Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
50.26 Кб
Скачать

Мазмұны

1.ҚР-ның көлік жүйесі туралы жалпы мәліметтер……………2

2.Автомобильдердің техникалық пайдалану негіздері.АТП жүйесінің негізгі финкциялары.

3.Автомобильдермен жүк және жолаушылар тасымалдауды ұйымдастырудың негіздері.

4.Автокөлік мекемелерінің құрылымдары.

5.Автокөлік мекемелерінің технологиялық үрдістері жайында жалпы мәліметтер.

6.Көліктің логистикалық макрожүйесі.

7.Автомобиль көлігі жойында ҚР-ның заңы.

1)ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Жолдауында «Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы Шығыстан Батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылжу жиілігі бүгінгі күні де саябырситын емес. Қазақстанның міндеті отандық көлік және коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр.

Белгілі бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ал ұзақ мерзімдік келешекте жан-жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге және біздің көлік және коммуникациялық қызметімізге ден қоятын жаңа рыноктар іздеуге саяды. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын  барған сайын дамыта беруге және отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығасысынан кемітуге жәрдемдесетін болады» деп көрсетілген[2].

Ежелден бастап Ұлы Жібек жолы, Еуропа мен Азияны керуен жолымен байланыстырып, батыс пен шығыс өркениетінің өзара ықпалдасып дамуына мүмкіндік берді. Барлық дәуірлерде бұл бағыт ерікті қайырымдылық жолы болды [12. 1 б].

Егер қазіргі кезде теміржол магистралдары анық белгіленген болса, авиациялық жүйе мен автокөлік инфрақұрылымы үнемі өзгерістерге ұшырап отыр, осылайша, Ұлы Жібек жолындағы автокөліктер керуендері мемлекеттің әлеуметтік–экономикалық және саяси дамуының жоғарғы деңгейін үнемі қанағаттандырып отыруға, әзірге жарамсыз деп қарастырылуда  [3. 3 б].

 Жолдар мемлекеттің инфрақұрылымының ең маңызды элементтерінің бірі. Еліміздің экономикалық өркендеуі мен қорғануға қабілеті жол желілері дамуының деңгейіне тікелей тәуелді. Осыған байланысты, Қазақстан Президенті жолдарды салу мен жөндеуді мемлекеттің басым тапсырмаларының бірі ретінде алға қойды.

Сонымен бірге Қазақстан автокөлік саласының негізгі мәселелерінің бірі - жол төсемдерінің жүріп өту қабілетінің тез тозуы. КазЖол ҒЗИ           АҚ– ның жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде, шамамен жалпы пайдалануға берілген автокөлік жолдарының төсемдерінің 75% белгіленген төзімділік пен тегістік көрсеткіштеріне сәйкес еместігі анықталған. Бұл тізімдегі жолдардың ішінде 20% толығымен бүлінген, 35% толығымен бүлінудің аз ақ алдында. Мәліметтерге сүйенсек, 90-жылдарда Қазақстанда Әлемдік банктің жүргізген зерттеулерінде жалпы  пайдаланылатын автокөлік жолдарының 37% жақсы, 26%- қанағаттанарлық тек қана 37%-нашар деңгейде болған.

Автокөлік жолдарының техникалық жағдайының төмендеуі, жол құрылысын жеткіліксіз деңгейде қаржыландырумен тығыз байланысты [4. 43 б].

Қазақстанның тарихи жаңаруындағы түбегейлі өзгерістер - ұлттық қайта даму, ғылыми таным, қазіргі заманға сай ұлттық-мемлекеттік құрылыс тәжірибесі процестерін табандылықпен ұғынуды қажет етеді. Қоғамның  әлеуметтік-экономикалық дамуына айырықша әсер ететін мемлекеттің саяси және экономикалық қызметі. Нақты дәлелденген, дұрыс бағдарланған саясат қоғамның экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени күш-қуатының өсуіне ықпал жасайды, сонымен бірге тәуелсіздікті нығайту, жетілдіру мен қоғамды түбегейлі өзгертудің алғышарттарының бірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауында көрсетілгендей «Қазақстанның транспорттық – коммуникациялық кешенінің негізгі міндеті еуразиялық транспорттық жүйеге шоғырлану болып қала береді. Көлік және коммуникациялық кешенді дамыту - елдің геостратегиялық, Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір болып саналатын орналасу басымдылығын толығымен пайдалануын қамтамасыз етуі тиіс.

Жүк легінің жылдам өтімділігін ұйымдастырудың тиімді жағдайларын енгізу үшін, көршілермен нақты келісімді дамыту қажет.

Осы және басқа да міндеттер Қазақстан Республикасының Көлік стратегиясын әзірлеу мен жүзеге асыруда көрініс табуы керек.

Бұл мәселелерді шешуде біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдерін қамтамасыз етуге назар аударуымыз керек» [5].

Әлемдік және аймақтық елдердің саяси және экономикалық құрылымдарымен кең көлемде өзара байланыс жасай отырып ішкі процестерді дамыту, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саяси қызметінің ұлттық көлік саясатының объективті құрамдас бөлігі болып табылады. Осы негізде егемен Қазақстан әлемнің барлық елдерімен ынтымақтастыққа келуге шынайы мүмкіндік алады.

Қазақстан теңізге тікелей шыға алады, өзге елдер теңіз жолдарын пайдалану үшін көршілес елдердің территориясын кесіп өтеді, бұл олардың геоэкономикалық әлсіз тұсы.

Мемлекеттік-территориалдық құрылымды, ішкі және сыртқы нарықты қалыптастырудың қуатты факторы ретінде кез келген қоғамда маңызды болып саналатын,  бұл жерде Орталық Азия мемлекеттерінің көлік саласындағы өзара ықпалдасу проблемасының ерекше өзектілігін айту керек.

Көлік еліміздің барлық шаруашылық салаларын біріктіреді, аймақтардың қажетті байланысын қамтамасыз етеді. Көлік факторы тек қана халықаралық деңгейде ғана емес, сондай-ақ мемлекетішілік еңбек бөлінісінде де үлкен маңызға ие.

Қазақстан территориясы кең аумақты алып жатыр. Әрбір аймақтың табиғи  өзгешелігі, қалыптасқан – құрылымдық ерекшелігі бар. Олардың әрқайсысының өзіне тән экономикалық және әлеуметтік жағдайлары қалыптасқан. Соңғы жылдардағы Қазақстанның экономикалық дамуының нәтижесін талдау кезінде, аймақтардың экономикалық трансформациялануы процесінде, олардың жалпы мемлекеттік, құрылымдық, бюджеттік-салықтық және ақша-несиелік саясатқа әртүрлі қатынасында спецификалық ерекшеліктері орын алғандығы анықталған.

Қазақстанның болашаққа қадам басуын, нақты, көлік коммуникациясы қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде, тасымалдау бағыттарының кең таңдауын, сонымен бірге жаңадан ашылған немесе жақын арада ашылатын  бағыттарды, басқа да мүмкін болатын бағыттарды дайындауға қатысты ұсыныстарды ескере отырып, аймақта облыстың көлік тасымалының қазіргі жағдайын бағалаудың, қолданыстағы маршруттардың жұмысын тиімді қамтамасыз етудің, болашақта қандай дұрыс және басым альтернативті нұсқаны пайдаланудың, кідіріссіз қандай шараларды қолға алу керектігін айқындаудың қажеттілігінің уақыты жетті. Қазіргі кезде жүк легі үш жолмен Ресей арқылы өтеді, онда келешегі бар, Үнді және Тынық мұхиттарының теңіз порттарына шығудың альтернативті жолдарын  қарастыру керек. Қазақстан мен Орталық Азияның көлік коммуникациясын дамыту тек қана экономикалық емес, саяси проблемалардың бірі. Оның дұрыс шешілуіне Қазақстан, сондай-ақ аймақтық және әлемнің алдыңғы қатарлы елдері де мүдделі.

Көлік коммуникациясын дамыту, 21 ғасырдағы өндірістің территориалдық орналасу жүйесіндегі өзгерістерге байланысты  орын алған проблемалардың өз шешімін  табуына септігін тигізеді. Көлік тасымалының жеткілікті дамымауының салдарынан, тұрғындарды ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерімен толық жабдықтау мүмкін болмай отыр. Экспортты-импортты операцияларды жүргізу көлеміне кері әсерін тигізуде. Көлік және көлік коммуникациясын дамыту Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа тартудың, республикаға шетелдік инвесторлардың назарын аударудың кепілі. Көлік коммуникациясын дамыту тікелей шаруашылық қажеттілік, сонымен бірге экономика мен мәдениеттің басқа да салаларын, жетілдірілген көлік коммуникациясына  тәуелді, әсіресе туризмді дамыту үшін қажет.

Белсенді көлік саясатын жүргізгеннен кейін, Қазақстан үшін көлік саласы өз заңдылықтары мен ерекшеліктері бар мемлекеттік және қоғамдық қызметтің дербес саласы болып қалыптасты. Республика бар болғаны он шақты жыл ішінде мақсатты және жүйелі түрде ұлттық мүддеге сай келетін, әлемдік қауымдастықта еліміздің жағдайы мен беделін арттыратын, дербес әрекет етуді ұйымдастыру мен қолдану жүйесін жасады.

Қазақстанның көлік саласындағы саяси бағдар – алдымен мемлекет пен қоғамның алдында тұрған маңызды, өмірлік мәні бар тапсырмалардың оң шешім табуына бағытталған: сенімді қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты түсім беретін экономиканы дамытуға ең жоғары деңгейде қолайлы жағдай жасау, тұрғындардың тұрмыстық деңгейін көтеру.

Қазақстан әлемге айқара ашық, өзінің барлық саладағы сыртқы байланыстарын белсенді және дәйекті (жүйелі) дамытуға, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі байланыстарын күшейтуге ұмтылуда. Еліміздің осылайша сыртқы саясатты нығайтуға ұмтылысы, ұлттық мүддені қорғау мен жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, республика  айналасында қауіпсіздік аймағын құруға, жақсы көршілес және ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға, қабілетті, өзара пайдалы мемлекетаралық қатынастарды орнатуға бағытталғандығымен түсіндіріледі. Біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы бастысы – ұтымдылық, еліміздің ішкі дамуына қажетті мәселелер мен қажеттіліктерге дер кезінде көңіл  бөлу.

Сыртқы саясат контекстінде  көлік коммуникациясын таңдау мәселесі, көлік стратегиясының мазмұны мен мәнін зерттеу көрсеткендей, аймақтық мемлекеттердің мүдделеріне нұқсан келтірместен, табиғи және экономикалық күшпен, ресурстармен халықты толық қамтамасыз ету айналымын жүзеге асырудың, өзекті мәселелерін шешудің бірден-бір құрамдас бөлігі болып табылады. Әлемнің дамыған елдері мен аймақтық мемлекеттер үшін көлік күре жолы, үздіксіз ағыммен энергетикалық шикізат пен басқа да жүктердің көп бөлігін тасымалдауға болатын, олардың өндірістік күш-қуаты қызметін қамтамасыз етуші ретінде үлкен мәнге ие.

Қазақстан үшін басым мәнге ие мәселелердің бірі – көлік жүйесін, ішкі және әлемдік нарыққа еркін кірігуін қамтамасыз ететін бағытта дамыту.

Қазақстанның аймақтағы көлік саясатын жүзеге асыруда атқарған қызметі  аз емес: саластырмалы қысқа уақыттың ішінде көлік саласындағы жаһандық проблемаларға әлемдік жұртшылықтың назарын аударуға септігін тигізді. Республикамыздың саясаттағы осы жетістіктері қазіргі таңдағы орын алған ауыртпалықтарды жеңумен толықтырылуы қажет, нәтижесінде ұтымды көлік саясатын пайдалану мен қалыптастыруға, бүкіл әлем мен аймақтар мүддесіне сай келетін көлік коммуникациясын дамытуды жоспарлауға қол жеткізуге мүмкіндік туындайды.

Көлік саясатының интегралдық жүйесі – Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық ресурсы.

Халықаралық көлік коммуникациясы желілерін кеңейту Қазақстанның экономикалық және саяси басымдылығын арттыруы тиіс, атап айтсақ: сыртқы сауда-саттықта тауар айналымы үрдісін айтарлықтай жеделдету және осыған кететін тікелей және жанама шығындарды азайту; республикалық бюджетке түсетін валюталық түсімнің үлесін ұлғайту.

Проблеманың зерттелу деңгейі. Қазақстанның көлік саясаты үрдістері мен  көлік  стратегиясын, өзге елдермен жаңа көлік байланысы жүйесін қалыптастырумен қатар, әлемдік қауымдастыққа ықпалдасудың бір жолы ретінде зерттеу, отандық саяси ғылымға салыстырмалы жаңа бағыт береді.

Отандық және шетелдік саясаттану және саяси әдебиеттерін талдай келіп, қарастырылып отырған тақырыпты екі топқа бөлуге болады.

Біріншісі, әлемдік көлік саясатының жалпы теориясы туралы еңбектерді жатқызуға болады. Бұл мына зерттеушілердің еңбектері: D.Morgenson., F.Burtoner.

Қазақстан Республикасының тәжірибесін зерттей келе, қолда бар әдебиеттерді талдау мен шолу нәтижесінде, оның үлкен жетістіктерін көруге болады. Бірақ толығымен отандық саяси ғылымның бұл бағыты әлі де қалыптасу үстінде.

Көлік тақырыбына қатысты зерттеулер негізінен құқықтық және экономикалық аспектіге сүйенеді, ал көлік саясатының негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс, автокөлік сферасының саяси аспектілері жеткіліксіз зерттелген. Бірақ, диссертацияда пайдаланылған еңбектердің ғылымилығы мен тереңдігіне мән бере отырып, осы мәселелер қарастырылған айтарлықтай басылымдар бар екенін айта кету керек.

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси қызметіндегі автокөлік коммуникациясы проблемаларының мазмұны мен мәнін ашатын еңбектер әлі де жеткіліксіз, бұл өз кезегінде осы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

2) 1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтерді автокөлікке қызмет көрсетуге және оны жөндеуге маманданған әлеуетті өнім беруші (бұдан әрі – Өнім беруші) Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне көрсетуі тиіс. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бойынша қызмет көрсетуге берілетін автокөлік саны осы техникалық өзіндік ерекшелікке № 1 қосымшада берілген.

2. Аталған мемлекеттік сатып алуға қатысқысы келетін әлеуетті жеткізуші техникалық өзіндік ерекшелікке брілетін 2 қосымшаны толтыруы және аталған қосымшаны баға ұсынысымен бірге Веб-порталда орналастыруы қажет.

3. Автокөлікке техникалық қызмет көрсету нақты техника түріне арналған нормативтік техникалық және пайдалану құжаттамаларының талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.

4. Жеткізуші Тапсырыс берушінің жұмыс режимінде қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс– жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін, сенбі күні 9.00-ден 17.00-ге дейін.

5. Көрсетілетін қызметтер автокөліктің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуі, оның ақауын жоюы тиіс. Техникалық қызмет көрсету нәтижесінде автокөлік техникалық құжаттамада немесе пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген барлық функцияларды орындауы тиіс.

6. Тапсырыс беруші Өнім берушіге қызмет көрсетуге берілген автокөліктің әрбір бірлігіне техникалық паспортының көшірмесін береді.

7. Жеткізуші қызметтерін қабылдау және оған ақы төлеу жасалған шарттың жалпы сомасы шегінде нақты орындалған жұмыстар бойынша жүргізіледі. Осы мақсатта Жеткізуші Бағалар кестесін ұсынуы тиіс.

8. Техникалық өзіндік ерекшеліктерге берілетін № 2 қосымша қызмет көрсетудің әр түрі бойынша бағаларды көрсете отырып, толық толтырылуы тиіс. Қызмет көрсетудің баға ұсынысында көрсетілген құны Жеткізушінің баға жеңілдіктер ұсыну жағдайларын есепке алмағанда, жасалған шарт әрекет ететін мерзім бойы өзгертусіз қалады.

9. Жекелеген тораптарыды, бөлшектерді, тетіктерді ауыстыра отырып косметикалық (қорабының бөлшектерін сырлау) жөндеу тиісті диагностика жасалған кейін, Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілімен келісілгеннен кейін орындалуы тиіс.

10. Қызметтерді Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілдері (механик) қабылдайды. Орындалған қызметтерді қабылдау тапсыру актісімен расталуы тиіс, оған жүргізуші, Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі және Жеткізушінің уәкілетті өкілі қол қояды. Жеткізуші әрбір қызмет көрсету түрі бойынша өтінімнің техникалық өзіндік ерекшелікке берілген №№ 2-5 қосымшаларында келтірілген нысандарға сәйкес өтінім және актілеу нысандарын беруі тиіс.

11. Жеткізуші кепілдік мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер беруі тиіс.

12. Жеткізуші кепілдік берілген автокөлікке қызмет көрсету барысында диагностика және осы автокөлікті сатып алу шартының талаптарына сәйкес кепілдік міндеттемелерін олардың орындауы үшін автокөлікті берушімен өзара іс-қимыл жасау жөнінде ұйымдастыру іс-шараларын жүргізуі тиіс.

13. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу үшін Жеткізуші міндетті барлық қызметтер түрлері бойынша тізбеде көрсетілген қажет жабдықтардың, сондай-ақ тиісті мамандардың (автослесарлар, автоэлектриктер, механиктер, компьютер мамандары және т.б.) болуы маңызыды. Тапсырыс беруші Жеткізушіге тиісті құжаттарды және Жеткізушінің атынан кепілдік міндеттемелер бойынша автокөлік жеткізушімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін байланыс дерекерін ұсынады.

14. Жеткізуші Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған Қазақстан мазмұнындағы шарттардың тиісті дәрежеде орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

15. Жеткізуші сәййкес имараттың, жабдықтың және Техникалық өзіндік ерекшелікте қарастырылған өзге талаптардың болуы туралы нақты ақпарат беруі тиіс.

16. Жеткізуші көрсететін қызмет сапасы осы техникалық ерекшелікке сәйкес келмеген жағдайда, Тапсырыс беруші шартты бір жақты тәртіпте бұза алады.

Жеткізуші көрсетін міндетті қызметтер тізбесі

Диагностика

Автомобильдің диагностикасы бөлшектер мен тораптардың ақауы мен тозуын анықтау мақсатында автомобильдің барлық тораптары мен агрегаттарын тексеруді білдіреді. Автомобильдің толық диагностикасына қозғалтқыштың және тұтандыру жүйесінің компьютерлік диагностикасы, жүріс бөлігінің диагностикасы, тежегіш жүйесінің диагностикасы, электр жабдығының диагностикасы және түтін шығару диагностикасы міндетті түрде кіреді. Берілісті ауыстырудың автоматты қорабымен (БААҚ) жабдықталған автомобильдерде тағыда БААҚ диагностикасы жүргізіледі. (Жабдықтар және мамандардың болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

Жоспарлы техникалық қызмет көрсету

Жоспарлы техникалық қызмет көрсетуге ТО1 және ТО2 (техникалық қызмет көрсетудің ТО-А және ТО-В, ТО-С еуропалық стандарттары) жатады.

Автокөліктің қозғалтқыштарында, беріліс қорабында майды жедел ауыстыру

Қажет болған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушіге автокөліктің қозғалтқышындағы, беріліс қорабындағы майды және май сүзгіштерін жедел ауыстыру қажеттігін хабарлайды. Бұл ретте, егер Тапсырыс берушіде ауыстыру үшін тиісті тараулар болмаса, онда Өнім беруші оларды Тапсырыс берушінің өкілімен келісім бойынша сатып алады.

Инжекторды жуу

Инжекторларды жуу қажеттігі еуропалық стандарттарға сай келмейтін сапасыз отынды пайдаланудан туындайды. Инжекторды жуу арнайы өткізгіштердің көмегімен автомобильдің инжекторына тікелей қосылатын арнайы жабдықта жүргізіледі. (Жуылатын стендінің және мамандардың болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

Автомобильдің ауабаптағыштарына қызмет көрсету және оларды толтыру

Қажетіне қарай Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша Өнім беруші автомобиль ауабаптағыштарына қызмет көрсетеді және оған құяды.

Автоауабаптағыштарға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар мыналардан тұрады:

автоауабаптағыштар диагностикасы

автоауабаптағышқа фреон құю

шлангіге түтікті ауыстыру

буландырғышты бактерияға қарсы өңдеу

салондағы жағымсыз иістерді жою

конденсорды, буландырғышты іштен жуу

автоауабаптағыш жүйесін жуу (автоауабаптағыштарды толтыру станциясының және мамандардың болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

Ағымдағы жөндеу

Жөндеу экономикалық орындылығымен айқындалатын шектелген номенклатураның құрамдас бөлшектерді ауыстырып немесе қалпына келтіріп, автокөлік ресурсының ақауын жою және ішінара қалпына келтіруді қамтамасыз етуі тиіс.

Жөндеу Тапсырыс берушіні хабарлай отырып және Тапсырыс берушінің уәкілетті адамының өтінімі негізінде жүргізіледі. Жөндеу әрбір автокөлік үшін орнатылған техникалық қызмет көрсету тізбегінің құрылымын бұзбауға тиіс. Жөндеу кезінде жұмыс көлеміне мыналар кіреді:

1) ақаудың диагностикасы – визуалды қарау, бақылау өлшеуі және ауыстырылуы немесе қалпына келтірілуі тиіс жекелеген бөлшектерді, тораптарды, тетіктер мен платаларды айқындау;

2) базалықтарынан басқа, тораптар мен тетіктердің шектелген номенклатурасын алып жабдықты ішінара бөлшектеу;

3) алынған тораптарды бөлшектеу (қажетіне қарай);

4) базалықтарынан басқа, ақауы бар жекелеген бөлшектерді, тетіктерді, платаларды және құрылғыларды ауыстыру немесе жөндеу;

5) жабдықтарды техникалық және электрлік параметрлер бойынша реттеу;

6) жабдықтың бақылау және жұмысшы материалда дұрыс жұмыс істеуін тексеру;

7) автокөлікті пайдалануға беру.

Жабдықты жөндеу мерзімі автокөліктің түріне байланысты және жөндеудің күрделігіне қарай өзгеруі мүмкін, бірақ автокөлікті жөндеуге арналған өтінім тіркелген күннен бастап 3 күннен аспауы тиіс. Егер тапсырыс бойынша шетелден жеткізілетін жекелеген тораптарды, бөлшектерді тетіктерді ауыстыру қажет болған жағдайда, жөндеу мерзімі Тапсырыс берушінің жазбаша келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін, бірақ ол 30 күннен аспайды. (Жабдықтардың және мамандардың болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

Қозғалтқышты жөндеу

Қозғалтқышты жөндеу жөніндегі орындалатын жұмыстардың тізбесі:

Отын жүйесін жөндеу;

біліктерді ажарлау;

цилиндрлерді жону;

цилиндрлер блогын жөндеу, пісіру;

блок бастиегін жөндеу;

агрегаттардың бөлшектерін, тораптарды жөндеу;

автомобильдердің қозғалтқыштарын жөндеу құны қызметтердің жалпы сомасына кіреді. (Жабдықтардың және мамандардың болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

БААҚ-ты жөндеу және оның диагностикасы

Қажеті болғанда БААҚ-ты жөндеу әзірлеуші зауыттың техникалық талаптарына сәйкес жүргізіледі.

БААҚ диагнотикасының жалпы дәйектілігі:

БААҚ-тың кіріс диагностикасы;

БААҚ-ты алу;

БААҚ-ты бөлшектеу;

Жөндеу құнын есептеудің ақау хаттамасын жасау;

Шотты тапсырыс берушімен келісу;

Қосалқы бөлшектерді жинақтау;

БАҚ-ты жинау;

БААҚ-ты автомобильге орнату;

шығыс диагностикасы (Жабдықтардың және мамандардың болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

Жүріс бөлшегін жөндеу

Өнім беруші автомобильдің жүріс бөлігінің диагностикасы арқылы өзінің мерзімін аяқтаған және ауыстырылуы тиіс бөлшектерді нақты айқындауы керек.

Жүріс бөлігін жөндеу жұмыстары:

Диагностика;

Амортизаторларды немесе сайлент-блоктарды ауыстыру (жұбымен ауыстырылады).

(Жабдықтардың және мамандардың болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

Компьютерлік жақындату - алыстату

Өнім беруші кез келген моделдегі автомобильдер дөңгелегінің бұрышын орнату жөніндегі барлық көрсеткіштерді сапалы реттеуді қамтамасыз етуі тиіс:

Жақындауы;

Бұрылыстағы кері жақындау;

Алыстау бұрышы;

Шквордың көлденең иілуі;

Бұрылыстың барынша үлкен бұрышы;

Басқарылатын артқы дөңгелектер;

Симметрия өсі және өстердің ауытқуы;

Дөңгелектерді жылжыту;

Орнатылатын биіктік;

(Жабдықтардың және мамандардың болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

Шинамонтаж, дөңгелек теңгерімі

Өнім беруші шинаны монтаждауды жоғары жабдығында мынадай жұмыс түрлерін орындауды қамтамасыз етуі тиіс:

Дөңгелектерді алу және салу (пневматикалық көтергіште немесе жылжымалу домкратта) ;

R 13-R22 құйылған және штампталған дискілердегі дөңгелектерді электрондық теңдеу;

Дөңгелектерді монтаждау, бөлшектеу;

Дөңгелектің тесігін жөндеу (грибті немесе ширатылманы орнату әдісімен) ;

Закраина арқылы шинаның шығаруын жою (қалпақша герметизациялау әдісімен) ;

(Жабдықтардың және мамандардың болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

Шанақ жұмыстары

Шанақ жұмыстары қажетіне қарай жол-көлік оқиғасы (ЖКО) жағдайында Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес жүргізіледі.

Жұмыстың бұл түрі автомобиль қорабының бастапқы геометриясын қалпына келтіруді немесе жекелеген бөлшектерін ауыстыруды/қалпына келтіруді, бояуларды іріктеу лабораториясын пайдаланып, сырлауды қамтитын автомобильдің сыртқы түрін қалпына келтіруді көздейді. (Жабдықтардың және мамандардың болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

Жұмыстың бұл түрін бұл автокөлік сақтандырылған сақтандыру компаниясы төлейді.

Бұл жағдайда Өнім берушінің қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі барлық жұмыстар сақтандыру компаниясы арқылы жүргізіледі. Сот шешімін қоса алғанда, барлық қажетті құжаттар көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді талап ету үшін Өнім берушіге беріледі.

Автокөліктер тізбесі

Автокөліктің атауы мен маркасы

Шыққан жылы

Мемлекеттік нөмірі

Шанақ №

Subaru Tribeca

2006 ж.ш.

Z 716 AV

484WX83C764429093

Mitsubishi Pajero

2007 ж.ш.

Z 432 AV

JMYLRV93W8J000505

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]