Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK-2012_Zhalgastyrushy_noyabr_3_okon_2.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.53 Mб
Скачать

4.Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар.

5.Сұхбаттасыңыздар.

Қорқыт ата қай жерде дүниеге келген? Қорқыт туғанда табиғатта қандай өзгеріс болған? «Қара аспанды су алған, қара жерді құм алған» тіркесі табиғаттың қандай құбылысын бейнелейді? Қорқыт ата қандай заң-тәртіп түрлерін жасаған? Қорқыт қандай түс көреді? Ол адам қандай музыка аспабын жасаған? Қорқыт ата өмірінің ақырында қандай қорытындыға келеді? «Қорқыт ата» кітабы қай жерде сақталуда? Сіз Қорқыт ата туралы не білесіз?

  1. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Я стою в степи у высокого, заброшенного кургана. Чья это могила? Мудреца? Батыра? Музыканта? Нет ответа. Молчит усталая степь. Молчат гордые горы. Молчит бездонное. О, история моей древней земли, - ты подобна вспышкам молнии в этой темной и дождливой осенней ночи, и я хочу понять тебя, земля моя, степь моя!

7. Төмендегі үстеулерді мағынасына қарай ажыратып, сөйлемдер құрыңыздар.

Қазір, бүгін, анда-санда, зорға, амалсыздан, бекерге, әдейі, былтыр, қасақана, бағана, осыншама, әрең-әрең, қыстыгүні, әрқашан, күнара.

8. Үстеулердің мағыналық түрлеріне байланысты берілген сөйлемдердегі аяқталмай қалған ойды тиянақтаңыздар.

Бүгін жұмыстан демалған ... ; Кеше деканның кабинетінде ... ; Неғұрлым қарқынды жұмыс жасасаңыз, соғұрлым ... ; Түскі асын тым асықпай ... .

9. Мәтінді оқыңыздар.

Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи – мәдени қорық мұражайы 1978 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақ ССР министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Қожа Ахмет кесенесі негізінде «Республикалық Ахмет Яссауи сәулет кешені мұражайы» болып ашылып 1989 жылдың 28 тамызындағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №265 қаулысы бойынша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы болып қайта құрылды.

Қазақстан жерінде орта ғасырдан сақталған керемет сәулет өнерінің туындысы түркі халықтарының рухани пірі Қожа Ахмет Яссауи әулие кесенесін мұражайландыруда қазақ халқының біртуар ұлы, көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері, этнограф ғалым Өзбекәлі Жәнібектовтың еңбегі ерекше. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Қазақстандағы бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) алынған тарихи ескерткіш. Осы аймақта орналасқан 8 тарихи ескерткіш мұражайландырылып халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Олар:

  1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мұражайы. XIY ғасыр. Экспозициялық алаңы 654,98 шаршы метр

  2. Қылует жер асты мешіті мұражайы. XII ғасыр. 702 шаршы метр

  3. Жұма мешіті мұражайы. XIX ғасыр. 603,6 шаршы метр

  4. Шығыс моншасы мұражайы. XYIғ. 130 шаршы метр

  5. Түркістан тарихы мұражайы. XIX ғасыр. 1050 шаршы метр

  6. Археология және этнография мұражайы. XIX ғасыр. 140 шаршы метр

  7. Рабия Сұлтан бегім кесенесі мұражайы. XY ғасыр. 62 шаршы метр

  8. Түркістан көшесі мұражайы. XIX ғасыр. 452 шаршы метр

Әулиелердің сұлтаны атанған Қожа Ахмет Яссауи көз жұмған соң ХІІ ғасырдың екінші жартысында оның мазарының басында екі бөлмелі шағын кесене тұрғызылады. Қазіргі үлкен кесене, тамаша сәулет өнерінің туындысы XІYғ. соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Ғимарат бас ұста Мәулен Убайдулла Садырдың басшылығымен тұрғызылады. Орталық Азияда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне тең келетін сәулет өнерінің туындысы жоқ. Оның сыртқы биіктігі 41 метр. Ұзындығы 65, ені 46,5 метр. Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 2 метр. Қазандық бөлмесінің қабырғалары 3 метр. Барлығы 35 бөлме бар. Орталық залдың күмбезінің диаметрі 18,3 метр. Тайқазанды 1239 жылы Қарнақ қаласында Әбділәзиз Шарафутдинұлы Тебризи құйған. Салмағы 2 тонна болатын қазанға 3 мың литр су сияды.

«Әзірет Сұлтан» кесенесін жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты тазалауға бағытталды. Осы кезден бастап кесенедегі жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары бірнеше кезеңде жүргізіліп отырды. 1966 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен Мәдениет министрлігі жанынан республикалық ғылыми - жөндеу шеберханасы, ал 1972 жылы Түркістан қаласында арнайы жөндеу және қалпына келтіру шеберханасы ашылды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мұражай болып ашылғаннан кейін кешен құрамындағы «Шығыс моншасы» қайта қалпына келтірілді. 1975 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеп келген монша тарихи мәдени ескерткіш ретінде 1979 жылдан бастап мұражайға айналдырылды.

«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайы Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады. Мұнда:

  • қазақ халқының тарихы мен рухы насихатталады

  • қазақтың ел билеген хандары мен елін жерін қорғаған батырлары, би-шешендерінің мәңгілік мекендері ретінде олардың рухтарына тағзым етіледі.

  • халқымызды имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін Қожа Ахмет Яссауидің мұрасы насихатталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]