Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адист нускау информатика СРСП 2015.doc
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.54 Mб
Скачать

9. Презентация және оны құру мен ұсыну.

PowerPoint бағдарламасы.

Microsoft Power Point – Microsoft Office–тің құрамындағы, презентациялық материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға (пленка) арналған слайдтар, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентациялар дайындау мүмкіндігін береді. Microsoft Power Point программасында баяндама немесе мекеменің ашылу салтанаты, т.с.с. әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдаланып, жандандырып жіберуге болады.

Презентация ағылшынның presentation – көрсету, таныстыру деген сөзі. Презентация – қандай да бір тақырыпқа арналған түрлі – түсті суретті слайдтардың жиынтығы. Файлдың кеңейтілуі *.ppt болады.

Слайд – бұл фотографиялық бейнелер. Слайдтар жекеленген кадрлар немесе бір пленкада кадрлар сериясы түрінде дайындалады. Әр слайдқа әр түрлі объектілер кіре алады: тақырыптар, мәтін, графика, кесте, диаграмма, сурет, дыбыс, видеосюжеттер.

Power Рoint бағдарламасын тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Программалар-Microsoft Power Point қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.

Төмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.

1. Өз университетіңіз жайлы презентация құрыңыз

2. Өз мамандығыңыз жайлы презентация құрыңыз

3. Өз факультетіңіз жайлы презентация құрыңыз

4. 1-Қыркүйек білім күніне орай презентация құрыңыз

5. Компьютер құрылысы жайлы презентация құрыңыз

6. Бағдарламалар түрлері жайлы презентация құрыңыз

7. Астана жайлы презентация құрыңыз

8. Азиада -2011 олимпиадасы жайлы презентация құрыңыз

9. Өзіңіздің туған жеріңіз жайлы презентация құрыңыз

10. Өзіңіздің оқу тобыңыз жайлы презентация құрыңыз

11. Қазақстанның табиғаты жайлы презентация құрыңыз

12. Қазақтың салт-дәстүрі жайлы презентация құрыңыз

13. Вирус түрлері жайлы презентация құрыңыз

14. Антивирустар жайлы презентация құрыңыз

15. Архиватор жайлы презентация құрыңыз

16. Компьютерлік желі түрлері жайлы презентация құрыңыз

17. Интернет мүмкіншіліктері жайлы презентация құрыңыз

18. «Студенттік өмір» жайлы презентация құрыңыз

19. Қазақстанның спорттан жетістіктері жайлы презентация құрыңыз

20. Ішкі құрылғылар жайлы презентация құрыңыз

21. Сыртқы құрылғылар жайлы презентация құрыңыз

22. «Қазақстан-2030» жайлы презентация құрыңыз

23. Қазақстандағы ОБСЕ саммиті жайлы презентация құрыңыз

24. Белгілі бір Қазақстандық өнімге жарнамалық презентация құрыңыз

25. Қазақстанның экономикасы жайлы презентация құрыңыз

26. Салауатты өмір салты жайлы презентация құрыңыз

27. Жастар саясаты жайлы презентация құрыңыз

28. ЭЕМ-нің даму тарихы жайлы презентация құрыңыз

29. Астананың көрікті жерлері жайлы презентация құрыңыз

30. «Менің достарым» жайлы презентация құрыңыз

10. Microsoft Excel кестелік процессоры

1980 жылы кестелік процессорлардың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік туғызды. Бірінші болып VisiCalc кестелік процессоры жасалды. Осыдан кейін–ақ электрондық кестелер тұжырымдамасын бірқатар фирмалар іліп алып кетті. Осылай VisiCalc, SuperCalc, Multiplan сияқты кестелік процессорлары пайда болды, содан кейін Lotus 1-2-3 дестесі жасалды. Біздің елімізде Computer Associates, Inc фирмасының SuperCalc -3-4-5 кестелік процессоры кеңінен таралды. Содан кейін бірқатар орысша бейімделген АБАК, ДРАКОН, ВАРИТАБ-86 дестелері жасалынды.

Қазіргі компьютерлерде Microsoft Excel кестелік процессоры кең таралған. Электрондық кесте термині кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді. Кестелерді өңдеу мыналардан тұрады:

1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу;

2. Әр түрлі факторлардың мәліметтерге тигізетін әсерін зерттеу;

3. Тиімділік /оптимизация/ есептерін шығару;

4. Белгілі бір критерийлердің қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу /табу/;

5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу;

6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

Excel электрондық кестесі жазылған әрбір файл бірнеше беттерден байланысқан кестелерді бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты жылдам іздеп табу мүмкіндігін беретін кітап болып саналады. Беттердің немесе парақтардың жарлықтары экранның төменгі сол жақ шетінде көрініп тұрады. Үнсіз келісім бойынша кітап үш парақтан тұрады. Кітапқа жаңа парақ кірістіру үшін Вставка – Лист командасын орындаймыз. Кітапқа 255 параққа дейін кірістіре аламыз.

Ағымдағы парақты ерекшелеу үшін Ctrl + Shift +пробел пернелерін қатар басамыз.

Қатар нөмірі - электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының сол жақ шетінде жазылған нөмірі. Қатарлар саны – 65536. Қатарды ерекшелеу үшін Ctrl + пробел пернелерін басамыз.

Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын белгілейді. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы жағында жазылып тұрады. Бағаналар A-Z, содан соң АА-AZ, одан кейін ВА-ВZ …, IA-IV-ке дейін белгіленеді, бағаналар саны–256. Бағанды ерекшелеу үшін тышқан тетігі арқылы немесе Shift + пробел пернелерін басамыз.

Ұя /тор/ - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі.

Ұяшық - баған мен жолдың қиылысында орналасқан элемент. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны–16777216-ға тең

Ұяшық адресі – оның координаттарымен: баған белгіленген әріппен және жолдың нөмірін анықтайтын цифрмен айқындалады. Мысалы, Е5 – Е бағаны мен 5-номерлі жолдың қиылысуында орналасқан ұяшық атауы.