- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Практикалық қазақ тілі кафедрасы
- •Силлабус
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •І семестр
- •6.Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау.
- •Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •А) ұзатылғанда, барғанда, тойларда
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының бюджеті немесе үнемшілдік деген не?
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Тұтыну себеті
- •Таным патшалығы
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Грамматика: Синоним, омоним, антонимдік қатарлар
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •1. Бұл оқиға қай жерде болды?
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібінің денсаулыққа пайдасы.
- •5. Һижра күнтізбесі қай елдерде ресми қолданылады?
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Практикалық қазақ тілі кафедрасы
БЕКІТЕМІН
«Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университеті» ШЖҚ РМК
Филология факультетінің деканы
Ш.Қ.Жарқынбекова
________________________
_________________20____ж.
K (R) Ya 1105 Қазақ тілі
Барлық мамандықтың студенттеріне арналған
ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК ҚҰРАЛЫ
Астана, 2013
Силлабус
1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы. Практикалық қазақ тілі кафедрасының доценттері ф.ғ.к. Қ.С.Құлманов, Б.С.Абдуова, Б.Ақбұзауова, аға оқытушылар Қ.А.Ахметова, Л.Б.Байболат.
Байланыс телефоны: 32-233
2. Пәннің коды, атауы және кредит саны. Пәннің атауы: Қазақ тілі. Курстың коды: K (R) Ya 1105. Кредит саны – 3
3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны: І, ІІ жартыжылдық, кесте бойынша.
4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
Бакалавр мамандықтарының студенттеріне мемлекеттік тілді халықаралық стандартқа негізделген 6 деңгейлі оқыту жүйесін басшылыққа ала отырып, В2 – негізгі стандартты деңгей бойынша оқыту көзделді. Студенттердің қазақ тілінен орта мектеп деңгейінде лексикалық минимум мен грамматикалық құрылым бойынша алған білім негіздері практикалық түрде жетілдіріледі.
Постреквизиттері: бакалавр мамандықтарында оқитын студенттерге мемлекеттік тілді оқыту барысында олардың өзара еркін сөйлесіп, ішкі ойын бір-біріне қазақ тілінде еркін жеткізуіне, оқыған мәтіннің мазмұнын дәл, анық жеткізе алуына жағдай жасау, қазақ елінің тұрмысы мен салт-дәстүрін, мәдени-рухани жетістіктерін насихаттау және олардың бойында отансүйгіштік сезімін нығайту.
5. Оқу пәнінің сипаттамасы.
5.1. Оқу пәнінің аты: Қазақ тілі пәні жоғары оқу орнында оқитын студенттердің мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне толық жағдай жасау үшін, оларды грамматикалық және лексикалық тұрғыда толық сауаттандыру үшін жүргізіледі.
5.2. Оқу пәнін оқыту мақсаты: Жоғарғы оқу орнындағы бакалавр мамандықтарында оқып жүрген студенттерге қазақ тілінің тілдік жүйесі мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту.
5.3. Пәнді оқыту міндеттері
Осы мақсат негізінде төмендегі міндеттер жүзеге асуға тиіс, олар: тақырыптарды баяндау, алған мәліметтерге өз көзқарастарын білдіру, дәлелдеу; сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау, мәліметтерге қызығушылық таныту, белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу; тыңдалым дағдыларын түсіну; электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметтерді ала білу; техникалық ережелерді, буклет, каталог, ас мәзіріндегі қажетті мәліметтерді оқи және оны қолдана алу.
5.4. Оқу пәнінің мазмұны:
- студенттердің сөздік қорларын молайту;
- қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылығын арттыру;
- өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары