Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

6. Міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі.

6.1 Міндетті әдебиеттер:

1. Түймебаев Ж. Қазақ тілі. Грамматикалық анықтағыш. – Алматы, 2004.

2. З.Күзекова Қазақ тілі: Жоғары оқу орындарына арналған. – Астана, 2003.

3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, І, ІІ том, 2004.

4. Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан. – Алматы, 2003.

5. Жұмабекова А. Кәсіби қазақ тілі. – Алматы, 2011.

6.2 Қосымша әдебиеттер:

1. Бейсенова Ә. Қазақстанның таулары. – Алматы, 2003.

2. Нұрғалиева М. Қазақ тілі. – Астана, 2006.

3. Уалиханова Г. Өсімдік биотехнологиясы. – Алматы, 2003.

4. Сламбекова Н. Қазақстанның табиғат ғажайыптары. – Алматы, 2003.

7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы

Сабақ барысында ағымдық бақылау жүргізу, оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өздік жұмысы, студенттердің өздік жұмысы, тест, түрінде екі аралық бақылау жоспарланып отыр. Қорытынды бақылау емтихан түрінде өтеді.

Бағалау жүйесі:

Ағымдық бақылау – 20%

Аралық бақылау (тест) – 20%

БӨЖ – 20%

Емтихан – 40%

Барлығы – 100%

Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік баға

Баллдың санды эквиваленті

Оқу пәнін меңгерудің %-дық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

8. Оқу тәртібінің саясаты.

Әртүрлі әдістемелер пайдалану арқылы студенттің пәнге қызығушылығын арттыру, тілдің мемлекеттік мәртебесін көтеру, «тілге құрмет – елге құрмет» қағидасымен елсүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, жүргізіліп отырған қазақ тілі пәнінің жастар болашағындағы, әсіресе отбасы мен қызметіндегі орнын, маңызы мен қоғамдық рөлін арттыру көзделеді. Осы саясатты ұстана отырып әрбір екі аптада өткен тақырыптар бойынша сөздік диктанттар алынса, әрбір төрт аптада тақырыптық шығармалар немесе шағын монологтар тапсырылып, әрбір жеті аптада аралық бақылаулар өткізіледі. Студенттер білім деңгейінің көрсеткішін нақтылау мақсатында жылына екі рет емтихан тапсырады. Оқытушы осы міндеттердің нәтижелілігін көтеруге қол жеткізуді мақсат етеді.

Глоссарий – сөздік

Анатомия – адам ағзасының құрылысы, өызметі және дамуы туралы ғылым.

Атмосфера – жердің ауа қабаты.

Биоценоз – табиғат жағдайлары бірдей жерде тіршілік ететін өсімдіктер.

Балдырлар – суда өмір сүретін өсімдіктер.

Биология – тіршілік туралы ғылым.

Валеология – салауатты өмір салтын сақтау туралы ғылым.

Генетика – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология саласы.

Гидропоника – қоректік элементтері бар сулы қоректік қоспа.

Гормондар – дененің әртүрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар.

Диалог – екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.

Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

Жағдаяттық тапсырма –білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.

Жазылым – сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу, көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.

Климат – белгілі бір жердегі ауа-райының көп жылдық орташа жай-күйі.

Микроскоп – өте ұсақ заттарды сіңіру.

Монолог –бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.

Оқылым – өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.

Өскін – сабағы мен жапырағы бар жас өсімдік.

Психология – нақты тұлғаның жеке-дара қасиеті.

Рефлекс – жүйке жүйесі арқылы қайтарылатын жауап.

Сабақ – өсімдіктің жер асты, жер үсті мүшелерін жалғастыратын тірек.

Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.

Топырақ – жердің үстіндегі құнарлы қабаты.

Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.

Тұқым – көбею мүшесі.

Фитогеография – өсімдік географиясы.

Хромосома – белоктан тұратын ядроның ас маңызды бөлігі.

Цитоплазма – жануарлар мен жасушасындағы созылмалы қоймалжың.

Цитология – клетка құрылысын зерттейтін биология ғылымының саласы.

Энтодерма – ұрықтың ішкі қатпаршалары