Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 лаб.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
77.82 Кб
Скачать

Химиялық реакция жылдамдығына катализатордың әсері

Қалыпты жағдайда сутек асқын тотығының ыдырауы баяу жүреді. Үш пробиркаға 4-5 мл сутек асқын тотығы қүйылады. Оның көзге көрінетіндей ыдырамайтындығы қадағаланады. Бір мезгілде бірінші пробиркаға МnO2 кристалдары, екінші пробиркаға SiO2 сондай мөлшері, ал үшіншіге - Ғе203 салынады. Сутек асқын тотығының ыдырауы байқалады. Пробиркалардың аузына ағаш шоғы апарылады. Үш пробиркадағы сутек асқын тотығының ыдырау реакциясының жылдамдықтары салыстырылады. Реакция теңдеуін жазып, қорытынды жасаңдар.

3-тәжірибе

Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына концентрация мен катализатордың әсері

Тәжірибе 3.1. Реакцияласушы заттардың химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсері.

Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы

ҒеСІ3+3NН4СNS <-> Ғе(СNS)3+ЗNН4СІ реакциясында түзілетін күрең қызыл түске боялған темір (III) роданиді концентрациясының өзгеруіне байланысты оның түсінің өзгеруі бойынша анықталады.

Стаканға 10 мл ҒеСІ3 ерітіндісі мен 10 мл NН4СNS ерітіндісі құйылады. Осы қоспаны 4 пробиркаға тең бөлу керек. Бір пробиркада ерітінді салыстыру үшін қалдырылады. Қалған үш пробиркадағы ерітіндінің біреуіне бірнеше тамшы ҒеСІ3, екіншісіне аммоний роданиді, ал үшіншісіне аммоний хлоридінің бірнеше кристалдары қосылып, пробиркалар сілкіленеді. Үш пробиркадағы ерітінділер түсі салыстыруға қалдырылған ерітінді түсімен салыстырылады. Ерітінділер түсінің өзгеруін Ле-Шателье принципі бойынша түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар. Тепе-теңдік константасын қорытып шығарыңдар.

Тәжірибе 3.2. Гомогендік катализ

3.1. - тәжірибеден қалған темір (ІІІ) роданиді ерітіндісі судың екі есе көлемімен сұйытылады да, үш пробиркаға бөлініп құйылады. Олардың біреуіне 5 мл Na2S203 ерітіндісі құйылады да, оның құйылу уақытынан бастап, ерітіндінің түсінің жоғалуына дейін кететін уақыт анықталады. Екінші пробиркаға мыс (II) сульфаты ерітіндісінің 5 тамшысы қосылады да, одан кейін 5 мл Nа2S2Оэ ерітіндісі құйылады. Үшінші пробиркаға мыс (II) сульфаты ерітіндісінің 15 тамшысы, одан соң 5 мл Nа2S203 ерітіндісі қосылады. Кейінгі екі жағдайда да ерітіндінің түсінің жоғалуына кететін уақыт белгіленіп алынады. Мыс (II) ионының ролін түсіндіріңдер.

4 - тәжірибе

Гетерогендік жүйедегі реакция жылдамдығы

Екі пробиркаға 1/4 көлеміндей тұз қышқылы ерітіндісі құйылады. Бордың бірдей екі кесегін таңдап алып, біреуін түйіп, ұнтаққа айналдырып, қағазға төгеді. Екі пробирканың біреуіне бор ұнтағын, екіншісіне кесегін бір мезгілде салады. Реакцияның жүру уақытын белгілеу керек. Қай пробиркадағы реакция тезірек жүреді? Себебін түсіндіріңіз. Химиялық реакцияның теңдеуін жазыңдар.

Бақылау сұрақтары:

1.Реакциясы теңдігі мынадай 2SО2 + О2 2SО3 . Қысымды өсіргенде тепе – теңдік қалай ығысады?

1) Тепе – теңдік тура реакция бағытына қарай ығысады

2) Тепе – теңдік өзгермейді

3) Тепе – теңдік кері реакция бағытына қарай ығысады

4) Тепе – теңдік О2 түзілу бағытына қарай ығысады.

2.FeCl3 концентрациясын өсіргенде тепе – теңдік қалай қарай ығысады?

1) тура реакция бағытында

2) өзгермейді

3) кері реакция бағытында

4) КСNS концентрациясы көбею бағытында

3.HNО3 моль нешеге тең?

1) 63 г/моль

2) 6,3 г/моль

3) 126 г/моль

4) 12,6 г/моль

4. Эндотермиялық реакция –

1) энергияны сіңіре жүретін реакция

2) энергия бөлініп жүретін реакция

3) энергия сақталатын реакция

4) энергия жойылатын реакция

5. H2SO4 моль нешеге тең?

1) 98 г/моль

2) 49 г/моль

3) 9,8 г/моль

4) 4,9 г/моль

6. Гомогенді реакцияны көрсетіңіз?

1) 2СО + О2 = 2СО2

2) 2С + О2 = 2СО

3) СО2 + Na2O = Na2CO3

4) CaO + H2O =Ca(OH) 2

7. Химиялық реакциялардың жылу эффектілері процестің аралық стадиясына тәуелді ме ?

1) Тәуелсіз

2) Тәуелді

3) Жартылай тәуелді

4) Жартылай тәуелсіз

8. Қай заңның негізінде термохимиялық есептеулер жүргізіледі

1) Гесс

2) Ле-Шателье

3) Авагадро

4) Вант-Гофф

9. Экзотермиялық реакция үшін жылу эффектісін белгілеңіз

1) ∆H<0

2) ∆H>0

3) ∆H=0

4) ∆H=1

10. Қалыпты жағдайдағы қысым нешеге тең?

1) 101,3 кПа

2)140,5 кПа

3) 273,1 Па

4) 120,3 кПА

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]