ішкен екен.Алғашқы шайқас Аттиланың жеңілісімен бітті. Ол әскерлерімен бірге күшті лагерьге тасалануға мәжбүр болды. Шабуылды күту кезінде, ол ғұндардың дәстүрі бойынша, жау қолына тірі түспеу үшін өзін отқа жағуға дайын еді. Римдіктер құрған одақтың арасында өзара келіспеушілік, сенбестік, араздық басталды. Аттила өз әскерлерін ертіп,

аман — есен кері қайтты. Көп ұзамай ол өзінің әскері қатарын толықтырып, Италияның оңтүстігіне, яғни Римге қарай бет алды. Милан қаласы Аттилаға тіпті өз еркімен берілді.Қала басшысы қақпаны ашқан үшін Аттила қайырымдылық жасап, қаланы жай ғана тонады.

Ендігі кезең Римдікі еді. Мәңгілік қаладан Рим папасы — I Лев Аттилаға, қайырымдылық сұрау үшін, елші жібереді. Елшілер Аттилаға көп алтын,асыл заттар тарту еткен. Күтпеген жерден Аттила келісім берді. Себебі, ғұн елінде оба ауруы басталған еді. Ғұн патшасы Попнонияға кетпекші болды, бірақ римдіктері Гопорияны әйелдікке бермесе, келесі жылы келіп қаланы шабамын деп қорқытты. Аттила қайтып келмеді.Ол өз сарайында әйелдікке бургун елінің сұлу қызы Ильдиконы алды. Бірақ, Аттила тойдың ертесі күні өлейін деп жатқанын көрді. Аттиланың өлімі туралы оның бургун карольдігін күйреткені және туысқандарын өлтіргені үшін кек алу мақсатымен Ильдико у берді деген хабар еуропаның шартарабына тарайды.

Аттила өлгеннен кейін ғұн империясы құлайды және ыдырайды

76-Шы билет. Қанлылардың егіншілік шаруашылығы

Шаруашылығы — Қаңлы мемлекеті алып жатқан жер табиғи-климаттық және ландшафтық-географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған. Мұнда тау аңғарларындагы құнарлы тау беткейлері, өзендердің анғарлары, кең-байтақ дала кеңістіктері, шөлейттер мен шөлдер де бар еді. Нақты шағын аймақтардың әрқайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің негізгі бағытын да географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудандар адамның игеру дәрежесімен, шаруашылық қызметке тартылуымен, шаруашылықтың белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленді. Хорезмде, Арал өңірінде, Зеравшан аңғарында, Ташкенталқабында ертедегі және алдыңғы антик дәуірінде отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасқан. Көшпелі (жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді. Бұл орайда сол шаруашылық бағыттарының өкілдері этникалық жағынан туыс еді, олардың мәдени тамырлары бір болатын. Бұл қоныстар тұрғындарының шаруашылық қызметі қарапайым суландыру негізіндегі егіншілік болды. Бірақ біздің заманымыздағы алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ, мысалы, Шыршық өзенінің оң жағалауында ірі Зах каналы (20 шақырым) қазылды, ал сол жағалауында Ханарық каналы тартылды. Жетіасар алқабында тұракты емес, тасыған өзендерді, су жайылған тоғандарды, көп еңбек жұмсау керек етілмейтін шағын суландыру жүйелерін пайдаланып, көлдете жайып суару түрі басым болды31. Көк-Мардан алқабындағы суландыру жүйесін қосымша зерттеу Арыстың ескі арналарында топырақ үйіп бөгелген тоғандар мен бөгет салынған тармақтары суландыру үшін пайдаланылғанын көрсетті, олардан егістіктер мен бақшаларға су ағатын арықтар тартылған. Жергілікті жерді зерттегенде және ескерткіштер мен олардың төңіректерінің аэрофото суреттерін ажыратқыш қарағанда арықтардың іздері, плотиналар мен бөгеттердің қалдықтары аңғарылды. Қаңлылардың қазылған қоныстары мен ертедегі қала орталықтарының бәрінен дәнді дақылдардың (арпа, тары, бидай) қалдыктары, бақша дақылдары (қауын, қарбыз) мен жемістердің (алма, жүзім, өрік және басқалары) дән- сүйектері табылды.

Тұрғын үйлер жанындағы зат сақтайтын жайлардан қор сақтауға арналған үлкен қыш көзелер мен ыдыстар табылды, еденнен ұра-шүнқырлар қазьшған. Мәдени қабатта, тұрғын үйлердің қираған жұртында дәнүккіштер, тас диірмендер мен келілер көп. Тұрғын үйлер жанында малды қоршауда ұстауға арналғаны анық орындар кездеседі. Малдың негізгі бөлігі, қоныстан тыс жерде, ұжымдык табында ұсталса керек. [[Қаңлы]лардың қоныстарын қазған кезде үй жануарларының сүйектері көп кездеседі. Олардың ішінде ең көбі қойдың, сиырдың, ешкінің, жылқының сүйектері. Палео- зоологтар елік, таутеке, арқар, киік, марал, қабан сияқты жабайы жануар- лардың сүйектерін де бөліп көрсетеді. Басқасын былай қойғанда, мүйіздерден әр түрлі бұйымдар жасалған. Үйрек, қаз, бірқазан сияқты суда жүзетін құстар ауланған. Балық аулау дамыған, оны балық сүйектері мен қабыршақтарынын табьшуы дәлелдейді. Балықты сүңгімен түйреп, басқа да әр түрлі құралдармен аулаған. Тегінде, мемлекеттің билеуші таңдаулы адамдары, кейініректе Орталық Азия тарихында болғанындай, өздерінің ерте замандағы ата-бабаларының көшпелі тұрмыс дәстүрін, идеологиясын, тарихи аңыздарын сақтап қалса керек. Осыған байланысты Қытай хроникаларының қаңлы билеушілерінін жазғы және кысқы ордаларының әр жерде орналасқанын, олардың бір-бірінен 900 ли қашықтықта жатқанын хабарлайтындығын еске сала кетейік. Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығына өте ертеден бастап, қазіргі кезге дейін жайылымдардың маусымдар бойынша бөлінуі тән екенін және көшіп-қону жолдарының меридиан бойынша болатынын ескере келіп, қаңлы қысқы астанасы Сырдария бойындағы аймақта болса, жазғы жайылымы мен билеушінің ордасы алыста жатқан Орталық Қазақстан далаларында болуы мүмкін деп жорамалдау әбден орынды болады32.

79-шы билет. Қаңлылар:қолөнер мен сауданың дамуы: Қолөнер: Қолөнер — Қаңлылардің қалалары мен қоныстары жергілікті базарларды не қажеттінің бәрімен қамтамасыз ететін қолөнер орталықтарына айналады. Қоныстар мен қорымдарды қазғанда керамика мейлінше көп табылды. Зерттеушілер шаруашылықта түрлі қажеттерді камтамасыз ететін ыдыстардың ондаған түрін атайды. Металл ыдыспен бірге, керамика ыдыс тамақ дайындау үшін пайдаланылған. Сұйықгы тасу және сақтау үшін тұтқалы құмыралар тұтынылған. Азық-түлік жерге қазып орнатылған үлкен ыдыстар — көзелерде сақталған. Ақырында, әсемдеп жасалған ас ішетін сапты- аяқтар, құмыралар, кеселер де болды. Әдетгегі бұйымдар ішінде зор көркемдік талғаммен істелгендері кездеседі. Мысалы, тұтқасы жануар мүсіні түрінде жасалған қакпақ сондай бұйым. Ол жануардың тұмсығы дөңес, құлақтары тік әрі шұнақ сауыры шөпкөректілерге тән, қысқа құйрығы жоғары қайырылған. Тегі, мүсінде киік бейнеленген болса керек. Бұл кезде керамика дайындау ісіңце қыш үршықшасы әлі таралмаған. Ыдыстар айналып тұратын тұғырда таспалау әдісімен жапсырып жасалған. Безендіру және сапасын жақсарту үшін антобтық қаптама, жылтырату, ойып өрнектеу қолданылған. Күйдіру көбінесе қыш күйдіретін пештерде жүзеге асырылды. Жалпы алғанда, зерттеушілер Сырдариядағы керамика өндірісінің әдеттен тыс қарапайымдылығын, дәстүрлілігін үнемі атап көрсетеді. Қаңлылар заманындағы қорымдар мен қоныстардан алуан түрлі металл бұйымдардың табылуы жергілікті жерде металлургия қолөнерінің дамығанын көрсетеді. Қаңлы үшін металлургия өндірісінің жетекші орталықтары Шаш - Илақ аймағындағы қоныстар мен қалалар болды. Нақ сол кезде осында, тауларда, жергілікті кен негізінде темір және полиметалл өндіру, алтын мен күміс өндеу дамиды. Алдыңғы қалалық ірі металлургия орталықтарының бірі қираған Құлақта қаласының орнындағы қала болған. Оның көлемі 50 гектарга жеткен, метал-лургия өндірісінің іздері айқын сақталған33. Әдетте құрамы бай кеніштерден кен алынды. Олар опырылып, ашық өңірлеу мен аралас топырақты өңдеу жолымен өндірілді, бұл кенді аз бергенімен, оған шығын да аз жұмсалатын еді. Кеңді балқыту, байьтту, тегінде, кеніштерге жақын жерде жүргізілсе керек. Дөңгелек пештер де, төрт бұрышты пештерде пайдаланылған34. Металл бұйымдардың құрамы мен шеберханалардың қалдықтарды ме- таллургияның түрлі салалары — темір ұсталығы, қола құю, зергерлік істің дамығаның дәлдейді. Шеберханалардың өніміне қорғаныс және шабуыл жасау қарулары, ат әбзелдерінің болшектері, ауыл шаруашылық кұралдары, темірден соғылған бұйымдар кірген. Қаңлылардың қабірлерінен әдетте қанжарлар, семсерлер, пышақтар, жебелердің үштары, сауыт табақшалары табылды. Темір тағалар, шегелер, ілмектер, қапсырмалар, түсті металдан істелген бұйымдар — сырғалар, алқалар, білезіктер, айылбастар, инелер, біздер ұшырасады. Сауда: Сауда — Біздің заманымыздағы II — V ғасырлардағы қаңлылардың шаруашы- лығьшың сипаты туралы жинақталған деректер тұрғындарды барлық қажетті өнімдермен, шикізатпен және қолөнер бұйымдарымен өзін-өзі толық қамтамасыз еткен деп қорытынды жасауға қазірдің өзінде мүмкіндік береді. Ең дамыған аймақтарда ертедегі қалалы орталықтар қалыптасып, колөнер мен сауда орталықтарына айналады. Ішкі базардың дамуын сол кезенде жергілікті теңгелердің тұрақты соғып шығарыла бастауы дәлелдейді. Қазіргі уақытга мамандарға салмағы әр түрлі, иконографиялық дәстүрі тұрақты 1300-ден астам мыс теңгелер мәлім. Негізгі үлгісі — билеушінің портреті қырынан бейнеленген. Иконографиялық нұсқалардьщ өзі де әр түрлі сериялы, бірак оларды таңбалардың бір үлгіде бейнеленуі мен теңгенің сырт жағындағы ертедегі бейнелер біріктіреді36. Мұндай теңгелер табылған негізгі аймақ — Ташкент алқабы. Қаңлы кейіннен енген қаңлылар Юни деген шағын иелігі осында орналасқан. Біздің заманымыздағы III ғасырда қаңлылардың бөлшектенуі салдарынан бұл иелік дербес Шаш иелігі ретінде мәлім. Жоғарыда суреттелген үлгідегі теңгелердің мерзімі дәстүр бойынша біздің заманымыздағы III - IV ғасырлар деп белгіленеді. Алайда қаңлылардың теңгенің неғұрлым ертеректе қолданылғанына дәлелдер бар. В.М.Массон Грек-Бактрия билеушісіЭвкра- тидтің кейіннен қаңлылар теңгелерінің соғылуына ұқсас таңба соғылған күміс теңгесін атап өткен. Бұл теңгенің мерзімі б. з. б. II ғасыр деп белгіленеді және Сырдария аймағы мәдениеттерінің қаңлы тобына жатқызылады37. Ташкенттеңгелеріндегі таңбалар сияқты таңба біздің заманымыздағы I ғасырдан бастап Хорезмтеңгелерінде кімге тиесілі екендігінің негізгі белгісі ретінде орнықтырылады38. Осы деректер негізінде мамандар Хорезм мен Шашбилеушілерінің қаңлы қалыптасып, ол гүлденген кезенде ғана орнығуы мүмкін болған туыстық байланыстары туралы мәселе қойып отыр39. Сонымен бір мезгілде дерлік қаңлы аумағында қытай теңгелері — У- шу пайда болады. Олар, атап айтқанда, Отырар алқабындағыМардан қорымынын қабірлерінен табылды40 және алыс жерлермен сауда байланыстары жасалғанын дәлелдейді. Бұл теңгелер Орта Азияға Шығыс Түркістан арқылы келген. Ферганадағы үңгіп қазып жерлеген қабірлерден олар едәуір көп табылды41. Олардың мерзімі б. з. б. II ғасырдан басталады деп белгіленеді. Қабірлерден теңгелердің табылуы, сөз жоқ, тауар-ақша қатынастарының дамығанын дәлелдейді. Соңғы кезенде қаңлыларға қушандар мен сасанилердің күміс, мыс теңгелері келеді. Талас аңғарындағы Шоң-Қаңқа-1 қорымынан осындай екі теңге табылды. Олардың біреуі — сасанилік Хормизд патшаның атынан соғылған күміс теңге де, екіншісі — Кушан билеушісі Васудеваның мыс теңгесі.

80-ші билет. Парсылар мен Александар Македонскийдің шапқыншылық жорықтары: Б.з.б. 530 жылы Кир бастаған парсы әскері Сырдарияға дейін келіп, сақтармен соғысты. Томирис патшайымның баласы Спаргапис парсылардың торына түсіп, қаза табады.   Геродот өз жазбаларында сақтардың парсылармен соғысы туралы баяндайды:   “ Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі”.   Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң парсылар сақтарға қайта шабуылдады. Бұл жорықты Дарий патша басқарған. “Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым” деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында жазылған.   Б.з.б.519 жылы Дарий бастаған парсылар сақ жеріне шабуылдады.Cақтардың көсемі Скунха жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.   Грек тарихшысы Полиэн: “Шырақ есімді сақ денесін өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін алдап, шөлге апарып қырады”деп жазған.   Дарий көп әскерінен айырылып, Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақтың ерлігі арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.   Парсы патшасы Кирмен келіссөз жүргізуден бас тартқан Томирис (б.з.б.570-520ж.ж) парсылармен соғысады. “Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ . Томирис көп әскермен Кирге қарсы аттанып, 200 мың парсыны жойып жібереді”-деп жазды Помпей Трог.   Б.з.б.4 ғасырда Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған гректер Орта Азияға басып кіріп, Сырдарияға аттанды. Ежелгі грек тарихшысы Арриан А.Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтармен соғысқанын жазған.   Сақ батыры Cпитамен 3 жыл бойы партизан соғысын жүргізіп, грек гарнизоны орналасқан Маракананы (Самарқан) қоршауға алды. Сақтар А. Македонскийдің ірі әскери бөлімін қоршауға алып, түгел қырып салды. “Скифтер мен Спитаменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды”- деп жазады Арриан. Кейбір деректерде осы соғыста Александрға сақ сарбазының жебесі тиіп, санынан жараланды деп көрсетеді. Cақтар гректердің Шығысқа жүретін жолын бөгеп тастады.   Б.з.б.490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылардың құрамында болып, гректерге қарсы соғысты. Сақтар парсылармен бірігіп, Египеттегі және Грекиядағы соғыстарға қатысқан.

81-ші билет. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары:табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени фактор: Көшпеліліктің шығуы, көпшілікжағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттықаймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт,шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға: Қазақстан, Моңғолия,Жоңғария, Араб түбегі, Оңтүстік-батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африкаконтиненті жатады. Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар,Маңғыстау жоталары, Алтай,Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттершекараларында маргиналдықаймақтар қалыптасты. Оларға тән шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай көшпелі шаруашылық пен мәдениет. Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің, Жайықтыңбойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. Жоңғар, Іле, Қырғыз Алатауындағы тау бөктерлерінде жылына 500 миллиметрден астам ылғал түседі. Бұл өңірлерде, әсіресе өзен-көлі сулары маңайында, ежелденегіншілік пайда болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан. Құнарлы топырақты, жұмсақ климатты Сыр бойы, Шу, Талас аймақтарында қола дәуірінен бастап-ақ егіншілік дамып, орта ғасырларда біршама дамыған қала мәдениеті қалыптасқан. Дегенмен де осы егіншілік, отырықшы мәдениет қалыптасқан аймақтардың өз ішінде де мал шаруашылығы егіншілікпен қатар дамып, жалпы алғанда, бұл өңірлердің де шаруашылық-мәдени тұрпаты жартылай отырықшы, жартылай көшпелі болған. Әр заманда климаттық ауытқуларға, тарихи-саяси, этномәдени ахуалдарға байланысты бұл өңірлерде бірде отырықшы, жартылай отырықшы егіншілікшаруашылық пен тұрмысқалыптасса, (мөлшермен VI—XIII ғғ. аралығы), ал енді бір замандарда (қола, ерте темір дәуірі, соңғы орта ғасырлардан XX ғ. басына дейін) жартылай көшпелі, кей аудандарында тіпті көшпелі шаруашылық мәдени тұрпаты қалыптасты. Палеоклиматология ғылымында әрбір континенттің өз ішінде ұзақ мерзімдік климаттық ауытқулармен қатар 100—200 жылдар бойы ауысып келіп отыратын климаттық-табиғи жағдайлар жиі кездеседі. Осындай табиғи-климаттық өзгерістер ұлан-байтақ жерімізді ежелден мекендеген халықтың (ал біз солардың тегін, мәдениетінжалғастырушы екенімізде шүбә болмауы керек) шаруашылық мәдени кескінінің, түрлерінің әр замандарда белгілі бір өзгерістерге ұшырап отыруына міндетті түрде әсер еткен. Көшпеліліктің шығуы, көпшілікжағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттықаймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт,шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға: Қазақстан, Моңғолия,Жоңғария, Араб түбегі, Оңтүстік-батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африкаконтиненті жатады. Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар,Маңғыстау жоталары, Алтай,Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттершекараларында маргиналдықаймақтар қалыптасты. Оларға тән шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай көшпелі шаруашылық пен мәдениет. Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің, Жайықтыңбойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. Жоңғар, Іле, Қырғыз Алатауындағы тау бөктерлерінде жылына 500 миллиметрден астам ылғал түседі. Бұл өңірлерде, әсіресе өзен-көлі сулары маңайында, ежелденегіншілік пайда болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан. Құнарлы топырақты, жұмсақ климатты Сыр бойы, Шу, Талас аймақтарында қола дәуірінен бастап-ақ егіншілік дамып, орта ғасырларда біршама дамыған қала мәдениеті қалыптасқан. Дегенмен де осы егіншілік, отырықшы мәдениет қалыптасқан аймақтардың өз ішінде де мал шаруашылығы егіншілікпен қатар дамып, жалпы алғанда, бұл өңірлердің де шаруашылық-мәдени тұрпаты жартылай отырықшы, жартылай көшпелі болған. Әр заманда климаттық ауытқуларға, тарихи-саяси, этномәдени ахуалдарға байланысты бұл өңірлерде бірде отырықшы, жартылай отырықшы егіншілікшаруашылық пен тұрмысқалыптасса, (мөлшермен VI—XIII ғғ. аралығы), ал енді бір замандарда (қола, ерте темір дәуірі, соңғы орта ғасырлардан XX ғ. басына дейін) жартылай көшпелі, кей аудандарында тіпті көшпелі шаруашылық мәдени тұрпаты қалыптасты. Палеоклиматология ғылымында әрбір континенттің өз ішінде ұзақ мерзімдік климаттық ауытқулармен қатар 100—200 жылдар бойы ауысып келіп отыратын климаттық-табиғи жағдайлар жиі кездеседі. Осындай табиғи-климаттық өзгерістер ұлан-байтақ жерімізді ежелден мекендеген халықтың (ал біз солардың тегін, мәдениетінжалғастырушы екенімізде шүбә болмауы керек) шаруашылық мәдени кескінінің, түрлерінің әр замандарда белгілі бір өзгерістерге ұшырап отыруына міндетті түрде әсер еткен. Тіршіліктің көзі мал болған халық оның өнімдерін пайдалануды да үйренеді. Етін, сүтін тамаққа, терісін, жүнін киімге, үй тұрмысына, тіпті сүйегі мен мүйізін де қажетіне жаратты. Көшпелі тұрмысқалыптасуы барысында, алдымен, сүйретпелердің, одан соң арбаның шығуының да маңызы зор. Көшпелілер баспанасының алғашқы түрі арба үстіне орнатылған басқалқа, қос, күрке. Бара-бара көшпелілер көшіқонға ыңғайлы кереге, уық, шаңырақты киіз үйді ойлап тапты. Көшпелілердің ыдысы да көшуге ыңғайлы, сынбайтын, икемді материалдан — ағаш, теріден жасалды. Көшпелілікке өтуден бұрын мал шаруашылығы бірнеше өтпелі түрді: үй маңындағы малшылық, алысқа ұзамайтын бақташылық, жайлаубақташылығын басынан кешірді. Құдықтың шығуы да сол 2-мыңжылдықтың соңы, 1-мыңжылдықтың бас кезі. Көші-қон үшін дөңгелекті көліктің шығуының мөні зор. Дөңгелекті көлік суреттері қола дәуірінің тасқа салынған сурет-таңбаларында кездеседі. Алтайда зерттелген Бесінші Пазырық корғанынан күймелі арба және жүк таситын үлкен арба табылған. Бұл — сақ дәуірінің көлігі. Сақ дәуіріндегі алғашқы арбалар бір дәртелі болған, кейінірек екі дәртелі арба пайда болады. Көшпелілік басталған б.з.д. 1-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының ортасына дейінгі аралықта малшы тайпалар алдымен шөл далалардағы сусыз аймақтардықыстық жайылым ретінде игерді. Содан соң көшудің меридиандық, жоғары-төмен, шеңберлік, ендік түрлерін игерді. Шеңберлік немесе айналмалы көшпелілік дегеніміз — белгілі бір шеңбермен, ортадағы су көзінен алыстамай, айнала көшіп-қонып отыру. Әдетте, бұл көшпелілік малды құдықтан немесе көлден суаратын малшы тайпалар тәжірибесінде болған. Ендіккөшпелілік — батыстан шығысқа, одан соң шығыстан батысқа көшіп-жылжып отыратын көшпеліліктің түрі. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасына қарай көшпелі шаруашылық иен тұрмыстың жаңа жетістіктері пайда болды. Олар — темір үзеңгінің шығуы, ағаш ердің таралуы (бұрын тоқым сияқты жұмсақ ер болған), кереге,уық, шаңырағы бар киіз үйдің шығуы, т.б. Осы кезде, мөлшермен V—VI ғасырларда, көшпелі мал шаруашылығы өзінің дамуының ең жоғары деңгейіне көтерілді. Зерттеулерге карағанда, осыдан кейін де 1000 жылға таяу уақыткөшпелілер саяси биліктебасымдығын көрсетті. Олар бүкіл Азия, Еуропаның жартысында, Солтүстік Африкада өзінің билігін жүргізді. Олар Еуразияконтинентіндегі бүкіл саясижағдайды уысында ұстады, сауданы, керуен жолдарын бақылап отырды. Мүның бәрі олардың әскери күшінің мықтылығына байланысты болды. V—VI ғасырларда басталған көшпеліліктің "алтын заманы" XV—XVI ғасырларда қайта құлдырай бастады. Мылтықтың шығуы көшпелілердің соғыстағыбасымдылығын әлсіретті. Ендігі жерде көшпелілер шөлді далалы аймақтарда өзімен-өзі оқшауланып, отырықшы елдерге әсері әлсіреді.

82-ші билет. Жылқыларды қолға үйрету. Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оғанкерқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ.дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір,Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегіФранцияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустангдеп аталады) кеткен. Қазақстандағы тарихы Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4-3-мыңжылдық), Арқайымескерткіштері орта қола дәуірінде(б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетінарий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

83-ші билет. Көшпелі шаруашылық жағдайындағы экономиканың дамуы. Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiнедейiнгi кезеңде көшпелi мал шаруашылығына негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 жылы Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi шаруашылықтың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады.[1]

Көшпелi шаруашылығы дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал шаруашылығын анағұрлым тиiмдi жүргiзудi, сондай-ақ, егiншiлiк пен отырықшылыққа көшу мәселесiн шұғыл күн тәртiбiне шығарды. Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресi, атап айтқанда, жердi әдiл бөлу, орталықтан көшiрiп келген шаруаларға кепiлдi жер телiмдерiн қазақтардан тартып алып берудi доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердiң бiрiне айналды. Қазақтардың Мемлекеттік Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместiгi салдарынан көшпелi шаруашылықтар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетiлдi. Мұның өзi олардың еңсесiн түсiрдi, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып,шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетiлдiруге деген ықыласын кемiттi. 

84-ші билет. Ерте таптық қатынастар мен мемлекеттіліктің алғашқы белгілері: Қазақ мемлекеттігінің тұп-тамырын зерттеуді сақ, үйсін, қаңлы және ғұнтайпаларының әлеуметтікқұрылымынан бастаған жөн.Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген. Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. VII ғ. — б. з. V ғ.) көшпеліқоғамда малға жеке меншіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерғе бөлінді. Сейтіп, мемлекеттік құрылымның пайдаболуы жүзеге асты. Сақтардың мемлекеттік құрылымынан олардың көршілері Ахеменидтік Иран мен Грек-Бактриялық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі. Сақ қоғамындағы әлеуметтікқатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялықдеректерге көбірек жүгінетін боламыз. Жетісудағы сақ дәуірінің обалары біршама жақсы зерттелген. Биіктігі 18—20 метрге дейін жететін патша обалары ағаштан салынған. Мұндай сақ пирамидаларының ішіндегі зәулімі — Үлкен Бесиштыр қорымы (Іле өзені маңы). Орасан зор Бесшатыр патшалық обасының салынуы қоғамдаәлеуметтік жіктелудің болғандығын көрсетеді. Жекелеген адамдардың әлеуметтік артықшылығын білдіреді. Ал әлеуметтік теңсіздіктің болуы мемлекеттіліктің алғашкыбаспалдақтарының біріне жатады. Алғашкы кездегі сақ қоғамын әскери-демократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскери-демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатарқолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери-демократия заманында байлық текшаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана жасалмайды. Байлық — ендігі жерде — соғыс, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болған. Бұл бара-бара мүлік теңсіздігіне әкеліп соқты, бара-бара қоғамда бай, кедей топтарқалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптық қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтікқайшылықтарды шешетін, өндіріспен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат —мемлекет пайда болды. Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың қол астындағы жұртына әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс пенбейбітшілік мәселесін шешті, басқа елдерге елші тағайындады, сырт елдермен одақ құру мәселесінебасшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе, оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел құрылтайыншақырды. Бұл сақтар мемлекеттік жүйесінде демократиялыққағиданың болғандығын көрсетеді. Антикалық автор Аррианның дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді езінің сатраптары (қызметшілері) арқылы басқарды. Олар патшаның белгілі бір аймақтағы немесе тайпадағы өкілі болып есептелді. Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын — әскери-тайпалық ақсүйектер болатын. Сақтардың әлеуметтік құрылымыжөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәдени-генетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлесскиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдық- әлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұлдәстүр жерімізде сақтардан кейінөмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан. Алтайдағы, Шілікті жазығындағы,Жетісудың Бесшатыр, Есікалқабындағы сақтардың "патша қорғандары" осы патша әулеті мен ел басқарған ірі ақсүйектердің молалары. Скифтер мен сақтарда ел басқарудың ұлыстық қағидасіл болғанға ұқсайды. Олардыңпатшалығы үш белікке бөлініп басқарылған. Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Антикалық жазбалар деректеріне сүйенер болсақ, скифтердің осындай ақсүйектерініңсыртқы ерекшелігі — олардың ерекше қалпақ киюі. Сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе қолбасшылар мен батырлардыңорны жоғары. Патша маңайындағы нөкер әскердің де қоғамдық байлықтан алатын үлесі мол болған. Мемлекеттін келесі бір әлеуметтік тобын дінбасылар, сәуегейлер, бақсылар, ем-домшылар құрады. Бұлар да сақ қоғамының сыйлы адамдарына жатты. Жалпы, ғылым-білім әлі дұрыс дамымаған ерте кездегі, тіпті орта ғасырлардағы мемлекеттерде елді өзінің тылсымөнерімен соңынан ертетін, діни сеніммен ұйытатын адамдар сол заманның идеологтарының рөлін аткарған. Сондықтан діни адамдармен олардың арасынан шыққан үлкен басшылармен, көрнекі тұлғалармен кейінгі замандардағы мемлекеттер де санасып отырған. Сақ мемлекетіндегі келесі әлеуметтік топ — қауымның еркін мүшелері.Мемлекеттің көпшілік халқын да осы әлеуметтік топ құрады. Олардың әрқайсысының өз меншік малы, жеке үй-жайы, шаруашылығы болды. Бұлардың еркек кіндіктілері тыныштық кезде өзшаруашылығымен айналысты да, ал жаулап алушылық немесе ел корғаусоғысы кезінде әскер сапынан табылды. Сақтардың кішілеу, орташа қорғандары осындай еркін қауым мүшелерінікі. Олардың барлығына жуығынан жебенің ұшы, қанжар,найзаның ұшы сияқты қарулар табылуы жоғарыда айтқанойымызды дәлелдейді. Сақтардың ерлерімен қатар әйелдерін де кейде қарумен жерлеген. Мұның өзі сақ әйелдерінің де жауынгерболғандығын көрсетеді. Сақ-скиф қоғамында өз малы, мінетін аты, қосын тігетін арбасы жоқ өте кедей-кепшіктер де болды. Оларқоғамның баскалардан тәуелді бөлігін құрады. Сақ мемлекетіндегі әлеуметтіксатының ең төменінде құлдар болды. Әдетте, құлдар басқа елді жаулаған кезде қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылатын. Жалпы, көшпелі елді мекендегі құлдық мәселесі — көп талас тудырған мәселе. Бүгінгіғылыми тұжырымдар бойынша, көшпелі елдерде құлдық отырықшы елдердегідей аса дамымаған. Көшпелілерде құлдықтың тек алғашқы түрі — үй-ішілік түрі ғана болатын. Яғни, құлдар қоғамдықөндірісте елеулі рөл атқармаған, тек ауқатты адамдардың есігінде жүріп, үй-ішілік жұмыстар атқарған. Сонымен, сақ қоғамы — патшасы, нөкер-жасақтары, ел басқарушылары, елшілері, әскері, діни идеологтары, байлары, кедейлері, құлдары бар қоғам болған. Ал мұндай әлеуметтік құрылымдыбасқару мемлекеттіліксіз мүмкін болмағандығы анық.

85-ші билет. Ерте темір дәуірінің этникалық ерекшеліктері: Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақын мәдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, "скиф-сақ аң стилі" деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін "скифтік үштік" (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды. Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге жерлеген Қазіргі заман ғылымында ерте темір дәуіріндегі далалық тұрғындар қоғамының ерте мемлекеттік дәрежеде тұрғандығы туралы пікірлер айтылуда Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта өмір кешкен дала халықтарының даму дәрежесін пайымдай отырып, сібірлік ғалымдар "Дала өркениеті" деген атауды ұсынды.

86-шы билет. "Халықтардың ұлы қоныс аударуы": Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті. Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырынадейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. ӘсіресеҚазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлысияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.

87-ші билет. Жетісу және Тянь-Шань өңіріндегі үйсіндер мен ғұндар мемлекеті: Ғұндар: Б.з. Ill ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан мен Жетісуға келген ғұн тайпалары V ғасырғадейін өмір сүрген Юэбан мемлекетінкұрды. Бұрынғы солтүстік ғұндардың ұрпақтары болып саналған аталмыш мемлекет дөстүрлі тәңірқұты атағын алды. Үйсіндер: Жетісу аймағында орналасты. Шекарасы батысында Шу, Таласөзендеріне, шығысында Тянь Шанның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көліненЫстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін созылған. Үйсін бірлестігі жайыңдағы алғашқы мәліметтерб.з.б. 1 ғасырдағы қытай жылнамаларында кездеседі (Үйсін). 630 мың халқы болған. 189 мың адамдай жасақ құрған. Бірлестіктің бекіністі астанасы — Шығу қ. Батыс пен Шығыс елдері аралығындағы "Ұлы Жібек жолы" торабына орналасқан. Мұның өзі бірлестіктің көрші елдермен (кытаймен, ғүн, қаңлы, алан, ұйғыр, қырғыз тайпаларымен) саяси, экономиялық және мәдени байланыстыдамытуына мүмкіндік жасады. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.

88-ші билет. Археологиялық ескерткіштер(б.з.д.II-I):Қаратал,Каргалинка,Қапшағай III Үңгір-Қора I, Қызыл-Еспе,Бесшатыр II: Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. 1957, 1959 — 61 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеді. Бесшатыр Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км болатын алқапты алып жатыр. 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Солтүстік топқа Бесшатыр зиратының ең үлкен 2- және 3-обалары кіреді. Үлкендерінің диаметрі 45 м-ден 105 м-ге дейін, биіктігі 6 — 17 м-ге дейін, тиісінше орташаларынікі 25 — 38 м, 5 — 6 м, кішісінікі 6 — 18 м, 0,8 — 2 м. Ескерткіштердің көлеміне қарай жіктелуі ежелгі Бесшатыр тұрғындарының әлеуметтік даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында 18 оба қазылды. Олардың үшеуі үлкен, қалғандары орташа және кіші обалар. Алынған ғылыми деректер ежелгі сақтардың әлеуметтік топтарға жіктелуі, шаруашылығы, тұрмыстық салт-дәстүрлері, діни наным-сенімі, архитектуралық жетістіктері, тұтынған қару-жарағы мен құрал-жабдықтары жайлы құнды мәліметтер береді. Таспен жабылған 21 обаның алтауында шағын тастармен қоршалған ұзын тізбектер бар. Оларды жалпы саны 5-тен 94-ке дейін жететін тастардан тұрғызылған қоршаулар құрайды. Тізбектер кейбір обаны түгел орап жатса, қайсыбірінің тек шығыс немесе оңтүстік-батыс жағын ғана қоршап тұр. Осындай ұзын тізбекті тас қоршаулар Бесшатырдан басқа бірнеше зираттың маңайында да бар. Оның біреуі Бесшатырдан батысқа қарай 10 км жерде. Құрамында 45 жеке қоршау бар бұл тізбек 450 м-ге созылып жатыр. Тізбектердегі көптеген тас плиталардың беттеріне таутеке, қабан, қасқыр сияқты аңдардың суреттері салынған. Үлкен Бесшатыр обасының маңындағы кейбір қоршаудың плиталарына түрлі таңба іспеттес суреттер де түсірілген. Олардың арасында күн рәмізіне жақын тұрған немесе қазақтың “көз” таңбасына ұқсас дөңгелек бейнелер кездеседі. Мұндай тізбектер қорымның тек жерлеу орны ғана емес, сондай-ақ, діни салт-жоралғылар шерулерін өткізетін ерекше салтанат орны болғанын да көрсетеді. Ерекше құбылыстардың бірі — үлкен обалардың астынан арнайы қазылған катакомба түріндегі күрделі жер асты жолдары. 6-үлкен оба катакомбасының жалпы ұзындығы 55 м. Жолдардың биіктігі 1,68 м, ені 0,8 м. Олар жерлеу, ас беру ғұрпына байланысты діни жоралғылар өткізу мақсатында жасалатын болған. Обалардың сыртқы көлеміне қарай үшке бөлінуі олардың астындағы қабірлердің түрлерімен де сәйкеседі. Кіші обалардың қабірлері қарапайым шұңқыр түрінде, кейде лаһатталған немесе тас жәшікпен толықтырылған. Орташа обалардың қабірлері киіз үй тәрізді. Үлкен обаларға аса ірі ағаш қабірлер тән. Бесшатыр зиратының үлкен обалары көне дәуір архитектурасының сирек кездесетін айрықша ескерткіштері қатарына жатады.

89-ші билет. Қаңлылар:обалар мен некропольдер: Көкмардан, Қыркескен,Мардан: Көкмардан - ежелгі қалашық. Шәуілдір ауылынан 5 км оңтүстікке қарай жерде, көкмардан шатқалында орналасқан 1948—49 ж. Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам), 1977— 83 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясы (жетекшісіК.Ақышев) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қалашықтың орталық Бөлігі солтүстіктен оңтүстікке созыла жатқан ауданы 3,2 гектар, биіктігі 15 м төбе. Солтүстік бөлігінен анықталған цитадельдің (биіктігі 16 м) үстіңгі бөлігінің ауданы 25x25 м. Орталық Төбе айналасынан жалпы ауданы 4 гектарға жуық Рабад орны анықталған. Қалашықты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай үлкен көше кесіп өткен. Сондай-ақ, "айналма" көше орны да анық байқалады. Археология ізденістер барысында ескерткіштің 6 ғасырдың 1 жартысы мен 7 ғасырдағы құрылысы жақсы зерттелген. Қалашық бірнеше үйлерден тұратын кварталдарға (махалла) бөлінген. Қазба жұмыстары 10 шақты кварталда жүргізілген. "а" кварталының ауданы 370 м2. Одан 5 баспана және ғұрыптық мақсатта салынған құрылыс орындары аршылған. Үйлер төртбұрышты келген бір немесе екі бөлме етіп тұрғызылған. Екі бөлмелі үйлерге жапсарластырыла шаруашылық пен тұрмысқа қажетті заттарды, тағамдарды сақтайтын ыдыстар, т.б. Қойылған шағын бөлмелер салынған. Бөлме қабырғаларына жағалай г, п тәрізді сыпа (суфа) жасалынған. Кейбір үйлердің бұрыштарынан еденнен 0,5—0,7 м биіктіктен сопақша етіп жасалынған диаметрі 0,3— 0,4 м медальон табылған. Оның астына биігірек етіп тұғыр жасалынған. Бетінен күл қалдықтары ұшырасқан. Бұл дінижоралғыларды атқаратын орын болса керек. Осы кварталдағы ғибадатханаға (аумағы 4x4) адамдар үш баспалдақ арқылы түскен. Қазба жұмыстары кезінде темірден жасалған заттар (пышақ, шот, садақ ұшы, т.б.) Алтын тоға аршып алынған. Сондай-ақ, сүйектен жасалған заттар (түйреуіш, күрделі садақ бөліктері, т.б.), алуан түрлі керамикалық ыдыстар (құмыра, тостаған, сап таяқ, т.б.) көптеп табылған. Көпшілік ыдыстар сұр, қара ангобпен көмкерілген. Кейбір ыдыстардың ұстағышы мен иық тұсына таңба секілді түрлі белгілер салынған. Алынған материалдарға қарағанда к-ды тұрғындары б.з. Бас кезінен б.з. 7 ғ. аралығында мекен еткен. Олар егін егіп, мал өсірумен айналысқан. К.Байпақов КӨКМАРДАН - ауыл. Талапты ауылдық округі орталығы. Ауданы Орталық — Шәуілдір ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км, талапты ауылынан оңтүстікке қарай 14 км жерде, Арыс өзенінің сол жағалауындағы дәрмен жусаны, баялыш, көкпек, т.б. шөптесін өскен сұр, шалғынды сұр топырақты жазықта орналасқан. Тұрғыны 2,49 мың адам (2004). Іргесі 1963 ж. Осы өңірде етті-сүтті мал өсіруге маманданған Көкмарданұжымшарының құрылуына сәйкес қаланған, ұжымшар кейіннен (1982)КСРО-ның 60 жылдығы атындағы Кеңшар болып өзгертілді. 1993 жылы "Көкмардан" қауымдастығы болып қайта құрылды. Ауылда орта мектеп, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Ауыл маңында 1—7 ғасырларда өзімен аттас ежелгі қала орны сақталған. Ол — Отырар жазығындағы ең ірі қалалардың бірі саналады. Көкмардан каналы - Арық. Арыстың сол жағалық анғарымен өтеді. Бастауын Арыс өзенінен (Ильич атындағы тұсында) алып, солтүстік-батысқа карай көкмардан а. жанынан Арыстың өзіне қайта құяды. Ұзындығы шамамен 20 км. Канал орта ағысында тармақталып кетеді. Суын Шытты, Көкмардан, Ынталы ауылдарының шаруашылықтары пайдаланады. КӨК САРАЙ - ауыл, Көк сарай ауылдық округінің орталығы. Аудан орталық — Шәуілдір ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 км жерде. Тұрғыны 4,2 мың адам (2003). Іргесі 1940 ж. "Шәуілдір" Қаракөл ш-ның орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылы бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдасқан. Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлікпункт, т.б. мекемелер бар. Қыркескен - көне қорым орны. Темір станциясының солтүстігінде 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының обаларды зерттеумен шұғылданатын отряды (жетекші Б.Нұрмұханбетов) жергілікті өлкетанушы Асантай Әлімовтың көмегімен қазба жұмыстарын жүргізген. Барлығы 27 жерлеу орны аршыл¬ған. Қазба кезінде жерлеудің үш түрлі ғұрпы анықталған: 1) мүрде шалқасынан жатқызылып, беті оң жаққа, басы солтүстікке және солтүстік-шығысқа қаратылған; 2) мүрде шалқасынан жатқызылып, беті аспанға, ал басы батысқа және оңтүстік батысқа қаратылған; 3) шалқасынан жатқызылған мүрденің басы оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған. Мүрделердің қасынан арқа тұсы тік, жүзі сөл ішке қайырылған орташа көлемдегі темір пышақтар, қыш ыдыстар (мойыны қысқа, түрпаты созылыңқы кұмыралар басы), моншақтар, т.б. заттар табылған. Екінші және үшінші жерлеу ғұрыптары бойынша жерленген мүрделердің жанында қару- жарақтар (сан алуан садақ ұштары, т.б.), әшекей бұйымдары мен қыш ыдыстар көбірек ұшырасқан.

90-шы билет. Жібек жолы қызметінің басталуы: Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығыныңХан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргіФерғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чянбатыс өңірге және Орта АзияғаҚытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыспен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды. «Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып,Тарым ойпатынан өтіп, Памирүстіртінен асып, Орталық Азияны,Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады. Ерте кездегі «Жібек жолы»Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген,Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары,Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығыКрораннан (Лулан) шығып Күнлүнтауының батысын қапталдапЖаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшардыбасып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады. Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргіҚұмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды.Тұрпаннан шығып, Тянь-Шаньтауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрдібасып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас. 7 ғасыр кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғасырға дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғасыр басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады: "Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанғажиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады." Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды. Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Моңғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есікжәне Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс ҚазақстандағыБерел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері.