Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
356.86 Кб
Скачать

Кіріспе

Қазіргі уақытта топырақты қорғау және оның құнарлылығын сақтау экологияның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Биосфераның экологиялық тұрақтылығын сақтаудың негізі ретінде топырақтың құнарлылығы мен өнімділігін арттыру болып отыр. /1/

Қостанай облысындағы топырақтың гумуссыздануының негізгі факторлары дәнді дақылдардың біркелкілігі, жел және су эрозиясы, ауыспалы егіншілік принциптерінің сақталмауы мен органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштардың енгізілмеуі немесе жеткіліксіз енгізілуі болып отыр. Қара топырақтың құрамындағы гумус мөлшерінің төмендеуінің негізгі себебі оның интенсивті пайдаланылуы болып отыр. Соңғы жылдары, топырақты органикамен толықтырылмай себу құрылымының өзгеруіне байланысты Солтүстік Қазақстанда қара топырақтың деградациялану процесі жылдамдамдады.

Ұзақ уақыт бойы қара топырақты жерлердің ауылшаруашылық өндірісінде тиімсіз пайдаланылуы оның қасиеттерінің өзгеріп өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтырды. Мұның негізгі себептері өсімдік жамылғысының, топырақпен қоршаған ортаны арасындағы ылғал ағымының, қоректік заттар мен жылу алмасудың өзгеруі және органикалық заттардың балансының бұзылуы.

Қазіргі уақытта егіншілікте пайдаланылатын топырақтың табиғи аналогтарынан айырмашылығы көп екені байқалады. Бұл айырмашылықтар негізінен топырақ құнарлылығының көптеген көрсеткіштерінің және табиғи топырақ түзілу процесінің өзгеруімен сол сияқты жүйелі түрде өңдеумен, табиғи астық тұқымдастардың біржылдық мәдени өсімдіктермен алмастырылуына және тыңайтқыштардың қолданылуына байланысты болып отыр. /2/

Қостанай облысы – Қазақстанның 3 млн. га астам жерге астықтұқымдастарын себетін және жиналатын егін өнімінің төрттен бірін өндіретін ең ірі аграрлық аймақтарының бірі. Бүгінгі таңда облыстағы ауыл шаруашылық алқаптары топырақ жамылғысының алуан түрлілігімен және көлем бірлігіне шаққанда жұмсалатын қаржы-материалдық шығынның мөлшері бойынша сапасы мен саны жағынан әр түрлі өнім өндіреді. /3/

Қостанай облысы Қазақстанның негізгі астық өндіретін үш өңірдің бірі болып табылады. Өңірлердегі ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы алдымен сыртқы және ішкі инвестициялардың болуына байланысты. /4/ Бұл инвестициялар тек қана экономикалық мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығының қазіргі жағдайы және даму перспективасы топырақ жамылғысын тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Топырақтың құнарлылығын реттеудің басты жолдары қоғамның қажеттілігін қанағаттандыра отырып қоршаған ортаны сақтауға негізделуі керек. /5/

Соңғы уақытта, топырақтағы органикалық заттардың мөлшері мен қоры, топырақты биосфераның негізгі компоненті ретінде қарастырады. Органикалық зат көп мөлшерде топырақтың қоректік элемент көзі ретінде тура әсер етіп, оның қоректік режимін анықтайды,./6/.

Топырақты қорғау және оның құнарлылығын сақтау қазіргі таңдағы негізгі эколгиялық мәселелрдің бірі болып отыр. Топырақ құнарлылығының өнімділігін арттыру бүкіл ғаламшар биосферасының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуші негізгі жағдай болып отыр./7/

Ғылым мен тәжірибе көрсетіп отырғандай, тыңайтқыштарды қолдау жйесінсіз топырақтың құнарлылығы сақтап қалу мүмкін емес. Ауыл шаруашылық алқаптарын ұзақ уақыт пайдалану топырақтағы гумус пен азоттың мөлшерін кемітеді, бұл әсіресе Солтүстік Қазақстанның топырағына тән қасиет. Қоректік элементтердің оң балансын сақтап қалу үшін мұндай топырақтарда органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштарды енгізіп, егіналмастыру жүйесіне біржылдық және көпжылдық бұршақтұқымдастарын енгізу қажет./8/

Тақырып бойынша әдебиеттерге шолу

Топырақтағы органикалық заттардың мөлшерін зерттеу қортындылары көрсеткендей, егін алмастыру жүйесінде 50% бұршақ тұқымдастар себілген алқапта гумус мөлшері айтарлықтай өзгермеген. Минералдық тыңайтқыштардың гумус түзілуіне әсері бірінші егіналмасу кезегінде-ақ көрінеді. Органикалық заттардың мөлшерінің өсуі енгізілген минералды тыңайтқыштардың шамасына байланысты./9/

Топырақ құнарлылығының кемуінің алдын алу үшін қазіргі кезде ең бастысы органикалық заттарды сақтау мәселесін шешу қажет. Солтүстік Қазақстанның оңтүстік қара топырақтарында зерттеу жұмыстарын жүргізу қортындысында, азоттың мөлшерінің көбеюі енгізілген тыңайтқыш пен өсімдік қалдықтарының мөлшеріне тығыз байланысты екенін анықтады. Көміртегі болса топырақтың тұрақты бөлігі болып қалады. Екі алқапты егін алмастыру жүйесіде, пардың салмақ мөлшері жоғары болған жағдайда шіру прцестерінің жылдамдауына байланысты органикалық заттардың көп шығындалатындығымен сипатталады./10/

Кез келген топырақтың құнарлылық өлшемін түрлі көрсеткіштермен көрсетуге болады. Мысалы, экспериментік жолмен анықталғандай Евразиялық дала жағдайында минералды көміртегі мен азоттың мөлшері топырақтың органикалық затының өзгермелі фракциясы ретінде бұл топырақтың құнарлылық көрсеткіші бола алады. /11/

Егер топырақтың құрамындағы азот қосылыстары айтар болсақ мынадай мәліметтер келтіруге болады. Топырақтағы азоттың органикалық қосылыстары негізінен қиын еритін гумустың құрамына кіретін қосылыстар. Органикалық заттармен өсімдік қалдықтарының өсу кезеңінде минералдануы нәтижесінде топырақта минералды азоттың елеулі мөлшері бөлінеді.Азоттың қозғалмалы формаларының топырақтағы мөлшерін реттеу , оның құнарлылығының негізгі жағдайы болып табылады. Топырақтағы азоттың минералды формаларының мөлшері уақыт өзгерген сайын өзгереді және топырақтың ылғалдылығына, өңдеу әдісіне, өсімдіктер мен тыңайтқыштардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты /12/

Қостанай облысындағы топырақтың гумуссыздануының негізгі факторлары астықтұқымдастарының біркелкілігі, жел және су эрозиясы, ауыспалы егіншілік принциптерінің сақталмауы мен органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштардың енгізілмеуі немесе жеткіліксіз енгізілуі екені анық /13/

Қара топырақтың құрамындағы гумус мөлшерінің төмендеуінің негізгі себебі оның интенсивті пайдаланылуы болып отыр. Соңғы жылдары, топырақты органикамен толықтырылмай себу құрылымының өзгеруіне байланысты Солтүстік Қазақстанда қара топырақтың деградациялану процесі жылдамдамдады /14/

Органикалық тыңайтқыш ретінде көң мен сабанды пайдалану органикалық заттардың балансының біршама жақсартады. Гумус мөлшерін сақтауда малазықтық дақылдарды таза парлармен алмастыру оң нәтиже береді /15/.

Топырақ өсімдік жабынымен бірге биосфераның қалыпты күйінің сақталып, ауаның, судың, тағамның тазалығы мен сапасының, халық денсаулығын сақтауда ерекше орын алатын көпжақты қолданылатын табиғат ресурс болып табылады. Осы топырақ жабыны планетарлық және жергілікті энергетикалық және биохимиялық циклдің биологиялық өнім түзетін экологиялық жүйедегі қоректік тізбектердің энергетикалық бөліктерінің химиялық құрамын анықтайды [4, 5].

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы мен алдағы уақыттағы дамуы жер ресурстарын тиімді пайдаланып, әсіресе топырақтың құнарлылық деңгейін сақтап, табиғи ресурстарын дұрыс басқарумен тығыз байланысты. Топырақ құнарлылығын реттеу әдістері әлем жұртшылығының назарын адамзат қоғамының дамуының жаңа этабына көшіп, қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттілігін қанағаттандыра отырып, қоршаған ортаның күйін барынша сақтап қалуға аударуға негізделген [6]

Адамзат дамуының жаңа концепциясы тұрақты даму принципіне негізделген. Мұндай дамудың негізгі талабы – топырақ құнарлылығын мен ресурстарын сақтай отырып, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының өнімділігін жоғарлатуға қол жеткізу. [1].

Ауыл шаруашылық өндірісінде топырақты қарқынды пайдалану барысында оның құнарлылығын реттеу мәселесі қашаннан бергі топырақтану мен егіншіліктегі өзекті мәселе болып келеді. Топырақ құнарлылығының териялық және практикалық мәселелерін қарастыра отырып В.А.Ковда топырақтың кең көлемді өнімділігі интенсивті жер игерудің маңызды принципі болуы қажет екендігін бөліп айтқан болатын және бұл мәселені іс жүзінде шешу ең бірінші ретте келтірілген зиян мен пайдаланылған бөліктерін қайтарып, өсіп келе жатқан агроэкожүйені қосымша энергиямен қамтамасыз етіп, фотосинтез өнімділігін арттыру жағдайын жақсартуға негізделуі қажет. /7,8/

Солтүстік Қазақстан үшін егжей-тегжей зерттелуіне аса көп болмаған қара топырақтың маңызы зор. Алайда ол туралы алғашқы ақпаратты В.В.Докучаевтың ХІХ жүз жылдықтың соңындағы еңбектерінен кездестіре аламыз. Бұл еңбегінде ол қолда бар материалдарға талдау жасай отырып сібір қара топырағының ерекшеліктерін, олардың европалық қара топырақтан негізгі айырмашылығын анықтап көрсетті. Ресейдің Еуропалық бөлігінің қара топырақтарынан қуаттылығы айтарлықтай төмен екендігін айтты.

Дегенмен Солтүстік Қазақстанның аумағында топырақ зерттеу жұмыстары Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін кең қанат жайды. К.П.Горшенин Батыс Сібір қара топырақтарының шығу тегі мен ерекшеліктерін зерттей отырып, олардың КСРО-ның Еуропалық бөлігінің қара топырағынан айтарлықтай айырмашылығы бар екендігін байқады. 30-жылдары Солтүстік Қазақстан аумағында топырақтық, ботаникалық зерттеу жүргізілді. Бұл топырақ жамылғысының ерекшеліктерін анықтап, алғашқы топырақ жүйелеуге негіз болды. Жүйелеудің негізіне топырақтың механикалық құрамы, гумус қабатының қуаты, карбонаттар мен суда еритін тұздардың көлбей жату тереңдігі алынды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]