Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

экзамен по каз яз

.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
104.45 Кб
Скачать

1)Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымлы (қырым-татар) тілдеріне жақын. 2)Лексика(грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тіл Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. 3)Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнын сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев,Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов 4)Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз. 5)Қазақстан, Қазақстан Республикасы (орыс. Казахстан, Республика Казахстан; қысқартылған атауы — ҚР) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ыншы орын алады (2 724 900 км²). Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Бес мемлекетпен көршілес, Ресеймен ,Түрікменстан, Өзбекстан , Қырғызстан шектеседі. 6)Септік орыс. падеж — сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, олардың арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөз/сөзге заттық ұғымға қатысты грамматикалық мағына үстейтін қосымша. Септік тікелей өзі немесе басқа Формалармен бірлесіп келіп, зат пен қимыл я зат пен зат арасындағы субъектілік (субъектілік-предикаттық), тұра және жанама объектілік, меншіктік-қатыстык, мекендік, мезгілдік құралдық, көлемдік сияқты қатынастарды білдіреді. Септіктер зат есімге тән түрлену формасы болып табылады. Септіктің мағынасы да қызметі де, формалық ерекшеліктері де заттық ұғыммен байланысты. Сын есім, сан есім, етістіктің кейбір формалары (есімше, тұйық етістік) септелгенде, заттанып зат есім орнына жұмсалады. Қазак тілінде Септіктің жеті түрі бар: Атау,Ілік,Барыс,Табыс,Жатыc,Шығыс,Көмектес 7)Антоним (гр. antі — қарсы, уnyna — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық),[1] сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу) т.б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, “Көз — қорқақ, қол — батыр“, “Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ“. Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, тек айтылуы ғана бірдей сөздер. Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар. Ат — жұмыс көлігі; Ат — есім, атау; Ат — етістік (бұйрық рай). Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ. 8)Колледж (ағылш. college) – жоғары немесе арнаулы орта білім беретін оқу орны. Дүние жүзінде колледждің 3 түрі бар: 1) жоғары білім беретін колледж; 2) орта және жоғары оқу орындарының аралығындағы колледж; 3) орта білім беретін колледж. Колледждер көбінесе, музыка, бейнелеу, би өнерлерімен байланысты ашылады. Колледж факультет ретінде университет құрамына кіреді, немесе жоғары оқу орындары сияқты дербес болады. Бұл типтес колледждердің негізі алғаш рет 13 ғасырдағы Англияда (Оксфордта 1249 ж., Кембриджде 1284 ж.) қаланды. Колледж ғылыми оқу орны ретінде 1523 ж. Лондонда ашылды. Англиядағы ерекше пұрсатты орта мектептер де колледж деп аталады. Қазір Қазақстанда экономика, құқық, бизнес, музыкалық, педагогикалық колледждері бар. Олардың кейбіреулері арнаулы мамандық беретін дербес орта оқу орны болып есептелсе, ал кейбіреулері жоғары оқу орындарының (университеттер мен академиялардың) құрамдас бөлігі болып саналады. Оны үздік бітірген түлектер жоғары оқу орындарына сынақсыз алынады. Колледждерде оқу ақылы түрде жүргізіледі.

9)Фонетика(грек. phônçtіkуs –дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.

Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.

Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады,себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.

10)Дауысты дыбыстар (Вокализм) орыс. гласные звуки — дыбыстау мүшелерінің бірынғай толық қатысуынан, фонаииялык ауанын кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялык ауаның кемейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе адатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралады: а, о, е, ы, і, о, ө, у, у. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысан, еріндік — езулік, жуан — жінішке болып бөлінеді.[1]

Жуан дауыстылар орыс. твёрдые гласные — тілдің кейін жиырылуы аркылы жасалатын дауыстылар: а, о, у т.б.

Жінішке дауыстылар орыс. мягкие гласные — тілдін ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, ө, т.б.

11)Жатақхана — бір мекемеде жұмыс істейтін немесе бір оқу орнында оқитын адамдардың бірге тұратын тұрақ жайы.

12)Кітапхана — мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы. Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады.Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған. [1]Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 — 11-ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана (2003) жұмыс істейді. 13)Дауыссыз дыбыстар [1] (Kонсонантйзм) орыс. согласные звуки — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, у, һ, ф, х, ц, ч, ш. Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады. 13)Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді: Қатан дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш; Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з; Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң. 14)Инфляция (лат. inflatio — «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

15)Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады. 16)Морфология (биология) - ағзаның пішіні мен құрылымы туралы ғылым. Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы. Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды 17)Синтаксис ( гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өз ара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерің зерттейді. Қазақ тілінің Синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің Синтаксисі, сөйлемнің Синтаксисі. Соңгысы өз ішінен жай сөйлем Синтаксисі, құрмалас сөйлем Синтаксисі болып жіктеледі. 18)Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасының Президенттің 1993 ж. қараша 15 жарлығы бойынша айналысқа еңгізілді.Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды: 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған). Кейіннен айналысқа: 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген), 2001 жылы: 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген). 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды. 2003 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар. 2006 жылы: 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн). 19)Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді. 20)Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу - елудей т.б. 21)Жергілікті бюджет — мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорлары. Жергілікті бюджет жыл сайын оған жергілікті салықтан түсетін түсімдер, одан төленетін шығындар, мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидия, т.б. ескеріле отырып жасалады. Жергілікті бюджетті жергілікті маслихаттар бекітеді. Жергілікті бюджет шоғырланған ақшалай қаржылар ретінде жергілікті әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттен қаржыланатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны ел Конституциясына және заңдарға сәйкес анықтайды. Облыстағы жергілікті бюджеттің құрамы облыстық бюджеттен және сол облыс аумағындағы қалалар мен аудандардың бюджеттерінің жиынтығынан тұрады. Бұл бюджеттер “Бюджет жүйесі туралы заң” бойынша бюджеттік талдауды қолдана отырып қалыптастырылады, бекітіледі және орындалады. Жергілікті атқару органдары жоғарыда айтылған құжаттарды пайдалана отырып өз бюджеттерін өздері қалыптастырады және орындайды. Қазақстанда жергілікті бюджеттің өзінің ішкі құрамдас бөліктері арасындағы және респ. бюджетпен қарым-қатынастарын реттеудің төмендегідей механизмдері қолданылады: а) әрбір жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны анықтау және олар бойынша шығын көлемін жоспарлау; ә) жергілікті бюджетке толықтай түсетін салық және басқадай түсімдер түрін анықтау; б) кейбір салықтан түсетін түсімді жергілікті бюджетке тұрақты нормативпен төлеп беру; в) жергілікті бюджетке мақсатты жәрдем беру механизмі; г) жергілікті бюджеттен мемлекеттік бюджетке қаржы алу механизмі; ғ) жергілікті бюджетке субсидия беру механизмін әрі қарай жетілдіру, жергілікті атқару және әкімш. органдарына бюджетті қалыптастырудағы және орындаудағы міндеттерін күшейтіп, құқыларын арттыру. 22)Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. [1]Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.[2] 23)Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.Жалаң етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Жалаң етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. тТүбір етістіктер Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б. Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отырғандықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бай+ла, бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та) дегендерді, сондай-ақ тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла), шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен. Туынды етістіктер Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей. Есім негізді етістіктер Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады. 24)Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады 25)Салық жүйесі - 1) бюджеттен тыс қорларды қаржыландыру үшін қолданылатын салықтардың, алымдар мен төлемдердің жиынтығы, сондай-ақ салықтарды белгілеу, өзгерту, күшін жою, оларды төлету шараларын қолдану, салықтық бақылауды жүзеге асыру, салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту және жауапкершілік шараларын қолдану қағидаларының, әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, сондай-ақ салық қатынастарын реттейтін салық қызметі органдарының жиынтығы; 2) елдегі салық caнау рәсімдерін реттейтін заңнамалық актілер мен заңнан туындайтын нормативтік актілердің жиынтығы; 3) елдегі салықтар мен алымдарды есептеу мен төлеудің институттық инфрақұрылымы.[ 26)Салық кодексі[1] — мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының салық төлеушілермен салықтық қатынастарын реттейтін, мемлекеттің жоғарғы билігі деңгейінде қабылданған заңнамалық нормалардың негізгі жиынтығы. Салық заңнамасының іргелі қағидаттарын: салық жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеуін, салықтарды белгілеу, өзгерту және күшін жою тәртібін, салық төлеушілердің, салық міндеттемелерінің орындалуын, салық қатынастарының басқа агенттерін бақылауды жүзеге асыратын органдардың мәртебесін, салықтық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті айқындайды. Қазақстан Республикасының Салық кодексі (Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы) (2001) салықты және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді. Ол салық жөніндегі қабылданған нормативтік-құқықтық актілермен бірге салық заңдарының құрамына кіреді. 27)Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін. Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты. 28)Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы. 29)Құнды қағаздар, бағалы қағаздар — мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап). құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән. Құнды қағаз ұсынбалы (мүліктік құқықтар құнды қағазды тапсыру жолымен басқа біреуге беріледі), ордерлік (құнды қағаз мүліктік құқықтардың берілгенін куәландыратын жазба жолмен табысталады) және атаулы (мүліктік құқықтар құнды қағазда аталған адамға беріледі) болуы мүмкін. Құнды қағазда заңда белгіленген деректемелер болуға тиіс және құнды қағаздағы мүліктік құқықтар осы құнды қағаз көрсетілгенде ғана іске асырылады, сондай-ақ құнды қағаздың эмиссиясы және айналысы заңмен белгіленген ережелер мен нормаларға бағындырылады. Құнды қағаз реттеушілік, ақпараттық міндеттер атқарады, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларын, соның ішінде нақты экономика мен қаржы саласын байланыстыру тетігі ретінде қолданылады. Қазақстан Республикасының “Бағалы қағаздар рыногі туралы” заңында (10.7. 2003) эмиссиялық құнды қағаздың шығарылуы, таратылуы, айналысқа жіберілуі және өтелуі барысында туындайтын қоғамдық қатынастар реттелген, сондай-ақ құнды қағаздың инвесторлары мен ұстаушыларының құқықтарын,құнды қағаз рыногінің қауіпсіз, ашық, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолдары белгіленген. 30)Қыстырма сөз сөйлеушінің не жазушының айтылған ойға әртүрлі көзқарасын, сезімін білдіретін моральдық мәні бар сөздер. Қыстырма сөз бір сөзден де, бірнеше сөзден де тұратыны белгілі. Кей реттерде сөйлем түріндегі қыстырма сөз кездеседі. Бір қызықты жай - Абай поэзиясында да, прозасында да қыстырма сөз өте аз ұшырасады. Әдетте, мәдениетті сейлеу, жазу дәстүрінде қыстырма сөзді көп қолдана бермеген дедұрыс. Тілдің эстетикасын өте терең ұғынған және халық тілінің байлығын еркін игерген Абай Қыстырма сөзді орыңды-орынсыз көп пайдаланудың қисынсыздығын жақсы білген. Тағы бір қызық жай - Абай шығармаларында қыстырма сөз «біл» сөзінің қатысуымен жүмсалып отырады: «Кім біледі, Сен кәпір, Баяңдыдан сендің бе? Әлде айналып, кім білер, Боталы түйе секілді Қорадан шықпай өлдің бе», «Ақынды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын кердім», «Мен білемін, қайтейін. Мұндайасылтумайды», «...Әзіде білмей ме.Көп сейлеп созбайын». Әдеттегідей, А. туыңдыларындағы Қыстырма сөз айтылған ойына автордың сенімін, күдігін, жорамалын т.б. көзқарасын аңғартады.[1] 31)Дифтонг (гр, (diphthongos) - дыбыс) — буынға бөлінетін немесе бөлінбейтін екі дауысты дыбыстың қосындысынан тұратын дыбыс (и, у). Сөйлеу процесінде екі дауысты түйіскен жерде Дифтонг тіркесі жасалады. Дифтонг шынайы және жалған болып екіге бөлінеді. [1]Жалған Дифтонг сынарларының бірі буын жасай алады, біреуі буын жасай алмайды. Еғер алғашкы сынары буын жасап, екінші сынары көмекшілік қызмет атқарса, тұйық дифтонг деп аталады. Мысалы: кійім—киім, жұуар — жуар, сұуат — суат дегендегі ій, ұу дыбыстары. Ал егер алғашкы сынары буын жасай алмай, кейінгі сынары буын жасай алса, ашық дифтонг деп аталады. Мысалы: сөз басындағы е, о, ө дыбыстарының құрамында й, у дыбыстары естіліп, йэ (ел — йэл), уо (ол — уол), уо (ор — уор) болып айтылады. Шын мәнінде, қазақ тіліндегі жалған Дифтонгтің аталған түрлерін дифтонгойд дауыстылар деуге болады. 32) Составить предложения.Көк Жасыл Балдыр табиғатта өте кең тараған.Дәмдеуіштер (Пряности) - әр түрлі тағам әзірлеуге қолданылатын дәмдік хош иісті заттар; 33)Септеңіз(просклонять) а.с ы.с тілдің заңның б.с тілге заңга т.с тілді заңны ж.с тілде заңда ш.с тілден заңдан к.с тілмен заңмен