Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет МЖФ1.doc
Скачиваний:
122
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.33 Mб
Скачать

2.8 Күн энергиясын қолданылатын су көтергіштер

Күн энергиясы көп аудандарда механикалық және электрлік энергия ғылып пайдалануға болады. Гелиотехника негізінде бірнеше кун энергия қолданылатын су көтергіштер шығарылған. Лепешов Ю., Қатышев Г. БогдановВ. құрастырған су көтергіш күндік қыздырғыштан жылыуалмастырғыш және өлшем бірліктері кішкентай агрегаттардан (алты тармақты гидроқозғалытқыш айналмалы және сулы ортадан тепкіш насостар) тұрады.

Гидроқозғалытқышты су және насосы бар жылу алмастырғыш құдыққа жердегі бөлшектер күнді қыздрғыш және су резервуары шлангілер қосылады.

Гидроқозғалытқыш су насосын іске қосады. Су насосының жұмыс принципін күн жылунан сұйық фреон көлемінің ұлғаюына байланысты гидроқозғалытқышпен сулы ортадан тепкіш насосы бір білікте орналасқан шланг арқылы суды фильтырден өткізіп резервуарға және фреонның салқынды үшін айналмалы насосқа әпереді. Шланг арқылы жылуалмастырғыштан фреон күнді қыздырғышқа барады.

Бұл насостың беріліс, шахталы құдық тереңдігі 25м болғанда 800л/с.

2.9 Желдік-энергетикалық қондырғылар

Малдары сумен және жайлауларда малшыларды энергиямен қамтамасыз ету үшін «Ветерок», «Чайка» типті желдік-энергетикалық қондырғылар қолданылады бұл насостар бір уақытта 2000 қойға дейін суара алады.

3. Есеп беру мазмұны

3.1 Су көтергіш машиналар мен қондырғылардың жіктелуін жазу.

3.2 Су ағынды қондырғының, гидросоққылы және ауалы су көтергіштердің

құрлысы және жұмыс принципі.

4. Бақылау сұрақтары

4.1 Су көтергіш машиналар және қондырғылар қалай жіктеледі?

4.2 Ортадан тепкіш насостың құрлысы және жұмыс принципі қандай?

4.3 Құйынды насостың ортадан тепкіш насостан айырмашылығы неде?

4.4 Ортадан тепкіш насостар қалай жіктеледі?

4.5 Бір жақты және екі жақты поршенді насостан жұмыс принципін айтып

беріңіз?

4.6 Роторлы насостардың жұмыс принципі қандай?

4.7 Су ағынды қондырғының жалпы құрлысын және жұмыс процесын

түсіндіріңіз?

4.8 Гидросоққылы су көтергіштердің жұмысы қандай құбылысқа

негізделген?

4.9 Инерциялық су көтергіштердің жұмыс принцтпі неге негізделген.

Олардың түрлері.

4.10 Су көтергіштің қай тобы қысымсыздарзға жатады?

4.11 Ауалы су көтергіштердің жалпы құрлысы және жұмыс процесі.

. лабараторияларлық жұмыс

Мал қораларынан қи щығарғыш қондырғылар

  1. Жұмыстың мақсаты

Қорадан қи щығарғанда айнала қозғалатын ТСН-160Б және ТСН-3,0Б тасымалдағыштары мен скреперлі УС-15 және УС-10 қондырғыларының құрлысын және жұмыс істеу принципін оқып білу.

2. Қолданылатын құрал- жабдықтар

-ТСН-3.0Б, ТСН-160, УС-15 және УС-10 транспортерлерінің құрлысын және жұмысын оқып білу.

-ТСН -3.0Б транспортерінің және УС-15 қондырғысының жұмыс органдарын, механизмдерін, олардың реттеулерін оқып білу.

-ТСН-3.0Б және УС-15 транспортерлерінің схемасын бейнелеп, көрсеткіштерін дәптерге жазыңыз.

Жұмыстың мазмұны

Қорадан қи щығарғанда айнала қозғалатын ТСН-3.0Б қығышты транспортері (2.1-сурет) қора ішіндегі каналдарда жиналған қиды сыртқа шығарып және транспортқа артуға арналған. Транспортер горизантальді және көлбеу транспортерден тұрады. Бұл транспортердің әрқайсысының жетекттері болады. Горизантальді транспортерені 320 мм қора периметіріндегі қи каналында орнатылады. Транспортер шынжыры сыртқы және ішкі планкалардан құралып өзара саусақтармен қосылады. Қырғыш скоба болтпен орнатылады. Шынжырдың ұзындығы 170 м. Әрбір қырғыш арасы 1м, ал шынжыр қозғалысының жылдамдығы 0.19 м/с.

Кергіш механизм (2.2-сурет) еденге анкерлі болттармен бекітілген рамадан 7, реттеуіш винттен 3, сырғымадан 6 саптан 1, сырғыманың осіне бекітілетін қырқаяқтан тұрады. Шынжырды кеутарту үшін сапты оңға, солға бұрайды. Осы уақытта саптың басындағы храповикті механизм көмегімен винт 3 бұрылады. Кергіш механизм транспортердің бос тармағына орналастырылады.

Көлбеу транспортер горизонтқа 30 градус бағытта орнатылады. Транспортердің төменгі жағы қора ішінде және горизанталь транспортер арасында орнатылады, ал жоғары жағы қора сыртында болады. Шынжырының ұзындығы 13,7м.

1-бұрылыс қырқаяғы; 2-транспортер; 3-кергіш құрылғы; 4-горизонтальді транспортер жетегі; 5-көлбеу транспортер; 6-горизонтальді транспортердің тартқыш механизмі; 7-көлбеу транспортер жетегі.

2.1 - сурет - Кырғышты ТСН-З,ОБ транспортері

Қорадан қи шығарғанда және қиды транспортқа арту үшін айнала қозғалатын ТСН-160 (2.3-сурет) қырғышты транспортері қолданылады. Мұның құрылысы мен жұмыс принціпі ТСН- З.ОБ транспортеріне ұқсас. Тек ТСН-160 транспортерінің бөлшектелмейтін, термиялық өңделген және калибрленген якорлі 16x80 мм мөлшерлі шынжыры болады. Шынжырдың горизантальді және вертикальді звенолары, сонымен бірге вертикальді звеноға дәнекерленіп бекітілген тіректері бар. Тіректерге қырғыштар бекітіледі. Транспортердің шынжырын автоматты түрде тартып өздігінен реттегіш механизмі бар (2.4-сурет).

1-сап; 2-подшипник; 3-винт; 4-сырғыма осі; 5-бұрылыс қырқаяғы;

6-сырғыма; 7-рама.

2.2 – сурет - ТСН-З,ОБ транспортерінің кергіш құрылғысы

1-горизонтальді транспортер; 2-көлбеу транспортер; 3-баскару тетігі; 4-горизонтальді транспортер жетегі; 5-кергіш құрылғы; 6-шынжыр; 7-бұрылыс қырықаяқтары.

2.3 - сурет - ТСН-160 қырғышты транспортерінің жалпы түрі

1-бұрылыс қырқаяғы; 2-кергіш ролигі; 3-кергіш ролик рычагы; 4-тірек; 5-жүк ілінген трос; 6-жүк.

2.4-сурет-ТСН-160 транспортерінің автоматты кергіші

Скреперлі УС 15 қондырғысы (2.5-сурет) ірі қара малды боксты және байламай ұстайтын қоралардан қи шығаруға арналған. Қора ішіндегі қиды шығару орнына қарай қондырғы конструкциясының өзгешіліктері үш түрлі болып келеді. Қондырғы мынадай беліктерден тұрады: жетектен 1, скреперлі жұмыс органынан 4,5 және шынжырды кергіш қүрылғыдан, бұрылтқыш қүрылғылырдан 2, жұмыс контурының шынжырынан және басқару шкафынан. Қондырғының екі жүмыс органы бар.

Жүмыс органы қиды жылжытуға арналған. Ол шарнирлі құрылысы бар сырғымадан 3, скреперлерден 2 және кергіш құрылғыдан 4 тұрады. Скрепер қаңқасында резеңке пластиналар 5 бекітілген. Сырғыманың бір жағы шынжырмен, ал екінші жағы кергіш қүрылғымен жалғасқан. Қондырғы скреперлері ілгерілемелі-кейінді жүмыс істеиді. Қондырғы жұмыс істегенде бір қи каналындағы скрепер қанаттарын жайып қиды итереді де, ал екінші қи каналындағы скрепер қанатын жинап бірінші скреперге қарама қарсы жақа қозғалады. Бірінші скрепер қиды көлденең каналға (коллекторға) түсіргенен кейін реверсті түрде жұмысқа екінші скрепер кіріседі, яғни шынжырлар жетекпен екінші бағытқа тартады. Осылай цикл қайталана береді. Жұмыс органының қозғалу жылдамдығы 2,4 м/с.

Электрлік қозғалтқышты автоматты реверс жасауына КВД 12 механизмі қолданылады. Ол (2.6-сурет) контактісі жоқ ДЗ М индукциялық датчиктер блогінен құралып, жетектің редуктор корпусімен басқару блогінде орнатылған. Транспортер шынжырындағы тірек механизімнің қайтақосқыш пластинасына 2 әсер етіп жетектің электр қозғалтқышының айналу бағытын өзгертеді.

1-жетек; 2-бұрылтқыш құрылығы; 3-сырғыма; 4,5-скреперлер; 6-шынжыр

2.5 – сурет - УС-15 скреперлі қондырғысы

1-кайтара қосқыштың түптік айырғышы; 2-қайтара қосқыштың пластинасы. 3-авариялық айырғыш пластинасы; 4-авариялық түптік айырғыш; клеммалар тақтасы.

2.6 - сурет - Реверстік механизм

УС-10 қондырғысы штангалы-шынжырлы контурлы киды көлдненең немесе орталық каналдан шығаруға арналған. Қондырғы қиды бір каналдан немесе паралель орналасқан екі каналдан (2.7-сурет) шығара алады. Қондырғы конструкциясы УС-15 қондырғысына ұқсас, тек жұмыс органдары көп болады және олардың саны қи каналының үзындығына байланысты.

Қондырғы контурының кергіш құрылғысы штангамен шынжыр арасында орналасқан. Ол түп 4 (2.8а-сурет) және гайкасы 2 бар винттен 3 тұрады.

1-жетек; 2,4-бұрылтқыш құрылғылар; 3-скрепер; 5-жетек станциясы; 6-қи шығару каналынын беткі торы.

2.7 - сурет - УС-10 қондырғысының қи шығару каналында орналасуы

Шынжыр 7 болтпен 6 кергіш механизм түбіне жалғанған. Жұмыс органы (2.8 - сурет) оң және сол жақтағы скреперлерден тұрады. Олар шарнир арқылы түп өкшесі 3 бар сырғымамен 2 жалғасқан. Сырғыма кергіш винт және контргайка көмегімен бір жағынан штангеге, ал екінші жағынан аралық 8 арқылы шынжырға бекітілген.

УС-10 қондырғысының 8 жұмыс органы бар, олардың араларының қашықтығы 10 м, ал скрепердің жүріс қадамы 12,5м. Скрепердің ашылған кездегі ені 1,7 5 м, ал жиналған кездегі ені 0,69 м. Қырғыштардың биіктігі 0,15 м. Жұмыс контур диамметрі 20 мм шабық темірден және дөнгелек звенолы шынжырдан тұрады. Контурдағы автоматты түрде жұмыс істеп, тәулігіне 6 рет жұмысқа қосылады. Өнімділігі 2,8 кг/сағ, скрепердің қозғалу жылдамдылығы 0.14 м/с.

а-кергіш құрылғы; 1-штанга; 2-гайка; 3-винт; 4-түп; 5-контргайка; 6-болт; 7-шынжыр; б-жұмыс органы; 1-оң скрепер; 2-сырғыма; 3-түп өкше; 4-сол скрепер; 5-кергіш гайка 6-скрепер саусақтары; 7-штанга; 8-шынжыр бекитін аралық.

2.8 - сурет. УС-10 скреперлі қондырғысының элементтері