Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халык бук.doc
Скачиваний:
59
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Қосымша әдебиеттер:

8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987.

9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987.

10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987.

11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986.

12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978.

13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985.

14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974.

15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992.

16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы,

17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с.

18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с.

19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ,1998.-416с.

2 Тақырып. Халықаралық-құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы. Қазақстанның тарихында халықаралық-құқықтық институттардың қалыптасуы мен дамуы

Мақсаты: студенттерге халықаралық-құқықтық ғылымның дамуы мен қалыптасу тарихы туралы білімдерді, сондай-ақ Қазақстан тарихындағы халықаралық-құқықтық институттарының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру

Жоспары:

  1. Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихының кезеңдері. Регионализм. Ежелгі дүниедегі халықаралық құқықтың негізгі институттары. Ежелгі ойшылдардың халықаралық құқық мәселелері туралы айтқан ой-пікірлері.

  2. Орта ғасырлардағы халықаралық құқық. Халықаралық құқықтың негізгі институттары.

  3. Осы дәуірдің халықаралық-құқықтық көзқарастары. 1648 ж. Вестфаль конгресі және оның халықаралық құқықтың дамуындағы рөлі. Г.Гроций, оның замандастары және оның жолын қуушылар. Халықаралық құқыққа француз революциясының ықпалы. 1815 ж. Вена конгресі, 1856ж. Париж конгресі, 1884-1885жж. Берлин конференциясы, 1899 және 1907 жж. Гаага әлем Конференциясы. ХІХғ. және ХХғ. айрығындағы халықаралық құқықтың негізгі доктриналары.

  4. Қазақстандағы халықаралық құқықтың дамуы. Қазақстанның тәуелсіздігі және халықаралық құқық, халықаралық – құқықтық ілімнің Қазақстанда пайда болуы және дамуы. Қазақстан тарихындағы ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық нысанының пайда болуы. Қазақстандағы жүздердің Ресейге қосылуының халықаралық құқық тұрғысынан алғандағы көрінісі.

  5. Әдет-ғұрып, Құран, шарттар Қазақстан тарихында халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстан тарихында елшілік, әдет-ғұрып дипломатиялық құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстандағы әдет-ғұрып пен шарттардың арақатынасы.

  6. Қазақстандағы жүздердің, қазақ хандарының сыртқы қарым-қатынасындағы мемлекеттің ішкі органдары. Шет елдердегі Қазақстан елшіліктерінің мақсаты. Қазақ хандарының шарттық тәжірибедегі шарттарының атауы. Қазақстандағы шарттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші халықаралық-құқықтық құралдар. Қазақстан тарихындағы сыртқы сауданың құқықтық мәселелері. 1924 ж. ұлттық-мемлекеттік реттеу Қазақстан және Орта Азия аумағындағы халықаралық-құқықтық құбылыс ретінде.

  7. КСРО-ның құрамындағы Қазақ КСР-нің халықаралық құқық субъектілігі. ҚР егемен, дербес мемлекет, қазіргі халықаралық құқықтың толыққанды, тең құқылы субъектісі

Халықаралық құқық әлемдік өркениеттің жетістігі болып табылады. Ол мемлекеттердің және олардың функцияларының пайда болуымен пайда болды. Халықаралық құқық өзінің ерте даму кезеңінде аймақтық халықаралық – құқықтық жүйе ретінде қалыптаса бастады. Біртіндеп бұл жүйелер ұлғайып, ұштасып, бүкіл адамзаттың, әлемнің барлық мемлекеттерінің сұранысына қызмет ететін ерекше құқық жүйесі ретіндегі ортақ халықаралық құқық қалпыптасты.

Алғаш рет адамзат қоғамының дамуында халықаралық құқық б.з.д. IV аяғында -III басында мың жылдықтарда алғашқы құл иеленушілік мемлекеттер пайда бола бастаған кезде Ежелгі Шығыста, Египетте, Ежелгі Қос өзен аңғарындағы мемлекеттердің қарым-қатынастарда қалыптаса бастады. Олардың арасындағы қатынастар әдет-ғұрыптар арқылы реттелді. Сонымен қатар жазбаша халықаралық шарттар пайда бола бастады. Осындай ежелгі шарттардың бірі б.з.д. ХХІІІғ. Аккад патшасы Нарамсин мен Эламның арасындағы жасалған шарт болып табылады. Жазбаша шарттардың классикалық мысалы ретінде бейбіт және одақтық шарттар түріне жатқызуға болатын хеттік-египеттік шартты (б.з.д. ХІІІ ғ. ) атауға болады. Екі мемлекетте әскери іс-әрекеттерді тоқтатуға, бір-біріне ішкі және сыртқы жаулармен күресте көмектесуге, екі мемлекеттің де қшқын құлдарын ұстап беруге көмектесуге міндеттенді.

Б.з.д. ІІ-І ғғ. халықаралық құқықтың элементтері Қытай мен Үндістанның, кейіннен Ежелгі Элладаның (Грецияның) және Ежелгі Римнің территорияларында пайда бола бастады.

Үндістандағы Ману заңдары елдер арасында елшілік қатынастарды орнату, елшілердің функциялары туралы, шет мемлекеттердің елшілеріне қол сұғылмаушылық туралы ережелерден тұрды. Бұл заңдар рақымшылық сұраған әскери тұтқындарға, жаралыларға адамгершілікпен қарауды талап етті. Осы заңдар жинағының негізгі ойларының бірі – бейбіт тұрғындарды қырып-жою емес, тек әскери қарсыласын жеңу болып табылады. Соғыстың ізгілік нормалары Қытайдың көне құжаты – б.з.д. ҮІІ ғ. белгіленген «Әскери өнер туралы Трактатта» белгіленген. Өз қызметтерімен мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды бекіткен, сапарға шығатын Қытай елшілері қол сұғушылықты иеленді. Осы кезеңдегі мемлекеттерге өздерінің арасындағы дау-жанжалдарды шешетін халықаралық сот институты таныс еді.

Ежелгі Грецияның полистері (қала-мемлекеттері) елшілер арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасады. Диплом деп аталатын тақтайшаларда елшілерге келіссөздер жүргізуге құқық беретін мазмұндағы мәтіндер болды. Осы тақтайшалардың атынан «дипломатия», «диплом» сөздері пайда болды. Елшілерге қол сұғылмаушылыққа кепіл берілді. Халықаралық –құқықтық элементке Ежелгі Грецияда пайда болған және шетелдіктерге қамқорлықты білдіретін проксения институтын жатқызуға болады.

Ежелгі дәуірдің халықаралық құқығы, сондай-ақ аймақтық сипаттағы кө жақты шарттарды да білді. Ежелгі Грецияда әр түрлі одақтардың (Этолиялық, Ахейлік одақтар) құрылуына әкелген көптеген көп жақты шарттар болды. Әскери одақ – симмахия Спартаның басшылығымен жасалды (б.з.д. ҮІІ – ҮІ ғғ.).

Ежелгі Римнің халықаралық-құқықтық практикасы. Шетелдік елшілер мұнда қол сұғылмаушылықты пайдаланды. Осы ережені бұзғандарды жәбірленген мемлекетке берілетін болды. Осыған қарамастан, заң бойынша шетелдіктердің ешқандай құқықтары болмағаны қызығушылық тудырады. Біртіндеп, шетелдіктерді қамқорлыққа алуды түсінді, себебі шапшаң экономикалық даму мүмкін болмады. Арнайы шенеунік «претор перегринус» шетелдіктердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті.

Рим халықаралық шарттар жасасты. Олар «мәңгілік бейбітшілік» деп аталатын, сонымен қатар достасу, достық қатынастар, қамқорлық, одақ орната алды. Рим жаулап алған халықтарға міндеттейтін теңсіз шарттар басым болды. Ежелгі Рим соғыстарының әдет-ғұрыптары ерекше адамгершілікпен көзге түскен жоқ. Қарусыз әскерлерді қырып жойып құлдарға айналдырды, қалаларды қираты, мысалы, Карфаген.

Ежелгі мемлекеттерде толықтай халықаралық құқық болған жоқ. Халықаралық қатынастардың қандай болмасын аспетілері жөнінде айтқан ежелгі ойшылдардың, филосфтардың, ораторлардың жекелеген сөздері ғана болды. Платон, Аристотель, Цицерон және басқалар әділетсіз соғыстарды айыптап сөйледі. «Jus gentium» деп аталатын халықтар құқығын қалыптастырған Ежелгі Рим заңгерлерінің еңбегін атап өтуге болады. Бұл халықтардың арасындағы қарым-қатынастар туралы, Римнің шетел азаматтарымен қатынастары туралы белгілі бір нормалардан тұрды.

Ертеректе халықаралық қатынастар тек қалыптаса бастады. Бұл халықаралық құықтың аймақтық сипатын айқындады. Халықаралық құқықтың нормаларының діни сипаты басым болды. Қазіргі заманғы дипломатиялық құқықтың, халықаралық шарттардың және қарулы қақтығыстар құқығының негіздері ежелгі мемлекеттерде пайда болған.

Орта ғасырлардағы халықаралық құқық. Феодализмнің ыдырауы адамзат қоғамының сол даму кезеңіне тән болды. Феодалдық қоғамда шарттар көп болғандықтан бұқаралық-құқықтық шарттарды жеке –құқықтық шарттардан ажырату мүмкін болмады. Шарттардың субъектілері ретінде феодалдар, қалалар болды. Рим папалары конкордаттар деп аталатын шарттар жасасты. Римдік католиктік шіркеу еуропалық феодалдық халықаралық құқықтың дамуына елеулі ықпал етті. Олар жекеленген соғыстарды ашуға тыйым салу жөніндегі шектеулерден тұрды, аптаның белгілі бір күнінде әскери іс-қимылдар ашуға тыйым салу қажет деп тапты, шіркеуде баспана берілді. Бірақ соғыс заңдары мен әдет – ғұрыптары қатал болды: қалалар қиратылып тоналды, жаралылар далада қалды, тұтқындар құлға айналдырылды.

Кейіннен орта ғасырларда жаралылар мен тұтқындарды қамқорлыққа ала бастады.

Осы кезеңнің практикасы халықаралық шарттарды сақтаудың әр түрлі кепілдіктерін қалыптастырды. Библия мен Құрандағы анттар қандайда бір шарттардың кепілдіктері болды. Рим папалары шарттардың кепілі ретінде қатысты, бұл жөнінде арнайы буллалар шығара бастады. Халықаралық шарттардың кепілі ретінде адамдар ала бастады. Сол дәуірдегі кепілдердің қатарына өз қамқорлығына алу да болды. Айталық, 1713 жылы Утрехт бейбіт келісімінің кепілі ретінде Ресей қатысты.

Ереже бойынша, орта ғасырлардағы халықаралық шарттар екі жақты болды, сонымен қатар көп жақты халықаралық шарттардың да осы кезеңде қалыптаса бастағанын айта кету қажет, мысалы, отыз жылдың соғыстың аяқталуын заңды түрде рәсімдеген 1648 жылғы Вестфаль Трактаты болды. Швейцария мен Голландияның, Германияның көптеген княздықтарының тәуелсіздігі жарияланды. Рейн өзенінің жағалауындағы мемлекеттерге еркін жүзулері жарияланды. Осы аталған келісімшарт мемлекет аралық қатынастардың өркениетті түрде реттелуіне бастау болды.

Мемлекеттердің егемендігі мен тең құқлылығы идеялары маңызды бола бастады. Бастапқыда феодалдық-династиялық сипат ала бастаған, көптеген ғасырлар бойында эволюцияланған, олар қазіргі уақытта мемлекеттердің егеменділігі мен тең құқылылығының халықаралық-құқықтық қағидалардың міндетті түрде орындалатын негізгі қағидалар ретінде рәсімделді.

Елшілік құқық сапалы дамуын алды. Елшіліктермен алмасу жиіледі, уақытша елшіліктер тұрақты бола бастады. Ерте феодалдық кезеңдегі дәуірде елшілік артықшылықтар мен қорғаншылықтардың кеңеюі тән болды. Елшілік кварталдарда елшілердің ғана емес, сондай-ақ кез келген тұлғаға қол сұғылмаушылыққа кепіл берілді. Осыған байланысты елшіліктерде баспана берілді, ал елшілік кварталдарда қылмыстық элементтер жасырылды.

ХҮ–ХҮІІ ғғ. консулдар институты пайда бола бастады. Империя кезінде консул – тек құрметті атақ, кейіннен – өкіметі шетелге өз елінің азаматтарының құқықтық, сауда және өзге де мүдделерін қорғау үшін жіберілген лауазымды тұлға, шенеунік.

Теңізе жүзу мен халықаралық сауданың дамуымен барлық мемлекеттердің ашық теңіздер мен мұхиттарда еркін кеме жүзу қағидасы танылды. Теңіз құқығының әдет-ғұрыптары бекітіле бастады, атап айтқанда, ХІҮ ғ. шығарылған «Косолато дель маре» (Кодекс морских обычаев) сілтеме жасай бастады. Сауда келісімшарттарында шетелдіктер үшін барынша қолайлы режим туралы пункттер жиі кездесе бастады.

Феодализм кезінде халықаралық-құқықтық ойлар лдан әрі дамуын алды. Бұл кезде де тодықтай халықаралық құқық болмаса да, осы кезеңдегі ойшылдардың ой-талқылаулары қазіргі халықаралық-құқықтық ғылым үшін де құнды болып табылады. Августин Блаженный (340 – 430 жж.) адамдар әділеттілік нормасын басшылыққа алулары тиіс деп ұйғарды.

Халықаралық-құқықтық ғылымның дамуы кейінгі феодализм кезеңіне (ХҮІ – ХҮІІ ғғ.) сай келеді. 1965 жылы халықаралық құқықтың атасы атанған, голландық заңгер Гуго Гроций жазған «О праве войны и мира» атты алғаш жүйеленген еңбегі шықты. Гроций соғыстың заңдары мен әдет – ғұрыптарын әзірледі, соғыс уақытында жеке меншікке қол сұғылмаушылық қағидасын, жаралылар мен тұтқындарды аяушылықпен қарау нормаларын негіздеді, халықаралық шарт құқығы туралы жүйелі ұғым берді, тең құқылы және теңсіз халықаралық шарттардың айырмашылығын көрсетті, халықаралық шарттық міндеттемелерді, шетелдік елшілердің қол сұғылмаушылығы мен экстерриториалдығын сақтау қажеттілігін негіздеп берді. Гроций ашық теңізде жүзу еркіндігін қолдады, соғыстарды, олардың қатігездігін барынша айыптады.

Халықаралық құқық ғылымында үш бағыт дамыды: табиғи – құқықтық, позитивистік және гроциандық. Бірінші бағыттың өкілдері халықаралық құқық құдайдың еркіне ғана негізделеді, ал шарттар оны тек бекітеді деп санайды. Позитивисттер халықаралық шарттарда бекітілген ережелерді ғана халықаралық құқыққа жатқызуға болады деп санады. Гроцийдің ізін басушылар табиғи – құқықтық және позитивистік бағыттарды біріктіруге тырысты, мысалы, швейцариялық халықаралық заңгер Э. Де Ваттелдің «Право народов или принципы естественного права, применяемые к поведению и делам наций и суверенов» (1758г.) еңбегі.

Орта ғасырларда егемендік, бейтараптық, ашық теңіз, контрабанда, қазіргі дипломатиялық және консулдық өкідіктердің прообразы ретіндегі тұрақты елшіліктер мен консулдықтар сияқты ұғымдар пайда болды. Г.Гроций мен оның ізін қуушылардың еңбектері ХҮІІ ғ. халықаралық құқықтық ғылымның туындауына әкелді.

Жаңа кезеңнің халықаралық құқығы. Еуропада капитализмнің дамуымен әлемдік рыноктың туындауы, халықаралық сауданың кеңеюі мен тереңдеуі, қатынас жасау құралдарының белгілеу қажеттілігі көп жақты келісімдердің жасалуына және мемлекет аралық ұйымдардың құрылуына әкелді. Алғашқы халықаралық ұйымдар ретінде Халықаралық телеграф одағын (1865ж.), Халықаралық теміржол одағын (1886ж.), Бүкіләлемдік почта одағын (1874ж.) атауға болады.

Әлемдік шаруашылық байланыстардың кеңеюі маңызды теңіз каналдарының және шығанақтарды пайдалануды құқықтық реттеуді қажет етті, сондықтан 1888 ж. Константинополь Суэц каналы туралы Конвенция қабылданды, 1881 ж. Чили мен Аргентинаның арасында Магеллан шығанағы бойынша еркін жүзу шартына қол қойылды.

Тұйықталған көп жақты феодалдық халықаралық шарттардан айырмашылығы жаңа кезеңде ашық сипаттағы халықаралық шарттар жасала бастады. Сөйтіп, мемлекеттер жасалынған халықаралық шарттарға қосыла алатын болды.

Осы кезеңдегі халықаралық шарттардың демократиялық нормаларының қатарына 1867 ж. жаралылар мен аурулар режимі туралы Женева Конвенциясында көрініс тапқан жүйеленген және ізгілендірілген соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптаржы, 1899 ж. және 1907 ж. Гаага Конвенцияларын жатқызуға болады. Бұл конвенциялардағы прогрессивті ереже соғыстың бейбіт тұрғындарға қатысты емес, тек комбатанттар (шайқасушылар) арасында жүргізілетіндігі туралы ереже прогпессивті болып табылады. Гаага конвенциялары халықаралық қатынастарға мемлекеттер арасындағы дауларды бейбіт шешу құралдарының біртұтас жүйесін енгізді.

Көп жақты келісімшарттарды жасасу ескерту институттының пайда болуына әкелді.

Халықаралық шарттардың мазмұны өзгерді, бұнда монархтың барлық титутлдарын атау біртіндеп жоғала бастады. Олар келісілген бірыңғай құжат бола бастады, шарттардың ажытыратылмас бөлігі болып табылатын қосымшалар енгізіле бастады.

Еуропада ант беру, адамдарды кепілге алу, Рим Папасының кепілдігі және т.б. сияқты халықаралық шарттарды жүзеге асыру құралдарының бұрынғы тәсілі жоғала бастады.

Осы кезеңдегі барлық халықаралық құқықтың практикасы ғалым заңгерлердің еңбектерінде көрініс тапты (кодекс түріндегі Ф. Лист (Германия), И. Блюнчили (Швейцария), Д. Филд (АҚШ) халықаралық курстарында).

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.

2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.

3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.

5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.