Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адист нускау информатика СРСП 2015.doc
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.54 Mб
Скачать

3. Санау жүйелері

Ондық санау жүйесі. Ондық санау жүйесінде сандарды жазу үшін он цифр қолданылады -0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Ондық жүйе позициялы болып табылады, өйткені ондық санның жазылуында цифрдың мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты.

Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.

Мысалы, 524 санын қосынды түрінде жазсақ:

5*102+2*101+4*100

Бұл жазбадағы 10 саны – санау жүйесінің негізі. Санның әрбір цифры үшін, 10 негізі цифрдың сандағы орнына байланысты дәрежеленеді де, осы санға көбейтіледі.

Егер ондық сан бөлшек болса, онда бөлшек бөліктің әрбір цифры үшін негіздің дәреже көрсеткіші теріс және бөлшек бөліктің үлкен цифры үшін -1-ге, бөлшек бөліктің келесі цифры үшін -2-ге тең және т.с. болады. Мысалы келесі ондық сандар мынадай қосындымен көрсетіледі:

384,9506=3*102+8*101+4*100+9*10-1+5*10-2+0*10-3+6*10-4.

Екілік санау жүйесі. Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да, екілік сан деп аталады.

Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру олардың әрбір разрядын (1 немесе 0 санын) тұрған орнына байланысты екінің дәрежелеріне көбейтіп, шыққан сандарды қосу арқылы жүргізіледі.

Мысалы, 111012=1*24+1*23+1*22+0*21+1*20=16+8+4+1=2910

Керісінше ондық сандарды, екілік сандарға айналдыру үшін сол санды екіге бөлеміз, шыққан бөліндіні тағы екіге бөлеміз, одан шыққан санды да, осылайша бөлінді бірге тең болғанша, біртіндеп екіге бөле береміз. Ең соңғы бөліндіден басталып жазылатын қалдық сандар тізбегі ізделініп отырған екілік санның таңбаларын құрайды.

Мысалы,

29

2

28

14

2

1

14

7

2

0

6

3

2

1

2

1

1

Нәтижесі - 111012 деген екілік сан болып шығады.

Сегіздік санау жүйесі. Сегіздік санау жүйесінде, яғни негізі «8» санау жүйесінде сандар сегіз цифрдың көмегімен көрсетіледі:0,1,2,3,4,5,6,7. Сегіздік санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстыру олардың әрбір разрядын тұрған орнына байланысты сегіздің дәрежелеріне көбейтіп, шыққан сандарды қосу арқылы жүргізіледі. Мыс: 848=8*81+4*80=64+4=6810.

Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру үшін сол санды сегізге бөлеміз, осылайша бөлінді сегізге тең болғанша біртіндеп бөле береміз.

Оналтылық санау жүйесі. Екілік сандарды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін қолданады. Бұл жүйені оналтылық деп атайды. Оналтылық позициялы санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және жетпейтін алты цифрды белгілеу үшін 10,11,12,13,14,15 ондық сандарының мәніне сәйкес латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: A, B, C, D, E, F қолданылады. Оналтылық сан, мысалы, мына түрде 5АB болуы мүмкін. Бұл санды негізі 16 екенін ескеріп, қосынды түрінде жазсақ:

5АB16=5*162+10*161+11*160=1280+160+11=145110

Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру. Екілік санды сегіздік немесе оналтылық санға түрлендіру процесі өте қара-пайым. Сегіздік санның кез келген цифрын жазу үшін үш екілік цифр(триада) қажет. Сондықтан түрлендіретін екілік санды оңнан солға қарай үш-үштен екілік цифрлар тобына бөледі, мұнда ең сол жақтағы топта екілік цифрлар үштен кем болуы мүмкін. Мысалы, 011 екілік цифры сегіздік санау жүйесінде үш цифры болып табылады. Сонан кейін екілік цифрлардың әрбір тобын кестеде көрсетілген сегіздік цифр түрінде жазады.

Екілік жүйе

Сегіздік жүйе

000

0

001

1

010

2

011

3

100

4

101

5

110

6

111

7

Мысалы, үш екілік цифрдан тұратын топтарға бөлінген 1101111011 екілік санын 1 101 111 011 сияқты жазып алып және әрбір топты бір сегіздік цифрмен ауыстырып жазғаннан кейін,1573 сегіздік санын алуға болады.

Сандарды екілік жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстыру. Екілік санды оналтылық санау жүйесіне жоғарыдағыға ұқсас түрлендіреді: әрбір түрлендіретін екілік сан оңнан солға қарай әрқайсысында төрттен екілік сан бар топтарға (тетрадаларға) бөлінеді, өйткені оналтылық санның кез келген цифрын жазу үшін төрт екілік цифр қажет.

Ондық жүйе

Екілік жүйе

Оналтылық жүйе

0

0000

0

1

0001

1

2

0010

2

3

0011

3

4

0100

4

5

0101

5

6

0110

6

7

0111

7

8

1000

8

9

1001

9

10

1010

A

11

1011

B

12

1100

C

13

1101

D

14

1110

E

15

1111

F

Сондықтан алдыңғы мысалда қолданылған 1101111011 екілік санды төрт екілік цифрлардан тұратын топтарға бөлгеннен кейін, 11 0111 1011 сияқты жазып және әр топты оналтылық цифрмен ауыстырғаннан кейін, 37В оналтылық санын алуға болады.

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы. Сұрақтарға жауаптар беріңіз және өз нұсқа нөміріңіз бойынша есептерді шығарыңыз.

Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

  1. Санау жүйесі дегеніміз не?

  2. Санау жүйесінің түрлері?

  3. Позициялық санау жүйесі дегеніміз не?

  4. Позициялық емес (римдік) санау жүйесі дегеніміз не?

  5. Буль алгебрасы дегеніміз не?

  6. Позициялық санау жүйелерін атаңыз

  7. 2-лік санау жүйелерінің сандары?

  8. 8-дік санау жүйелерінің сандары?

  9. 10-дық санау жүйелерінің сандары?

  10. 16-лық санау жүйелерінің сандары?

  11. Санау жүйелеріне қолданылатын амалдар?

Нұсқа нөмірі

Тапсырма түрлері

2-к санау жүйесін

10-қ санау жүйесіне аударыңыз және керісінше

2-к санау жүйесін

8-к санау жүйесіне аударыңыз және керісінше

2-к санау жүйесін

16-қ санау жүйесіне аударыңыз және керісінше

10-қ санау жүйесін

8-к санау жүйесіне аударыңыз және керісінше

10-қ санау жүйесін

16-қ санау жүйесіне аударыңыз және керісінше

1

1100

111,001

10,1010

12

61

2

1111

010,101

000111

22

55

3

101

101010

1011,11

32

74

4

100

000111

10101

42

43

5

1001

101,111

101011

77

49

6

1000

10101

10,0011

80

59

7

11111

101011

1,100

52

100

8

10110

10,0011

1010

24

33

9

10001

1000101

11,1001

36

37

10

11101

111,110

010101

91

73

11

1100

1011110

101,010

87

98

12

10010

101100

000111

78

89

13

11100

100,1111

10,1111

69

40

14

10110

1111,101

1010,1

61

71

15

1100

111001

111,001

55

51

16

1010

010101

010,101

74

20

17

111001

10,1010

101010

43

83

18

010101

000111

000111

49

29

19

101010

1011,11

101,111

59

22

20

000111

10101

10101

100

32

21

101111

101011

101011

33

42

22

10101

10,0011

10,0011

37

77

23

101011

1,100

1000101

73

80

24

100011

1010

111,110

98

52

25

1000101

11,1001

1011110

89

24

26

111110

010101

101100

40

36

27

1011110

101,010

100,1111

17

91

28

101100

000111

1111,101

15

87

29

1001111

10,1111

111001

20

78

30

1111101

1010,1

010101

18

69