Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Су – еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар.

Судың маңызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға судың еріткіш екенін туралы білім беру.Суды сезінуге болатынын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршап тұрғанын, оның тірі табиғат үшін пайдасын ашу, дәлелдеу. Тәжірибе арқылы суда еритін де, ерімейтін де заттар бар екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

  1. Су - еріткіш.

  2. Тәжірибе арқылы суда еритін де, ерімейтін де заттар бар екенін түсіндіру.

1-т. Су түссіз, мөлдір, иіссіз. Әйнек бетіне бір тамшы су тамызып, астынан от қойсақ ол буланып ұшып кетеді. Оның орнында дақ қалады. Бұл не? Таза судың ішінде еріген заттар болады.

2-т. Суға тұз, шекер салсақ, олар еріп кетеді.Судың түсі дәмі өзгереді, бірақ мөлдір болады.Марганец салсақ, түсі өзгергенмен мөлдір болып қала береді.Тұз, қант, марганец –суда еритін заттар.

3-т. Суда ерімейтін заттар да бар. Олар суды лайлайды.Стакандағы таза суға кішкене лай саламыз.

4-т. Стаканға су құй. Оның қабырғасына көпіршіктер пайда болды. Судың құрамында ауа бар.

Оқулықпен жұмыс

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

  1. Судың ең басты қасиеті.

  2. Суда еритін заттар.

  3. Суда ерімейтін заттар.

  4. Судың мөлдірлігін дәлелде.

  5. Үйіңде байқауға берілген тапсырмаларды орында.

Әуеден жаңбыр жаумаса,

Далада егін болмаса,

Кемелер жүзіп суларда,

Арықтар суға толмаса,

Үйімізде шай қайнап,

Тіршілік суға тоймаса,

Күніміз не болар еді?

  • Өзен , көлдердің жағасында жайқалып шөп өсуінің мәні неде?

  • Суды тек ішіп қана қоймаймыз, ас дайындаймыз, кір жуамыз, Бау-бақшаны суарамыз. Шомыламыз, Су – денсаулықтың көзі.

  • Су – қатынас жолы.

  • Ауа қаншалықты тіршілік үшін маңызды болса, су да соншалықты маңызды.

  • Ащы, тұщы сулар қоймасы.

  • Суды қорғау.

Оқулықпен жұмыс

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

  1. Судың табиғаттағы маңызын айт.

  2. Судың адам үшін маңызы.

  3. Неге өзен, көл жағасындағы ағашты кесуге болмайды?

  4. Суды ластанудан сақтау жолдарын айт.

  5. «Сусыз тіршілік жоқ » дегенді қалай түсінесің?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]