Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казы.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
72 Кб
Скачать

Қазақстанның болашағы.

Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемелекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл – жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдарын айқындады. Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде микроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды. Өнеркәсіп жанданып, қаржы – бюджет, салық жүйесі құрылды. Сонымен қатар жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленді. Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. (интернеттен)

3. Мәтінді пайдаланып жұмыс жасаңыз.

Қазақстан Республикасының дамуында мына мәселелер Н.Ә. Назарбаев есімімен тығыз байланысты: ------------------------------------------------------------- Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асырылып, ------------------------------------------------------------------------------------Азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары мыналар:-------------------------- Кеңестік өкімшіл - жоспарлы әкімшілік жүйе мен бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін Қазақстан экономикасы ----------------------------- Қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған -------------------------------- . 1992 жылдың басында Н.Ә.Назарбаев елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдарын айқындауға арналған --------------------------------------------- . Елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға --------------------------------------------------------- .

Ұлттық салт–дәстүр.

Әрбір халық өзінің ұлттық дәстүрімен ерекше. Халықтың дәстүріне қарай оның мінезі, тарихы, дүниетанымы қалыптасады. Халықтық дәстүрдің жүздеген, мыңдаған жылдық тарихы бар. Сондықтан оны әбден сұрыпталған, жинақталған құндылықтардың жиынтығы деп санаймыз. Халықтың дәстүріне оның қоршаған ортасы, географиялық орналасуы, шаруашылығы әсер етеді.

Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге бай халық. Халықтық салт-дәстүрлер сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық, т.б. жатады. Осы дәстүрлер біздің дербес халықтығымыздың сақталуына, тұтас ұлт ретіндегі ерекшеліктеріміздің айқын болуына оң ықпал етіп келеді. Дәстүр халқымыздың ғасырлар бойы өмір сүру тәсілдерінен, күнделікті әрекеттеріне сұрыпталған мәдениетіміздің үлкен бір бөлігі. Бабалардан бізге жеткен дәстүрлерде біздің халықтық болмысымыз, ұлттық мінезіміз, салт-санамыз айқын көрінеді. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келе жатқан ұлттық дәстүрлер сан алуан. Дәстүрлер іштей бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы: отбасылық дәстүрлер, маусымдық дәстүрлер, діни салттар, мерекелік дәстүрлер, тұрмыстық салттар. Ұлттық дәстүрімізді білу және оны сақтау баршамыздың перзенттік борышымыз. Себебі, дәстүр халықты ғасырлар бойы сақтап келген рухани тірегі. Әрине, ол заманына қарай өзгеріп, жаңғырып тұрады.

Қазақстанның табиғаты

Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Солтүстігінің табиғаты Орталық Ресейге және оңтүстік Ұлыбританияға, оңтүстігі – Жерорта теңізі елдеріне, Кавказ маңайына сәйкес. Мұнда ойпаттар мен төбесін мәңгі қар мен мұз басқан биік таулар бар.

Аумағының ширек бөлігін шөл мен шөлейт дала, қалған бөліктерін таулар, теніздер мен көлдер алып жатыр. Тянь-Шянь, Іле Алатаулары, Алтай, Тарбағатай, Қаратау, Көкшетау, тағы басқа таулар, Мұғалжар, Сарыарқа, Үстірт қыраттары бар. Хан тәңірі шынының биіктігі — 6695 метр. Бурабай, Зайсан, Алакөл, Балқаш сияқты көлдер, Каспий теңізі мен Арал теңізінің едәуір бөліктері, Жайық, Сырдария, Іле, Ертіс өзендері т.б. сулар Қазақстанның су бассейнін құрайды.

Қазақстанның жері кең-байтақ. Солтүстіктің суық ауасы мен оңтүстіктің ыстық желі әсерінен ауа райы қатал континенталды болып келеді. Қазақстанның оңтүстігінде көктемгі егіс жүріп жатса, солтүстігінде бұл кезде әлі қарлы боран соғып тұрады. Қыс айларында солтүстік пен шығыста 41-45° дейін, тіпті -50° дейін аяз болады. Мұнда қыс ұзақ, орталықта қалыпты, оңтүстікте жылы және қысқа. Жаз солтүстікте жылы, орталықта ыстық, оңтүстікте өте ыстық. Құмды аймақтарда су болмайды, жауын аз жауады.

Өсімдіктер әлемі. Қазақстанда жергілікті өсімдіктер түрі 6 мыңнан асады, басқа жақтан әкелінген 500 түрлі өсімдік өседі.

Құмды жерлерде басқа жақта өспейтін сексеуіл өседі. Сексеуіл ағашы өте тығыз болады, суға батып кетеді, ал қызуы көмір қызуына тең. Қазақстанда басқа жерлерде кездеспейтін ерекше ірі қызғалдақ бар. Оның гүлінің өзі 12-15 см дейін болады. Бұлар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Қазақстан дәрілік, бояулық, хош иістік өсімдіктерге бай. Орманы аз, ол республика жерінің үш пайызын ғана алып жатыр, барлығы – 11 миллион гектар.

Солтүстікте қайың, үйеңкі, қарағай топ-топ болып кездеседі. Негізгі орман алқаптары Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тауларында жинақталған. Солтүстікте, орталық аймақтарда картоп, қияр, бидай, күнбағыс, қарақұмық өсіріледі. Оңтүстікте қауын, қарбыз, жүзім, өрік, мақта, қызанақ, алма өсіріледі.

Жануарлар әлемі. Қазақстанның жануарлар әлемі бай. Республиканың казіргі фаунасында сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 490 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 50 түрі, қосмекенділердің 12 түрі, балықтың 100 түрі бар. Ал құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейлердің түрі 70 мыңнан асады.

Дала аймақтарында қоян, түлкі, қызыл және сұр қасқырлар, ақбөкендер, бүркіт, тасбақа тағы басқа аңдар мен құстар бар. Республиканың оңтүстігінде улы жылындар, шаяндар көптеп кездеседі. Көлдер мен өзендерде қаз, үйрек, тырна сияқты құстар көп.

Тау барысы, дала ақбөкені, тайгалық аю, каспий итбалығы, жабайы жылқы, құлан, сары қаз, аққу т.б. 87 түрлі аңдар мен құстар қызыл кітапқа тіркелген. Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, тауық, қаз, үйрек, қоян т.б. жануарлар мен үй құстары шаруашылық үшін қолда өсіріледі.

Қазақстандағы туризм

Біздің елімізде кейінгі жылдары туризм қалың бұқараны қамтитын демалыстың бір түріне айналып келеді. Нарықтық қатынасқа көшкен кезде туризм бизнестің тамаша көзіне айналып отыр. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бәрінде туризм жақсы дамыған. Туған өлкеге саяхат жасау адамдардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырады.

Соның ішінде «Интурист» қоғамының орны ерекше. Ол халықтардың бір-бірімен етене араласуына және мемлекетаралық байланыстардың нығаюына елеулі үлес қосып келеді. Сондай-ақ, шетелдерде туризм табыс табудың көзі, шаш етектен пайда түсірудің ең тиімді жолдарының бірі, яғни ел экономикасының бір ықпалды бөлшегі болып табылатындығы белгілі болды. Қазір бірқатар мемлекеттерде туризмнен түсетін табыс ел экономикасының 20 пайызын құрайды екен. Ал бізде бұл көрсеткіш бір пайызға да жетпейтін көрінеді.

Алайда біздің республикамызда бір-бірімен бәсекелес туристік фирмалар қатары жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Солардың ішінде 50 жылдай тарихы бар, өз ісіне қалыптасып қалған еліміздің қазынасына қажетті үлесін құйып жүрген «Яссауи» компаниясы. «Яссауидің» тарихына, өткеніне үңілер болсақ, ол әріден одақ кезіндегі «Интуристпен» байланысты бастады. Ол 1955 жылдың аяғына қарай ашылған болатын. Осы уақыттан бері шетелдіктер Қазақстанның тарихи мекендерімен, ескерткіштерімен, табиғаты тамаша жерлерімен жақын таныса бастады. Жыл сайын мыңдаған турист Қожа Ахмет Яссауи, Айша-Бибі, Қарахан кесенелерін, Павлодар-Сабындыкөл, Жасыбай көлдерін, Қарқаралының сұлу табиғатын, Шығыс Қазақстандағы Марқакөлді аралап үлгереді. Алматы қаласы өзінің ең алғашқы шетелдік туристерін 1956 жылы қабылдаса, 1974 жылы бұл сан 8 мыңнан асып үлгерді. 1974 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанынан шетелдік туризм жөніндегі басқарма құрылды. Қазақстанның табиғи байлығының молдығы, әсем табиғаты шетелдік туристерді қызықтырып, оларға үлкен әсер етті.

1981 жылы Интуристке «Отырар» қонақ үйі пайдалануға берілді. Бұл оқиға туристік қарым-қатынастардың одан әрі ұлғая беруіне себепші болды. Шетелдіктердің Қазақстанға көп келген кезі 1985-86 жылдар аралығы болатын. Онда Польша, Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания елдерінен 42 мыңдай турист келген еді. 1992 жылы республикамызда «Туризм туралы» Заң қабылданды. Осы заң бойынша туризм экономикамыздың жоғары табысты саласына айналуы тиіс болатын. Міне, сол кездері республикамызда жүздеген туристік фирма мен компаниялар құрыла бастады. Олардың ішінде ең алдыңғы қатарда «Интурист-Қазақстан» болды, ол Қазақстандағы тұңғыш рет чартерлік әуе рейстерін ұйымдастырды. Қытайға баратын туристік пойыздың жүруіне ықпал етті, бұл жылы компанияның көмегімен шетелдерге шыққан туристердің саны 15,4 мың адамға жетті.

1994 жылы 12 мамырда «Интурист» Қазақстан негізінде туризм жөніндегі «Яссауи» мемлекеттік акционерлік компаниясы дүниеге келіп, туризм әлеміне еркін есік ашты. «Яссауи» компаниясы туризм жөнінен Түркия, БАО, Қытай, Пәкістан, АҚШ, Германия, Жапония секілді ірі мемлекеттердің туристік фирмаларымен іскерлік байланыстар орнатып үлгерді. Компанияның тағы бір жетістігі, ол халықаралық «Еуразия» туристік ассосациясына мүше болып енді. Жалпы алғанда – табиғаты бай, дәстүрі берік, сән-салтанаты мол қазақтың жері, Қазақстан топырағы әлі талай туристердің жаңа дүние ашуына көмектесері даусыз. Адал ниетпен, таза пейілмен келген адамға қашанда есік айқара ашық, татар дәм де дайын. Бұл Қазақстан туризмінің басты ұстанар қағидасы, басты мұраты деуге болады.