Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казы.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
72 Кб
Скачать

Әдептілік әлемі

Амандық-саулық сұрасудың түп-төркіндері мен тарихы тым әріден басталады... Көне дәуірлерде адамдар бір-бірлеріне ең алдымен күнделікті ғұмырларына қажет нәрселерді тілеген тәрізді. Мәселен, қазір адамдар бір-біріне ұшырасқан сәттерінде: «Сен тамақ іштің бе?»-деп хал-жағдай сұрасса, аң-таң қалатыныңыз ақиқат. Ал, императорлық Қытайда бұл дағдылы амандасу салты болған. Көне парсылар сәлемдескен кезде: «Пейіліңіз ашылсын!» - дем тілек тілейді екен.

Қыр көшпенділері амандық-саулық барысында «Ел-жұртың, мал-жаның, қора-қопсың аман ба?» деп сәлемдескен. Негізгі кәсібі мал бағып, дала төсінде ғұмыр кешкен қазақ халқына да бұл салттың тән екенін білеміз.

Үш құрылыққа тереңдей енген мұсылман діні жолай кездескен елдер мен халықтарды қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен бағындырды. Бірақ мұсылман іліміне мойын ұсынған осынау аймақтарда бейбіт тыныштық орнай қоймады. Бейбітшілік пен тыныштық – халықтар көксеген ең мұратты армандардың бірі болып еді. Адамдар да өзара кездескен сәттерінде бір-біріне осыны тіледі.

- Ассалаумағалейкүм!

- Уағалейкүмассалам!

Араб тілінен аударғанда «Сізге тыныштық тілеймін», «Сізге де бейбітшілік болсын!» деген ұғымды білдіреді.

- Ассалаумағалайкүм!

- Уағалайкүмассалам!

- Сәлеметсіз бе?

- Сәлемет пе?

- Амансыз ба?

- Шүкір, аманшылық.

- Қалайсыз?

- Жақсы.

- Жағдайыңыз қалай?

- Рақмет, жаман емес.

Отбасы және дәстүр

Отбасы дегеніміз – туыстық байланыста болатын, бірлесіп өмір сүретін адамдар тобы. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер, дәстүрлер адамға өмір бойы серік болады.

Отбасында ер адам – басты тұлға. Әйел – оның серігі, көмекшісі. Ер-азамат – шаңырақ иесі, әйел – отбасының алтын қазығы.

Балалар жас кезінен үлкендерді сыйлап, олардың айтқандарын есте сақтап, орындап отыруға тиіс. «Балаңды бір жастан жеті жасқа дейін патшадай сыйла. Жетіден он беске дейін құлыңша жұмса, одан соң өзіңе дос сана, ақыл-кеңес сұра».

Қазақ отбасындағы ең жақсы дәстүрлердің бірі – балаға ата-бабасын, яғни жеті атасын және нағашы жұртын таныстырып отыру. Ата-ана баласына кіммен (қай румен) тұрмыс құруға болатынын айтып отырады.

Жеті ата - бір кісіден тараған аталас қауым. Олар жеті атаға жеткенде, түйе, боз қасқа сойып, үлкен жиын жасайды. Бұл – «бұдан былай аталастарға қыз алысуға болады» деп бата беру деген сөз.(«Қазақтың салт-дәстүрлері»)

Қазақта «шаңырақ» сөзі «отбасы» деген мағынаны білдіреді. Адамзат өмірінің бастауы да осы отбасы. Отбасы – адам өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші әлеуметтік топ. Ондағы адамдардың әрқайысы әр отбасы мүшесінің дамуына ықпал етеді.

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар? Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де сіздерге белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.

Ұлттық мәдениет

Қазақ жерінде мәдениет ерте кезден бастап дамыған. Оған еліміздің әр өңірінен табылып жатқан ортағасырлық көне қалалардың орны, мәдени бұйымдар басқа да алуан-алуан заттар куә. Мысалы Есік қорғанынан, Жайық бойынан, Алтай өңірінен табылған алтын адамдар, әртүрлі бұйымдар мен әсем безендіріліп жасалған қару-жарақтарды атауға болады. Археологиялық қазбалардан алынған деректерге қарағанда біздің эрамызға дейінгі адамдар мекендеген көне қалаларда алаңдар, сәулет өнерінің туындысы болатын ғимараттар болған. Одан бергі кезеңдерде қазақ жері мәдениетінің дамуына «Ұлы Жібек

жолы» үлкен ықпал етті. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы Отырар, Сауран, Сығанақ, Тараз, Шымкент, Яссы сияқты мәдениеті дамыған ортағасырлық қалалар мәдениет пен өнердің орталығы болған. Ахмет Иассауи, Арыстанбаб кесенелері, Айша бибі, Алашахан мазарлары мәдениетіміздің тарихы көне замандардан басталатынын көрсетеді. Жоғарыда аталған қалаларда әдебиет, музыка, сәулет өнерлері айрықша дамыды. Бұл қала – қорғандарда байырғы мәдениет қалыптасты. Ұлттық мәдениетпен бірге, тайпааралық, ұлтаралық дәстүрлер де көптен-көп дамыды. Сондықтан сол кездің өзінде мәдениетаралық байланыстардың бірте-бірте өрістегенін аңғарамыз.

Қазақ мәдениетінің дамуына сәулет өнерімен бірге музыка өнері, қолданбалы өнер әсер етті. Қазақ даласының әр түкпірінде осындай өнерлердің өзіндік дәстүрлері қалыптасты. Мәселен, Сыр өңірінің, Арқаның, Жетісудың, Еділ мен Жайық атырабының ән мен күй, шешендік сөз бен поэзия дәстүрлерінің өзіндік сипаты болды. Бұл қазақ мәдениетінің жан-жақты дамуына ықпал жасады.

Қазақтың ұлттық мәдениетінің стильдері – ою-өрнектерден айқын аңғарылады. Ою-өрнектердің алуандығы мен байлығы, әсіресе, киіз үй бұйымдарынан көрінеді. Алаша, текемет, сырмақ, желбау, тұскиіз, кілем, сандық беттеріндегі бейне-нақыштар далалық мәдениеттің эстетикасы.

Қазақстан мәдениеті жалпы адамзат дамуы сияқты ХХ ғасырда айрықша өркендеді. Қазақстанның театр, бейнелеу өнері, кино өнері, саз өнерінің қазіргі заманға сай түрлерінің дамуы – мәдениетімізді жаңа деңгей-дәрежеге, сандық-сапалық белеске көтерді.