Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казы.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
72 Кб
Скачать

Қоғамдағы жастар орны.

Тәуелсіздікті ата – бабаларымыз ғасырлар бойы аңсады, бірақ ол бізге оңай жолмен келген жоқ. Жастардың терең білім алуына барлық жағдай жасалуда, алайда сол мүмкіндікті пайдалана алмай жүрген жастарымыз қаншама! Көпшілік жастар өз қалаған мамандықтары бойынша еңбек етуде, дегенмен басқа салада еңбек етіп жүргендері де бар. Оның басшылық қабілетіне күмән келтірген едік,- ол біздің күмәнімізді сейілткендей болды. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында, әйтсе де олардың білім алуына толық мүмкіндік жасалып отыр ма? Жастардың аяғынан тік тұруына қиындықтар мен кедергілердің бар екені рас, сонда да мен жастарға сенемін!

2. Қоғамда өзіндік орны бар үлгілі жастар туралы әңгімелеңіз.

3. Құрмалас сөйлемдер арқылы мына сұрақтарға жауап жазыңыздар.

- Біздің елімізде жастарға жағдай жасалған ба?

-Спорт саласында жетістікке жеткен қандай жастарды білесіз?

-Өнерпаз жастардан кімдерді ерекше атар едіңіз?

-Білім, ғылым саласында елімізді шетелге танытып жүрген жастар бар ма?

-«Білімді жас ұрпақ – болашақтың кепілі» дегенді қалай түсінесіз?

4. Мәтінді оқып, осы мәселе төңірегінде пікірлесіңіздер.

Жастардың мүмкіндігіне қарай қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстамағаны жақсы. Өйткені олар – елдің келешегі. Ата жолын жалғастыратын мұрагер. Бүгінгі аяқталмай жатқан істі мәреге жеткізетін де солар. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік, кәсібилік өте қажет. Мұндай болу жастардың табиғатына да жарасады. «Егер біз лаулап жанбасақ!..» деген өлең жолдарының мағынасы әлі өз күшінде. Онда жастарымыздың саяси өмірге араласып, қатысып тұруы міндетті емес пе?

5. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.

Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып беремін. (Әл Фараби)

Қоғамның өркендеуі – дарынды жастарда

Дарынды жастарды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып білу үрдісі өте ертеде басталды. Дарындылық «дарын» сөзінен шыққан. «Дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары» дегенді білдіреді. Дарындылықтың ең басты белгісі – оқу бағдарламасын табысты меңгеру және шығармашылық қабілет. Жастардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу –бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені, мемлекетіміздің жарқын болашағы – білімді де білгір, дарынды жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Ал белгілі әнші Б.Тілеухан: «Біз ата – бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек - жастарда. Жастар – жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге ат салысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек», - дейді. Яғни, елінің болашағын ойлау үшін жастардың бойында отаншылдық сезім болу керектігін баса айтады. Егемен елдің ертеңгі тағдыры барша Қазақстандықты тынымсыз ойландыруға тиіс. Сондықтан, алдыңғы буын ағалар ел ертеңі – жастардың ашық демократиялық қоғам құндылықтары негізінде тәрбиеленгенін қалайды. Өз Отанының патриоты болғанын, әлемдік қауымдастықтың талаптарына сай келетін жоғары білікті, білімді, басекеге қабілетті маман болғанын тілейді.(Интернеттен)

7. «Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда» мәтінін өзара пікіралмасыңдар